Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

3 Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысын реттеу

Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы шеңберінде реттеудің нақты ұйымдастырылған құрылымы жоқ. Дегенмен, дамушы елдерге бөлінген қаржылардың жоғалып кетпеуін қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар құрылды. Мұндай ұйымдар қатарында төмендегілерді көрсетуге болады:

    • Инвестиция кепілдігі бойынша көпжақты агенттіктер (МАГИ) – шет елдік инвестицияларды сақтандыруды жүзеге асыратын Әлемдік Банктің автономды ұйымдарының бірі. Негізгі қызметтері:

  • инвестицияны сақтандыру кепілдігі арқылы дамушы елдерге инвестиция ағымын ұлғайту;

  • инвестиция мәселелері бойынша кеңес беру;

  • инвестицияға әсер етуші ақпараттар жинақтау, талдау және т.б.

    • Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық – МЦУИС. Әлемдік Банк шеңберінде 1966 жылы шетелдік инвесторлар мен үкіметтер арасындағы дауларды реттеу мақсатында құрылған. Қазіргі кезде 139 ел мүше.

    • Халықаралық Еңбек Ұйымы – еңбек рыногы мәселелері бойынша әлемдік стандарттар келісімі мен оны реттеу механизмін жасаумен айналысатын БҰҰ-ның мамандандырылған агентігі;

    • Дүниежүзілік Сауда Ұйымы – халықаралық сауда мәселелерін реттейді. Интеллектуалдық меншіктің, тауарлардың, қызметтердің елдер арасындағы қозғалысын бақылайды.

    • БҰҰ-ның даму бағдарламасы (ПРООН) – экономикалық даму мен техникалық көмек берудің көпжақты қаржыландыру жолдарын реттейді.

1.Негізгі әдебиет

1.Киреев А.П. Международная экономика. В 2- ч. – М., 2000.

2.Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика: Учебник / Под. ред. д.э.н. , проф. А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова. – 2-е изд., доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2000. .

3.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика; Учебник для вузов/Пер. с англ. под. Ред. В.П.Колесова, М.В.Кулакова. –М.: Экономический факультет МГУ, ЮНИТИ, 1997.

2.Қосымша әдебиет

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

Лекция 4 Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік

Лекция мақсаты:әлем елдері арасындағы сауда қатынастарынан пайда табу, сауданың географиялық және тауарлық құрылым ерекшеліктерін айқындау, ішкі және халықаралық саудада тауарға деген сұраным мен ұсынымның тең болу мүмкіндігін талдау.

1. Жалпы тепе-тендік теориясы

2.Халықаралық сауданың стандартты моделі

3. Сауда шарттары.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: халықаралық сауданың стандартты моделі, жалпы тепе-теңдік теориясы, сауданың географиялық және тауарлық құрылымы, сауда шарттары, импорт алмастырушы өсм.

Лекция мәтіні

Өзара сұраным теориясы негізіндегі жалпы тепе-теңдік моделін ағылшын экономистері, экономиканың неоклассиктер мектебінің өкілі Альфред Маршалл мен марджиналистер өкілі Фрэнсис Эджуорт шет елде XX ғ. құрған болатын. Сонан бері ол халықаралық экономика теорияларына сәйкес даму үстінде және қазіргі кезде халықаралық сауданы түсіндіретін басты теория болып отыр. Бұған зор үлес қосқан ағылшын экономисі Джеймс Мид, ол әлемдік сауда мен капитал қозғалысын зерттеуде Бертиль Олинмен Нобель сыйлығын 1977 жылы бөліскен болатын.

Жалпы халықаралық тепе-тендік – ішкі және халықаралық саудада (ішкі және әлемдік нарықта) тауарға деген сұраным мен ұсынымның бір уақытта тең болуы.

Сонымен, халықаралық сауданың стандартты моделі халықаралық саудада жалпы тепе-тендік моделі болып табылады және елдің ішіндегі тауарға деген сұраным мен ұсынымды соған деген шет елдегі сұраным мен ұсыныммен байланыстырады. Ол өзара сұраным түсінігіне негізделеді. Ал, ол өз кезегінде елде экспортқа басқа тауарлардың әртүрлі санын сатуға оған түрткі болатын импорт тауардың қанша мөлшерде керек екендігін көрсетеді. Модель халықаралық сауданың барлық негізгі параметрлерін және онымен байланысты ұлттық экономика параметрлерін оқып – үйренуге мүмкіндік береді. Ол өндіріс (ұсыныс) жағдайын көрсетеді және тұтынушылардың артық бағалауын (сұраным), сондай- ақ өндіру мен тұтыну шамасын және әрбір елдің салыстырмалы артықшылығы сияқты, сауда болмаған жағдайда салыстырмалы тауар бағаларын көрсетеді. Сауда жағдайында модель әрбір тауар өндірісінде елдің мамандану денгейін, сауданың көлемін, сауда жағдайын, саудадан ұтысты және оның елдер арасында бөлінуін көрсетеді. Ішкі және халықаралық саудада (ішкі және әлемдік нарықта) тауарға деген сұраным мен ұсынымның бір уақытта тең болуы жағдайында ғана жалпы халықаралық тепе- тендікке жетеді.

Әрбір елдің экспорты мен импорты нақты және құндық көрсеткіштер бойынша есептеледі. Құндық көрсеткіштер ұлттық валютамен есептеледі және халықаралық салыстырулар үшін АҚШ долларына айналдырылады. Халқықаралық салыстырулар жүргізу мақсатында экспорт FOB бағасымен, ал импорт CIF бағасымен есептеледі.

Халықаралық сауда-саттықтың құрылымы негізінен екі түрлі бағытта қарастырылады:

  • географиялық бөлінуі тұрғысынан (географиялық құрылым);

  • тауарлық толығулар тұрғысынан (тауарлық құрылым).

Географиялық құрылым сауда ағымдарының жекелеген елдер арасындағы және аумақтық немесе ұйымдық белгілері бойынша елдер топтары арасында бөлінуі болып табылады. Аумақтық географиялық құрылым әлемнің бір бөлігіне бағытталған сауда ағымдарын, ұйымдық құрылым белгілі бір интеграциялық бірлестік шеңберіндегі елдерге немесе одақтар мен ұйымдарға мүше-елдерге бағытталған сауда ағымдарын айқындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]