Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

2.Сауда нәтижесінде табыстардың бөлінуін түсіндіруші теория

Сауда нәтижесінде табыстардың бөлінуін түсіндіруші бірнеше теориялары бар.Оларды келесі кестемен түсіндіруге болады:

Сауда нәтижесінде табыстардың бөлінуін түсіндіруші теориялар

Халықаралық сауда теориясының түсінігі

Табыстардың бөлінуін түсіндіру

Абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар теориялары

Табыстарды бөлу мәселесі қарастырылмаған

Өндіріс факторларының қатынасы теориясы

Хекшер-Олин: әр ел өндіріс факторы жеткілікті тауар түрлерін өндіріп, оны экспортқа шығарады, ал импорттан өнімдерде өндіріс фактор жетіспейтін тауар түрлерін сатып алады.

Өндірістік ерекше факторлары

Самуэльсон-Джонс: сауда нәтижесінде экспорттық салалар үшін ерекше факторлардың иелерінің табыстары өседі, ал импортпен бәсекелес салалардың ерекше факторлары иелерінің табыстары азаяды

Столпер-Самуэльсон: халықаралық сауда бағасы өсіп келе жатқан тауарды өндіру үшін белсенді қолданылатын факторлар бағасының өсуіне әкеледі, бағасы төмендеп келе жатқан тауарды өндіру үшін қолданылатын факторлардың бағасының төмендеуіне әкеледі.

Рыбчинский: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторларының бірінің өсуі осы факторларды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқа тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Дерек көзі: Киреев А.П. Международная экономика. –М., 2000. с.129.

3. Рыбчинский теоремасы

Рыбчинский теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысының бір қалыпты емес өсуінің мына тұрғыдағы маңызы ерекше: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторлары бірінің өсуі осы факторды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқалай тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Рыбчинский теоремасы іс жүзінде бірнеше рет дәлелденді. Осылайша Голландияның – «голландиялық сырқаты» индустриализациясыздандырудың хрестоматиялық сипатына айналып үлгерді. Бұл мәселе Голландияның белсенді түрде кен орнын ашып, пайдалануына байланысты пайда болды. Сөйтіп табиғи газды өндірудің өсуіне орай Голландияның өнеркәсіптік экспорты қысқара түскендей әсер қалдырды, ал жылу отынының барлық түріне әлемдік нарықтағы бағаның өсуі бұл тенденцияны күшейте түсті. Осылайша, дүниежүзілік сауданың ұнамды жақтарымен қатар, ұнамсыз салдарының да болуы мүмкін. Бұл сыртқы сауда саясатында еркін сауда мен протекционизм тәрізді екі бірдей тенденцияның бар екенін көрсетеді.

Джонстың күшейту эффектісі – экзогенді айнымалы өзгерістің әсерінен эндогенді экономикалық айнымалы өзгеріс пропорциональды емес. Мысалы: еңбексыйымды тауар өндірісіне жұмсалған өндіріс факторлары – еңбек бағасы 5 долл. және жер бағасы сондай-ақ 5 долл., яғни тауар бағасы 5+5=10 долл. халықаралық сауда нәтижесінде оның бағасы 11 долл. (10%) дейін өсті. Теоремаға сәйкес еңбексыйымды тауар бағасы өскенде еңбек бағасы да өседі, өйткені ол өте интенсивті қолданылады. Ал жер бағасы – төмендейді. Мысалы жердің бағасы 4,5 долл. дейін төмендеді делік. Осындай жердің бағасында еңбек бағасы 11-4,5=6,5 долл. дейін өсті, яғни тауар бағасы 10%-ға емес 30% дейін (6,5/5х100) өсті. Джонстың күшейту эффектісі осылай білінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]