Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

50-60 Жж.-ғы халықаралық қатынастар

  1. «Қырғи қабақ соғыс». Қақтығыстар мен сыртқы саясаттағы авантюризм.

  2. Таяу Шығыс дағдарысы.

  3. Кариб дағдарысы.

  4. Қосылмау саясаты.

«Қырғи қабақ соғыс»: 50жж. Ортасындағы ерекшеліктері. Соғыстан бейбітшілікке өту қарама-қайшылықтарға толы болды. Жеңімпаз мемлекеттер, ең алдымен КСРО мен АҚШ, бейбіт реттеу мәселелерін соғыс кезінде жасасқан келісімдерге сәйкес жүргізулері тиіс еді. Бірақ нақты халықаралық жағдайларда соғыстан кейінгі мәселелерді шешуде олардың көзқарастарының әр түрлігі мен өздерінің ұлттық мүдделерін қорғауға бүйрек бұратындықтары көрініс беріп отырды. Бұл мүдделер түбірімен бір-біріне қарама-қарсы болатын себебі КСРО мен АҚШ әртүрлі идеологиялық принциптер мен позицияларды ұстанды. Ұлттық қауіпсіздікті олар өз жүйелерінің әлемдік деңгейде салтанат құруы деп түсінді.

Бір жағынан, дүниежүзілік революция және капитализмнің орнына социализмнің орнауы, екінші жағынан, капиталистік қоғамның нығвюы және либералдық демократиялық таралуы және қоғамның болашағы туралы осы екі қарама-қарсы тұжырым КСРО мен АҚШ арасындағы қарама-қарсылықтың ғаламдық сипатын анықтады. Тіпті аймақтық қақтығыстар да осы екі ұлы мемлекеттердің қатысуынсыз өтіп көрген емес.

Осыдан келіп американ сыртқы саясатының тұжырымдары «коммунизмді артқа лақтырып тастау», «бастырмалата кек алу», «отпен ойнау», «шұғыл жауап беру», «шектелген ядролық соғыс» деп аталады. Бұл терминдер АҚШ-тың әр кездегі стратегиялық тұжырымдарын бейнеледі, бірақ олардың жалпы мәні бір болды-ол әлемдік капиталистік жүйені сақтау, қосөрісті дүниедегі жанжалдарды әскери-күш қолдану және қорқыту саясаты арқылы шешу болды.

КСРО өзінің стратегиялық мақсаттарын мұндай ашық түрде жарияламағанымен, өзінің ықпал жүргізетін аймағын қорғап, әлемді бөлу және халықаралық қатынастарда «бейбітшілік, демократия және социализм күштері» мен «реакция, империализм және соғыс күштері» деп шектеу бағытын ұстады. Корея соғысы (1951-1953) дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы тұңғыш қауіпті халықаралық дағдарыс болды.

Сайып келгенде, «қырғи қабақ соғыстың» басты белгісі-ол әлемдік саясаттағы теке тірес болды, одан басқа белгілері: екі ұлы мемлекеттің айналасындағы әскери-соғыс одақтарының құрылуы (НАТО және ВШҰ); жанталаса қарулдану, оның ішінде ракеталық-ядролық қарулану саласында; әскери-күш тұрғыдан ойлау; бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жаудың бейнесін жасау.

Қақтығыстар мен сыртқы саясаттағы авантюризм. 50-60 жж. кеңес-американ қатынастарыңда дұшпандық пен дау-жанжалдар басым болды. Екі елдің арасындағы қатынастардың негізінен халықаралық қатынастардың бағытын анықтайтындығын ескерсек, бұл аса қауіпті жағдай еді. Тек бірнеше аса қауіпті халықаралық дағдарыстарды бастарынан кешіргеннен кейін ғана екі жақ халықаралық шиеленісті бәсеңдетудің қажеттігін түсінуге болады.

Таяу Шығыс дағдарысы. Егер Еуропадағы әскери-соғыс одақтарының құрылуына байланысты белгілі тепе-теңдік орнаса, Таяу Шығыс аймағы 50жж. тұрақсыздық пен аса қатты қарама-қарсылықтар аланыңа айналып, өз құшағына Еуропаның жетекші капиталистік елдерін, КСРО мен АҚШ-ты тартты. Қарама-қарсылықтар түйіні бұл жерде екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен-ақ түйілген болатын. Сол кезде Сирия, Ливан, Трансиордания тәуелсіздік алды да, Ұлыбритания арабтар мен еврейлер мекендейтін Палестинаны басқару жөніндегі мандатын сақтап қалды. БҰҰ-ның шешімі бойынша 1947 ж. қарашада Палестинаның орнына екі – араб және еврей мемлекеттері құрылуға, ал Иерусалимге жұрттың барлығына ашық еркін қала мәртебесі берілуге тиіс болатын. 1948 ж. еврей мемлекеті құрылды да, араб мемлекеті құрылмай қалды. Арабтар еврей мемлекетін танудан бас тартты. Таяу Шығыстағы қақтығыстарға біраз еуропалық елденр, АҚШ пен КСРО араласты. КСРО арабтарға болысты. АҚШ 1948-1949 жж. бірінші араб-израиль соғысында соңғысына қолдау көрсетті. Соғыс араб елдерінің жеңілісімен аяқталды. Израиль араб мемлекетін құру үшін бөлінген аймақтан тыс орналасқан араб жерлерін (Газа секторы) басып алды. Халықаралық шиеленістің Таяу Шығыстағы ошағы осылай пайда болып, бұл жанжал осы уақытқа дейін шешімін таппай келеді.

Египетке қарсы үштік басқыншылық. Қиыр Шығысты дау аймағына айналдыру мұнымен шектеліп қойған жоқ. Аймақтағы революциялық қозғалыстардың тереңдеуі француздар мен британдықтардың осы жерлердегі мүддесіне қауіп төндірді.

1952 ж. Египетте революция болып өтті, монархия құлатылып, шетел компанияларының қызметіне шектеулер қойылды.

1956 ж. Насер үкіметі ағылшын-француз капиталы басымдық құрған Суэц каналы компаниясын мемлекет қарамағына алды. Насерді каналды мемлекет қарамағына алу ниетінен қайтуға мәжбүр ету мақсатымен Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль басқыншылығы ьасталды. КСРО, АҚШ, БҰҰ басқыншылықты айыптады. Оның үстіне КСРО егер басқыншылық тоқталмаса, Египетке көмек көрсетілетіндігін және еріктілер жіберуге дайын екендігін мәлімдеді. Үш жақты басқыншылықтың сәтсіздікпен аяқталуы Англия мен Францияның бұл аймақтағы позицияларын нашарлатты. Керісінше, КСРО беделі артты. Бұрынғы отаршыл мемлекеттердің мүдделеріне 1958 ж. Ирактағы монархияны құлатқан революция жаңа соққы берді. Бұл жағдайларда Эйзенхауэр доктринасы жарық көрді. Оның мазмұны Ұлыбритания мен Францияның Таяу Шығыста жеңіліс табуларына байланысты бос қалған кеңістікті АҚШ толтыруға тиісті деген тұжырым болды. Ирак пен Сирия тарапынан шабуылдан қорғау қажет деген сылтаумен Ливан мен Иорданияға американ және ағылшын әскерлері еңгізілді.

Жоғары дәрежедегі кеңес-американ кездесулердің сәтсіздігі. 50-жж. екінші жартысында КОКП ХХ съезінен және Сталиннің жеке басына табынушылықтың әшкереленуінен кейін КСРО сыртқы саясатта бірсыпыра жаңа бастамалар жасады. Армия 2 млн адамға қысқартылды, ел ішінде реформалар жасау жарияланы, мемлекет басшыларының кеңес-американ кездесулерін өткізуге ниет білдірді. Бірақ бірнеше халықаралық дау-жанжалдар бұл бастамаларды аяқсыз қалдырды. 1960 ж. мамырдың ортасына жобаланған Н.С. Хрущев пен Д. Эйзенхауэрдің кездесуі болмай қалды. Кездесу қарсаңында АҚШ 1 мамырда кеңес жойғыш-самолеттері жете алмайды деп ойлаған биіктікте КСРО ауа кеңістігіне барлаушы-самолет ұшырды. Бірақ самолет атып түсіріліп, ұшқыш тұтқынға алынды, арандату әшкереленді. Жоғарғы дәрежедегі кездесу жайына қалды.

Кариб дағдарысы. 1960 ж. қарашадағы сайлауда демократиялық партия жеңіске жетіп, Дж. Кеннеди әкімшілікті басқарды. Президенттің бейбітшілікке ұмтылу туралы мәліметтеріне қарамастан, теке тірес жалғаса берді. 1961 ж. сәуірдегі Куба контреволюционерлері десантының АҚШ флоты мен авиациясының жәрдемімен аралға түсірулуімен Кариб дағдарысы басталды. Десант теңізге қуып тасталды, бірақ АҚШ Кастро режимін құлату жоспарынан бас тартпады. Куба үкіметімен құпия келіссөздер нәтижесінде Кубаға орташа қашықтықта әрекет жасайтын кеңес ракеталары орналастырылды. Кеңес үкіметінің бұл әрекеті тек қателік емес, сонымен бірге авантюристік қадам болды.

КСРО мен АҚШ-тың қақтығысуы нақты шындыққа айнала бастады. Тек Н.С. Хрущев пен Дж. Кеннедидің арасындағы бірнеше күнге созылған келіссөздерден кейін ғана тікелей соғыс қаупі сейілгендей болды. КСРО өз ракеталарын Кубадан, ал АҚШ өз ракеталарын Түркиядан алып кетті. АҚШ Кубаның тәуелсіздігіне қол сұқпауға уәде берді.

Теке тірестен келіссөздерге. Кариб дағдарысының бейбіт жолмен шешілуінен 60 ж-ғы кеңес-американ қатынастарындағы бетбұрыс басталды. Ашық теке тірестен келіссөздерге және халықаралық шиеленісті бәсеңдетуші алғашқы келіссөздердің жасалуына көшуді байқатқан бірнеше маңызды құжаттар қабылданды. 1963 ж. тамызда Үш ортада: атмосферада, космос кеңістігінде және су астында ядролық сынауға тыйым салу туралы үш мемлекеттің Мәскеу шартына қол қойылды. (Франция мен Қытай бұл шартқа қосылмады). Бұл ядролық қарулануды шектеу жөніндегі тұнғыш келісім еді.

Қосылмау қозғалысы.Ұлы мемлекеттер арасындағы қарама-қарсылықтар және оларға Азия, Африка және Латын Америкасы елдерін араластыру жөніндегі әрекеттер кейбір мемлекеттердің, оның ішінде жақында ғана отаршылдық құлдықтан құтылған бірсыпыра елдердің басшыларын саяси-соғыс одақтарына қосылмау, әлемнің жетекші мемлекеттерінің арасындағы дау-жанжалдардан аулақ болу позицияларын ұстауға мәжбүр етті.

Индияның премьер-министрі Дж. Нерудің, Югославия президенті Броз Титоның және Египет президенті Г.А. Насердің бастамалары бойынша 1961 ж. қыркүйекте Белградта 25 елдің үкімет басшыларының крнференциясы болып, онда қосылмау қозғалысының негізі қаланды. Қозғалысқа қатысушылардың көпшілігі АҚШ пен КСРО халықаралық шиеленіс пен жанталаса қарулану үшін бірдей жауапты деп есептеп, саяси-соғыс одақтарына қатыспайтындықтарын, халықтардың отаршылдыққа қарсы, тәуелсіздік пен бейбіт қатар өмір сүру үшін күресін қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Еуропадағы бәсеңсу. 70-жж. жалпыеуропалық прогресс.

60-жж. соңында Еуропадағы халықаралық қатынастар әртүрлі мемлекеттердің шиеленісті бәсеңдетудің жолдарын қарастыру әрекеттерімен сипатталынды. Әскери-стратегиялық тепе-теңдік жағдайында күш-қолдану саясатының болашағы жоқ екендігіне көз жетті. Батыстың реалистік тұрғыдан ойлайтын билеуші топтары мен үкіметтерінде келіссөздер жүргізу идеясы қолдау таба бастады.

Еуропалық мемлекеттердің Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттарын талқылау жөніндегі кеңесін шақыру бастамасын Кеңес Одағы мен басқа да социалистік елдер көтерген болатын. Бірақ бұл ұсыныстар көбінесе насихаттық сипатта болып, кеңес басшылығының теке тіреске негізделген жалпы бағытын өзгерте алмады. Бұл бағыттың бір көрінісі ВШҰ мүшесі бес елдің әскерлерін 1968 жылы ешқандай негізсіз Чехословакияға енгізу болды. Бұл оқиға бәсеңсу процесін біраз уақытқа тежеп тастады. Дегенмен Еуропа мемлекеттерінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы ынтымақтастыққа ұмтылыстары жалғаса берді.

1969 жылдың наурызында ВШҰ елдері жылпыеуропалық кеңесті іс жүзінде дайындауда кірісу жолында барлық Еуропа елдеріне арнап үндеу қабылдады. Бұл бастаманы Батыс Еуропаның бейтарап елдері қолдады. Бұл мәселеде әсіресе Финляндия аса маңызды рөл атқарды, фин үкіметі 1969 жылы мамырда Еуропалық елдерге, АҚШ пен Канадаға Кеңестің шақырылуын ұйымдастыруға өз қызметін ұсынды. Мемлекетаралық өзара кезесулер басталды, олар халықаралық қатынастарда жаңа құбылыс – жалпыеуропалық процесті ашты.

КСРО мен АҚШ және Батыс елдерінің арасындағы қатынастардың біршама жақсаруы негізінде алдын-ала пікір алысу басталып, нәтижесінде 30-шілдеде Хельсинкеде мемлекет басшылары деңгейінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңес ашылды, ал 1975 жылы 1 тамызда Кеңестің Қорытынды актісіне қол қою салтанаты болып өтті.

Қорытынды акт шарт түріндегі міндетті құжат емес еді, дегенмен оның аса зор моральдық-саяси маңызы болды, себебі ол халықаралық қатынастарға жылпыеуропалық шеңбердегі жаңа прогрессивтік нормалар енгізді.

Қорытынды акт кездесулер мен келіссөзлер процесі жалпыеуропалық немесе хельсинкилік аяда үздіксіз жалғастырыла беріледі деп көрсетті.