Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

2. Аралық қаржылық есептіліктің көрсеткіштерінің тану және бағалау

Аралық қаржылық есептіліктегі баптарды тану мен бағалау, жіктеу және ақпараттың ашып көрсетілу ретін қабылдау үшін кәсіпорын берілген көрсеткіштердің маңыздылығын жылдық бағалау көрсеткіштерін есепке алмай, өткен мерзім бойынша алынған қаржылық ақпарат арқылы анықтауы қажет. Кәсіпорын аралық қаржылық есептілікте есеп саясатында кейін қабылданған өзгерістерді қоспағанда, жылдық қаржылық есептілікте қолданған қағидаттарды қолдануы тиіс.

Аралық қаржылық есептілікті құру кезінде нәтижелер есепті мерзімнің басынан соңына дейін дискреттік әдіс бойынша бағаланады. Сонымен бірге, компания аралық есептілікті ұсыну жиілігіне қарамастан, жылдық қаржылық нәтижелер бірдей бағаланады.

Жыл ішінде тұрақты емес түрде (циклдік, маусымдық немесе жиі емес) түсетін табыстар тек қана олардың қосылуы немесе ауыстырылуы жыл соңында негізделген болса ғана, бұл табыстар аралық есептілікте қосылуы немесе ауыстырылуы қажет. Мәселен, алынатын дивиденттер, мемлекеттік дотациялар немесе алынған гранттар оларды күту уақытында емес, тек қана пайда болу уақытында танылуы тиіс.

Сәйкесінше, жыл ішінде тұрақты емес түрде пайда болатын шығындар осылай танылуы тиіс.

Аралық есептердің мақсатын көрсетудің көптеген әдістері бар. Оларға сәйкес әрбір уақыт интервалы жеке есепті мерзім ретінде саналады. Сәйкесінше, берілген уақыт интервалындағы компания қызметінің нәтижелері қалыпты есепті мерзімнің нәтижелері сияқты көрсетіледі. Бұл әдістің шегінде қалыпты есеп мерзімінде қолданылатын бағалау әдістері пайдаланылады.

Басқа әдіс аралық интервалды компанияның есепті мерзімінің бір бөлігі ретінде (әдетте, жылдың) қарастырады. Есепті кезеңнің пайда мен залалдары аралық мерзімдер арасында уақыт, сату көлемі немесе компанияның өндірістік қызметі жөніндегі ақпаратқа негізделу арқылы бөлінеді. Бұл әдістің шегінде аралық есептілікті құру кезінде коипанияның жылдық қызметі жөніндегі есептерде қолданылған есеп қағидалары қолданылады. Аралық мерзімнің табыстары мен шығыстарын нақтырақ салыстыруға мүмкіндік болса, онда кейбір жалпы қоғидалардан ауытқуға болады.

Жылдық есептер мен аралық есептерде де көбінесе көрсеткіштердің есебі алға қонымды бағалауға негізделгенмен, әдетте, аралық есептілік жылдық есептілікке қарағанда бағалау әдістерін көбірек және кеңінен пайдаланғанды қажет етеді. Мысалы, қоймадағы тауарларды толы түгендеу бойынша процедуралар, әдетте, қаржылық жылдың соңында жасалғанымен, кейде аралық есептілік аралық мерзім ортасында мұндай процедураларды жүргізуді талап етеді.

Компания қызметкерлерінің қорларына аударылатын салықтар мен аударымдар көбінесе нақты салық сомасы тек қаржылық жылдың соңында мәлім болатын жылдық жинақтаушы мөлшерлемелерді қолданумен байланысты болады. Аралық қаржылық есептілікті құру мақсатында аралық есептілік мерзіміне сәйкес есептелген мөлшерлемелер мен мәліметтерді пайдалану қажет, бірақ компания жыл соңында күтілетін еңбек ақы деңгейіне (сәйкесінше, қорларға аударылатын салықтар мен аударымдар деңгейіне) негізделіп шығыстарды есептеп, оларды аралық қаржылық есептілікке қосуға құқығы жоқ.

Егер компания ауқымды мерзімдік жоспарлы жұмыстарды немесе жыл соңында жөндеуді өткізуді жоспарласа, онда аралық есептілікте жоспарланатын мерзімдік жұмыстардың немесе жөндеудің шығыстарын көрсетуі қажет. Бұл шығыстарды тек қана олар компанияның заңдық немесе конструктивті міндеттемесінің пайда болуына әкелген жағдайда көрсетілуі тиіс.

Егер аралық қаржылық есептілік кезеңінде ұсынылған сома бағалауы қаржылық жылдың соңғы аралық кезеңінің ішінде едәуір өзгеріп, ал соңғы аралық кезең бойынша жеке қаржылық есептілік шығарылмаса, онда бұл өзгерістің бағалаудағы сипаты мен сомасы жылдық қаржылық есептіліктің ескертпелерінде көрсетілуі тиіс.

34 ХҚЕС бойынша бағалау мен танудың үш негізгі қағидасы:

А. Компания аралық қаржылық есептілікте соңғы жылдық қаржылық есептілікте қолданылған есеп саясатын қолануы тиіс, бірақ соңғы жылдық қаржылық есептілікті құрағаннан кейін есеп саясатында өзгертулер пайда болса, олар есепке алынады және жыл соңында жылдық қаржылық есептілікте бұл өзгерістер көрініс табуы қажет. Дегенмен аралық қаржылық есептіліктің (жылдық, жарты жылдық, тоқсандық) дайындалу жиілігі оның жылдық көрсеткіштерін бағалауға әсер етпеуі керек. Бұл мақсатқа жету үшін аралық қаржылық есептілікті дайындау кезінде бағалау жылдың басынан ағымдағы мерзімге дейін жасалауы тиіс.

B. Маусым, цикл сайын немесе тұрақты емес түрде түсетін табыстар бойынша күтулер компанияның қаржылық жылының соңында негізделмесе, онда табыстар бойынша болжамдар сол кезеңдегі аралық есептілікте көрсетілмейді.

С. Қаржылық жылдың ішінде әркелкі шығын әкелген шығындар тек олар қаржылық жылдың соңында күтілсе немесе кейінге қалдырылып есепке алынса ғана, олар аралық есептілікті құру мақсатында болжамдалуы және көрсетілуі мүмкін.

Жоғарыда атап өтілген қағидаттар мен бағалау көрсеткіштерінің қолданылуын тіркемедегі теориялық мысал арқылы бейнеленген (тіркеме 1 қараңыз).

Аралық қаржылық есептіліктегі ақпараттың ашып көрсетілуі

Сонымен қатар 34 ХҚЕС (IAS) «Аралық қаржылық есептілік» сәйкес, аралық қаржылық есептілігінің кез келген қолданушысы өткен жылдық есепті қолдануға мүмкіндігі бар. Сондықтан 34 ХҚЕС (IAS) талаптары аралық қаржылық есептерде жылдық ашып көрсетулердің қайталап орын алуына жол бермейді.

Аралық қаржылық есептіліктегі минималды ашып көрсетулердің тізімі:

  • Аралық қаржылық есептілікті құруда соңғы жылдық есептілікте сияқты бірдей есеп қағидалары қолданылғаны жөніндегі сілтеме;

  • Аралық қаржылық кезеңнің маусымдылығы мен циклділігі жөнінде түсініктеме;

  • Қаржылық есептіліктің компоненттеріне әсер ететін, өзінің көлемімен, сипатымен және жиілілігімен өзгешеленетін баптардың сипаты мен көлемі;

  • үлестік және қарыздық бағалы қағаздарды ұсыну, алу, өтеу;

  • төленген дивиденттер;

  • сегменттер бойынша түсім және қаржылық нәтижелер;

  • аралық кезең аяқталғаннан кейін орын алған маңызды оқиғалар;

  • бизнесті сатып алу (3 ХҚЕС (IFRS));

  • ұзақ мерзімді салымдар;

  • активтерді қайта құрылымдау;

  • тоқтатылатын қызмет;

  • өткен мерзім қателерін түзету;

  • таза сатып өткізу құнына дейін қорларды есептен шығару;

  • негізгі құралдарды сатып алу, есептен шығару және негізгі құралдарды сатып алу бойынша міндеттемелер;

  • негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және өзге де активтердің құнсыздануынан пайда болатын залалдарды тану және ондай залалдардың қалпына келтірілуі;

  • қайта құрылымдау бойынша резервтерді қалпына келтіру;

  • сот қарауларына рұқсат;

  • берілген қарыздарды есепті мерзімге дейін өтемеу немесе олар бойынша міндеттемелерге қатысты кез келген бұзушылықтар ;

  • тараптармен байланысты операциялар.

Ақпараттың ашып көрсетілуін ХҚЕС-ке сәйкес жүргізу қажет.

Сонымен қорыта келе, аралық қаржылық есептілік мәліметтері мен көрсеткіштері айқын және түсінікті болуы үшін жоғарыда көрсетілген ақпараттар бойынша ашып көрсетулерді енгізу қажет, тек осындай жағдайда ғана аралық қаржылық есептілік 34 ХҚЕС (IAS) «Аралық қаржылық есептілік» талаптарына сәйкес дайындалады.

Аралық қаржылық есептілікті құру

Жылдық қаржылық есептілікті құруда сияқты аралық есептілікті құру кезінде бірдей есеп саясатын қолдану қажет.

Аралық есептер келесі кезеңдердің аралық қаржылық есептілігін (толық немесе ықшамдалған) біріктіреді:

  • ағымдағы аралық кезеңнің соңындағы баланс және тікелей алдыңғы қаржылық жылдың соңына жасалған салыстырмалы баланс;

  • ағымдағы аралық кезеңнің пайда мен залал туралы есебі және тікелей алдыңғы қаржылық жылдың салыстырылатын аралық кезеңдерінің пайда мен залал туралы салыстырмалы есептері (ағымдағы және жылдың басынан есепті күнге дейінгі) бар қаржылық жылдың басынан аралық қаржылық кезеңге дейінгі кезеңді қамтитын өспелі есеп;

  • тікелей алдыңғы қаржылық жылдың салыстырылатын аралық кезеңдерінің меншікті капиталдағы өзгерістер туралы салыстырмалы есептері бар қаржылық жылдың басынан аралық қаржылық кезеңге дейінгі кезеңді қамтитын меншікті капиталдағы өзгерістерді туралы өспелі есеп;

  • тікелей алдыңғы қаржылық жылдың салыстырылатын аралық кезеңдерінің ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі салыстырмалы есептері бар қаржылық жылдың басынан аралық қаржылық кезеңге дейінгі кезеңді қамтитын ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі өспелі есеп.

Қызметінің басым бөлігі маусымдық сипатта болатын кәсіпорын үшін аралық есептіліктің соңында аяқталатын он екі ай бойынша қаржылық ақпарат және өткен он екі айлық кезеңің салыстырмалы ақпараты пайдалы болуы мүмкін.

Аралық қаржылық есептілікті құру бойынша шешімді компания басшылығы қабылдайды. Одан кейін шешім аралық есептілік пайдасына шешілсе, онда бұл мәселе компанияның есеп саясатында нақтыланады. Ол, әдетте, ішкі пайдалану мақсатында құрылады, бірақ ол ақпаратты сыртқы пайдаланушылар да қолдануы мүмкін. Аралық есептілікті құратын пайдаланушының жылдық есептілікті құру туралы білімі бар болуы қажет.

Аралық есептілікті қолданушылар ретінде инвесторлар, акционерлер, айналымында берілген компанияның акциялары бар қор биржалары, несиелік ұйымдар және т.б. болуы ықтимал.

Есептілік әр тоқсан, жарты жыл сайын құрылуы мүмкін, бірақ одан алынатын ақпаратты ыңғайлы бақылау үшін есептілікті әр жарты жыл сайын құрған абзал.

Қорыта айтқанда, есептілік 1 ХҚЕС (IAS) «Қаржылық есептілікті ұсыну» ережелеріне, сонымен қатар кәсіпорын өзінің қызметін әрі қарай жалғастыратынын және жалғастыруға күші бар екенін айқындайтын үзіліссіздік сияқты қаржылық есептілікті құру қағидаларына сәйкес құрылуы тиіс.