Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

2 Аудит бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстар

Экономикалық кәсіпорындар мүдделі жаққа, (ұйымдарға) адамдарға аудиторлық қорытындының тек қорытынды 3 бөлімін көрсетеді. Аудитті өткізу тәжірибеде қорытындыда көрсетілген фактілер мен қатар тексерілген орын және қорытынды жасау уақыты көрсетіледі. Өйткені актіні толтыру уақыты аудитордың жауапкершілігін және осы аудиттің негізінде толтырылған қорытындының нақтылығын көрсетеді.

Аудиторлар өздері анықтаған тәртіп бұзушылықты актіде көрсетіп қана қоймай, сол кемшіліктің орынын толтыруға бағытталған, келесі уақытта қайталамауға бағытталған шараларды да көздеуі тиіс. Осы мақсатта аудит нәтижесі бойынша аудиторлар тиісті қорытындылар жасап, ұсыныстар әзірлейді.

Аудит нәтижесі бойынша аудиторлар нақты фактілерге сүйеніп қорытынды жасайды. Қорытындылар актілердің мазмұнын қайталамайды, тек негізгі тәртіп бұзушылық көріністеріне баға береді және лауазым иелерінің дәл қандай кемшіліктер бар екендігі көрсетіледі. Қортыныдыда жекелеген нақты фактілердің немесе бірнеше фактінің бағасы ұйымның негізгі тәртіп бұзушылығы мен қызмет бабын пайдаланудың себептері мен салдары ашылғаны жөн. Мысалы, егер аудит кезінде материалға жауапты бірнеше адамның көп уақыт бойы дүкеннен тауар ұрлайтындығы анықталатын болса, бұл арада тек тікелей кінәлі адамдарды ғана емес, сол жағдайда жеткізілген немесе жол берген кінәлі адамдар да көрсетілгені жөн.

Есеп беруге (актіге) аудит жасаушылар, басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Басқарма мәжілісінде аудит кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға, материалдық зиянды орнына келтіруге және кінәлі адамдарды жауапқа тартуға байланысты кең көлемде қаулы қабылданады. Осы актінің негізінде аудиторлық қорытынды толтырылады.

3. Қаржылық есептілік аудитінің ақпарат көздері

Бухгалтерлік есеппен мен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанындағы №234 Заңына сәйкес қаржылық есептілік өзіне:

  1. бухгалтерлік балансты;

  2. пайда мен зияндар туралы есепті;

  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті;

  4. капиталындағы өзгерістер туралы есеп;

  5. түсіндірме жазбаны қамтиды.

Ол сондай-ақ қызметтік түсіндірме хаттан тұруы тиіс, сонымен бірге қаржылық есептіліклерге негізделген немесе одан алынған және солармен бірге оқылатын өзге де материалдармен толықтырылуы мүмкін.

Пайдаланушыларды, занды тұлғалардың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және есепті кезендегі оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету қаржылық есептіліктің мақсаты болып саналады.

Қаржылық есептілік қаржылық есеп деректерін жинақтауға негізделеді. Ол негізінен өткен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін көрсетеді және инвестициялық шешімдер және несие беру жөнінде шешімдер қабылдау, сондай-ақ ұйымдардың болашақ ақша ағыны мен ресурстарын және оның міндеттемелерін бағалауға пайдалы ақпараттардан тұрады. Дегенмен қаржылық есептілік өзіне экономикалық шешімдер кабылдау үшін пайдаланушыларға қажетті барлық ақпараттарды енгізбейді. Қабылданатын экономикалық шешімдер, ұйымдардың ақша қаражаттарын басқару қабілетін, оларды басқарудың уақыттық есебі мен алынған нәтижелерге деген сенімділігін бағалауды талап етеді. Нарықтық экономика жағдайындағы қаржылық есептілік кәсіпорынды қоғаммен және ұйым қызметі туралы ақпараттарды пайдаланушы іскер әріптестермен байланыстыратын ақпараттық буын болып саналады. Ол іс жүзінде шаруашылық ұйымның қызметі, әртүрлі ұйымдық-құқықтық формалардағы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың негізгі коммуникация құралдары туралы қаржылық ақпараттық біржүйеленген бірден-бір көзіне, басқарушылық шешім қабылдауға қажетті одан кейінгі талдау есептерінің ақпараттық базасына айналады.

Қаржылық есептілікті даярлау - бухгалтерлердің ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның өзге де экономикалық және техникалық қызметтерінің міндеті, өйткені есеп беруді жасау кезінде ұйым қызметінің барлық аспектілері қорытындыланады және бағаланады. Есеп беру ағымдағы есептің: бухгалтерлік, статистикалық, оперативтік-техникалық барлық түрлері негізінде жасалады. Ол сандық, сол сияқты сапалық сипаттамалардан тұруы мүмкін және есепті кезендегі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жинақталған және өзара байланысты керсеткіштерін білдіреді. Оны мұқият зерттеп-үйрену қол жеткен табьыстардың себептерін, сондай-ақ шаруашылық ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді ашуға, оның қызметін жетілдіру жолдарым айқындауға көмектеседі. Есеп берудің дұрыс және уақытылы жасалуы меншікті қорғауға, өнімдердің өзіндік құнын төмендету жолдарын іздестіруге, дебиторлық және кредиторлық борыштарды мезгілінде өндіртуге, пайда келтірушілік деңгейін арттыруға және ұйымның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға әсерін тигізеді. Қаржылық есептілік көрсеткіштері жекелеген ұйымдар жұмысының қорытындыларын ғана емес, сонымен бірге бірлестіктер мен министрліктер жұмыстарының қорытындыларын шығаруға да мүмкіндік береді. Олардың бірқатары ел экономикасы бойынша жинақталып, қорытылған деректер алу үшін пайдаланылады.