Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

10.5.1. Таза табысты (залалды) түзету

Таза табысты түзететін операциялар

Түзетуді жүргізудің тәртібі

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизация (тозу) (сомасының өзгеруі)

Есептелген тозу және амортизация сомасы таза табыс сомасына қайтадан қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді.

Ағымдағы активтердің сомасының өзгеруі: дебиторлық берешек, қорлар, болашақ кезеңдердің шығындары, басқа да ағымдағы активтер және т.б.

Ағымдағы активтердің есепті кезең бойына көбеюі ақша қаражаттарының ағымдарының азаюына әкеледі және ақша шығындарын көрсетеді. Керісінше, ағымдағы активтердің азаюы есепті кезең бойына ақша қаражаттарының ағымдарының көбеюіне әкеледі және ақша қаражаттарының түсуін көрсетеді.

Ағымдағы міндеттемелердің сомаларының өзгеруі (қысқа мерзімді банк несиелерін, қарыздарын қоспағанда) кредиторлық берешек, салықтық төлемдер, басқа да ағымдағы міндеттемелер

Ағымдағы міндеттемелердің есепті кезең бойына өсуі ақша қаражаттарының ағымдарының өсуіне әкеледі және ақша қаражаттарының түсуін көрсетеді. Керісінше, ағымдағы міндеттемелердің азаюы ақша қаражаттарының ағымдарының азаюына әкеледі және ақша қаражаттарының шығуын көрсетеді.

Ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының келесі ағымы мекеменің инвестициялық қызметі болып танылады. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша ағыны болашақ табысты және ақша қаражаттарының ағынын генерирлеуге арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында жүргізілген шығындарды білдіреді.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:

  • негізгі құралдарды (өздігінен жүргізілген қаражатты қоса алғанда), материалдық емес активтерді (өңдеуге арналған күрделенген шығындарды қоса алғанда) және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу үшін ақша қаражатын төлеу;

  • негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатудан алынатын ақшалай түсімдер;

  • басқа да мекемелердің үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражатының баламалары немесе мәмілелер жасауға немесе сауда мақсаттарына арналғандары ретінде қаралатын құралдарға төленентін төлемдерден басқа);

  • басқа да мекемелердің үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан түсетін ақшалай түсімдер (ақша қаражатының баламалары немесе мәмілелер жасауға немесе сауда мақсаттарына арналғандары ретінде құралатын құралдардан түсетін түсімдерден басқа);

  • басқа тараптарға берілген ақша қаражатының аванстық төлемдері мен кредиттері (несиелері);

  • басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттерді (несиелерді) қайтарудан түсетін ақша қаражатының түсімдері;

  • фьючерстік және форвардтық келісім - шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер, осы келісім – шарттар мәмілелер жасау үшін және сауда мақсаттарында ұсталатын немесе осы төлемдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде сыныпталатын жағдайлардан басқа жағдайларда;

  • фьючерстік және форвардтық келісім - шарттардан, опциондар мен своптардан түсетін ақшалай түсімдер, осы келісім – шарттар мәмілелер жасау үшін немесе сауда мақсаттарында ұсталатын немесе түсімдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде сыныпталатын жағдайлардан басқа жағдайларда.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары бухгалтерлік теңгерімнің (баланстың) ұзақ мерзімді активтерді енгізілген бөлімінде көрсетіледі. Бұған сондай-ақ бухгалтерлік теңгерімнің (баланстың), басқа бөлімі-қысқа мерзімді активтер көрсетілген қаржылық инвестицияларға ықпал ететін операциялар жатады.

Инвестициялық қызмет пайдалар мен залалдар туралы есепте негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді және сатудан алынған табыстар немесе шығыстарда көрсетілген баптарда көрсетіледі.

Ақша қаражаттарының түсімі мен төлемдерінің келесі маңызды ағымы бұл мекеменің қаржылық қызметі, оның нәтижесі капитал мен міндеттемелердің көлемі мен құрамындағы өзгерістер болып табылады.

Мекеменің қаржылық қызметінен алынатын ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл ақпарат мекемеге капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажет.

Қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:

  • акциялар эмиссияларынан немесе басқа да үлестік құралдардан түскен ақшалай түсімдері;

  • мекеменің акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін акция иеленушілеріне ақшалай төлемдер;

  • қамтамасыз етілмеген облигациялардан, қарыздардан (заемдардан) вексельдерден, қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік және басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттерден ақшалай түсімдер;

  • несиелік сомаларды өтеу;

  • қаржылық жалға алу жөніндегі өтелмеген берешекті азайту үшін жалға алушының ақшалай төлемдері.

Мекемелер инвестициялық және қаржылық сипаттағы әртүрлі ақшасыз операциялар жасай алады: ұзақ мерзімді несиелер (қарыздар) есебінен негізгі құралдар сатып алу; кредиторлық берешекті қарыз берушінің қосымша акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару және беру арқылы өтеу; басқа мекемелердің акцияларын тауарлық-материалдық қорларға эквивалентті айырбастау арқылы алу және т.б.

Операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректер нетто – негіз бойынша есептерде берілуі мүмкін:

  • ақша қаражаттарының қозғалысы ең алдымен мекеменің қызметтін емес, клиенттің қызметін көрсеткен кезде клиент атынан түсетін ақша түсімдері мен төлемдері;

  • тез айналымға түсумен, үлкен сомаларымен және өтелуінің қысқа мерзімдерімен өзгешелігі бар баптар бойынша ақша түсімдері мен төлемдері

Бірінші топта аталған ақша түсімдері мен төлемдерінің мысалдары мыналар болып табылады:

  • банктің талап ету дипозиттерін қабылдауы және өтеуі;

  • инвестициялық компания клиенттерінің қаражаттары;

  • меншік иелері атынан жиналатын және оларға берілетін жалдау ақысы

Екінші топта аталған ақша түсімдері мен төлемдерінің мысалдары жүргізілген аванстық төлемдер және өтеу болып табылады:

  • несиелік (кредиттік) карточкалардың иелеріне қатысты негізгі сомалар;

  • инвестициялар сатып алу мен сату;

  • басқа қысқа мерзімді қарыздар (заемдар), мысалы, үш айлық және одан да аз

Қаржылық институт қызметінің мына төмендегі түрлерінің бір нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері нетто – негіздегі есептерде берілуі мүмкін:

  • белгіленген төлеу мерзімі бар салымдарды, төлемдерді қабылдауға және төлеуге арналған ақша түсімдері мен төлемдері;

  • салымдарды орналастыру және басқа қаржы институттарынан салымдар алу;

  • клиенттерге берілетін ақшалай аванстық төлемдер мен несиелер және осы аванстар мен несиелерді өтеу

Ақша қаражаттарының шетелдік валютамен операциялар нәтижесінде пайда болатын қозғалысы мекеменің қолданыстағы валютасында ақша қаражатының осы қозғалысы пайда болған күндегі қолданыстағы және шетелдік валюталар арасындағы айырбастау бағамының шетелдік валютадағы сомасына қолдану жолымен көрсетілуі тиіс.

Шетелдік валютасындағы ақша қаражаттарының ағындары есептерде 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес беріледі. Бұл валютаның айырбас бағамын нақты бағамға бірдей жақындатып пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, кезең ішіндегі орташа алынған айырбас бағамы шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды жазу немесе шетелдік еншілес компанияның ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда, аталған стандарт шетелдік еншілес компаниялардың ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу кезінде есепті күнгі жағдай бойынша айырбас бағамын пайдалануға рұқсат етпейді.

Валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің нәтижесінде туындаған іске асырылмаған пайда мен залал ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылмайды. Алайда, қолда бар және алынуы күтілетін шетел валютасындағы ақша қаражаттары мен олардың баламаларына валюталардың айырбас бағамдары өзгерістерінің ықпалы кезеңнің басында және аяғында ақша қаражаттары мен олардың баламаларын келістіру үшін ақша қаражаттары туралы есепте беріледі. Бұл сома операциялық, инвестициялық және қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары қозғалысынан бөлек беріледі және оған, егер олар бар болса есептілікте кезеңнің аяғында валюталардың айырбас бағамдары бойынша ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері туралы деректер берілген жағдайда туындайтын айырмалар жатады.

Алынған және төленген пайыздарға және дивидендтерге байланысты ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері жеке ашылуға тиіс. Әрбір осындай түсім немесе төлем операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде кезең – кезеңімен жүйелі түрде жіктелуге тиіс

Кезең ішінде төленген пайыздардың жалпы сомасы, оның пайда мен залал туралы есепте шығыс ретінде танылғаны не танылмағанына немесе 23 – «Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес рұқсат етілетін баламалы әдісіне сәйкес капиталдандырылғаны, не капиталдандырылмағанына қарамастан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте ашылады.

Төленген дивидендтер қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктелуі мүмкін, өйткені олар қаржы ресурстарын тартуға жұмсалған шығындар болып табылады. Сонымен бірге, операциялық қызметтен түскен ақша қаражыттарынан дивидендтер төлеудегі мекеменің қабілетін бағалау кезінде пайдаланушыға көмектесу үшін төленген дивидендтер операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының құрамдас бөлігі ретінде жіктелуі мүмкін.

Пайдаға салынған салыққа байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы, егер олар тек қаржылық немесе инвестициялық қызметпен нақты байланыстырыла алмайтын болса, бөлек ашылуы және операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары ретінде жіктелуі тиіс.

Пайдаға салынатын салық ақша қаражаттарының қозғалысын туғызатын операциялар бойынша туындайды, бұл қозғалыс ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте бағаланатын операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі. Ал бұл ретте салық төлемі бойынша шығыстар инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметпен оңай байланыстырылуы мүмкін , тиісті салықтың ақша түсімдері мен төлемдеріне қатысты мұндай байланыстырылуды жүзеге асыруды іс жүзінде жиі ретте мүмкін болмайды, сондықтан олар тиісті операциядан түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы болған кезеңде туындамауы мүмкін. Сондықтан төленген салықтар әдетте операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі. Алайда, салықтың ақша түсімдерін немесе төлемдерін ақша қаражаттарының инвестициялық немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктелетін қозғалысын туғызатын бөлек операциямен байланыстыру мүмкіндігі болған кезде, мұндай түсімдер мен төлемдер тиісінше инвестициялық немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі. Салықтық ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері қызметтің кемінде бір түріне қатысты болған кезде төленген салықтың жалпы сомасы ашылады.

Ақша қаражаттарын немесе олардың баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржы операциялары ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерден алынып тасталуы тиіс. Мұндай операциялар қаржылық есептілікте олар осындай инвестициялық және қаржы қызметі туралы барлық маңызды ақпаратты беруді қамтамасыз ететіндей түрде ашылуға тиіс.

Инвестициялық және қаржы қызметінің едәуір бөлігі, олар мекеменің капиталының құрамына және активтеріне ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына тікелей әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен ақшалай емес операцияларды алып тастау осы есептің мақсатына сай келеді, өйткені бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының қозғалысын туғызбайды. Ақшалай емес операциялар мысалдары мыналар болып табылады:

  • не тікелей тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы активтерді сатып алу;

  • акциялар шығару көмегімен мекемені сатып алу;

  • борыштық міндеттемелерді акцияларға конвертация- лау (аудару).

Мекеме ақша қаражаттарының және олардың баламаларын құрамдас бөліктерін ашуы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептегі сомаларды бухгалтерлік теңгерімдегі (баланстағы) баламалы сомаларымен салыстырып, өзінің есебін тексеруі тиіс.

Мекеме өзінде бар, топтың пайдалануы үшін қол жеткізілмейтін ақша қаражаттары мен ақша қаражаттары баламаларының елеулі қалдықтарының сомасын басшылықтың түсіндірмесімен бірге ашуы тиіс.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті жасау үшін шаруашылық операцияларының саны көп болғанда арнайы әзірленген өңдеу кестелерін пайдалану ұсынылады. Олар аталған есепті жасау мақсатында бухгалтерлік теңгерімнің (баланстың) және пайдалар мен залалдар туралы есептің баптарындағы өзгерістерге талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті жасау үшін өңдеу кестелерін пайдалану ақша қаржаттарының қозғалысын есептеудің жанама әдісін пайдалануды қажеттігін түсіндіреді.

Арнайы өңдеу кестелерінде келесі ақпараттар келтіріледі:

  • өткен және есепті жылдағы теңгерім (баланс), бұл оның барлық баптары бойынша деректер салыстырылып, олардың қайсысы бойынша өзгерістерді (көбеюін немесе азаюын) анықтауға мүмкіндік береді;

  • өткен және есепті жылдағы пайдалар мен залалдар туралы есепті, бұл оның табыстар мен шығыстарын барлық баптары бойынша деректерді, сондай-ақ есепті жылдың соңыңдағы бөлінбеген пайданы салыстыруға мүмкіндік береді.

Өңдеу кестелерінің деректерін салыстыру нәтежесінде ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін көбейтетін немесе азайтатын сомалардың қызметін (операциялық, инвестициялық немесе қаржылық ) қай түріне жататынын анықтауға болады. Бұл деректер өңдеу кестелерінде қорытындылады да, есепке түзетулер енгізу мүмкіндігін береді.

Тақырыптың атауы: Капиталдағы өзгерістер туралы есеп

№13,14 лекция мазмұны:

1. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп және оның мазмұны мен құрылымы.

2. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп көрсеткіштерінің сипаты.

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп 1 « Қаржы есепшілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына және Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандартына сәйкес жасалады да, мекеменің есепті кезеңдегі қаржылық есептілігінің жеке нысаны түрінде ұсынылады. Бұл есепте мынандай ақпараттар қамтылады:

  • меншікті капиталдағы барлық өзгерістерді ;

  • меншікті капитал иелері ретінде әрекет ететін меншікті капитал иелерімен операциялар жасау нәтежиесінде туындайтындардан өзгеше меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп.

Мекеме меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп ұсынуға және осы есептің өзінде мынандай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

а) кезең ішіндегі пайда немесе залал;

б) аталған Стандарттар мен Түсіндірмелердің талаптарына сәйкес тікелей меншікті капиталда танылатын кезең ішіндегі табыстар мен шығыстардың барлық баптарын, сондай-ақ осы баптардың жиынтық сомасын;

в) еншілес компанияның меншікті капиталының иелеріне және азшылық үлесіне қатысты жиынтық сомаларды бөлек көрсетіп, кезең ішіндегі табыстар мен шығыстар сомасын (а) және (б) сомалары ретінде есептеледі;

г) меншікті капиталдың әрбір компоненті бойынша -8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер мен қателіктер» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес танылған есеп саясатындағы өзгерістерді және қателерді түзетудің ықпалы.

Тек осындай баптарды қамтитын меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп танылған табыстар мен шығыстар туралы есеп ретінде танылуға тиіс.

Мекеме сондай-ақ меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте, не қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ұсынуға міндетті:

  • меншікті капитал иелерінің төлемдерін жеке көрсете отырып, меншікті капитал иелері ретінде әрекет жасайтын меншікті капитал иелерімен операциялар сомасын;

  • кезеңнің басындағы және есепті күнгі тікелей пайда сальдосы, сондай-ақ кезең ішіндегі тиісті өзгерістер;

  • әрбір өзгерісті жеке ашып көрсете отырып, төленген меншікті капитал әрбір тобының және кезеңнің басындағы және соңындағы әрбір резервтің баланстық құнын арасындағы көрсету.

Мекеменің меншікті капиталындағы екі есепті күн арасындағы өзгерістер кезең ішінде оның таза активтерінің артуын немесе кемуін көрсетеді. Меншікті капитал иелері ретінде әрекет ететін меншікті капиталдың иелерімен операциялар нәтижесінде болған өзгерістерді (капиталға жарналар, меншікті үлестік құралдар және мекеменің дивидендтері сияқты) және осындай операциялармен тікелей байланысты мәмілелер бойынша шығындарды қоспағанда, кезең ішіндегі меншікті капиталдағы жиынтық өзгеріс, мекеменің осы кезең ішіндегі қызметінің нәтижесінде туындаған басқа пайдалар мен залалдарды қоса (табыстар мен шығыстар туралы осы баптар табыстар мен шығыстар туралы есепте танылатынына немесе тікелей - меншікті капиталдағы өзгерістер ретінде танылатынына қарамастан), табыстар мен шығыстардың жалпы сомасын көрсетеді.

Мекеменің қаржы жағдайын бағалау үшін теңгерімнің (баланстың) екі күнінің арасында табыстар мен шығыстардың барлық баптарын ескеру маңызды болғандықтан, мекеменің жиынтық табысы мен шығыстары бөліп көрсетілетін, сондай-ақ меншікті капиталдың өзінде танылған, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы осындай есеп береді.

Меншікті капиталдың әрбір компонентін жиынтықты түзету бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті - есеп саясатындағы өзгерістер салдарынан және қателерді түзету салдарынан бөлек ашу керек. Бұл түзетулер әрбір алдыңғы кезең үшін және ағымдағы кезеңнің басында ашып көрсетіледі.

Капиталдағы өзгерістер туралы есеп есепті кезеңдегі болған капиталдың құрылымдық және сандық өзгерістері туралы ақпаратты ашып көрсетеді.

Капиталдағы өзгерістер туралы есептің нысаны төменде келтірілген.

Есептің жолдары бойынша капиталдағы өзгерістерді тудырған операциялар ашылады. Оларға жатқызылады:

  • Есептік саясаттағы өзгерістер. Бұл тауарлық- материалдық қорларды бағалау, амортизация есептеу әдістерін қайта қараудың нәтижесінде болады. Салық Кодексінің 91 бабына сәйкес салық төлеуші өткен салықтық кезеңде қолданған активтерді бағалау әдісінен басқа әдіске көшкен кезде салық төлеушінің жалпы жылдық табысы (пайдасы) жаңа бағалау әдісін пайдаланғанның нәтижесінде алынған оң айырмалар сомасына ұлғаюына және теріс айырмалар сомасы азаюына жатады.

Активтерді бағалаудың басқа әдісіне көшу салық төлеушінің салықтық мерзімнің басынан салық мекемесінің хабарламасымен жүргізіледі. Мұнда активтерді бағалаудың жаңа әдісін есепке алып өткен есепті жылдағы жалпы жылдық пайданы (табысты)түзету қажет.

Осындай бап амортизацияны есептің әдісін өзгерткен кезде де қолданылады. Бұл 16 «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес жүргізіледі де, қайта бағалау сомасы бухгалтерлік теңгерімнің (баланстың) «Төленбеген капитал» бабында көрсетіледі.

Мұнда қайта бағалау өткізген күнгі есептелген негізгі құралдардың тозуы негізгі құралдардың құнының өзгеруіне пара-пар(пропарционалды) тузетіледі.

  • «Шетелдік қызметтен алынатын бағам айырмалары». Бұл сыртқы экономикалық қызмет жүргізетін мекемелерде өздерінің шетелдік бөлімшелеріне (еншілес, байланысты мекемеге) шетелдік валютада берілген қаржылық инвестицияларды оқтын- оқтын қайта бағалағанда туындайды. Мұндайда қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан туындайтын бағамдық айырмалар олардың өрістеуі ретінде танылады да, бухгалтерлік теңгерімнің (баланстың) «Төленбеген капитал» бабының көлемін көбейтуге жатқызылады:

  • Кезеңдегі пайда( залал). Мұнда пайдалар мен залалдар туралы есепке сәйкес есепті кезеңде алынған пайда (залал) сомасы көрсетіледі.

  • Дивидендтер. Бұл бап бойынша акциялар бойынша есептелген дивидендтердің сомасына капиталдың көлемі азайтылады.

  • Акция эмиссиясы. Мұнда шығарылған акциялар бойынша эммиссиялық кіріс көрсетіледі.

  • Сатып алынған меншікті үлестік құралдар. Мұнда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде мекеме келтірілген шығындары көрсетіледі .

Капиталдағы өзгерістері туралы есептің бағандары бойынша капиталдың сыныпшалары ашылады .

Есептің жолы мен бағананың түйіскен( қилысқан) жерде капиталдың тиісті сыныпшыларының өзгеруіне әкелген әрбір операция бойынша кредиттік және дебеттік оралымдардың жиынтығы көрсетіледі.

Мынаны ескеру керек, есепті кезеңде болған капиталдағы өзгерістер туралы ақпараттарды толық ашу қажеттілігі болған жағдайда немесе меншік иелерінің және басқа пайдаланушылардың талаптары бойынша есепке қосымша жолдар мен бағандар қосылуы мүмкін. Мысалы, есепте «Жарғылық капитал» бағанына «Қарапайым акциялары» және «Артықшылықты акциялар» бағандарын қосуға болады. Қосымша «Резервтер» бағанын ашып, оған қосымша резервтердің түрлерінің бойынша бағандар ашуға болады.

4 нысан

Мекеменің атауы ___________________________________________

Капиталдағы өзгерістер туралы есеп 200—жылғы

31 желтоқсанда аяқталатын жылдағы

(сома – мың тенге)

Жол коды

Бас мекеменің капиталы

Азшылық үлесі

Капитал жиынтығы

Жарғылық капитал

Резервтік капитал

Бөлінбеген пайда

барлығы

Қалдық (сальдо) есепті жылдың 1 қаңтарына

010

Есеп саясатындағы өзгерістер

020

Санап шыққан қалдық (сальдо) (010 жол+/- 020 жол)

030

Актитерді қайта бағалаудан алынған пайда / залал

031

Ақша ағымдарын хеджирлеу

032

Шетелдік қызметтен алынатын бағам айырмалары

033

Капиталдың тікелей өзінде танылған пайда / залал (031 жол+/- 032+/-033 жол)

040

Кезеңдегі барлық пайда / залал

050

Кезеңдегі пайда/залал (040 жол+/- 050 жол)

060

Дивидендтер

070

Акция эмиссиясы

080

Сатып алынған меншікті үлестік құралдар

090

Қалдық (сальдо) есепті жылдың 31 желтоқсанына (030 жол +060 жол -070 жол +080 жол – 090 жол)

100

Қалдық (сальдо) өткен жылдың 1 қаңтарына

110

Есеп саясатындағы өзгерістер

120

Санап шыққан қалдық (сальдо) (110 жол+/-120 жол)

130

Активтерді қайта бағалаудан алынған пайда/ залал

131

Ақша ағымдарын хеджирлеу

132

Шетелдік қызметтен алынатын бағам айырмалары

133

Капиталдың тікелей өзінде танылған пайда / залал (131 жол+/-132 жол+/-133 жол)

140

Кезеңдегі пайда / залал

150

Кезеңдегі барлық пайда / залал (140 жол+/- 150 жол)

160

Дивидендтер

170

Акция эмиссиясы

180

Сатып алынған меншікті үлестік құралдар

190

Қалдық (сальдо) -өткен жылдың 31 желтоқсанына (130 жол +160 жол -170 жол +180 жол – 190 жол)

200

Жетекші _________________________________ ____________

аты- жөні, тегі қолы

Бас бухгалтер _______________________________ ____________

аты- жөні, тегі қолы