Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Хх ғ. 30 жж. Европа және ақш елдері

1. Германия фашизм тепкісінде

2. Франция 30 жж. Халық майданы.

3. КСРО 30 жж.: казармалық социализмнің орнатылуы

4. 1933-1939 жж. АҚШ

1. Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік салдарлары. 1929 – 1933жж. Германиядағы дағдарыс өте қатты және терең болды. Өндіріс 40%-ға, нақты еңбек ақы – 50%-ға қысқарды. Жұмыссыздардың саны 9 мил-ға жетті, олардың тек бестен бір бөлігінің ғана әлеуметтік сақтандыруға үміті болды.

Жүз мындаған қызметкерлкр күнкөріс қаржыларынан айырылды. Көптеген ұсақ және орта кәсіпкерлер мен саудагерлер банкрот болды. Көптеген ірі банктердің банкрот болуы несие-қаржы жүйесін шайқалтты. Гнрманияның сыртқы қаржы көздерінен тәуелділігі, ішкі рыноктың тарлығы, репарацияоарды төлеу, материалдық рзервтер көзі ретінде отаолардың жоқтығы, бағаныңендеуіне өндірістің жоғарғы деңгейде шоғырлануы мен монополияндырылуы тарапынан кедергі жасалуы дағдарысты пен оның әлеуметтік салдары Веймар республикасының партиялық-саяси жүйесінің терең дағдарысқа ұшырауына себеп болды.

Веймар республикасының дағдарысы және нацистердің билік басына келуі. Дағдарыс басталысымен парламенттегі үкімет арқа сүйейтін партиялар одағы ыдырады. Германияның социал-демократиялық партиясы оппозицияға кетті. Үкіметті Орталық партиясының оңшыл қайраткері Брюнинг басқарды. Парламентте тірегі жоқ Брюнинг 1930 – 1932 жж. Төтенші декреттер арқылы билік жүргізді. Конституция төтенші жағдайларда президентке парламентті орап өтіп , декреттер шығару құқығын берген болатын. Президент гинденбург осы аралықта жүзден астам декретті бекітті, мұның өзі парламенттің заң шығарушылық қызметін ауыстырғандық болып табылады. Үкімет үйреншікті әдетпен жұмыс істеді. 1930 ж. Төтенші бағдарлама жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақының, әлеуметтік қауыпсызданыруға шығындардың, мемлекеттік қызметкерлерге жалақының төмендетілуін, салықтардың өсуін жоспарлаған болатын. 1931 ж. Желтоқсанында қабылданған төтенші декрет бойынша жалақы 1927 ж. Деңгейіне дейін азйтылды. Банктерді банкроттықтан сақтай мақсатымен мемлекет банк жүйесін «сауықтыруға» кірісті, аса ірі Дрезден банкін мемлекет қарамағына алып, еөптеген банктерге бақылау орнатты.

Веймар республикасының партиялық-саяси жүйесінде күштер қайтадан топтасты. Республиканың тірегі болып есептелетін орталық шайылып кетті. Келісім және ажырасу саяси күштердің бір-біріне қарсы топтарға бөлінуінен еөрініс тапты. Бір жағынан, солшыл партиялар – комунистік партия мен ГСДП өз ықпалдарын сақтап қалды, екінші жағынан , өзін Ұльшыл социалистік неміс жұмысшы партиясы деп атаған партия жақтаушыларының қатарын тез уақытта көбейтіп, бұқаралық партияға айнала бастады. Германияда бұдан басқа да топтар болатын, бірақ тек нацистік партия ғана әлеуметтік негіз құрып, билікті басып алуға деген жігерімен көзге түсті. Міне, осындай жағдайда аа ірі корпорациялар «уысы мықты» укімет құруда және Версаль жүйесін қайта қарау үшін нацистік партияға сенім артты.

Рейхстаг сайлауы (мамыр 1928ж. – қараша 1932 ж.)

Партиялар

20.V.1928ж

14.XI.1930 ж

31.VII.1932 ж

06.X.1932 ж

ГКП

ГСДП

Орталық т.б.

НСДАП

11

30

40

2,6

13

25

25

18

15

22

20

37

17

20

15

33

Кестеден 1932 ж. Соныңда дағдарыстң нағыз қайнап тұрған тұсында сайлаушылардың ықыласы солшыл партиялар (ГКП және ГСДП) мен нағыз оңшыл, фашистік НСДАП арасында тең бөлінгендігін көреміз. Орталық қатты тарылып, дербес қимылдауға әлсіз болып қалды.

Нацистердің ықпалы неліктен былайша күрт өсті? Бұл тұрғыдан екі жағдайды атап өтуге болады, партияның өзінің қимыл-әрекеттерінің белсенділігі, оған ірі бизнес тарапынан қаржылай көмек көрсетілуі және сайлаушылардың міне-құлықтарының әлеуметтік-психологиялық бағытталуы.

Экономикалық дағдарыс Веймар республикасының саяси іргетасын шайқалтты. Елдегі мүшкіл хал үшін кінаны республикалық режмиге, ең алдымен ГСДП артты. Дағдарысқа дейін нацистердің идеологиясы аса қолдау таба қоймады. Бірақ дағдарыс пен оның әлеуметтік салдары тереңдеген сайын сайлаушылардың көпшілігінің ниеті өзгеріп сала берді.

Нацистік насихаттың күшті құралы ұлтшылдық және жұмысшы партиялардың құжыттарынан алынған әлеуметтік әділеттілік туралы, еңбексіз табыстарды жою, қоғамды революцичлық жаңарту, трестерді мемлекет қарамағына алу, алып-сатарлық пен өсімқорлықты жою т.б. ұранда болды. «Ұлттық социализмді» ұағыздай отырып , НСДАП жалпыұлттық мүдені білдіруші рөліне тырысты, бірақ оны тек қана тандаулы арий нәсілінің мүддесі деп таныды. Күшке табыну, нәсілдік артықшылдық, антисемитизм және жау бейнесін орнату нацизм және жау бейнесін орнату нацизм идеологиясының ажырамас бөліктері болды. Нацистердің әлеуметтік көпірмелігі қоғамның әртүрлі топтарына арналды. Жұмысшыларға толық жұмыспен қамту, орта топтарға дені сау орта қауым құру, жері аз шаруаларға шығыстан жер беруге үәде естілді. Бұл үәделер пирамидасының шыңы жаңа дүниежүзілік тәртіп орнату идеясы болды.

Сатылы ұйымдық құрылым мен ішкі қатаң тәртіп НСДАП-нің ерекше белгілері болды. Жоғарыдан төменге дейін «фюрерлік» принцип бойынша құрылған нацситік партияның арнайы әркериленген отрядтары (СА – шабуылшы отряды) болды. Олар фашистердің митингілері мен шерулерін еүзетіп қана қоймай, срнымен бірге солшыл партиялар мен кәсіподақтарға қарсы күрес пен қастандықтар дасау құралына айналды.

1932 ж. Күзде өткен сайлаудың кестеде келтірілген қорытындыларынаң көрініп турғанда», осы кезде фашисттік партия өзінің ықпалын жоя бастады. Осы кезде яГермания үкіметінің басшысы ген.Шлейхер болатын. Оның рейхсверде ықпалы болғанымен, ел ішінде беделі болған жоқ. Срондықтан әскери диктатура орнату нұсқаының болашағы жоққа тән ьолды. Ірі бизнес топтарында елдегі билікті НСДАП-қа дәне осы кезде озын танымал шешен ретінде көрсетіп үлгерген оның жетекшісі Адольф Гитлер беру туралы шешім пісіп жетілді.

1933ж. 30 қантарда Гинденбург Гитлерге үкімет құрамына ұсынуды тапсырды. Германияда билік басына нацизм келді.

Нацистерді билік басына келтірмеу мумкін бе? 1932 ж. Қарашадағы сайлаудың қорытындыларының кестесінен көрініп тұрғандай, ГКП мен ГСДП сайлаушылардың 37 пайызы қолдауына ие болды, яғни нацистерден көп дауыс жиналды. Парлпментте олардың 220 орнгы болса , нацистердікі 200 ғана болды. Бірақ біріншіден, коммунистер мен социал-демократтар фашизм қаупін жете бағалай алмады. Екіншіден, (бұл басты мәселе еді) екі партияда Қараша революциясынан бергі уақыттың ішінде бір-бірімен жауласып келді. Коммунистер және Коминтерн түгелдей социал-демократтардан іргелеріне аулақ салу және фашизмге қарсы күресте солшыл партиялармене одақтасудан бас тарту сияқты қате тактика ұстанды. Компартия социал-реформистік партияларды фашизмнің «сол қанаты» деп санады. ГСДП өз кезегінде коммунистерді сынап-мінеп жатты. Сектанттық солшыл күштердің бастарының бірікпеулеріне себеп болды. Соңғы уақытқа дейін Гитлер билік басына келгенше коммунистер социалистік революция ұранын тастамады. Ал бұл кезде Франциядағыдай, Германияда да балама басқаша еді – фашизм, не демократия.

Солшыл жұмысшы партиялардыңараларындағы алауздықтар және олардың Германиядағы жағдайы дұрыс бағаламауының еәтижесінде жаңа саяси бағыт іздеген орта тап өкілдерінің көпшілігі нацистерге бет бұрып, оларды көпшілік қолдауымен қамтамасыз етті.

Тоталитарлық диктатураның орнауы.Канцлер Гитлер басқарған үкіметтің құрылуы сырт көзге әдеттегі кабинеттердің ауысуы болып көрінді-үкімет құрамына нацистерден басқа бірнеше буржуазиялық партиялардың өкілдері енді. Іс жүзінде биліктің басты тетіктері нацистердің қолында болды. Тек қана үкімет ауысып қойған жоқ. Мемлекеттік басқарудың бір түрі буржуазиялық демократияның орнына тоталитарлық диктарура орнады.

Алғашқы екі жыл (1933 – 1934) ішінде саяси партияларды бірыңғайлау, билік режимін орталықтандыру іске асырылады, оппозиция басып-жаншылды. Ең басты оқиға 1933ж. Наурызында өткізілетін рейхстаг сайлауы болды. өзінің ең басты саяси жауы коммунистік партияны сүріңдіру үшін фашистер арандату мақсатымен рейхстагты өртеді де, кінәні коммунистерге жапты.

Бұл жердегі есеп қарапайым тоғышарларды коммунистік қауіппен қорқытып, оларды фашистерге дауы беруге мәжбүр етіп, рейхстагта төтноше заңдар қабылдау үшін орынның үштен екісіне ие болу еді. Бірақ үміт ақталмады. НСДАП дауыстарды бұрынғыдан аз алып, рейхстагта орындардың жартысынан азына ғана ие болды.

Осы кезде нацистер коституцияны бұзып, коммунистердің мандаттарын жаратпай тастады да, Гитлерге төтенше өкілеттіліктерді беру туралы заң қабылдады. Сөйтіп, рейхстаг ешқандай құқықсыз фашисттік мазақханаға айналды. Жаңа режимнің келісі бір маңызды шарасы елдіг федеративтік құрылымын жою, оны бірегейлеу болды.жерлерде жоғарыдан тағайындалатын басқарушылар билік жүргізді. 1933 ж. Қарашада Гитлер бұл соңғы сайлау деп жариялады. Партиялық жұйе жойылды. Саяси партиялар таратылуға немесе НСДАП құрамына енуге тиіс болды.

Нацистік режимнің екі жыл ішінде Веймар Республикасының негізгі тіректері жойылып, рейхстаг құқықсыз органға айналды, партиялар талқандалды, сайлау жүесі жойылды. Буржуазиялық –демократиялық құрылыс жойылып, тоталитарлық диктатура орнады. Оның негізгі белгілері идеологиялық біройлылық, орталықтырылған партиялық-мемлектеттік номенклатураның үстемдігі, саяси қарсыластарды жою. Мәдениетті бірегейлеу болды.

1934 ж.тамызынан бастап президент Гинденбургтің қайтыс болуына байланысты гитлер бір өзі ұлт фюрері, канцлер әрі президент болып алды.

Экономиканы милитарландыру дәне соғысқа дайындалу.Тоталитарлық диктатураны орнату мен бір мезгілде мемлекеттік орталықтан реттеу және жоспарлау жөнінде кең көлемді саясат жүргізіліп жатты. 1933 ж. Азық-түлік сословиесі туралы заң елдің ауыршаруашылығын, төменнен жоғары қарай құрылған ауыршаруашылығын реттеу жүйесін азық-түлік және егінщілік министіріне бағындырды. 1934 ж. «Өнеркәсіптің органикалық құрылымын дайындау туралы» заңның негізнде дасалды. өнеркәсіп жеті салаға бөлініп, олаға ықтиярсыз өнеркәсіп , энергетика, қолөнер, мауда, көлік, банк және қауыпсыздандыру кәсіпорындар тобы біріктірілді. Оларды ірі кәсіпкерлер мен банкирлер басқарды. Еңбек ресурстарымен жабдықтау мен таратылған кәсіп одақтардың орнына келген және іс жузінде ықтиярсыз еңбек еткізу жүйесін бақылайтын «еңбек майданы» айналысты.

Экономиканы орталықтандыру неүшін қажет болды? 1936 ж. Бастап Германияда экономикалық дамудын төрт жылдық жоспары іске асырыла бастады, оның ең басты мақсатын Гитлер елді соғысқа дайындау деп белгіледі . сол кездегі антифашисттердің «фашизм – бұл соғыс» деген ұраны Германияда болып жатқан оқиғалардың мәнің анық көрсетіп берді. Режимнің қарсыластарына еүш қолданумен қатар нацизм халықты нацистік жоспарларды іске орнату мақсатында әлеуметтік саясат бағытын да іске асырды.

Нацистік Германияның сыртқы саясаты.1930 жж. Нацистік Германияның сыртқы саясатында екі кезең айқын көзге түсті.

Біріңші кезең (1933 – 1935) Германия Версаль бітімінде белгіленген елдің қайта қаралуына салынған шектеулерді алып тастады. Келісімді қайта қарау Германияға жаппай әскери міндет енгізуге, ауыр қару-жарақ шығаруды көбейтуге, демилитарланған Рейн аймағын басып алуға т№б№ мумкіндік берді.

Екінші кезең (1936 – 1939) – Еуропада тікелей басқыншылық актілеріне көшу. Чехословакияны басып алу, Австрияны күштеп қосып алу, Испанияда Франконың орнығуына көмектесу – бұл кезеңнің басты оқиғалары болды. Басқыншылық әрекеттердәң бұл тізбегі 1939ж. Қыркүйекте Польшаға шабуыл жасау және Екінші жүниежүзілік соғыс өртінің екінші бір ошағы Қиыр Шығыста тұтанды, мұнда 1931 ж. Жапония маньчжурияны басып алды, ал 1937 ж. Орталық Қытайға басып кірді. Италия 1935 ж. Эфиопияны басып алды. Бұл үш басқыншы мемлекет өзара одақтастық қатынастар орнатып, «Берлин – Рим – Токио» белдеуін құрды.

2. Франция 30 жж. Халық майданы.

1934 ж. 6 ақпандағы француз фашистерінің мемлекеттік төңкеріс жасауғаәрекеті бүкіл елді дүр сілкіндірді. Аса қауатты антифашистік қозғалыс басталды.

12 ақпанда солшыл партиялар мен кәсіподақтардың үндеуімен жалпыұлттық ереуіл ұйымдастырылып, оған 4,5 млн. адам қатысты. Тек Париждің өзінде ғана шеруге 150 мыңдай кісі (коммунистер, социалистер, радикалдар, партияда жоқтар) шықты. Антифашистік күштердің кең ауқымды одағын құру мүмкіндігі туды.

Францияның ұлттық мерекесі Бастилияның алынған күні, 1935 ж. 14 шілдеде, Парижде 500 мың адам қатысқан шеру болды. Шерудің басында компартияның басшысы Морис Торез, социалистердің басшысы Леон Блюм және радикалдардың басшысы Эдуард Даладье қатар келе жатты. Шеру үлкен митингімен аяқталды, оған қатысушылар «фашистік лигаларды қарусыздандыру және тарату үшін, демократиялық бостандықтарды құру және дамыту және жалпыға бірдей бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін бірлігімізді сақтаймыз" деп салтанатты ант берді. Бұл шеру мен көпшілік митингісі Халық майданының құрылғандығының белгісі еді.

Құрамына Францияның ірі партиялары мен үйымдарынын өкілдері кірген Халық майданының ұлттык комитеті құрылды.

1336 ж. сайлаудағы Халық майданының жеңісі. 1936 ж. сәуір-мамыр айларында өткен кезекті парламент сайлауына коммунистер, социалистер, радикалдар және Халык майданының баска да ұйымдарының өкілдері жалпы бағдарлама ұсынып, бірігіп қатысуға шешім қабылдады.

Бағдарламаның саяси бөлімінде фашистік лигаларды қарусыздандыру және тарату, ал экономика бөлімінде жүмыс аптасын қысқарту, коғамдық жұмыстар ұйымдастыру, жүмыссыздар мен шаруаларға көмек көрсету, каржы жүйесін сауықтыру, салық реформасын жүргізу, Француз банкін мемлекет карауына алу және басқа да демократиялық әлеуметтік өзгерістер жасау талаптары койылды.

Сайлау бұрын-соңды болмаған ынталылык пен белсенділік жағдайында өтті. Халық майданы үшін сайлаушылардың 57% дауыс берді. Ол Ұлттық жиналыстағы орынның 2/3 алды. Франция тарихында түңғыш рет үкіметті социалист Леон Блюм басқарды. ФКП басшылығының шешімі бойынша коммунистер үкімет құрамына енуден бас тартты.

Халық майданының жеңісін француздар зор қуанышпен қарсы алды. Олар бұл жеңіске өздерінің әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайларын жақсартады деген үміт артты. Еңбекші бұқараның көптеген бөлігін билеп алған көтеріңкі-кызу көңіл-күй, жақын арада болатын өзгерістерді тағатсыздана күту бүкіл елді камтыған жаппай ереуіл козғалысынан керініс тапты. Блюм үкіметі кәсіподақтармен келіссөздер жүргізіп, ол Матиньон келісімін кабылдаумен аяқталды. Бүл келісім бойынша еңбекақы орта есеппен 7-15%-ке, ал кейбір жалақысы төмен категориядағыларға 2-3 есе көбейтілді. Ұжымдык келісімдер жүйесін дамыту, кәсіподақтардың құқын корғау т. б. шаралар белгіленді.

Л. Блюм үкіметі парламент аркылы фашистік лигаларға тыйым салу және саяси тұтқындарға кешірім жасау туралы екі маңызды заң өткізді. Нефашистік әскери ұйымдарға тыйым салынды. 40-сағаттық жұмыс аптасы, ақылы демалыстар мен ұжымдық келісімдер туралы заңдар қабылданды, баска да әлеуметтік шаралар іске асырылды. Үкімет соғыс өндірісінің бір бөлігін және теміржолдарды, Француз банкін мемлекет қарауына алатындығын мәлімдеді.

Митингілер мен жиналыстарда жалпы коғамдық өрлеу жағдайы байқалды. Сол оқиғаларды көзбен көрген куәлердің бірі былай деп жазды: "Барлык үлкен жиналыстар ерекше қуанышты өрлеу жағдайларында өтіп жатты. Оған қатысқандар алған әсерлерін осы күнге дейін ұмытпаған болар. Аккордеон ойнап тұр. Адамдар бір бірімен иықтарын тіресіп тұр. Олар салған әннен өмірге деген сүйіспеншілік, үміт пен куаныш лебі есіп тұрды". Халық майданы козғалысының шыңы 1936 ж. 14 шілдедегі Бастилияны алу күнін мерекелеу болды. Париждегі шеруге 1 млн адам, оның ішінде Л. Блюм бастаған үкімет мүшелері де қатысты.

Халық майданындағы қайшылықтар және оның құлдырауы. Халық майданы қозғалысы Францияның жаңа тарихындағы ең ірі коғамдык-саяси козғалыс болды. Ол фашистердің билік басына келуіне мүмкіндік бермеді. Оның ірі жетістігі Франциядағы фашистік лигаларға тыйым салу, ірі әлеуметтік реформаларды іске асыру болды. Бүл қозғалыстың тарихи маңызы француз компартиясы мен Коминтерннің сектанттық қателіктері мен шешімдерін жеңудің халықаралық социалистік-қозғалыстың тарихи алауыздығын жеңуге негіз сала алғандығында.

Бірақ Халық майданы катарындағы халыкаралык саясат пен ішкі мәселелер турасындағы келіспеушіліктер 1938 ж. оның ыдырауына алып келді.

1936 ж. жазынан бастап Францияның халықаралық жағдайы нашарлай бастады. 1936 ж. шілдеде Испаниядағы Франко бүлігі Францияға фашистік мемлекеттер қоршауында қалу қаупін төндірді. Осыған қарамастан, Франция Ұлыбританияның қысымымен республикалық Испанияға байланысты араласпау саясатын жүргізді. Социалистер мен радикалдар Блюмнің бұл саясатына қолдау көрсетсе, коммунистер оны катты сынға алды.

Халық майданына қатысушылардың арасында 1938 ж. 30 қыркүйекте қол қойылган Мюнхен келісімі жөнінде де өте терең пікір алшақтықтары орын алды. Бүл келісімге сәйкес Германияның пайдасына Чехословакиядан Судет облысы бөлініп алынған болатын. Франция жағынан бұл келісімге радикал Даладье қол қойды.

Халық майданында француз фашистерінің белсендігінің артуына байланысты да елеулі келіспеушіліктер пайда болды. Әскериленген ұйымдарға карсы қабылданған заңдар саяси партияларға тимеді. Фашистік лигалар партияларға "айналып", белсенді түрде республикаға қарсы шықты. Билік орындары оларға қарсы ешқандай шара колданбады.

Бюджет дефициті мәселесі де жағдайды шиеленістіре түсті. Қаржы тапшылығы Блюм үкіметін бағдарламаларды орындауда "үзіліс" жасауға мәжбүр етті. Бүл жағдай Халық майданына қатысушылардың арасындағы қатынастарды одан сайын ушықтыра түсті. Халық майданының колдауына арқа сүйеген Блюм баскарған соңғы үкімет 1938 ж. сәуірде орнынан түсті.

Жаңа үкіметті басқарған радикал Э. Даладье біртіндеп оңшылдар бағытына сырғи бастады. Даладьенің Мюнхен келісіміне қол қоюы өзара көмек туралы француз-чехословак келісімінің бүзылғандығын білдірді. Бұл үшін үкімет солшыл күштер тарапынан қатал сынға үшырады. 1938 ж. карашада радикалдар партиясы ресми түрде өзінің Халык майданынан шығатындығын жариялады. Даладье үкіметі коммунистер мен социалистердің қолдауынан айырылып, оңшыл күштерге арқа сүйеді.

1938 ж. желтоқсанда ол Италияның Эфиопияны басып алуын мойындады. 1939 ж. наурызында Германияның Чехословакияны басып алуына қарсы ешкандай әрекет болмады. Рас, көрші фашистік мемлекеттер тарапынан күннен күнге күшейіп келе жатқан қауіпке қарсы Франция мен Англия 1939 ж. наурызында ағылшын-француз әскери одағын құру туралы ноталар алмасты. Бірақ бүл Францияны 1940 ж. жеңілістен сақтай алмады.