Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

1.Негізгі әдебиет

1.Международные экономические отношения : учеб.\ Н.Н.Ливенцева .- 2-е изд., пераб.идоп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.

2. Международная микроэкономика: движения товаров и факторов производства. Учебное пособие для вузов. –М.: Междунар. отношения. 2000.

3.Международная макроэкономика: открытая экономика и макроэкономическое программирования. Учебное пособие для вузов. –М.: Междунар. отношения. 2003.

4.Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика: Оқу құралы /:-Алматы: Экономика. 2001.

5.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

Қосымша әдебиеттер:

1.Мадиярова Д.М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік: Оқу құралы /: - Алматы: Экономика, 2000.

2.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.

3.Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Внешнеэкономические связи. –М., 2000.

Лекция 9: Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы

Лекция мақсаты: еңбек миграциясы түсінігі, еңбек миграциясының туындау себептері мен экономикалық зардаптарын қарастыру, жұмыс күші миграциясын халықаралық реттеу шаралары туралы мағлұмат беру.

        1. Еңбек миграциясы түсінігі мен түрлері

        2. Еңбек миграциясының ауқымы мен бағыттары

      1. Жұмыс күші миграциясын мемлекеттік реттеу

    1. Қазақстан Республикасындағы жұмыс күші миграциясы мәселелері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: иммиграция, эмиграция, миграциялық сальдо, миграцияның экономикалық себептері, иммиграциялық заңдар.

Лекция мәтіні

        1. Еңбек миграциясы түсінігі мен түрлері

Еңбек миграциясы дегеніміз- еңбек көрсеткіштерін қосымша жүзеге асыратын және сол қоғамның экономикалық қажеттілігі болып табылатын еңбекке жарамды тұрғындардың қозғалысы.

Миграция ішкі және сыртқы немесе халықаралық болып бөлінеді. Халықаралық миграция үшін иммиграция, эмиграция, реиммиграция, ақылдардың кетуі, миграциялық сальдо түсініктері тән.

Иммиграция– адамдардың жұмысқа немесе басқа да себептермен ұзақ уақытқа басқа елге келуі, яғни жұмысшыларды импорттау.

Эмиграция - жұмысшы күші экспорты, яғни басқа елдерден жұмыс орнын табу мақсатында елден кетуі.

Реэмиграция - эмигранттардың өз отанына, тұрғылықты мекеніне қайтып келуі.

Ақылдардың кетуі- жоғарғы білікті мамандардың халықаралық миграциясы.

Миграциялық сальдо - елге келген және елден кеткен мигранттардың ара қатынасы.

БҰҰ-ның классификациясы бойынша, сыртқы миграцияның келесі түрлері бар:

  • қайтарымсыз - тұрғылықты мекен етуге бағытталған миграция;

  • мерзімдік - уақытша немесе мерзімдік мигранттар елге ақылы жұмыс орнын табуға бір жылдан кем мерзімге келетін адамдар.

  • маятниктік миграция. Мұндай мигранттарды «фронтальерлер» деп те атайды. Жұмысшы-фронтальерлер көрші мемлекетке жұмыс істеу үшін шекарадан күнде өтетін мигранттар.

  • мәжбүрлі миграция. Негізі - экономикалық емес себептерге байланысты болады.

  1. Еңбек миграциясының ауқымы мен бағыттары

Миграцияның экономикалық себептері:

  • елдердің тұрмыс деңгейіндегі айырмашылықтар;

  • жоғары жалақы деңгейі;

  • жұмыссыздық.

Миграцияның экономикалық емес себептері:

  • жанұялық, туыстық қатынастар;

  • нәсілдік, ұлттық, діни айырмашылықтар;

  • саяси қуғын-сүргіндер, табиғи апаттар, климаттың қолайсыздығы, соғыс және т.б

    • Жұмыс күшін қабылдайтын (импорттайтын) елдердің артықшылықтары:

      • шетелдік жұмысшы күшінің бағасы арзан болуы, жұмыс берушілер үшін шығындарды азайтуға әсер етеді;

      • шетелдік жұмысшылар тауарлар мен қызмет түрлеріне қосымша сұраныс туғызып, жұмыспен қамтуды ынталандырады;

      • жоғарғы дәрежелі жұмысшы күшін импорттайтын ел оқытуға және мамандар даярлауға жұмсалатын шығындарды үнемдейді;

      • жұмыссыздық немесе дағдарыс кезінде шетелдік жұмысшылар бірінші кезекте жұмыстан шығарылады.

      • шетелдік қызметкерлер зейнетақымен қамтамасыз етілмейді және әлеуметтік бағдарламада есепке алынбайды.

        • Жұмыс күшін экспорттайтын елдердің артықшылықтары:

  • елге валюта келтірудің негізгі көзі - жұмысшы күшінің экспорты;

  • жұмысшы күшін экспорттау экономикадағы артық жұмыс күшінқысқартады;

  • экспорттаушы ел үшін маман-кадрлар қайта дайындықтан тегін өтеді, жаңа әдістер үйренеді.

Басқа елдерден мигранттарды тартушы ірі әлемдік орталықтар:

  • АҚШ, Канада, Австралия;

  • Батыс Еуропа елдері;

  • Таяу Шығыс елдері (мұнайлыАраб елдері);

  • Жаңа индустриялы елдер (Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]