Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

2 Ақпаратты ашу

Субъект қаржылық есепті шығаруға бекіту күнін және қаржылық есепті шығаруға бекіткен лауазымды тұлғаны (орган) ашады. Егер ұйым иелері немесе басқа тұлғалар қаржылық есептер шыққаннан кейін оған түзетулер енгізуге құқылы болған жағдайда, субъект бұл фактіні ашқаны жөн.

Субъект есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайлардың әрбір санаты бойынша мынадай ақпаратты ашады.

1) жағдайдың сипаты; және

2) оның қаржылық салдарын бағалауды немесе мұндай бағалаудың мүмкін еместігі туралы өтініш.

Төменде есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайлардың үлгілері берілген, бұлар бойынша әдетте ашу талап етіледі:

1) ірі бизнес бірлестігі немесе ірі еншілес ұйымның шығуы;

2) қызметін тоқтату жөніндегі жоспарды жариялау;

3) осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес активтерді қомақты көлемде сатып алу, сатуға арналған активтерді жіктеу, активтердің басқа да шығуы немесе активтердің басым бөлігін мемлекеттің экспроприациялауы;

4) өрттің нәтижесінде субъектінің ірі өндірістік қуаттарының жойылуы;

5) ірі ауқымды қайта құрылымдау туралы хабарландыру немесе оны іске асырудың басталуы;

6) әдеттегі акциялармен ірі операциялар және ықтимал әдеттегі акциялармен операциялар;

7) активтер құны мен валюта айырбастау курстарының әдеттен тыс үлкен өзгерістері;

8) қабылданған және жарияланған, ағымдағы және кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерге елеулі әсер ететін салық ставкаларының немесе салық заңнамаларының өзгеруі;

9) елеулі міндеттемелерді немесе шартты міндеттемелерді, мысалы елеулі кепілдіктерді беру кезінде қабылдау;

10) есепті кезең аяқталғаннан кейін болған ерекше жағдайларға байланысты ірі сот тексерулерінің басталуы.

Тақырыптың атауы: Қаржылық есептіліктің аудиті

№18,19,20 лекция мазмұны:

1. Аудиторлық қорытындылардың түрлері және олардың сипатттамасы

2. Аудиторлық қорытындының құрылымы.

3. Қаржылық есептілік аудитінің ақпарат көздері

4. Қаржылық есептілік бөлшектеу кезеңдері

5. Қаржылық есептіліктің аудиторлық тексерудін дәйектілікпен жүргізілуі

6. Қаржылық есептіліктің аудиторлық тексеру жүргізудің әдістемелік негіздері

7 Циклдік тексеру нәтижесімен жұмыс құжаттарын дайындау

1. Аудиторлық қорытындылардың түрлері және олардың сипатттамасы

Аудиторлық ісінің тәртібіне сәйкес аудиторлық тексерістің нәтижесі болып аудитордың қорытындысы саналады. Аудиторлық қорытынды үш бөлімнен тұрады: кіріспе, талдау және қорытынды.

а) кіріспеде – аудиторлық кәсіпорын үшін оның мекен- жайы, телефон нөмірі, лецензия нөмірі, оны берген органын атау, күні. Лицензияны қолдану мерзімі. Есеп айырысу шоттың нөмірі тексеріске қатысқан аудиторлардың аты жөні. Өз бетімен қызмет көрсететін аудитор үшін аты- жөні аудитор болып істеген стажы аудиторлық куәлігін берген органның аты, оның уақыты және куәлігінің қолдану мерзімі, тіркеу куәлігінің нөмірі, есеп айырысу шотының нөмірі.

б) талдау бөлімінде- экономикалық субъектінің аты, және қандай қызмет мерзіміне тексеріс өткізіледі.

- қаржылық есепті ұйымдастыруының сараптамасының нәтижесі, керекті есеп беруді толтыру, және ішкі бақылаудың жағдайы;

- бухгалтерлік есепті жүргізгенде және қаржылық есептілікді толтырғанда болған тәртіп бұзушылықтарды олардың аудиторлық тексерісті өткізгенде анықталғандығы;

в) қорытынды бөлімінде – экономикалық кәсіпорынның қаржылық есептілікдінің нақтылығы беріледі.

Тексеріс кезде анықталған тәртіп бұзушылықтар кәсіпорынмен жойылмаса, қорытынды бөлімінде қаржылық есептілікдің нақтылығына баға берілмеу туралы көрсетіледі. Аудиторлық қорытындының әр бетіне аудитті өткізген аудитор қол қояды да мөрмен бекітеді. Аудиторлық қорытындының 4 түрі болады. 1) қорытындыны ескертусіз жасау; 2) қорытындыны ескертумен жасау; 3) қанағаттанарлықсыз қорытынды жасау; 4) қорытынды жазылмайды.

Қорытындыны ескертусіз жасау – аудитордың ойы бойынша қаржылық есептілік мен бухгалтерлік баланс толық, қанағатты толтырылғаны туралы аудиторлық растамамен негізделсе, қорытынды ескертусіз толтырылады. Мұндай жағдайда аудиторлық қорытынды тек кіріспе мен қорытынды түрде болады.

Қорытындыны ескертумен жасау – Бухгалтерлік есепті және ішкі аудитті жүргізгенде кейбір жетіспеушіліктер толық есептелмегені кездессе, бірақ олар сондай күрделі болмаса, және аудитордың пікірі бойынша қаржылық есептілік мен бухгалтерлік балансқа әсер етпесе ескерілуімен қорытынды толтырылады. Аудитор бұндай қорытынды берсе, ол екінші бөлімінде өзінің пікірін қысқаша талдау жазуы керек.

Қаржылық есептілік кәсіпорынның қаржылық жағдайын дұрыс көрсетпесе және бухгалтерлік есеп нормативтік заңдарға сәйкес жүргізілмесе қанағаттанарлықсыз қорытынды жасалады.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы сапалы қорытынды жасау үшін аудитор ешқандай анықтама алалмаса онда қорытынды жазылмайды.

Бұл жағдайда аудитор қорытынды бөлімінде тура мынадай қысқаша жазу береді: сұрақтар маңызды болғандықтан біз қаржылық жағдайы туралы өз пікірімізді айталмаймыз.

Қанағаттанарлықсыз немесе қорытынды берілмесе, аудитор аудиторлық қорытындының талдау бөлімінде толық тексерудің нәтижесін жазады. Нақты заңға сәйкессіздіктерді және басқа да кәсіпорынның қызметіндегі жетіспеушіліктерді толық түрде көрсетеді.

Аудитордың қорытындысы кәсіпорыныні басшысына беріледі.

Аудитті жүргізу тәжірибеде басқа да фактілерді аудиторлық қорытындыда көрсету: олар аудитті өткізген жер және қорытындыны толтыру мерзімі. Олар аудитордың сапалы аудитті өткізу және жауапкершілігін көрсетеді. Аудиторлар міндетті түрде қай операциялар жаппай тексерілгені, ал қайсысы іріктеп тексерілгенін көрсету керек. Сонымен қатар табылған тәртіп бұзушылықтар мен жетіспеушіліктер көрсетіледі. Сондықтан аудиторлық актіні толтырғанда алдымен ірі кейін ұсақ жетіспеушіліктер көрсетіледі де, оларды түзету жолдары белгіленеді.

Сонында аудитор кәсіпорынға қаржы – шаруашылық жағдайы туралы баға береді, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және талдау жұмыстың жағдайы, оларда анықталған жетіспеушіліктер көрсетіледі және оны жөндеу жолдары белгіленеді.

Ал аудиторлық қорытындылар туралы жоғарыда айтылды тексеру нәтижесіне қарай олар толтырылады.