Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

4 Қаржылық есептілікке аудит әдістемелік негіздері

Тексеруді есептілік формаларына жалпы шолу жасаудан бастау көзделеді, яғни оларға заңды тексеру жүргізу керек, соның нәтижесінде реквизиттердің толық толтырылушылығы мен дұрыстығы, белгіленген есеп беру формаларынан өз беттерімен жасалған өзгерістер жоқ па, мәтіндер мен цифрларды растаусыз түзету, тазалау және былғау немесе артық жазулар орын алған жоқ па, солар анықталуы қажет. Ең алдымен, форманың мекен-жай көрсетілген бөлігінің толтырылуына жете назар аудару көзделеді.

Мұнда құрылтайшылық құжаттарға сәйкес ұйымның толық атауы көрсетілуі тиіс. Кәсіпорын қызметінің түрі («Сала» реквизиті) оның жарғысына сәйкес келуі қажет, ал қызметтің аталмыш түріне лицензия берілген жағдайда, кәсіпорында ол лицензияның болуы және оның қолданылу мерзімі тексерілуі кажет. Бұл жерде мынаны ескеру көзделеді, құрылтайшылық құжаттағы шаруашылық ұйымы «және заңменен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерімен» айналысуы мүмкін деген жазулар, мысалы үшін, жаңадан құрылған акционерлік қоғамға телевизорлар шығаруға, бағалы қағаздар операцияларымен айналысуға негіз бермейді.

Ұйым қызметінің түрін айқындау негізгі және өзге де қызмет бойынша кәсіпорынның пайдаларі мен зияндарына дұрыс шектеулер қою үшін қажет. Содан кейін форма бойынша есеп беруді (есеп-қисапты) толтырудың дұрыстығын тексеру және санақтық текеру жүргізу көзделеді, яғни қаржылық есептіліктің әртүрлі формаларында көрсетілген арифметикалық санаулардың дұрыстығын, жиынтық көрсеткіштердің салыстырылушылығы мен өзара байланысуы тексеріледі.

Баланс жасаудын дұрыстығына ерекше назар аудару көзделеді. Бұл ретте мынаны ескеру қажет: баланс жасаудың дұрыстығы келесідей негізгі тұстарға негізделеді:

1) кезең басындағы баланс баптарының деректері өткен кезең балансының деректеріне сәйкес келуі тиіс. Өткен жылдағы есепті кезеңмен салыстыру бойынша жыл басындағы кіріспе (вступительного) баланстың өзгеруі жағдайында, тиісті түсіндірулер берілуі тиіс;

  1. есепті кезең соңындағы баланс баптарының деректері тугендеу нәтижелерімен негізделуі тиіс;

  2. қаржылық, салық органдарымен, банк мекемелерімен есеп айырысу бойынша баланс баптарының сомалары олармен келісілуі және теңестірілуі тиіс;

  3. қорытынды баланстың деректері Үлгі кітап шоттары бойынша немесе есепті кезең соңындағы бухгалтерлік есептің өзге ұқсас регистрінің айналымдары мен қалдықтарына сәйкес келуі тиіс;

  4. жылдың басы мен аяғындағы баланстардың деректері салыстырылатындай болуы тиіс. Кіріспе (вступательного) және қорытынды баланстардын сол бір баптарын қалыптастыру методологиясындағы кез келген алшақтық түсіндірілуі қажет.

Қаржылық есептіліккөрсеткіштері аудитін жүргізудің неғұрлым тиімді тәсілін таңдау мақсатында, біздің көзқарасымыз бойымша, аудит тақырыбын келесідей жалғастықта құру қажет:

есеп саясатын калыптастырудың дұрыстығы аудиті; қол ақша аудиті; инвестициялар аудиті; дебиторлық борыштар аудиті; қорлар аудиті; негізгі құралдар аудиті; материалдық емес активтер аудиті; капитал аудиті; міндетемелер аудиті; пайдалар және зияндар аудиті.

Әрбір тақырып бойынша аудит тиісті бағдарламасы мен сұрақтарын жасап, онда қажетті аудиторлық процедураларды жүзеге асырудың қандай жалғастықта жургізілетіндігі мен оларды кімдердің орындайтымы көрсетілуі тиіс.