Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

3 Қаржылық есептілікке аудиторлық тексерудін дәйектілікпен жүргізілуі

Қаржылық есептілікге аудиторлық тексерулер жүргізу белгілі бір жалғастыққа құрылады. «Жалпыдан жекеге» келіс, яғни қаржылық есептілік аудитінен бастап, бастапқы құжаттардағы деректерді тексерумен аяқталатын әдіс неғұрлым жиі колданылады.

Әрбір аудитор аудит жүргізетін ұйымның ерекшелігіне және тұтынушымен (тапсырыс берушімен) жасалған келісім шарт жағдайларына қарай өз жұмысының қандай жалғастықта жүргізілетіндігін өзі дербес таңдайды. Аудит сынақтан өткен әдістерін қолдану аудиторлық тәуекелдерді азайтуға және тексеруді неғұрлым аз мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді. Аудитор жұмысы - бұл оған белгілі бір кезеңдер, аудиторлық процедуралар жүргізу, құжаттамалар жасау тәртібі тән болып саналатын қатаң ұйымдасқан процесс.

Аудит тәжірибесі қаржылық есептілікке аудиттің келесідей кезендерін ажыратады:

  1. кәсіпорынмен танысу;

  2. аудиторлық тексеруді жүзеге асыруға шарт жасау;

  3. аудит жоспары мен бағдарламасын жасау;

  4. қаржылық есептілік көрсеткіштерінің аудиті;

  5. аудит нәтижелері бойынша есеп беруді жасау және оны тапсырыс берушілерге (клиентке) беру, сондай-ақ аудиторлық тексеру туралы шарт бойынша жұмысты өткізу-қабылдап алу актісін жасау.

Қаржылық есептілік аудитін жүргізу тәртібі маңызды шекте тұтынушының (клиенттің) бизнесі туралы аудиторлық хабардар болуышының дәрежесіне қатысты болады. Ол, аудитте қабылданған аудиторлық стандарттарға сәйкес жоспарлауға және жүргізуге мүмкіндік беретін, аудиттік тексерулер жүргізілетін ұйымның қызметі туралы білім деңгейін алуы тиіс. Мұндай білім деңгейі аудиторлық өткен оқиғаларды түсінуіне және қаржылық есептілік тексеру сапасына шешуші әсер етуіне мүмкіндік беруі тиіс.

Кәсіпорынның есеп саясатымен танысу көзінде аудитор, есеп саясатын қалыптастыру көзінде, қаржылық есептілікті пайдаланушылардың шешім қабылдауы мен баға беруіне түбегейлі әсерін тигізетін, таңдап алынған бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдері толық ашылған ба, соны айқындап алуы қажет. Аудитор мынаны есте ұстауы қажет, есеп саясаты қаржылық есептілікте тіркелген қызметтік түсіндірме хатта ашылып көрсетілуі тиіс.

Аудит аудитор (аудиторлық ұйым) мен тапсырыс беруші арасындағы келісім шарт негізінде жүргізіледі. Сондықтанда аудитор келісім-шарт жасау жағдайларына аса ден койып, назар аударуы қажет. Аудитор сондай-ақ тұтынушымен (клиентпен), мұны оның қалай көретіндігі көзқарасы тұрғысынан, жұмыстың сипатын, көлемін талқылап алуы көзделеді. Содан соң, тұтынушы (клиент) одан нені күтеді, сол жайлы аудиторлық есеп беру сипаты туралы түсінікке ие болуы тиіс. Аудитор мен оның әрекетіне қатысты клиент қандай шешім қабылдағысы келетінінен аудитор сыртқары қалып коймауы қажет.

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржылық есептіліктің сенімділігі (шынайлығы мен) мен жасалатын қаржылық-шаруашылық операцияларының заңдылықтарға сәйкестігін анықтау аудиторлық қызметтің негізгі мақсаты болып саналады. Екінші жағынан, салық жоспарларын оңтайландыру, есепте әртүрлі жұмыстарды, шарттар мен операцияларды көрсету бойынша тұтынушыға (клиентке) кеңестер алу қажет. Басқалай айтсақ, аудитор қолданыстағы нормативтік базаға қайшы келмейтіндей түрде әрекет ете отырып, тұтынушының (клиенттің) тілегін қанағаттандыруы тиіс. Дегенмен жалпы аудиторлық жоспар тікелей аудиторлық жауапкершілік объектісі болып қала береді.

Аудитор жалпы жұмыс жоспарын жасаумен қатар, жоспарды толық орындау үшін талап етілетін аудиттің жоспарланған процедураларының сипатын, мерзімі мен көлемін айқындайтын бағдарлама әзірлеп және оны құжаттық ресімдеуі тиіс.

Ол аудитке қатыстырылған аудитор көмекшілері үшін нұсқаулар сериясын, сондай-ақ жұмыстың орындалу сапасын бақылау құралын білдіреді.

Одан әрі қарай аудитор келесі кезеңдерге - қаржылық есептілік көрсеткіштерінің аудитіне көшіп, аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша аудиторлық есеп беруді жасауы тиіс.