Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Версаль-Вашингтон бейбіт жүйесі

  1. Париж және Версаль конференциялары, Ұлттар Лигасының құрылуы

  2. Вашингтон конференциясы

Париж бітім конференциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаз елдерінің конференциясы 1919 ж. 18 қаңтарында ашылды. Бұл датаны таңдап алудың терең мағынасы болды: 1871 ж. осы күні Версаль сарайында Германия жарияланған болатын. Конференцияны ашып тұрып, француз президенті А. Пуанкаре былай деді: «Әділетсіздіктен пайда болған Германия масқаралықта өмір сүруін тоқтатты».

Францияның астанасы Германия соғыс жариялаған Антантаның одақтастары – 27 мемілекеттің өкілдері келді. Конференция жұмысына қатысуға Германия мен оның одақтастары және Кеңестік Ресей шақырылмады. «Орыс мәселесі» конференция баксшыларын ең алдымен Ресейге қарсы интервенцияны жалғастыру және оның территориясын бөлісу жоспарларының бір бөлігі ретінде ғана мазалады. Одессада рейдте тұрған француз кемелеріндегі теңізшілердің көтерілісі конференция басшыларының соғысқұмарлық ниеттерін су сепкендей басты.

Конференциядағы мәселелерді «үлкен үштік»: Францияның премьер-министірі Жорж Клемансо, Ұлыбританияның премьер-министірі Дэвид Ллойд Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон шешті. Олардың арасында оппоненттеріне қарсы сөйлеген жалынды сөздері үшін жолбарыс деген атқа ие болған Клемансоның зор тұлғасы ерекше көзге түсті.

Шешімдерге қызу таластар мен айтыстар арқылы қол жетті, өйткені қатынасушылардың мүдделері мен мақсаттары әртүрлі, көбінесе, қарама-қарсы болды. Француз делегациясы өзінің ежелгі жауы Германияны барынша әлсіретуді талап етті, бұл Францияға Еуропада жетекші роль атқаруға мүмкіндік берген болар еді. Ал ағылшын премьер-министрі Ллойд Джорж Германияның күшін сақтап, оны Францияның алдағы уақытта Еуропадағы ықпалының күшейіп кетуіне және «большевизмнің қаупіне» қарсы тосқауыл ретінде пайдалануды мақсат етіп қойды. Вильсон Германияға қойылатын талаптарда жұмсартып, соғыстан кейінгі Еуропада Франция мен Англияның күшейіп кетпеу жағын қарастырды. Көптеген мәселелер осы үштіктің арасында жабық есіктердің арғы жақтарында шешілді.

Ұлттар Лигасының құрылуы. В. Вильсонның талап етуімен Париж конференциясында бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамысыз ететін халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасын құру туралы шешім қабылдады.

Лиганың ең жоғарғы органы – Ассамблеяда барлық Лига мүшелері өкілеттілік етті. Лиганың Кеңесі – кең өкілеттілігі бар аз топты қамтитын орган болды. Кеңестің тұрақты мүшелері болып бес мемлекет – АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония сайланды. Ұлттар Лигасының жарғысынан басқыншы мемлекеттерге қарсы бейбітшілік пен қауіпсіздікті бұзушылар ретінде жазалау шараларын (саяси және эканомикалық) қолдану қарастырылды. Ақырында, Ұлттар Лигасының халықаралық құқықтың жаңа институты – мандат жүйесін енгізді. Ол жүйе бойынша Ұлттар Лигасы отар елдерді тәуелсіздікке дайындау үшін оны басқаруды белгілі бір мемлекетке тапсыруға (мандат беруге) құқылы болды. Іс жүзінде бұл арам ниетті формула отарларды қайта бөлісуді бүркемелеу үшін қабылданған болып шықты. Сонымен бірге Ұлттар Лигесының құрылуы соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта «пацифизм дәуірін» орнатты.

Вильсон Версаль бітім шартын Ұлттар Лигасының жарғысының кіріспе бөліміне енгізуді талап етті.

Версаль бітім шарты Атланта басшылары уәде еткен «әділетті және демократиялық бітімнен» әлдеқайда басқаша болып шықты. Құжатқа қол қойылған үлкен Версаль сарайының атымен аталған Версаль шарты бойынша Германия соғыстың шығуына кінәлі деп жарияланды және осыған байланысты жаза тартуы керек болды.

Германияны барлық отарларынан айырып, оның территориясының кейбір бөлігін көрші елдерге беру және Атланта елдеріне келтірілген зияндары үшін репорация төлеуге міндеттелген шешім қабылданды.

Шарттың территориялар жөніндегі ережелері. Германия Эльзас пен Лотарингияны францияға қайтарды. Саар облысын басқару 15 жылға Ұлттар Лигасына берілді. Германияның төл территориясының 1/8 бөлігі алынды. Данциг (Гданьск) еркін қала деп жарияланды. Кезінде Германия қосып алған поляк жерінің біразы (Познань, Пруссия мен Померанияның кейбір аудандары) Польшаға қайтарылды. Эйпен, Мальмеди және Морене округтары Белгияға кетті. Данияға Солтүстік Шлезвиг берілді. Германия мұның үстіне Мемельден (Клайпеда) бас тартып, ол кейіннен Литваға қосылды.

Германияның отарларын Англия, Франция мен Жапония өзара бөлісті.Англия мен Франция мұның үстіне Осман империясының «мұрасын» бөліп алды.

Қорытындысында Англия Ұлттар Лигасының атынан Палестинаға, Трансиорданияға, Ирак пен Танганьикаға (Германиялық Шығыс Африкаға) мандат алды.

Франция Сирия мен Ливанға мандат алды. Англия мен Франция Того мен Камерунды өзара бөлісті. Жапония Мариан, Каролина және Маршалл аралдарын, Шаньдун түбегін алды. Ағылшын доминиондары да бірнеше кіші-гірім территорияларға ие болды.

Шарттың әскери баптары. Герман басштабы таратылды Жалпыға міндетті әскери қызымет өзгертілді. Герман армиясының саны 100 мың адаммен шектеліп, еріктілік негізінде құрылатын болып белгіленеді. Германияға су асты флотын, ірі су үсті кемелерін, танк құрамаларын, әскери авиация мен ауыр артилерия иеленуге тиым салынды. Рейн аймағы – сол жағалаудағы герман жерлері мен оң жағалаудағы екі 50 шақырымдылық жерлердегі әскери бекіністер жойылып, қарулы күштерді орналастыруға тиым салынды.

Репарациялар мен Атланта елдерінің шығындарының орның толтыру туралы мәселе келесі келіссөздерге дейін кейінге қалдырылғанымен, 132 млрд. Алтын марка мөлшеріндегі жалпы саны белгіленді. Рейн аймағында 15 жыл бойына оккупациялық армия орналастырып, оны герман жағы қамтамасыз етуге тиісті болды.

Версаль келісімі неміс халқына аса үлкен ауыртпалық салды және оның ұлттық сезімдеріне қатты нұқсан келтірді. Кейінгі уақыттарда бұл жағдай кек қайтару идеясы мен саясатына дем беріп, оны 30-жж. фашистер шеберлікпен пайдалана білді.

Келісімге қол қою кезінде герман делегациясы тонаушылық бітімінің шарттарын жұмсартуға, оның ішінде соғысты шығаруға «кінәлілік» туралы бапты алдырып тастауға тырысты, бірақ ол қарсылық қабылданбады. 1919 ж. 28 маусымында Германия Атланта елдерімен және олардың одақтастарымен Версаль бітімі туралы келісімге қол қойды.

1919-1920 жж. Австриямен, Венгриямен, Болгариямен және Түркиямен бейбіт бітімдер жасалды. Оларда да кейбір территориялық өзгерістер, қару-жарақ пен армияның саны және репарациялық төлемдер туралы шарттар қарастырылады.

Осы аталған келісімдердің барлығы жеңімпаздар мен жеңілгендердің арасындағы қатынастарды анықтайтын және Еуропа мен орталық аймақтардағы халықаралық қатынастарды реттейтін Версаль жүйесін құрды.

Бітім шарттары

  1. Германиямен Версаль шарты (28 маусым 1919 ж.):

  • барлық отарларын беру;

  • қарулы күштердің санын 100 000 дейін қысқарту;

  • Германия ауыр артиллерия, танктер, самолеттер, сүңгуір қайықтар, соғыс кемелерін иелену құқынан айрылды;

  • Рейн сол жағалауы 15 жылға оккупацияланды;

  • Рейннің оң жағалауында екі 50 шақырымдық демилитаризацияланған аймақ орнатылды;

  • Территориясының 1/8, халқының 1/10 бөлігі басқа мемлекеттерге беріледі;

  • Репарациялар (шығындардың орнын толтыру). 231 бап (соғыстар үшін жауапкершілік туралы бап).

2. Сен-Жермен-ан-Леде Австриямен жасасқан шарт (10 қыркүйек 1919 ж.)

- Австрия мен Венгрияның бөлінуі;

- Италияға Бреннерге дейін Оңтүстік Тирольды беру;

- Тәуелсіз Чехословакия, Польша, Венгрия және Югославия

мемілекеттерін тану;

  • қару-жарақты қысқартып, армия санын 30 000 дейін азайту;

  • репарациялар.