Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

Тақырыптың атауы: Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және олардың мазмұны

№10,11,12 лекция мазмұны:

1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және олардың мазмұны мен құрылымы.

2. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрудың тікелей әдісі.

3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрудың жанама әдісі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7 – «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының талаптарына сәйкес жасалады да, есепті кезеңнің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады. Аталған стандартқа сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп өзіне ақша қаражаттарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды. Ақша қаражатының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін қолданылады. Осылайша, әдетте, инвестиция алынған күннен бастап үш ай немесе одан аз болатын өтеу мерзімі болған кезде ғана ақша қаражатының баламасы анықтамасында болады. Банктік овердрафттар, әдетте, қарыз алумен ұқсас, яғни қаржылық ретінде қаралады. Солай бола тұрса да, егер банктік овердрафт талап ету бойынша өтеуге жатса және мекеменің ақша қаражатын басқарудың инструментарийінің ажырамас бөлігі болып табылатын болса, банктік овердрафттар ақша қаражатының құрамдас бөлігі және ақша қаражатының баламасы болып табылады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерді жасаудың негізгі мақсаты мен қажеттілігі мекеменің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға мекеменің ақша қаражаттарын табу қабілеті мен олардың баламаларын, сондай – ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігі мен пайдалылығында көрінеді. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын табу қабілетін, сондай – ақ оларды уақытқа қарай бөлу және оларды табу айқындылығын қажет етеді.

Аталған стандарттың мақсаты компанияның (әрі қарай- мекеме)өткен кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы тарихи өзгерістер туралы ақпарат беруін талап етеді болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының түсемдері мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға мекеменің таза активтеріндегі өзгерістерді, оны қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілеті қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат мекеменің ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әртүрлі мекемелерге ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдердің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай – ақ әр түрлі мекемедардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын ұлғайтады, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.

Жоғарыда аталғандай, ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен болып жүргізіледі.

Операциялық қызмет – мекеменің табыс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржылық қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.

Инвестициялық қызмет – мекеменің ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату қызметі.

Қаржы қызметі – мекеменің меншікті капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеліп соқтыратын қызметі.

Мекеме операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің мекеменің қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайланылады.

Бір операцияға әр түрлі жіктелген ақша қаражаттарының түсімі мен төлемдері кіреді. Мысалы, несиені ақшалай өтеуге пайыздар, сондай – ақ борыштың негізгі сомасы да кірсе, онда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін.

Осы қызметтің барлық түрлері ақша қаражаттарының түсу және шығуының негізгі жолдары болып табылады.

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері мекеме операциялары несиелерді өтеу операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып, операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы мекеменің табыс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары болып мыналар табылады:

  • тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түсімдер;

  • жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және басқа да табыстар;

  • тауарлар жеткізу мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;

  • қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;

  • сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;

  • егер бұлар тек қаржылық немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін өтемақы;

  • коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісім – шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.

Бір жабдық сату сияқты кейбір операциялар таза пайданың немесе залалдың анықтамасына жататын пайданың немесе залалдың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда, осындай операцияларға байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі.

Мекеменің коммерциялық немесе сауда мақсатында бағалы қағаздары мен несиелері болуы мүмкін, бұл кезде олар арнайы қайта сату үшін сатып алынған босалқы ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйтіп, коммерциялық немесе сауда бағалы қағаздарын сатып алуға және сатуға байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызмет ретінде жіктеледі. Осыған ұқсас қаржы ұйымдары беретін ақша аванстары мен несиелер де әдетте операциялық қызмет ретінде жіктеледі, өйткені олар қаржы компаниясының кіріс келтіретін негізгі қызметіне жатады.

Мекеменің операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректер мына екі әдістің кез- келгенімен ашылуы мүмкін: тікелей және жанама әдісі.

Тікелей әдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы ақпарат ашылады. Бұл әдіс әрбір ақшалай операцияны зерттеу және оның қай қызмет түріне жататынын анықтауға негізделген. Мұнда ақша қаражаттарының түсуі мен шығуымен тікелей байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операциялар ашылады. Егер өзінің экономикалық мазмұны бойынша біртекті операциялар бірнеше болса, олар жинақталып, есепте бір жолмен көрсетіледі. Мұнда ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операцияларды алдын – ала қызмет түрлері бойынша бөлу қажет.

Мекемелердің ақша қаражаттарының қозғалысының ағымдарын көрсету үшін тікелей әдісті қолдануы құпталады. Бұл әдіс жанама әдісті қолдану кезінде болмайтын ақша қаражаттарының болашақ ағындарын бағалау үшін қажетті ақпаратты қамтамасыз етеді. Тікелей әдісті пайдаланған кезде жалпы ақша түсімдерінің және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы ақпарат мыналардан алынуы мүмкін, не:

  • мекеменің есепке алу жазбаларынан;

  • не сатуды, сатудың өзіндік құнын (пайыздар және осы тәріздес табыстар мен пайыздар төлеміне жұмсалған шығыстар мен қаржы мекемелері үшін осы тәріздес шығыстар түріндегі табыстар) мыналарды:

  1. кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерістерін;

  2. басқа ақшалай емес баптарды; және

  3. инвестициялық және қаржылық ақша ағындарының туындауына әкеп соқтыратын басқа да баптарды ескере отырып, пайда мен залал туралы есептегі басқа да баптарды түзету арқылы.

Тікелей әдіспен жасалатын ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің нысаны төменде келтірілген.

3 - нысан

Мекеме атауы

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

20ХХ жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жылдағы (тікелей әдіс)

(сома - тенге)

Көрсеткіштердің атауы

Жол коды

Есепті кезеңдегі

Өткен кезеңдегі

1 Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының қозғалысы

1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы

010

соның ішінде:

011

тауарларды сату

012

қызметтер көрсету

013

алынған аванстар

014

дивидендтер

015

2. Ақша қаражаттарының шығуы, барлығы

020

оның ішінде

жабдықтаушыларға тауарлар мен қызметтер көрсеткені үшін төлемдер

021

берілген аванстар

022

еңбекақы бойынша төлемдер

023

қарыздар бойынша сыйақылар төлеу

024

корпоративтік табыс салығы

025

бюджетке басқа төлемдер

026

басқа төлемдер

027

3. Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының таза сомасы (010жол–020 жол)

030

ІІ Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы

1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы

040

оның ішінде:

негізгі құралдарды сату

041

материалдық емес активтерді сату

042

басқа ұзақ мерзімді активтерді сату

043

қаржылық активтерді сату

044

басқа мекемелерге берілген қарыздарды өтеу

045

фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша төлемдер

046

басқа түсімдер

047

2. Ақша қаражаттарының шығуы, барлығы

050

соның ішінде:

негізгі құралдарды сатып алу

051

материалдық емес активтерді сатып алу

052

басқа ұзақ мерзімді активтерді сатып алу

053

қаржылық активтерді алу

054

басқа мекемелерге қарыздар беру

055

фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар,опциондар мен своптар бойынша төлемдер

056

басқа төлемдер

057

3. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының таза сомасы (040жол-050жол)

060

ІІІ Қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы

1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы

070

соның ішінде:

акция және басқа бағалы қағаздардың эмиссиялары

071

қарыздар алу

072

қаржылық жалдау бойынша сыйақылар алу

073

басқа түсімдер

074

2. Ақша қаражаттарының шығуы, барлығы

080

соның ішінде:

қарыздарды өтеу

081

меншікті акцияларды алу

082

дивидендтер төлеу

083

басқалар

084

3. Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы (070жол-080жол)

090

Жиынтық: ақша қаражаттарның ұлғаюы+/-азаюы (030жол+/-060жол+/-090жол)

Есепті кезеңнің басындағы ақша қаражаттары мен олардың баламалары

Есепті кезеңнің соңындағы ақша қаражаттары мен баламалары

Жетекші

әкесінің аты,аты,тегі қолы

Бас бухгалтер

әкесінің аты,аты,тегі қолы

Мекеменің операциялық қызмет барысында тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының қозғалысы ақшалардың түсуі мен шығуы бойынша келесі операцияларды жүргізу нәтижесінде туындайды:

Ақша қаражаттарының түсуі;

  • тауарларды сатудан;

  • қызмет көрсетуден;

  • тауарлық – материалдық қорларды жеткізуге және қызмет көрсетуге алынған авастар;

  • дивидендтер мен роялтилер, әртүрлі сыйақылар және басқа да кірістер түрінде;

Ақша қаражаттарының шығуы;

жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлар мен қызметтер үшін;

  • тауарлық – материалдық қорларды жеткізуге және қызмет көрсетуге берілген аванстар;

  • еңбекақы бойынша төлемдер;

  • қарыздар (несиелер) бойынша сыйақылар төлеу;

  • корпоративтік табыс салығы;

  • бюджетке басқа төлемдер;

  • басқа да төлемдер.

Жанама әдіс – бұл әдіс кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы операциялардың, негізгі қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты табыстардың немесе шығыстардың нәтижелері ескеріле отырып түзетіледі.

Жанама әдісті қолданған кезде операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының таза ағыны мыналарды:

  • кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерістерін;

  • тозу, бағалау міндеттемелері, мерзімі кейінге қалдырылған салықтар, шетелдік валютамен жүргізілген операциялар бойынша іске асырылмаған пайда мен залал, қауымдасқан компаниялардың бөлінбеген пайдасы мен азшылықтың үлесі сияқты ақшалай емес баптарды ескере отырып;

  • нәтижесі инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылатын барлық басқа да баптарды ескере отырып, таза пайданы немесе залалды түзету арқылы анықталады.

Өзгеше алғанда, операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының таза ағыны жанама әдісті қолдану кезінде пайда мен залал туралы есепте ашылатын түсімдер мен шығыстарды және кезең ішіндегі босалқылар мен операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді көрсету арқылы жанама әдісті пайдаланумен ұсынылуы мүмкін.

Жанама әдіс бухгалтерлік теңгерім (баланс), табыстар мен шығыстар туралы есептің ақпараттарына негізделген. Осы әдіспен жасалған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің нысаны төменде келтірілген.

4 - нысан

Мекеме атауы

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

20ХХ жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жылдағы (жанама әдіс)

(сома - тенге)

Көрсеткіштердің атауы

Жол коды

Есепті кезеңдегі

Өткен кезеңдегі

1.Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының қозғалысы

Таза табыс

Таза табысты түзету операциялары

Ұзақ мерзімді активтерді сатудан алынған нәтиже

Тауарлық- материалдық қорлардың өзгеруі

Дебиторлық берешектің өзгеруі

Алдағы кезеңдердің шығындарының өзгеруі

Кредиторлық берешектің өзгеруі

Салықтар бойынша айырысудың өзгеруі

Басқа да активтердің өзгеруі

Операциялық қызметтің нәтижесінде ақша қаражаттарының көбеюі (+) азаюы (-)

2.Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы

2.1. Түскен ақша қаражаттары

Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа ұзақ мерзімді активтерді сатқаннан түскен табыс

Қаржылық инвестицияларды сатқаннан түскен табыс

Басқа заңды тұлғалар берген несиелер (қарыздарды)

Басқа да түсімдер

2.2.Ақша қаражаттарының шығуы:

Негізгі құралдар мен басқа ұзақ мерзімді активтерді сатып алу

Материалдық емес активтерді сатып алу

Қаржылық инвестицияларды сатып алу

Басқа заңды тұлғаларға несиелер (қарыздар) беру

Басқа да төлемдер

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде ақша қаражаттарының ұлғаюы (+) азаюы (-)

3. Қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы

3.1. Ақша қаражаттарының түсуі:

Акциялар және басқа бағалы қағаздар шығару

Ұзақ мерзімді несиелік міндеттемелер алу

Банктік несиелер (қарыздар) алу

Басқа да түсімдер

3.2.Ақша қаражаттарының шығуы:

Ұзақ мерзімді несиелерді (қарыздарды) өтеу

Қысқа мерзімді несиелерді (қарыздарды) өтеу

Меншікті акцияларды сатып алу

Дивидендтер төлеу

Басқа да төлемдер

Қаржылық қызметтің нәтижесінде ақша қаражаттарының ұлғаюы (+), азаюы (-)

Жиыны: Ақша қаражаттарының ұлғаюы (+), азаюы (-)

Есепті кезеңнің басындағы ақша қаражаттары

Есепті кезеңнің аяғындағы ақша қаражаттары

Жетекші

әкесінің аты,аты,тегі қолы

Бас бухгалтер

әкесінің аты,аты,тегі қолы

Жанама әдіс пайдалар мен залалдар туралы есептің әрбір баптарын түзетуді қарастырмайды. Түзетуге тек таза табыс (залал) ғана өткен есепті кезеңмен салыстыру бойынша есепті жылдағы келесі операциялар салдарынан болған өзгерістер сомасына жатады (10.5.1. кесте)