Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

1.Негізгі әдебиет

1.Киреев А.П. Международная экономика. В 2- ч. – М., 2000.

2.Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика: Учебник / Под. ред. д.э.н. , проф. А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова. – 2-е изд., доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2000. .

3.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика; Учебник для вузов/Пер. с англ. под. Ред. В.П.Колесова, М.В.Кулакова. –М.: Экономический факультет МГУ, ЮНИТИ, 1997.

2.Қосымша әдебиет

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

Лекция 10: Технологиялардың халықаралық айырбасы

Лекция мақсаты: елдер арасындағы технологиялық айырбастың жүзеге асыру шаралары, оларды құқықтық қорғау және реттеу негіздері жайында түсінік беру.

        1. Технологиялардың халықаралық қозғалысының жүзеге асырылу жолдары.

2. Технологияларды құқықтық қорғау формалары.

  1. Технологиялар қозғалысын халықаралық реттеу.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: техникалық прогресс, патент, копирайт, ноу-хау, лицензиялық келісімдер, тауар маркасы және т.б.

Лекция мәтіні

        1. Технологиялардың халықаралық қозғалысының жүзеге асырылу жолдары

Технологялардың халықаралық қозғалысы коммерциялық немесе қайтарымсыз негізде ғылыми-техникалық жетістіктердің (өнімдер технологиясы, процестер технологиясы, басқару технологиясы) мемлекетаралық қозғалысын білдіреді. Технологиялардың бөлінісі жекелеген елдердің ғылыми-техникалық прогресте қол жеткізген нәтижелеріне байланысты.

Техникалық прогрестің 3 түрі бар:

- бейтарап техникалық прогресс;

- капитал үнемдеуші техникалық прогресс;

- еңбек үнемдеуші техникалық прогесс.

    • бейтарап техникалық прогресс өндірістің салыстырмалы шығындарының азаюына және өндіріс көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Егер технологиялық өзгерістер импортпен бәсекелес салаларда жүргізілсе, онда елдің сауда шарттары жақсарады;

    • капитал үнемдеуші техникалық прогресс капиталды көп қажет ететін салаларда өндіріс шығындарының азаюына ықпалын тигізеді;

    • еңбек үнемдеуші техникалық прогресс еңбек сыйымды, яғни еңбекті көп қажет ететін салалардың өндіріс шығындарын қысқартады.

2. Технологияларды құқықтық қорғау формалары

Технологияларды құқықтық қорғау формалары бірнеше құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

  1. Патент - өнертапқышқа осы табысын монопольды иелік ету құқығын куаландыратын және құзырлы үкіметтік орган арқылы берілетін куәлік. Патенттің жарамды мерзімі 15-20 жылмен шектелуі мүмкін және ол тек берілген ел территориясына ғана қызмет ете алады. Патентті өз күшінде сақтап тұру жоғары патенттік салықтарды төлеуді заң жүзінде талап етеді, сондықтан көптеген патент иелері өз табыстарын басқа қаржылы адамдарға немесе фирмаларға сатып жібереді.

  2. Лицензия – технология иесі арқылы белгілі бір технология түрін арнайы бір мерзімге, арнайы ақыға қолдануға рұқсат ететін құжат.

  3. Копирайт- әдеби, аудио және бейне шығармалар иесінің өз жұмысын көрсетуге немесе көшіріп алуға рұқсат етуі.

  4. Тауар маркасы– тауар өндірушінің жеке-даралығын анықтаушы символ және бұл символды иесінің рұқсатынсыз басқа ұйымдардың қолдануына тиым салынады. Тауар маркалары негізінен сурет, графикалық сызба, қысқартылған әріптер, корпорацияның негізін салушы немесе иесінің аты-жөні түрінде бейнеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]