Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

3. Халықаралық экономика және оның құрылымы

Халықаралық экономиканың нақты формалары:

  • тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы;

  • өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы (капитал, жұмысшы күші, технология)

  • қаржы құралдарының халықаралық саудасы (валюта, бағалы қағаздар, дериваттар, несиелер)

  • халықаралық есеп айырысулар.

Экономикалық қызметтің маңызды секторлары арасындағы себепті-салдарлы байланыстарды халықаралық ұйымдар жасақтаған ұлттық есеп шоттар жүйесі арқылы көруге болады.

Ұлттық есеп шоттар жүйесі (ҰЕЖ) – барлық макроэкономикалық байланыстарды, сонымен бірге, ұлттық және халықаралық экономика бейнелейтін (халықаралық деңгейде мойындалған) экономикалық қызмет есебі ережелерінің жиынтығы.

ҰЕЖ – көптеген әлем елдері үшін макроэкономикалық есеп беруде, ағымдағы экономикалық жағдайды талдауда және экономиканың даму болжамдарын жасауда негізгі бағыт болып саналады.

ҰЕЖ есептеуге негіз ретінде институционалды бірлік алынады. Институционалды бірлік дегеніміз – тауарлар мен активтерге иелік ете алатын, өз бетінше экономикалық міндеттеме қабылдай алатын және басқа агенттермен келісімдер жүргізе алатын экономикалық агент. Институционалды бірліктің 2 түрі бар: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.

Осы институционалды бірліктер бір-бірімен байланыса отырып, ҰЕЖ бейнеленетін экономикалық операциялар жүргізеді.

1.Негізгі әдебиет

1.Киреев А.П. Международная экономика. В 2- ч. – М., 2000.

2.Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика: Учебник / Под. ред. д.э.н. , проф. А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова. – 2-е изд., доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2000. .

3.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика; Учебник для вузов/Пер. с англ. под. Ред. В.П.Колесова, М.В.Кулакова. –М.: Экономический факультет МГУ, ЮНИТИ, 1997.

2.Қосымша әдебиет

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

Лекция 2: Халықаралық сауданың классикалық теориялары

Лекция мақсаты: халықаралық сауданың дамуын түсіндіретін классикалық және альтернативті теориялардың пайда болу ерекшеліктерін ұғындыру, мемлекеттің сыртқы сауда саясаты, еркін сауда және протекционизм түсініктерін талдау.

1. Халықаралық сауданың классикалық теориялары

2.А.Смиттің халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі идеясы

  1. Халықаралық сауда теориясындағы салыстырмалы артықшылықтар қағидасы

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: меркантилизм, абсолютті артықшылықтар, салыстырмалы артықшылықтар, масштаб тиімділігі, еркін сауда, протекционизм, экономикалық автаркия.

Лекция мәтіні

1. Халықаралық сауданың классикалық теориялары

Халықаралық сауда – халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді. Халықаралық дамуын ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысқан бірнеше классикалық теориялар бар. Олардың қатарында:

    • Меркантилизм– феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның, күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жеткізуге тырысты.

Меркантилистердің көзқарастары бойынша, әлемдегі барлық байлық шектеулі, сондықтан бір елдің баюы, екінші елдің кедейленуі арқылы жүргізіледі. Экономикалық жүйе 3 сектордан тұрады: өндіруші сектор, ауылшаруашылық секторы және шетелдік колониялар. Елдің байлығын қазынадағы алтын мен күмістің көлеміне байланысты деп есептеген олар, мемлекеттің мүддесін нығайту үшін алтынның сырттан әкелуіне қолайлы жағдайлар жасау керек деді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]