Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

Тақырыптың атауы: Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар

17 лекция мазмұны:

1. Есептілік күнінен кейінгі түзетілетін және түзетілмейтін оқиғалардың сипаты.

2. Ақпаратты ашу.

  1. Есептілік күнінен кейінгі түзетілетін және түзетілмейтін оқиғалардың сипаты.

Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар – бұл есепті кезеңнің аяқталуы мен қаржылық есептерді шығаруға бекіту күні арасындағы кезеңде болатын қолайлы да, қолайсыз да оқиғалар. Осындай оқиғалар екі типке бөлінеді:

1) есепті кезеңнің аяғында болған жағдайларды растайтын оқиғалар (есепті кезең аяқталғаннан кейінгі түзетуші оқиғалар); және

2) есепті кезең аяқталғаннан кейін туындаған жағдайлар туралы куәландыратын оқиғалар (есепті кезең аяқталғаннан кейінгі түзетпейтін оқиғалар).

Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғаларға, егер олар субъектінің пайдасы туралы деректерді немесе басқа кез келген қаржылық ақпаратты жариялағаннан кейін болған болса да, қаржылық есептерді шығаруға бекіту күніне дейін барлық оқиғалар жатады.

Есепті кезең аяқтағаннан кейінгі түзетуші оқиғалар

Субъект есепті кезең аяқталғаннан кейінгі түзетуші оқиғаларды көрсету үшін тиісті ашуды қоса алғанда, қаржылық есептерде танылған соманы түзетуге тиіс.

Төменде субъект қаржылық есептерде танылған соманы түзету жолымен немесе бұрын танылмаған баптарды тану жолымен ескеруге тиіс есепті кезең аяқталғаннан кейінгі түзетуші оқиғаларға мысалдар келтірілген:

1) субъектіде есепті кезеңнің соңында бар міндеттеменің болу фактісі расталған есепті кезең аяқталғаннан кейін болған сот дауын реттеу. Субъект осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес осы сот дауы жататын бұрын танылған бағалау міндеттемесін түзетеді немесе жаңа бағалау міндеттемесін таниды. Субъектінің шартты міндеттемені ғана тануы жеткіліксіз, өйткені реттеу осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес қаралатын қосымша дәлелдерді береді;

2) ақпаратты есепті кезеңнің соңында болған активтің құнсыздануы туралы немесе осы активтің құнсыздануынан болған бұрын танылған залалды түзету қажеттілігі туралы куәландыратын есепті кезең аяқталғаннан кейін алу. Мысалы:

сатып алушының есепті күннен кейін болған банкроттығы, әдетте, есепті күні сауда дебиторлық берешегі бойынша залалдың болғанын растайды әрі сауда дебиторлық берешегінің баланстық құнын түзетуі қажет; және

қорларды есепті кезең аяқталғаннан кейін жүргізілген сату есепті кезеңнің соңындағы олардың сатылу бағасы туралы куәлік ете алады;

3) есепті кезең аяқталғаннан кейін есепті кезең аяқталғанға дейін сатып алынған активтердің өзіндік құнын немесе есепті кезең аяқталғанға дейін сатылған активтерді сатудан түскен түсімдерді анықтау;

4) егер есепті кезеңнің соңында субъектіде заңдық міндеттеме немесе осындай төлемдерді практикадан туындайтын, осы күнге дейін болған оқиғаларға байланысты жүргізу міндеттемесі болған болса, есепті кезең аяқталғаннан кейін пайдаға немесе сыйлық беруге қатысу жоспарлары бойынша төлемдердің сомасын анықтау;

5) қаржылық есептердің дұрыс еместігін растайтын алаяқтық фактілері мен қателіктерді анықтау.

Есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайлар

Субъект есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайларды көрсету үшін қаржылық есептер болып танып, қабылданған сомаларды түзетуге тиісті емес.

Есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайлардың үлгісі болып есепті кезеңнің аяқталуы мен қаржылық есептерді шығаруға бекіту күні арасындағы кезеңде инвестициялар құнының төмендеуі болып табылады. Нарықтық құнның түсуі әдетте есепті кезеңнің соңындағы инвестицияның жағдайымен байланысты болмайды, алдағы уақытта туындайтын міндеттемелерді көрсетеді. Сондықтан субъект мұндай инвестицияларға қатысты қаржылық есептерде танып, қабылданған сомаларды түзетпейді. Осыған ұқсас жағдайда субъект осы Стандарттың 595-тармағына сәйкес оған қосымша ашуды беру мүмкіндігі болса да бұл инвестициялар бойынша есепті кезеңнің соңындағы ашу сомаларын түзетпейді.

Егер субъект есепті кезең аяқталғаннан кейін үлестік құралдардың иелеріне дивидендтерді жарияласа, онда ол есепті кезеңнің соңындағы міндеттеме ретінде бұл дивидендтерді танып, қабылдауы тиіс.