Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

Тақырыптың атауы: Бухгалтерлік теңгерім (баланс), оның құрылымы және жасау техникасы

№5,6 лекция мазмұны:

1. Бухгалтерлік баланс: анықтамасы, құрылымы және баланс мазмұны.

2. Баланстың өзгеру типтері.

  1. Кәсіпорынның шаруашылық құралдары өндіріс саласына үздіксіз қатысады. Оның барлық шаруашылық құралдарының (мүлкінің) шамасын анықтау үшін және есепті кезеңге оларға экономикалық баға беру үшін әрі. қаржы-шаруашылық қызметін жедел басқару үшін ербір кәсіпорынның өзінің шаруашылық құралдары мен мүлкі туралы жалпылама мәліметтері болуы керек. Осындай жалпылау бухгалтерлік балансты құру жолымен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік баланстың сан алуан түрлері бар. Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

  1. Құру уақыты бойынша;

  2. Құрудың қайнар көздері бойынша;

  3. Ақпараттар көлеміне байланысты;

  4. Қызметінің сипатына байланысты;

  5. Меншік нысандары бойынша;

  6. Бейнелену көлемі бойынша;

  7. Тазарту тәсілдері бойынша.

1. Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынадай болуьг мүмкін:

а) кіріспе; ә) ағымдағы; б) таратылу; ) бөлу; г) қосылу.

Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды. Ол, кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.

Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және соңғы (қорытынды) болып бөлінеді.

Бастапқы баланс есепті кезеңнің басына, ал соңгы балансы аяғына құралады. Осыған орай, есепті кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.

Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады. Олардың соңғы баланстан айырмашылығы, біріншіден, соңғы балансқа баланстың қандай да бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі; екіншіден, аралық баланстар, тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады, ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.

Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.

Бөлу баланстары ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс, бұл жағдайда балансты беру балансы депте атауымызға болады.

Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктір-ген кезде жасайды.

2. Балансты оны жасаудың қайнар кездері бойынша былай бөлуге болады:

а) инвентарлық; ә) кітаптық; б) бас.

Инвентарлық баланстар шаруашылық құралдарының тізімі негізінде ғана құрылады. Мұндай баланстар бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылуы кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік, біріккен нысандарға ауысу) талап етіледі.

Кітаптық баланс тек қана ағымдағы бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде оларды тексермей-ақ алдын ала түгендеу жүргізу жолымен жасалады.

Бас балансты есеп мәліметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.

3. Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты былай бөлінеді:

а) біртекті; ә) жинақ; б) топтастырылған жинақ.

Біртекті баланс тек бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады.

Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады.

Топтастырылған жинақ балансы - экономикалық түрде бір-бірімен өзара байланысты заңды дербес кәсіпорындардың баланстарын қосу жолымен жасалады. Мұндай баланстарды холдингтік компаниялар (басқа компаниялардың бақылау акция пакеттерін иеленушілер), өздерінің еншілес және тәуелді серіктестіктері бар бас кәсіпорындар пайдаланады.

4. Қызметінің сипатына байланысты баланстар негізгі және негізгі емес қызмет баланстары болып бөлінеді.

Негізгі қызмет балансы - кәсіпорынның бағытына және оның жарғысына сөйкес жасалған баланс.

Негізгі емес қызмет балансы - кәсіпорынның құрамында тұрғын-үй коммуналдың шаруашылығы, қосалқы ауыл шаруашылығы, көлік шаруашылығының бар болуы. Осы бөлімшелер бойынша жасалған баланс негізгі емес қызмет балансы деп аталады.

Егер осы бөлімшелер бойынша баланс жасалмайтын болса, онда олардың қызметтері тиісті баптарды қосу жолымен негізгі қызмет балансында көрсетіледі.

  1. Меншік нысандарына байланысты баланстар мемлекеттік, жергілікті басқару (муниципалдың), кооперативтік, ұжымдық, жеке, аралас және біріккен кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді.

  2. Бейнелену көлемі бойынша баланстар былай бөлінеді:

а) дербес; ә) жеке.

Дербес баланс заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады.

Жеке балансты кәсіпорындардыд құрылымдың бөлімшелері (цехтар, филиалдар және т.б. жасайды.

7. Тазарту тесілі бойынша баланстар баланс-брутто, баланс-нетто болып келеді.

Баланс-брутто - реттеуші баптарды қосатын бухгалтерлік баланс («Негізгі құралдардың тозуы», «Материалдық емес активтердің амортизациясы»);

Баланс-нетто - реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс.

2. Баланс француз тілінен аударғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Баланс «актив» және «пассив» деп аталатын екі бөлімнен тұрады.

Баланстың сол жағында, актив бөлімінде кәсіпорынының өзіне тиісілі қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды.

Ал оң жағында, пассивте – кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтерін жинайды. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және сырттан алынған капитал деп 2-ге бөлінеді.

Осы айтылғандарды қорыта отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады.

Баланста актив пен пассив ардайым тең болады.

Актив = Пассив

Сондықтан бухгалтерлік балансты мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.

Актив = меншікті капитал + міндеттеме

Баланстың актив бөлімі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер деп 2-ге бөлінеді:

Қысқа мерзімді активтерге (бір жылға дейін айналымда болатын) кәсіпорынның ақша қаражаты, қысқа мерзімді дебиторлық берешектері, қорлар, қысқа мерзімді қаржылық инвесторлар жатады. Ұзақ мерзімді активтерге (бір жылдан аса қолданылады): ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер, негізгі құралдар, материалдық емес активтер т.б.

Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі 3 бөлімінен тұрады:

  1. Қысқа мерзімді міндеттемелер

  2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

  3. Капитал мен резерв

Қысқа мерзімді міндеттемелерге: қысқа мерзімді банк несиелері, бюджетпен есеп айырысу салықтары, 3310, 3350, 3890.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге: ұзақ мерзімді банк несиелері, төлем мерзімі өткен салықтар және т.б.

Капитал мен резерв бөлімінде кәсіпорынның жарғылық капиталы, резервтік капиталы, есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (зиян) есепке алынады.

Қаржылық жағдайды бағалаумен байланысты қаржылық есептіліктің элементі болып активтер, міндеттемелер және капитал табылады.

Активтер – болашақ экономикалық пайданы алудан күтілетін жеке кәсіпкермен немесе ұйымдармен қадағаланатын ақшалай немесе мүлік түріндегі шаруашылық құралдары.

Міндеттемелер - өткен оқиғадан туындайтын экономикалық пайдасы бар ресурстарды әкелетін жеке кәсіпкердің немесе ұйымның ағымдағы міндеттері.

Капитал – барлық міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын жеке кәсіпкердің немесе қйымдардың активіндегі бөлігі.

Пайда мен залал туралы есептегі қызметінің қорытындысын өлшеумен тікелей байланысты элементтері табыстар мен шығындар болып табылады.

Табыстар – капиталға қатысушы тұлғалардың салымымен байланысты капиталдың өсуіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстың түсімінің немесе активтердің көбейуі немесе міндеттемелердің төмендеуі.

Шығындар – капиталда қатысушы тұлғалардың қайта бөлуімен байланысты капиталдың төмендеуіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстың азаюы немесе активтердің азаюының төмендеуі немесе міндеттемелердің туындауы.

Қаржылық есептіліктің элементінің бағалануы – бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беруде берілген элементтердің мойындалуы және бекітілуі бойынша ақша қаражатының анықталуы. Қаржылық есептіліктің элементін мойындау тәртібі мен есепке алу әдісі Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына, ХҚЕС және ҰҚЕС-ның талабына сәйкес құрылады.

Шаруашылық қызметi дегенiмiз шаруашылық қаржыларының қозғалысы және оның үнемi айналымынан тұрады. Бiр сөзбен айтқанда, шаруашылық қызметi көптеген шаруашылық операцияларының жиынтығынан тұрады.

Шаруашылық операциялары деп шаруашылық қызметiн жүргiзу кезiнде кәсiпорындардың қаржыларының қозғалысқа келуiн айтады. Мысалы: жабдықтаушылардан шикiзаттың түсуi; кассадан жұмысшыларға жалақы берiлуi, бiр мекемелердiң берешегiнiң қайтарылуы (тағы сол сияқты).

Осыдан шаруашылық операцияларының ықпалымен баланс немесе онда көрсетiлген активтер, капитал мен мiндеттемелердiң көлемдерi өзгерiп отырады. Қандай өзгерiс болмасын баланстың тепе-теңдiгi сақталады

Әрбiр шаруашылық операциясы мiндеттi түрде баланстың екi статьясында көрсетiледi. Бұл шаруа қаржыларының айналымының ерекшелiктерiнен туған, өйткенi айналым кезiнде әрбiр шаруашылық операциясы арқасында мiндеттi түрде 2 активтiң немесе пассивтердiң арасында байланыс пайда болады.

Шаруашылық операцияларының әсерінен баланстық 4 өзгеру типі бар:

  1. типі Активті өзгеріс типі

  2. типі Пассивті өзгеріс типі

  3. типі Активті пассивті көбею типі

  4. типі Активті пассивті азаю типі

Бірінші тип, активті өзгеріс (тек активті шоттар қатысады) шаруашылық операцияларының әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір бап көбейеді белгілі бір сомаға, ал екінші бабы осы сомаға азаяды. Баланс сомасы өзгермейді.

А+Х+ А-Х=П

Мысалы: Ағымдағы банктiк шотынан кассаға ақша түстi-50000тг. Осы әрекетке сәйкес баланс активінің екі бабы өзгеріске ұшырайды: «Ағымдағы банктiк шотындағы ақша қаражаты» шот және «Кассадағы ақша қаражаты» шот.

«Кассадағы ақша қаражаты» шоты бойынша сома артады, ал «Ағымдағы банктiк шотындағы ақша қаражаты» бойынша сома тең сомаға кемиді.

Екінші типі, пассивті өзгеріс (тек пассивті шоттар қатысады) шаруашылық операцияларының әсерінен баланстың пассив бөліміндегі бір бап көбейеді белгілі бір сомаға, ал екінші бабы осы сомаға азаяды. Баланс сомасы өзгермейді.

А =П+Х+ П-Х

Мысалы: Банк несиесi арқылы жабдықтаушыға берешек сомасы аударылды - 60000тг. Осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы: «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шоты азаю жағына және «Қысқа мерзімді банктік қарыз» көбею жағына өзгеріске ұшырайды.

Үшінші типі, активті пассивті көбею шаруашылық операцияларының әсерінен баланстың активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға көбейеді. Баланс сомасы да сол сомаға көбейеді.

А+Х=П+Х

Мысалы: Жабдықтаушылардан тауарлар түстi-80000 тг. Осы әрекетке сәйкес баланстың активіндегі «Тауарлар» бабы мен баланстың пассивіндегі «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» көбейеді. Баланс валютасы да осы сомаға артады.

Төртінші типі, активті пассивті азаю (активті де, пассивті де шоттар қатысады) шаруашылық операцияларының әсерінен баланстың активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға азаяды. Баланс сомасы да сол сомаға азаяды.

А-Х=П-Х

Мысалы: Ағымдағы банктiк шотынан жабдықтаушылардың қарызы қайтарылды-70000тг. Осы шаруашылық әрекетінің нәтижесінде баланс активінің «Ағымдағы банктiк шотындағы ақша қаражаты» шоты мен баланс пассивінің «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» шоты кемиді. Баланс валютасы да осы сомаға азаяды.

Бухгалтерлік теңгерім (баланс) мекеменің қаржылық есептілігінің негізгі нысаны болып табылады. Ол мекемелердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтерін, міндеттемелері мен капиталын көрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері активтер, міндеттемелер және капитал болып табылады.

Активтер – бұл дара кәсіпкер немесе мекеме өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар. Активте жасалған болашақ экономикалық пайда – бұл мекемеге ақша қаражатының және олардың баламасының түсуіне тікелей немесе жанама ықпал ету мүмкіндігі. Ақшалай қаражаттың мұндай түсімдері активтерді пайдалану немесе сату салдарынан болуы мүмкін. Бұл түсім мекеменің негізгі қызметінің бөлігі ретінде көрсетіледі.

Мекеменің активтері оларды сатып алу немесе жасау және басқа өткен оқиғалардың нәтижесінде, сондай – ақ ақысыз (өтеусіз) түсудің нәтижесінде пайда болады. Көп активтердің экономикалық (физикалық) нысаны (негізгі құралдар, тауарлық – материалдық, қорлар және т.б.) бар болуы мүмкін, бірақ физикалық нысан активті анықтамайды. Мысалы, материалдық емес активтер (патенттер, тауарлық белгілер және т.б.), сондай – ақ дебиторлық қарыздар да активтер болып табылады, егер мекеме келешекте олардан экономикалық пайданың құйылуын күтсе және олар оның бақылауына алынса.

Активтердің болуын айқындаған кезде меншік құқығы міндетті болып табылмайды. Мысалы, жолдау құқығында иеленген мүлік, егер мекеме осы мүліктен түседі деп күтілетін пайданы бақылайтын жағдайда актив болып саналады.

Активтерге сондай – ақ қаржылық инвестициялар, ақшалай қаражаттар және т.б жатады. Активтер өнімді (жұмысты, тауарды, қызметті өткізуге) өндіру және өткізу үшін, өндірісті басқаруға және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.

Міндеттемелер - бұл дара кәсіпкердің немесе мекеменің өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеттері, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады. Мысалы, негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды сатып алу және қызметтерді қабылдау ақысы төленуге тиісті есеп айырысу шоттарының пайда болуын тудырады (егер тек олардың ақысы алдын- ала төленбесе немесе төленуі белгіленіп қойылмаса ғана), қарыздар (кредиттер) алу оларды қайтару міндеттемесін тудырады.

Міндеттемелердің ажырамас сипаттамасы мекемеде нені болмасын, қандай да болмасын белгілі бір түрде әрекет ететін немесе қолданатын міндеттемелердің бар болуы болып табылады. Міндеттемелер қандай да болмасын заңды тұлғадан шыққан, сол сияқты тәжірибеден (практикадан) алынған болуы мүмкін. Заңды міндеттемелер міндетті шарттан немесе заңнамалық шарттан шығады және мәжбүрлі тәртіппен орындалуы мүмкін. Тәжірибеден (практикадан) шығатын міндеттемелер – мынандай жағдайларда мекеменің іс - әрекетінен туындайтын міндеттемелер:

  • саясат немесе жеткілікті түрде нақтылы ағымдағы өтініш деп жарияланған өткен қызметтің орныққан тәжірибесінде (практикасында) мекеме басқа тараптарға ол өзіне белгілі бір міндеттерді қабылдайтындығын көрсетсе;

  • нәтижесінде мекеме осы тараптарда өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтындығына қатысты негізделген күтулер жасаса.

Міндеттемелер жарғы немесе шарт талаптарының нәтижесі ретінде күшіне енуі мүмкін. Мысалы, алынған тауарлық – материалдық қорлар мен көрсетілген қызметтер үшін төленетін сома. Міндеттемелер сондай – ақ әдеттегі іскерлік тәжірибе (практика), дағды және жақсы қарым - қатынастарды ұстап отыру немесе тура жолымен қимылдау ниеті барысында пайда болады. Егер мекеме өз өнімінің олқылықтарын тіпті кепілдік мерзімі етіп кеткеннен кейін де түзетпек болса, қазірдің өзінде сатылып кеткен тауарларға қатысты жұмсалатын сома борыш болып табылады.

Кейде міндеттемелер тек шамалаған деңгейдегі дәлдікпен өлшенуі мүмкін. Кейбір мекемелер бұл міндеттемелерді резерв ретінде қарайды. Оларға қолданыстағы кепілдік міндеттемелер бойынша төлемдерді қамтамасыз ету құрылған резервтер, негізгі құралдарды жөндеу бойынша резервтер, еңбеккерлерге кезекші демалыс ақысын төлеу резервы және т.с.с.

Міндеттемелердің қазіргі және болашақ кезеңдерде болатындарының ара – жігін ажырата білу қажет. Мекеме басшысының болашақта активтер сатып алу жөніндегі шешімі міндеттемелердің пайда болуына себеп бола алмайды. Міндеттемелер, әдетте, актив алынғанда немесе мекеме активті сатып алу туралы келісімге қосылғанда ғана пайда болады.

Қолданыстағы міндеттемелердің өтелуі, әдетте, басқа тараптың шағымдарын қанағаттандыру үшін мекеменің экономикалық пайдаларды бейнелерін өзіне тартып отырады. Міндеттемелерді өтеу әртүрлі тәсілдермен:

  • ақысын төлеу;

  • өзге активтерді беру;

  • қызмет көрсету;

  • бұл міндеттерді басқа міндеттемелермен ауыстыру;

  • міндеттемелерді жеке капиталға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Міндеттемелер, сондай – ақ қарыз (кредит) берушінің өзінің құқықтарынан ерекше немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.

Капитал – бұл танылған міндеттемелерді танылған активтердің құнынан шегеру нәтижесінде пайда болған қалдық. Бухгалтерлік есепте және теңгерімде (баланста) «Капитал» бөлімі кіші сыныпшаларға бөлінуі мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғамда капитал мынандай сыныпшалар бойынша көрсетіледі: жарғылық капитал, төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс, резервтік капитал, бөлінбеген пайда, қорытынды пайда. Мұндай сыныптаулар, олар мекеменің капиталын бөлу немесе өзгеше пайдалану қабілетінің құқықтық көрсеткіштері немесе басқа да шектеулер болғанда, шешім қабылдаған кезде қаржылық есептілікті пайдаланушылар үшін маңызды болуы мүмкін. Олар сондай-ақ өз меншігіне пайыздар алу құқығы бар тараптардың дивидендтер (таза кірістін бөлігін) алуға немесе мүліктің бір бөлігінің құқын төлеуге қатысты әр түрлі құқықтары болып отырғанын көрсетуі мүмкін.

Бухгалтерлік теңгерімдегі (баланстағы) капиталдың мөлшері активтер мен міндеттемелердің құқын бағалауға байланысты болады және мекеменің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Әдеттегіндей, капиталдың жалпы көлемі қоғамның акцияларының жалпы нарықтық құнына немесе сомасына сирек тура келеді, соңғы таза активтерді бөлшектеп немесе қолданыстағы мүліктік кешенді барлық мекеме ретінде сатудан алынуы мүмкін.

Бухгалтерлік теңгерімде (баланста) активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып сыныпталады.

Мекеме жоғарыда аталған Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес тікелей теңгерімдегі (баланстағы) жеке бөлімдер ретінде, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтерді және қысқы мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді ұсынуға міндетті, бұған өтімділік негізінде бөлу сенімді әрі неғұрлым мәнді болып табылатын осындай ақпарат беру реттері кірмейді. Осы ерекшілік қолданылған кезде барлық активтер мен міндеттемелер міндетті түрде тұтас алғанда олардың өтімділігіне қарай ұсынылуға тиіс.

Қабылданған ұсыну әдісіне қарамастан, өтелуі немесе орнын толтыру теңгерім (баланс) күнінен кейін он екі айдан аспайтын және теңгерім (баланс) күнінен кейін он екі айдан асатын мерзімнің ішінде күтіліп отырған соманы біріктіретін активтер мен міндеттемелердің осындай әрбір желілік бабы бойынша мекеме өтелуі немесе орнын толтыру он екі айдан астам мерзім өткеннен кейін күтіліп отырған соманы ашып көрсетуге міндетті.

Егер мекеме дәл анықталған операциялық кезеңнің барысында тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізсе, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелерді теңгерімнің (баланстың) өзінде бөлек сыныптау айналым капиталы ретінде тұрақты жұмыс істейтін таза активтерді мекеменің ұзақ мерзімді операцияларында пайдаланатындардан бөлу жолымен пайдалы ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл сондай – ақ ағымдағы операциялық кезеңде іске асыру көзделіп отырған активтерді және осы кезең ішінде өтелуге тиісті міндеттемелерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Активтер мен міндеттемелерді өткізудің күтіліп отырған мерзімдері туралы ақпарат мекеменің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау үшін пайдалы. 32 – «Қаржы құралдары -ақпаратты ашу және беру» IAS Халықаралық қаржы есепшілігінің стандарты қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін өтеу күндері туралы ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді. Қаржы активтері сауда және басқа да дебиторлық берешекті қамтиды, ал қаржы міндеттемелері сауда және басқа да кредиторлық берешекті қамтиды. Босалқылар мен бағалау міндеттемелері сияқты ақшалай емес активтер мен міндеттемелердің орнын толтырудың және өтеудің есептеу күндері туралы ақпарат та, активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөліну – бөлінбеуіне қарамастан, пайдалы. Мысалы, мекеме теңгерім (баланс) күнінен бастап он екі айдан асатын мерзімнен кейін орнын толтыруды күтіп отырған босалқылар сомасын ашып көрсетеді.

Бухгалтерлік теңгерім (баланс) актив және пассивтен тұратын кесте болып көрінеді. Оның ықшамдалған нысаны төменде келтірілген.

Теңгерімнің (баланстың) активінде мекеменің мүліктері, оның келешекте экономикалық пайда әкелетін мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар көрсетіледі. Оларға жатқызылады, мысалы, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ақшалай қаражаттар, инвестициялар және т.б. теңгерімнің (баланстың) пассивінде капитал мен міндеттемелер көрсетіледі.

№1-нысан

Мекеме атауы

Мекеменың қызмет түрі

Мекемедастыру – құқықтық нысан

Жұмысшылардың орташа жылдық саны______________________________

Кәсіпкерлік субъект

кіші, орташа, ірі

Мекеменың заңды мекен – жайы

Бухгалтерлік теңгерім (баланс)

20 ... жылғы « » « » жағдайы бойынша.

Активтер

Жол коды

Есептік кезеңнің басына

Есептік жылдың соңына

1. Қысқа мерзімді активтер

Ақша қаражаттары

010

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

011

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

012

Қорлар

013

Ағымдағы салықтық активтер

014

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

015

Басқа қысқа мерзімді активтер

016

Қысқа мерзімді активтердің жиынтығы

100

2. Ұзақ мерзімді активтер

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

020

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

021

Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілген инвестициялар

022

Жылжымайтын инвестициялар

023

Негізгі құралдар

024

Биологиялық активтер

025

Барлау және бағалау активтері

026

Материалдық емес активтер

027

Кейінге қалдырылған салықтық активтер

028

Басқа ұзақ мерзімді активтер

029

Ұзақ мерзімді активтердің жиынтығы

200

Теңгерім (баланс) (100 жол + 200 жол)

Теңгерімнің (баланстың) жалғасы

Міндеттемелер мен капитал

Жол коды

Есептік кезеңнің басына

Есептік кезеңнің соңына

3. Қысқа мерзімді міндеттемелер

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

030

Салықтар бойынша міндеттемелер

031

Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

032

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

033

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

034

Басқа қысқа мерзімді міндеттемелер

035

Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиынтығы

300

4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

040

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

041

Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

042

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

043

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер

044

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиынтығы

400

5.Капитал

Жарғылық капитал

050

Төленбеген капитал

051

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар

052

Эммисиялық кіріс

053

Резервтер

054

Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)

055

Азшылық үлесі

056

Капиталдың жиынтығы

500

Теңгерім (баланс) (жол 300 + жол 400 + 500 жол)

Жетекші

әкесінің аты, аты, тегі қолы

Бас бухгалтер

әкесінің аты, аты, тегі қолы

Теңгерімде (баланста) жеке жолмен көрсетілген және ақшалай шаққандағы активтердің, капитал мен міндеттемелердің әрбір элементі (түрі) теңгерімнің (баланстың) баптары деп аталады. Теңгерімнің (баланстың) актив пен пассивтің баптары мекеменің теңгерім (баланс) жасау күніне иелігінде болған мүліктердің жеке түрлері мен олардың қалыптасу көздерінің күйін көрсетеді.

Бухгалтерлік теңгерім (баланс) және қаржылық есептіліктің басқа нысандарын толтыру үшін негіздеме болып Бас кітап немесе «Бас кітап » машинограммадан алынған жинақтамалы шоттардың дебеті және кредиті бойынша есепті кезеңнің басындағы және соңындағы қалдықтар (сальдо) және оралымдары саналады. Теңгерімнің (баланстың) кейбір баптары толтырудың ерекшеліктері бар, өйткені олардың сомалары бірнеше шоттардың (дебиторлық берешек, келешек кезеңдердің шығындары және т.б.) қалдықтарының (сальдосы) сомаларынан құралады. Сондықтан бухгалтерлік теңгерімнің (баланстың) жасаудың кейбір маңызды жерлеріне тоқталайық.

Теңгерімнің (баланстың) активтері мен пассивтерінің баптарының құрылымы белгілі қағидаттарға (принциптерге) бағынышты. Активтердің баптары өтімділік дәрежесіне қарай өтімділіксізден (негізігі құралдар, материалдық емес активтер, және т.б.) анағұрлым өтімділігі бар (тауарлық – материалдық қорлар, ақшалай қаражаттары және т.б.) қарай орналасқан. Өтімділік дәрежесі теңгерімнің (баланстың) активтерінің қшалай қаражаттарға айналдыру жылдамдығын сипаттайды. Аталған қағидатқа (принципке) сәйкес теңгерім (баланс) активтерінің баптары екі бөлімге біріктірілген:

І «Қысқа мерзімді активтер»

ІІ «Ұзақ мерзімді активтер»

Қысқа мерзімді активтер. Актив, егер мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде айналымдық актив ретінде сыныпталуға тиіс:

  • оны өткізу көзделсе, не ол кәсіпорынның әдеттегі операциялық кезеңінің барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;

  • ол негізінен сауда мақсаттарына арналса;

  • оны есепті күннен кейін он екі ай ішінде сату ұйғарылса;

  • ол ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында болса, бұған есепті күннен кейін, ең болмағанда, он екі айдың ішінде қандай да болсын міндеттеменің орнын толтыру үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға тиым салынған реттер кірмейді.

Қалған активтердің барлығы міндетті түрде ұзақ мерзімді активтер ретінде сыныпталуға тиіс.

І «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мекеменің ағымдағы қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу үшін арналған аз өтімді (тауарлық – материалдық қорлар, дайын өнім және т.б.) және жоғары өтімді қаражаттарды (алдағы кезеңдердің шығындары, дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар және ақшалай қаражаттар) біріктіреді.

«Ақшалай қаражаттар» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған ақшалай қаражаттары қалдықтарының жалпы сомасы көрсетіледі: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1020 «Жолдағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», 1040 «Карт- шоттардағы ақша қаражаты», 1050 «Жинақ шоттардағы ақша қаражаты», 1060 «Өзге ақша қаражаты».

«Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары» бабы бойынша мекеменің басқа мекеменің құнды қағаздарын (акциялар мен облигацияларын сатып алу); мемлекеттік және жергілікті органдардың облигацияларын; бірлескен қызмет туралы келісім –шарт бойынша салымдар ретінде енгізілген ақшалай қаражаттар мен мүліктер; басқа мекемелерге берілген қарыздары көрсетіледі. Жаңа жылдың 1 қаңтарына жай- күйі бойынша теңгерімнің (баланстың) осы бабы түгендеудің нәтижелерімен расталуы керек. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік есептің келесі шоттарында есепке алынады: 1110 «Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар», 1120 «Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері», 1130 «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», 1140 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары».

«Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған мекемеге берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек».

«Қорлар» бабы бойынша келесі шоттардағы материалдық құндылықтардың қалдықтарының нақты өзіндік құны көрсетіледі: 1310 Шикізат және материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Өзге қорлар».

«Ағымдағы салық активтері» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі: 1410 «Корпорациялық табыс салығы», 1420 «Қосылған құн салығы», 1430 «Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер»

«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің қалдықтары көрсетіледі: 1510 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер», 1520 «Сатуға арналған істен шығатын топ».

«Өзге қысқа мерзімді активтер» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған берілген қысқа мерзімді аванстардың қалдығы, мекеменің осы есепті жылда жасаған, бірақ келесі жылға жатқызылатын шығыстары және басқа да қысқа мерзімді активтердің қалдықтары көрсетіледі: 1610 «Берілген қысқа мерзімді аванстар», 1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары», 1630 «Өзге қысқа мерзімді активтер»

І «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің барлық баптары толтырылғаннан кейін бөлімнің жиынтық сомасы есептеледі.

ІІ «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде мекеменің ұзақ уақыт қарамағында болған және ұзақ мерзім бойында пайдаланған келесі мүліктер, мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар көрсетіледі:

  • ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;

  • ұзақ мерзімді дебиторлық берешек;

  • үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар;

  • инвестициялық жылжымайтын мүліктер;

  • негізгі құралдар;

  • биологиялық активтер;

  • барлау және бағалау активтері;

  • материалдық емес активтер;

  • кейінге қалдырылған салықтық активтер;

  • басқа да ұзақ мерзімді активтер.

«Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған мекеменің басқа мекемелердің бағалы қағаздары мен акцияларына салынған ұзақ мерзімді қаржылар туралы деректер көрсетіледі: 2010 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар», 2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар», 2030 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», 2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар».

«Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынатын пайда болған сәттен бастап 1 жылдан асатын дебиторлық берешек туралы деректер көрсетіледі:

2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі»,2120 «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2130 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2140 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»,

2160 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», 2170 «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», 2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»

«Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар» бабы бойынша 2210 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар» шотында есепке алынған үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын қауымдастырылған және тәуелді мекемедарға берілетін инвестиция туралы деректер көрсетіледі.

«Инвестициялық жылжымайтын мүліктер» бабы бойынша 2310 «Жылжымайтын мүліктерке инвестициялар» шотында есепке алынған мүліктердің баланстық құны көрсетіледі.

«Негізгі құралдар» бабы бойынша 2410 «Негізгі құралдар» шотында есепке алынған негізгі құралдар теңгерімдік (баланстық) құны бойынша көрсетіледі. Олардың теңгерімдік (баланстық) құны 16 «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес бастапқы құны мен жиналған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал сомаларының айырмасы ретінде анықталады.

«Биологиялық активтер» бабы бойынша 2510 «Өсімдіктер» және 2520 «Жануарлар» шоттарында есепке алынған ауыл шаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтер әділ құны бойынша көрсетіледі.

«Барлау және бағалау активтері» бабы бойынша 2610 «Барлау және бағалау активтері» шотында есепке алынған минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда, минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстар көрсетіледі.

«Материалдық емес активтер» бабы бойынша 2710 «Гудвилл» және 2730 «Өзге материалдық емес активтер» шоттарында есепке алынған гудвилл және өзге де материалдық емес активтер теңгерімдік (баланстық) құны бойынша көрсетіледі. Олардың теңгерімдік (баланстық) құны 38 «Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес бастапқы құны мен жиналған амортизация және құнсызданудан жиналған залал сомаларын шегергеннен қалған сома.

«Кейінге қалдырылған салықтық активтер» бабы бойынша 2810 «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер» шотында есепке алынған аталған салықтың қалдық сомасы көрсетіледі.

«Өзге ұзақ мерзімді активтер» бабы бойынша 2910 «Берілген ұзақ мерзімді аванстар», 2920 «Алдағы кезеңдердің шығыстары», 2930 «Аяқталмаған құрылыс», 2940 «Өзге ұзақ мерзімді активтер» шоттарында есепке алынған ұзақ мерзімді активтердің қалдықтар сомасы көрсетіледі.

ІІ «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің жалпы сомасы теңгерімнің (баланстың) осы бөлімінің барлық баптарының сомаларын қосып шығарады да, бұл сомаға І «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің жалпы сомасын қосып теңгерімнің (баланстың) активтерінің жалпы сомасын есептейді.

Теңгерімнің (баланстың) пассивінде мекеменің банктер, бюджет, жабдықтаушылар мен мердігерлер, әртүрлі қарыз берушілер, еңбекақы өтелу бойынша еңбек ұжымның мүшелері алдындағы міндеттемелер, алдағы кезеңдердің табыстары, жалдық міндеттемелер және т.б., сондай-ақ мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметіне салынған меншікті капиталдың көлемі көрсетіледі. Осыған орай меншікті және тартылған (жұмылдырылған) қаржылар келесі үш бөлімге біріктірілген:

ІІІ Қысқа мерзімді міндеттемелер;

ІV Ұзақ мерзімді міндеттемелер;

V Капитал.

Мекеменің міндеттемелері қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінуі оларды өтеу тығыздығының дәрежесіне байланысты, сондықтан олар теңгерімде (баланста) екі бөлімге топтастырылған.

І «Қаржы есептілігін ұсыну» JAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес міндеттеме, егер ол мынандай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталуға тиіс:

  • оны мекеменің әдеттегі операциялық кезеңінің шеңберінде өтеу көзделсе;

  • ол негізінен сату мақсаттарына арналса;

  • ол есепті күннен кейін он екі айдың ішінде тиіс болса;

  • не есепті күннен кейін ең аз дегенде он екі айдың ішінде тиісті міндеттемені өтеуді кейінге қалдыруға мекеменің сөзсіз құқығы болмаса.

Қалған міндеттемелердің барлығы ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде сыныпталуға тиіс.

Жеткізушілер мен мердігерлердің алдындағы кредиторлық берешек сияқты кейбір қысқа мерзімді міндеттемелер, кызметкерлерге кейбір есептеулер және басқа да операциялық шығындар мекеменің әдеттегі операциялық кезеңінде пайдаланылатын оралымдық капиталдың бір бөлігін құрайды. Ондай операциялық баптар, тіпті олар теңгерім (баланс) күнінен бастап он екі айдан астам уақыт өткен соң өтелуге тиіс болса да, қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде сыныпталады. Мекеменің әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзындығы он екі айды құрайды деп көзделеді. Басқа қысқа мерзімді міндеттемелер әдеттегі операциялық кезеңнің бір бөлігі ретінде өтелмейді, бірақ баланс күнінен кейін он екі айдың ішінде өтеуді талап етеді немесе негізінен сату мақсаттарына арналады. Мысалы, 39 «Қаржы құралдары – тану және бағалау» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған қаржы міндеттемелері, банктік овердрафтар, ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, төлеуге дивидендтер, пайдаға салынатын салықтар және басқа сауда – саттық емес кредиторлық берешектер. Ұзақ мерзімді негізінде қаржыландыруды қамтамасыз ететін (яғни мекеменің әдеттегі операциялық кезеңінде пайдаланылатын оралым капиталының бір бөлігі болып табылмайды) және теңгерімнен (баланстан) кейін он екі айдың ішінде өтелуге жатпайтын қаржы міндеттемелері ұзақ мерзімді міндеттемелер болып табылады.

Мекеме өзінің қаржы міндеттемелерін, олар теңгерім (баланс) күнінен кейін он екі айдың ішінде өтелуге тиісті болса, қысқа мерзімді ретінде сыныптайды, егер тіпті:

  • олардың бастапқы мерзімі он екі айдан асатын мерзім болса;

  • теңгерім (баланс) күнінен кейін және қаржы есептілігі бекітілгенге дейін қайта қаржыландыруға немесе ұзақ мерзімді негізде төлем кестесін өзгертуге шарт жасалса

ІІІ «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінде мекеменің пайда болған күнінен бастап бір жылдың ішінде өтелуге тиісті кредиторлық берешектерін (міндеттемелерін) көрсетеді. Қысқа мерзімді міндеттемелер теңгерімнің (баланстың) келесі баптары бойынша көрсетіледі:

  • қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;

  • салықтар бойынша міндеттемелер;

  • басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер;

  • қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

  • қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері;

  • өзге қысқа мерзімді міндеттемелер

«Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» бабы бойынша келесі 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар», 3020 «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемедардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар», 3030 «Қатысушылардың дивидендтері мен табыстарі бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3040 «Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі», 3050 «Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелер» шоттарында есепке алынған қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылға дейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар, уәкілеттік органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемедардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар, жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлға қатысушыларына акциялар бойынша есептелген дивидендтер және табыстар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек, ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі (мысалы, қаржылық жал, қарыздар бойынша міндеттемелер), өзге де қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері көрсетіледі.

«Салықтар бойынша міндеттемелер» бабы бойынша келесі 3110 «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», 3120 «Жеке табыс салығы», 3130 «Қосылған құн салығы», 3140 «Акциздер», 3150 «Әлеуметтік салық», 3160 «Жер салығы», 3170 «Көлік құралдары салығы», 3180 «Мүлік салығы», 3190 «Өзге салықтар» шоттарында есепке алынған төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы, есептелген және төленетін қосылған құн салығы, акциздер, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдары салығы, мүлік салығы және өзге де салықтар көрсетіледі.

«Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» бабы бойынша келесі 3210 «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер», 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер», 3230 «Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», 3240 «Басқа да ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер» шоттарында есепке алынған Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар және зейнетақы аударымдары, басқа міндетті төлемдер (мысалы, салымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер) және басқа да есептелген және төленетін ерікті төлемдер көрсетіледі.

«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бабы бойынша келесі 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек», 3320 «Еншілес мекемедарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3330 «Қауымдастырылған және бірлескен мекемедарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3340 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», 3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек», 3370 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі», 3380 «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар», 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттарында есепке алынған осы мекеменің аталған басқа мекемелерге бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қысқа мерзімді кредиторлық берешектері, қызметкерлерге тиісті көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын еңбекақы және сыйақылар, жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек (міндеттемелер), ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша есептелген қысқа мерзімді сыйақылар және өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешектер көрсетіледі.

«Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» бабы бойынша келесі 3410 «Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер», 3420 «Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер», 3430 «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелер», 3440 «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» шоттарында есепке алынған бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен іске асырылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резерв сомасы, қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін қуынулары бойынша резерв және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы, қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелер сомасы көрсетіледі.

«Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» бабы бойынша келесі 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар», 3520 «Алдағы кезеңдердің табыстарі», 3530 «Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері», 3540 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» шоттарында есепке алынған тауарларды, шикізаттарды, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар, ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын табыстар, сатуға арналған қатардан шығарылатын топтың міндеттемелері, өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрсетіледі.

ІІІ. «Қысқа мерзімді міндеттемелер» жолы бойынша бөлімінің барлық баптары толтырылғаннан кейін бөлімнің есептелген жиынтық сомасы көрсетіледі.

ІV. «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімі мекеменің бір жылдан асатын мерзімде өтеуге тиісті кредиторлық берешектерін (міндеттемелерін) көрсетеді. Бұл бөлімде ұзақ мерзімді міндеттемелер теңгерімнің (баланстың) келесі баптары бойынша талдап көрсетіледі:

  • ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер;

  • ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;

  • ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері;

  • кейінге қалдырылыған салықтық міндеттемелер;

  • өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер.

«Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бабы бойынша келесі 4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар», 4020 «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктік лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемелерден алынатын ұзақ мерзімді қарыздар», 4030 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» шоттарында ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар және уәкілетті органның және Ұлттық Банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемедардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар және өзге қаржылық міндеттемелер көрсетіледі.

«Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» бабы бойынша келесі 4110 «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек», 4120 «Еншілес мекемедарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 4130 «Қауымдастырылған және бірлескен мекемедарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 4140 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 4150 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек», 4160 «Төлеуге арналған ұзақ мерзімдісыйақылар» шоттарында осы мекеменің жоғарыда аталған мекемедарға бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу, бір жылдан астам қаржылық жалдау бойынша жалдау міндеттемелері, қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге арналған есептелген сыйақылар, сондай-ақ өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешектер көрсетіледі.

«Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» бабы бойынша келесі 4210 «Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер», 4220 «Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», 4230 «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», 4240 «Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» шоттарында есепке алынған бір жылдан жоғары кепілдік мерзімімен іске асырылған өнім жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер бойынша құрылған резерв, қарау мерзімі бір жылдан асатын сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша құрылған резерв, қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында ұзақ мерзімді сыйақылар төлеуге болжалы шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері көрсетіледі.

«Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» бабы бойынша 4310 «Корпороциялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» шотында есепке алынған салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы көрсетіледі.

«Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» бабы бойынша келесі 4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар», 4420 «Алдағы кезеңдердің табыстарі», 4430 «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» шоттарында тауарларды, шикізаттарды, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсетуге алынған аванстар негізінде, сондай – ақ жеткізушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және аталған аванстарға кірмейтін өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер көрсетіледі.

ІV.«Ұзақ мерзімді міндеттемелер» жолы бойынша бөлімінің барлық баптарын толтырғаннан кейін оның есептелген жиынтық сомасы көрсетіледі.

V. «Капитал» бөлімінде мекеменің меншікті қаражаттарының қолда бары мен орналастыру көздерін куәлайтын келесі баптар қарастырылған:

  • жарғылық капитал;

  • төленбеген капитал;

  • сатып алынған меншікті үлес құралдары;

  • эмиссиялық кіріс;

  • резервтер;

  • бөлінбеген пайда (жабылмаған залал);

  • азшылықтар үлесі.

«Жарғылық капитал» бабы бойынша келесі 5010 «Артықшылықты акциялар», 5020 «Қарапайым акциялар», 5030 «Салымдар мен пайлар» шоттарында есепке алынған акционерлік қоғамның төленген, эмиссияланған, артықшылықты және қарапайым акциялардың жиынтық атаулы құны және серіктестіктердің капиталына салымдардың құны көрсетіледі.

«Төленбеген капитал» бабы бойынша 5110 «Төленбеген капитал» шотында эмиссиялық акцияларды төлеу, мекемелердің жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу, сондай-ақ жеке тұлғалардың және мекемелердің эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың мекемелердің жарғылық капиталына салымдарды енгізу жөніндегі берешектер көрсетіледі.

«Сатып алынған меншікті үлес құралдары» бабы бойынша 5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» шотында есепке алынған өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде мекемеге келтірілген шығындар сомасы көрсетіледі.

«Эмиссиялық кіріс» бабы бойынша 5310 «Эмиссиялық кіріс» шотында есепке алынған шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен оларды іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) сомасы көрсетіледі.

«Резервтер» бабы бойынша келесі 5410 «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал», 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», 5430 «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», 5440 «Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв», 5450 «Шетелдік қызмет бойынша шетел волютасын қайта есептеуге арналған резерв», 5460 «Өзге резервтер» шоттарында есепке алынған халықаралық қаржы есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және мекеменің есеп саясатына сәйкес белгіленген резервтік капитал, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв, монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмалары және өзге резервтер көрсетіледі.

«Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» бабы бойынша келесі 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоттарында есепке алынған мекеменің есепті жылдың және өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіәледі.

«Азшылық үлесі» бабы бойынша еншілес ұйымның пайдасы мен залалының және таза активтерінің бөлігі, ол негізгі ұйым еншілес ұйым арқылы тікелей немесе жанама түрде меңгермейтін капиталдың қатысу үлесі көрсетіледі.

«Капитал» бөлімінің барлық баптары толтырылғаннан кейін оның жиынтық сомасы есептеледі де, теңгерімнің (баланстың) жалпы сомасы есептеліп, «Баланс» атты жол бойынша көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізгенде және теңгерімді (балансты) дұрыс жасағанда активтің барлық баптарының жиынтық сомасы капитал мен міндеттемелердің жиынтық сомасына тең болуы керек, өйткені бухгалтерлік теңгерімде (баланста) бір ғана құралдар мен қаржылар көрсетіледі, бірақ олар әр түрлі позицияда берілген.

Тақырыптың атауы: Пайдалар мен залалдар туралы есеп және оның мазмұны

№7,8,9 лекция мазмұны:

1. Пайдалар мен залалдар туралы есеп және оның мазмұны мен құрылымы.

2. Пайдалар мен залалдар туралы есеп көрсеткіштерінің сипаты

Мекеменің қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері болып пайдалар мен залалдар танылады. Қызмет нәтижесі пайда және залал туралы есепте берілген мекеменің табыстары (кірістері) мен шығыстарының өзара байланысы болып табылады. Пайда көп жағдайда қызмет нәтижелерінің өлшеуі ретінде немесе инвестицияларға табыс немесе акцияға пайда сияқты басқа өлшеулер үшін негіз ретінде пайланылады. Пайданы өлшеуге тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері табыстар мен шығыстар болып табылады. Олар мынадай түрде айқындалады:

  • табыстар - активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарына байланысты ұлғаюдан ерекшеленетін капиталдың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің азаюы;

  • шығыстар – активтердің жылыстауы немесе азаюы нысанындағы есепті кезең ішінде экономикалық пайданың азаюы немесе капиталға қатысатын адамдарға бөлуге байланысты азаюдан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы.

Табысты айқындау өзіне негізгі қызметтен түскен табысты, сол сияқты өзге де табыстарды қамтиды. Табыстар өзіне мекеменің қарапайым қызметінің түрлерінен алынған қаражаттың түсуін, оның ішінде өнім сату мен қызмет көрсетуді, сыйақыны, пайыздар, дивидендтерді сатудан түскен табыстарды қамтуы мүмкін.

Өзге де табыстар мекеменің қарапайым қызметі үрдісінде туындауы немесе туындамауы мүмкін кірісті айқындауды қанағаттандыратын түсімдерді білдіреді. Өзге де табыстарды пайдалар мен залалдар туралы есепте танылған кезде олар әдетте жеке беріледі, себебі олар туралы ақпарат экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдалы.

Шығыстарды айқындау залалды, сондай-ақ мекеменің қарапайым қызметі барысында туындайтын шығыстарды қамтиды.

Мекеменің қарапайым қызметі барысында туындайтын шығыстар, мысалы, сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын, жалақыны және негізгі құралдардың амортизациясын қамтиды. Олар, әдетте, активтердің, мысалы, ақша қаражатының және олардың баламаларының, қорлардың, негізгі құралдардың жылыстауы немесе азаюы нысанын қабылдайды.

Пайда немесе залал туралы есептегі табыстар мен шығыстарды тану активтер мен міндеттемелерді тануға немесе өлшеуге тікелей байланысты.

Есепті кезең ішінде танылған табыстар мен шығыстардың барлық баптары міндетті түрде, егер қандайда болсын Стандартта немесе Түсіндірмеде өзгеше талап етілмесе, пайдаға немесе залалға қосылуға тиіс. Алайда, белгілі бір жағдайларда нақты баптар ағымдағы кезең ішіндегі таза пайдадан немесе залалдан алып тасталуы мүмкін. 8 – «Есеп саясаты, есептік – бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер мен қателіктер» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартында осындай жағдайлардың екі түрі қаралады: қателіктерді түзету және есеп саясатындағы өзгерістердің салдары. Қалған Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарында Принциптерде келтірілген табыстар мен шығыстардың анықтамаларына сай келуі мүмкін баптар қаралады, бірақ олар, әдетте, пайдадан немесе залалдан алып тасталады. Ондай баптардың мысалдары қайта бағалаудан мүлік құнының артуын (16 – «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартты қараңыз), шетелдік қызметтің қаржы есептілігінің валютасын қайта есептеуге байланысты туындайтын жекелеген пайдалар мен залалдар (21 –«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» IAS Халықаралық стандартты қараңыз) және сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалаудан болған пайдалар мен залалдар (39 – «Қаржы құралдары – тану және бағалау» IAS Халықаралық стандартты қараңыз).

Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсеткенде кем дегенде мынадай желілік баптар болуы тиіс:

  • табыс;

  • қаржыландыру жөніндегі шығындар;

  • қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген мекеменің үлесі;

  • салық бойынша шығыстар;

  • тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал, сату шығындарын шегергенде әділ құны бойынша бағалау нәтижелері бойынша танылған салық салудан кейінгі пайда немесе залал немесе тоқтатылған қызметті құрайтын активтердің немесе шығу тобының (топтарының) шығуынан кейін құрайтын бірегей соманы;

  • пайда немесе залал.

Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде мынадай баптар кезең ішінде пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетуге тиіс:

  • азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал;

  • еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.

Мекеме қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіну үшін осылайша ұсыну маңызды болған кезде, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде қосымша желілік баптар, бөлімдердің тақырыптары және аралық сомалар ұсынылуға тиіс.

Мекеме қызметінің әр түрлі түрлерінің, операциялардың және басқа оқиғалардың ықпалы пайда немесе залал алу үрдісінің және болжамдылығы жағынан өзгеше болғандықтан, қызметтің қаржылық нәтижелерінің компоненттерін ашып көрсету қол жеткен қаржылық нәтижелерін түсінуге және болашақ нәтижелерді болжауға көмектеседі. Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзіне қосымша желілік баптар қосылады, ал осы баптардың атауына және оларды орналастыру тәртібіне қажет болған жағдайда қызметтің қаржылық жағдайын анықтау үшін өзгерістер енгізіледі. Есепке алынуға тиісті факторлар табыстар мен шығыстардың тиісті компоненттерінің мәнділігі мен сипатын және мақсатын қамтиды.

Мекеме табыстар мен шығыстардың қандай да болсын баптарын, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде де, қаржы есептілігіне ескертулер де, төтенше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.

Егер табыстар мен шығыстардың баптары елеулі болып табылса, олардың сипаты мен шамасы міндетті түрде бөлек ашып көрсетілуге тиіс.

Пайдалар мен залалдар туралы есеп негізгі қызмет бойынша, сондай – ақ негізгі емес қызмет бойынша да алынған барлық табыстар мен шығыстардың жиынтық деректерін көрсетеді де, пайдаланушыларға мекеменің түпкілікті қаржылық нәтижелері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл есепті жасау және өткізу тәртібі 1«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты, Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандарты, Қаржылық есептілікті әзірлеу және тапсырудың тұжырымдалық негіздемемен белгіленген.

Мекемелер аталған есепті жасау және тапсыру мақсатында жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттары пайдалар мен залалдар туралы есептің баптарының сыныпталу және есепке алу тәртібін жүйелі түрде анықтайды да, мекеменің әр түрлі есепті кезеңдердегі және әр түрлі заңды тұлғалардың қаржылық нәтижелерін салыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Көрсетілген нормативтік құжаттар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыстар мен шығыстардың әр түрлі баптарының, сондай – ақ басқа да табыстар мен шығыстардың мазмұнын ашып көрсетеді.

Пайдалар мен залалдар туралы есептің нысаны төменде келтірілген.

2 – нысан

Мекеме аты _____________________

Пайдалар мен залалдар туралы есеп

20ХХ жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жылдағы

(сома – тыс.тенге)

Көрсеткіштердің атауы

Жол коды

Есептік кезеңдегі

Өткен кезеңдегі

Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс

010

Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

020

Жалпы пайда (010 жол – 020 жол)

030

Қаржыландырудан түскен табыстар

040

Басқа табыстар

050

Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар

060

Әкімшілік шығыстар

070

Қаржыландыруға арналған шығыстар

080

Басқа шығыстар

090

Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін мекемеге түсетін пайданың (залалдың) үлесі

100

Жалғастырылған қызмет кезеңінде алынған пайда (залал) (030 жол+040 жол+050 жол-060 жол-070 жол-080 жол-090 жол+100 жол)

110

Тоқтатылған қызметтен алынатын пайда (залал)

120

Салынатын салыққа дейінгі пайда (110 жол+/-120 жол)

130

Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар

Азшылық үлесін шегергенге дейінгі кезеңдегі таза пайда (залал) (130 жол-140 жол)

150

Азшылық үлесі

160

Кезеңдегі жиынтық пайда (жиынтық залал) (150 жол-160 жол)

170

Акцияға келетін пайда

180

Бұл нысан бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының «Кірістер» және «Шығыстар» бөлімдерінің шоттарының деректері негізінде жасалады. Есепті кезеңдегі танылған табыстар мен шығыстардың барлық баптары есепті кезеңдегі таза пайданы немесе залалды анықтаған кезде қосылады.

«Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» бабы бойынша 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс» шотында есепке алынған мекеменің негізгі қызметі өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыстар көрсетіледі. Бұл табыстар сатып алушылар мен тапсырысшыларға жөнелтілген өнімдер, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлеуге ұсынылған есеп айырысу – төлем құжаттардың сомаларынан, сондай – ақ тікелей мекеменің кассасына түскен қолма – қол ақшалар сомасынан құралады.

«Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» бабы 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс» шоты бойынша жүргізілетін №11 журнал – ордер деректерінің негізінде толтырылады.

Негізгі қызметтен алынатын табыс қосылған құн салығы, акциздер және т.б. салықтар мен міндетті төлемдер шегертіліп көсетіледі, сондай – ақ, қайтарылған өнімдер (тауарлар) құны, сатып алушыларға бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдіктер сомаларын қоспайды.

«Сатылған өнімнің мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» бабы бойынша сатылған өнімдер, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны, яғни мекеменің аталған жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған нақты тікелей шығындары көрсетіледі. Бұл бап 7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шоты бойынша жүргізілетін №11 журнал – ордердің деректері негізінде толтырылады.

«Жалпы пайда» бабы мекеменің өнімді өткізуден, жұмысты орындаудан және қызмет көрсетуден түскен табыстардан олардың өзіндік құнын шегергеннен соң анықталған қаржылық нәтижесін көрсетеді.

«Қаржыландырудан түскен кірістер» бабы бойынша келесі 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер», 6120 «Дивидендтер бойынша кірістер», 6130 «Қаржылық жалдаудан алынатын кірістер», 6140 «Жылжымайтын мүлікке болатын инвестициялармен операциялардан түскен кірістер», 6150 «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгеруден түсетін кірістер», 6160 «Қаржыландырудан түскен басқа да кірістер» шоттарында есепке алынған қаржылық активтер бойынша алынған табыстар, бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша табыстар, активтерді қаржылық жалдау бойынша табыстар, капитал немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе табыстарды алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалданушының) иелігінде бар (жер, ғимарат немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен табыстар, қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден түсетін табыстар немесе табыс ретінде оның өзгертуін тани отырып, әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер, қаржыландырудан түсетін табыстар көрсетіледі.

«Басқа табыстар» бабы бойынша келесі 6210 «Активтердің шығуынан алынатын кірістер», 6220 «Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер», 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер», 6240 «Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер», 6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», 6260 «Операциялық жалдаудан түсетін кірістер», 6270 «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», 6280 «Өзге кірістер» шоттарында есепке алынған активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтер, қаржылық активтерді сатудан түскен табыстар, өтеусіз алынған активтерден алынған табыстар, мемлекеттік субсидиядан түсетін табыстар, қаржы есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес пайда және залал туралы есепте табыс ретінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтіруден алынатын табыстар, есептерде валюталардың әр түрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып, есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан алынатын табыстар, активтерді операциялық жалдауға бергеннен кейін түсетін табыстар, биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін табыстар, тағы басқа да табыстар көрсетіледі.

«Басқа табыстар» бабы жоғарыда аталған шоттар бойынша жүргізілетін №12 журнал – ордердің деректері негізінде толтырылады.

«Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» бабы бойынша 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотында есепке алынған аталған шығыстар көрсетіледі.

«Әкімшілік шығыстар» бабы бойынша 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында есепке алынған өндірістік процеспен байланысты емес басқару және жалпы шаруашылық шығыстар көрсетіледі.

«Қаржыландыруға арналған шығыстар» бабы бойынша келесі 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар», 7320 «Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар», 7330 «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден алынатын шығыстар», 7340 «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар» шоттарында есепке алынған қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар, активтерді қаржылық жалдау бойынша шығыстар, әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық актив немесе міндеттеменің әділ құнын өзгертуден келетін шығыстар, қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар көрсетіледі.

Жоғарыда аталған үш баптар келесі 7100 «Өнімдерді сату мен қызметтер көрсету бойынша шығыстар», 7200 «Әкімшілік шығыстар» және 7300 «Қаржыландыруға арналған шығыстар» бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілетін №10 журнал – ордердің №3 тізлімдемесінің деректері негізінде толтырылады.

«Басқа шығыстар» бабы бойынша өндірістік емес шығыстарды, олар әдеттегіндей қызмет барысында туындайды да, келесі 7410 «Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар», 7420 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар», 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», 7440 «Резерв құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар», 7450 «Операциялық жалдау бойынша шығыстар», 7460 «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар», 7470 «Басқа да шығыстар» шоттарында есепке алынған активтерді сатудан болатын шығыстар, активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар, шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда, ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдынғы қаржылық есептерді берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша мекемелердің есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар, резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар, операциялық жалдау бойынша шығыстар, биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден болатын шығыстар және бұлардан басқа да шығыстар көрсетіледі.

«Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін мекемеге түсетін пайданың және залалдың үлесі» бабы бойынша келесі 6410 «Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі», сондай – ақ 7610 «Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес», 7620 «Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес» шоттарында есепке алынған пайда мен залалындағы үлестері көрсетіледі.

«Жалғастырылған қызмет кезеңінде алынған пайда (залал)» бабы осы бапқа дейінгі деректер негізінде есептелініп шығарылған деректер көрсетіледі.

«Тоқтатылған қызметтен алынатын пайда (залал)» бабы бойынша келесі 6310 «Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер» және 7510 «Тоқтатылатын қызметпен байланысты шығыстар» шоттарында есепке алынған тоқтатылған қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша активтер немесе есеп айырысу бойынша табыстар мен шығыстар сомалары көрсетіледі. Бұл бап осы аталған шоттар бойынша жүргізілетін журнал – ордерлердің деректері негізінде толтырылады.

«Салынатын салыққа дейінгі пайда(залал)» бабы жалғастырылған қызмет кезеңінде алынған пайда(залал) бабы мен тоқтатылатын қызметпен байланысты пайда(залал) бабының деректері негізінде есептеліп шығарылады.

«Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар» бабы 7710 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» шотында есепке алынған шығыстар сомасы көрсетіледі. Бұл бап №5 журнал – ордердің деректері негізінде толтырылады.

«Азшылық үлесін шегергенге дейінгі кезеңдегі таза пайда(залал)» бабы «Салынатын салыққа дейінгі пайда(залал)»» бабы мен «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар» бабының деректері негізінде есептеліп шығарылады.

«Азшылық үлесі» бабы бойынша еншілес мекеменің пайдасы мен залалының және таза активтерінің бөлігі, ол негізгі мекеме еншілес мекеме арқылы тікелей немесе жанама түрде меңгермейтін капиталдың қатысу үлесі көрсетіледі.

«Кезеңдегі жиынтық пайда (жиынтық залал» бабы «Азшылық үлесін шегергенге дейінгі кезеңдегі таза пайда(залал)» бабы мен «Азшылық үлесі» бабының деректері негізінде есептеліп шығарылады.

«Акцияға келетін пайда» бабы 6120 «Дивидендтер бойынша кірістер» шотында есепке алынған бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтерден түсетін табыстар сомасы көрсетіледі.