Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Хх ғ. Екінші жартысындағы ақш

АҚШ соғыстан экономикалық және әскери жағынан капиталистік дүниедегі ең қуатты мемлекет болып шықты. Мұнда капиталистік дуниедегі өнеркәсіп өнімдерінің жартысынан көбі өндірілді. Америка әскерлері Германияга, Жапонияга, Италияга және басқа да елдерге орналастырылды. Жер шарының түкпір-түкпірінде 500-ден аса американ соғыс базалары жасақталды. Америка флоты күндіз-туні мұхиттар мен теңіздерді жүзіп жүрді. АҚШ атомдық қаруға бірден-бір ие болды. Ф.Рузвельтің қайтыс болуына байланысты 1945 ж. 12 сәуірде қызметке кіріскен АҚШ Президенті Гарри Трумэн АҚШ өзіне дүниежүзі үшін жауапкершілікті алды деп мәлімдеді: "Бейтараптықтың", оның бергі жағында, 30-жж. оқшауланудың күні артта қалды. Осыдан бастап АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды.

Реконверсия жене мемлекеттік саясаттың соғыстан соңғы бағытын таңдау.Бейбіт өмірге оралу реконверсия немесе кері қайта құру деп аталды және мемлекеттік саясат пен ондаған миллион американдықтардың өмірлеріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Миллиондаған солдаттар отбасыларына және бейбіт өмірге қайта оралды. 1947 ж. армия қатарында 12 миллион солдаттың тек 1 миллионы ғана қалды. Армия қатарынан оралған солдаттарды жұмысқа орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың негізгі мәселелерінің бірі болды. Соғысқа қатысқандарды орналастыру мәселесі бойынша бірнеше заң және үкімет шешімдері қабылданды. Соғыс кезіндегі баға мен еңбекақына орнатылған бакылауды біртіндеп алып тастау, "толық жұмыспен қамтамасыз ету", енбекақының сағаттык төлем мөлшерін арттыру, салыктарды қайта қарау сияқты аса ірі шешімдер қабылданды.

Соғыстан кейінгі қайта құруда көп дау туғызған мәселелерінің бірі соғыс кезіндегі салынған мемлекеттік зауыттардың келешегі туралы мәселе болды. Бұл жерде әңгіме американ экономикасындағы мемлекеттік сектордың тағдыры туралы кетерілді. Соғыстың 5 ж. ішінде мемлекет өңдеуші өндірісті зауыттарын салуға і7 млрд доллар жұмсап, 2800-нан аса кәсіпорын салдырған болатын. Бір жылдан кейін олардың барлығын 250 корпорация жарты бағаларына сатып алды.

Ірі бизнес АҚШ-тағы өндіріс капиталының басты өкілі болды, мұнда Еуропадан ерекшелігі бұл салада мемлекеттік сектор жоқ еді. Дегенмен соғыстан кейінгі жылдарында мұнда ұсақ және орта кәсіпорындардын секторы да едәуір өріс алды. Елде 9 млн жеке меншік фирмалар жұмыс істеді.

Г.Трумэн әкімшілігініңишкі саясатықайшылыктарға тола болды.1946 ж.қосымша сайлаулар менқайта сайлаулардыңнәтижесінде демократтардыңреформистіксаясаты мен рузвельттікреформалауғақарсышықкан республикашылардыңпозициялары күшейе тусті.1947 ж. конгресс кәсіподаққызметінжәнеұйымдарқұру, ереуілдерұйымдастыруқұқынелеулі мөлшерде тежеген. Тафт-Хартли заңын қабылдады. Бұл АҚШ саяси өмірінің жалпы оңға бетбұрыс жасағандығының көріністері болды. Бұған кенеске қарсы науқандарды, сенатор Маккарти ұйымдастырған бейтараптықты тексеруді (50 ж. саяси шыдамсыздық көрінісін білдіретін "маккартизм" ұғымы осыдан шыққан) қосуға болады. 1948 ж. президент сайлауында Г.Трумэн "әділетті бағыт" бағдарламасын ұсынды. Сайлау алдында Трумэн Тафт-Хартли заңына тиым салып, оны жоюға әлеуметтік қамтамасыздандыруды кеңейтуге уәде берді. Бірақ президент тиымына қарамастан, Тафт-Хартли заңы екінші рет конгресс арқылы қабылданды, қара нәсілді американдардың азаматтық құқыктары туралы, денсаулық сактау қауыпсыздандыруын енгізу, оқу орындарына мемлекет тарапынан кқмек беру туралы т.б. заңдар қабылданбай қалды.

"Қырғи қабақ" соғыстың басталуы, КСРОмен теке тірес және Еуропадағы капитализмнің іргетасын қайта қалпына келтіруге қамкорлық жасау елдің ішіндегі реформашылдық әрекеттердің қанат жаюына мүмкіндік бермеді. Ақырында, АҚШ 1950 ж. маусымында басталган Корея соғысына араласты.

1952 ж. президент сайлауының қарсаңында демократиялық партия елге Рузвельт саясаты қалдырған реформашылдық мұраның көп белігінен айырылып қалган болатын. Көп жылдар бойына оппозицияда болып кел-ген республикалық партияға үкімет басына келу мумкіндігі туды. Республикашылдар бұрын ешқандай партияға қатысы жоқ атақты генерал Д.Эйзенхауэрді кандидат болуға шакырды. Ол Кореяга барып, көпшілік қолдамайтын соғысты тоқтатуға уәде берді. Бұл сайлауда республикашылдарға жеңіс әкелді. Д.Эйзенхауэр президенттікке 1956 ж. қайта сайланды. Осы жж. (1952— 1960) республикашылдар әкімшілдігі мен оппозициядағы демократиялық партиялардың арасында саяси бағыт са-ласында ешқандай елеулі айырмашылықтар байқалмады.

60-жж. реформашылдық.Эйзенхауэр әкімшілдігі 50 жж. аяғында сенатор Маккарти баскарған сенаттың қосалқы комиссиясы тарапынан демократияшыл қайраткерлерді шектен тыс қудалауға тиым салды. Аты дүние жузіне соғыс қаупін төндірген дүдәмел тұжырымдармен тығыз байланысты мемлекеттік департаменттің басшысы Даллес қызметінен кетті.

Америкаға жаңаруқажет болды.1960 ж. президент сайлауықарсаңында демократтар осыныұсынды. Олар Джон Кеннедиұсынған — "жаңа шептерге" дегенұранмен жеңіске жетті. Кеннеди мемлекеттікэкономикалықжәнеәлеуметтікқызметінбөлсенділендіру жөніндегі кейнсшілдік теориянықолдады. Оның"жаңа шептер" жөніндегіәлеуметтік-экономикалықбағдарламасы "тиімді сұраныс" туралы кейнсшілдік теорияныңарнасында болды және жаппай тұтынудыңтепетендікте болуын көздеді.

1963 ж. 22қарашасында Кеннедидіңөлтірілуі Ақүй басшысыныңауысуынаәкеп соқты. Ол вице-президент Линдон Джонсон еді. Олөзініңалдындағы президенттіңсаясатынжалғастырды.АҚШ-та аса маңызды әлеуметтік реформалар жүйеге асырылды. "Кедейлікпен күрес" бағдар-ламасыныңнегізінде табысы аз отбасыларына көмек көрсету туралы заңқабылданды, арзанүйлер салу, біпім беру жүйесіндамыту бағдарламалары іске асырылды, жасыұлғайған азаматтарға медициналыққаүіпсіздендіру енгізілді, ал табысы кедейшілік деңгейінен төмен отба-сылар медициналықкөмек көрсетуде жеңілдіктерімен пайдаланатын болды. Нәсілшілдік кемсітуге шектеу кою жөнінде де маңызды жәнеөмірге сай келетін заңдарқабылдады. Бұл кемсітушілікке аса күштіәлеуметтікқарсылыққозғалысы —қаранесіламерикандықтардыңбас көтерулеріне жауап шаралар болды.Қозғалысқа Мартин Лютер Кинг басшылықжасады. Бұл заңдардың ішіндегі ең маңыздысы 1964 ж. жұмысқа жалдау және көпшілік орындарда қызмет көрсету кездерінде кемсітушілікке тиым салу туралы заң болды. 1965 ж. қаранәсілді американдықтардың сайлау құқытарын қорғау туралы заң, ал 1968 ж. тұрғын үйлерді сату және жалға беру кезінде нәсілдерді кемсітуге тыйым салу туралы заң қабылданды.

Еңбек қатынастарына байланысты бірсыпыра шаралар қабылданды, олардың ішінде "Әділетті жалдау және еңбек жағдайлары туралы" заңды атап өтуге болады. Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мемлекеттік шығындарды анағұрлым арттыруды талап етті. Осы әлеуметтік мақсаттарға 60-жж. федералдык бюджеттің 40% дейін жұмсалды.

Бірақ әлеуметтік бағдармалардың іске асырылу барысында тіпті АҚШ сиякты бай капиталистік елде де елеулі кедергілер мен жетіспеушіліктер орын алды, бұл сыртқы саяси мәселелерге байланысты болды. 60-жылдар аяғында АҚШ-тан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта орналаскан Вьетнамда 500 мыңдай американ армиясы соғысып жатты. Вьетнамға интервенция жасау келесі президент пен конгрес сайлауында демократтарға жеңіліс таптырды.

70-жж. Америка.Бұл жылдары бүкіл дүние жүзі сиякты АҚШ-тағылыми-техникалықреволюцияныңжаңа кезеңінде экономикалықжәнеәлеуметтіксаясаттыңауысуы нәтижесінде пайда болған дүниежузілік экономикалықжәнеқұрылымдықдағдарыстарға байланысты ірі құрылымдық өзгерістерді басынан кешірді. Сонымен бірге осы кезде АҚШ-та саяси жанжалдар мен Вьетнамдағы жеңілісі үшін күйзеліс (вьетнам синдромы) орын алды.

1968 ж. сайлауда республикашылар жеңіске жетті.Ричард Никсонпрезидент болып сайланды.1972 ж. ол бұл орынғақайта сайланды, бірақ1974 ж. президент орнынан кетуге (демократтардыңштаб-пәтеріне Никсонныңадамдарынын тыңдаушы кондырғылар орнатқандығына байланысты Уотергейт жан-жалы) мәжбүр болды.1976 ж. президент болып демократиялықпартияныңкандидатыДжимми Картерсайланды. Американүкіметтерініңэкономикалықсаясатында кейнсілшіктен бастап, неоконсерватизмге дейінмаңызды ауытқышылықтар орын алды. 70-жж.әртүрлі көмек көрсету жүйесіөріс алды: табыстары кедейліктіңресми деңгейінен төмен отбасылар мемлекеттен арнайы көмек алып тұруғақұқылы болды, бұл жәрдемақыларәлеуметтікқауыпсыздандыру жүйесінтолықтырды. Одан басқа азык-түліктағамдарынүлестіружүйесіжұмыс істеді. Билілтіңәр-түрлі тармақтарынан көмек алушы адамдардыңжалпы саны 70-жж. ортасында 33 миллионға жетті. Дәл осы кезде Никсонәкмшәләгә кәсіподақтарға қарсы қатан саясат жүргізіп, олардыңбелсенділігінтежеуге арналған бірнеше заңдарқабылдады.

Республикашылдардьңсыртқы саясаты дақайшылыктарга тола болды. Вьетнамдағы соғысты, жеңіске жете алмайтындығына көз жеткеннен кейін,1973 ж. тоқтауға тұра келді. 70 жж. кеңес-американқатынастарында елеуліөзгерістер болды.Мәскеуде КСРО мен АҚШ арасында Ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы шартқа және стратегиялық шабуыл қару-жарақтарына шектеу қою саласыпда кейбір шаралар туралы уақытша келісімге қол қойылды (ОСВ—і). Кейінірек стратегиялық қару-жарақтарды қысқарту жөніндегі келісім (ОСВ-2) жасалды.

Р.Рейган үкіметі (1980—1988 жж.). "Рейганомика".Республикашылдар партиясыныңжеңісіжәне президенттікқызметке Калифорнияныңбұрынғы губернаторы және голливуд актері Р.Рейганныңсайлануыішкіжәне сыртқы саясат салаларында консерватизмге бұрынғыдан да гөрі белсендібетбұрыс жасаумен ерекшеленді.Рейган әкімшілігі шығындарды азайту мен бюджеттік тепе-тендіктің қатал монетарлық саясатын жүргізді. Соны­мен бірге мемлекеттікреттеу аясы тарылды, бұл бағаны бақылаудан бас тартуларданқоршаған ортанықорғау туралы заңдарда белгіленген кәсіпкерліктергеқойылған шектеулердіалып тастаудан көрініс тапты.1983 ж. американ экономикасы дағдарыстан шығып, оныңжаңа технология менғылыми зерттеулердіөндіріске еңгізу жолындағы жедел дамуы басталды. Жұмыссыздық10 млн адамнан 7 млн дейіназайды. Жүзден асаәлеуметтікбағдарламалар штаттардыңқарауына берілдіжәне бірыңғайландырылды.Бірақәлеуметтіксаясат бұрынғыша жургізіле берді, 30 млн. аса американдықтар сол күйінше мемлекет тарапынанәртүрлі көмектерге мұқтаж болды.

Рейган әкімшілігі кәсіподақтарғақарсы бағытталған катаңсаясатұстады. Ауа желісі диспетчерлерініңереуілікүштеп басылды, кәсіподақтаратылды, ереуілгеқатысушылар жұмыстаншығарылды. Онсыз да көп жылдар бойына дағдарысты бастарынан кешіріпотырған кәсіподақтарүшінбұлөте ауыр соққы болды.

1955 ж. АЕФ КППқатарында16 млн.адам, яғни ауыл шаруашылығынан басқа салалардағы жұмысқолының32% бар болатын.1992 ж. бұл санөзгермесе де,ұжымдасқан жұмысшылардыңүлесі15% дейінқысқарды. Кәсіподаққозғалысы енбекақыныңсақталуыүшінкүрес-тен бас тартты, бұл 80-жж. нақты еңбекақыныңкемуімен келісу деген сөз еді. Кәсіподаққозғалысыныңқұлдырауына еңбекке жарамды халыктыңқұрамындағықұрылымдықөзгерістер де себеп болды. Түрліқызметтер көрсету,ғылым, ағарту, денсаулықсақтау,қаржы-қаражат, ақпаратқызметі т.б. салаларда жұмыс істейтіндердіңсаны тезөсті. Бірақтікелей тауарлар мен тұтыну заттарын шығарушыөндіріс салаларында істейтіндердіңсанықысқарып кетті, кәзіргі кездеөндірісте жұмыс істейштіндердіңүштен біріғана шоғырланса,ғасырдыңаяғында олардыңүлесі 20% дейіназаймақшы.

Президент Рейганныңсыртқы саясатында екікезеңанықбайқалды. 80-жж. біріншіжартысында АҚШ сыр­тқы саясатында теке тірес процестері басым болды, КСРО-мен екі арадағықарама-қарсы тұрушылық,әсіресе1979 ж. кеңесәскерлерініңАуғанстанға еңгізілуі,1981ж, Польшада соғыс жағдайы жарияланғаннан соң, сонымен бірге Онтустік-Шығыс Еуропаныңкейбір социалистікелдері мен КСРО-ныңбатыс аудандарында СС-20 ракеталарын орналастырудан жанталасақаруланудыңжаңа кезеңібасталып, оныңкосмосқа таралуқауіпітуды. АҚШ Батыс Еуропағақанат-ты ракеталар мен ортақашықтықракеталарын орналастыра бастады. Тек 80-жж. екіншіжартысындағана келіссөздердіңнәтижесіндеқарама-қарсы тұру тұйығынан шығудын жолдарықарастырыла басталды.

АҚШ пен КСРО басшыларының1986 ж. Рейкьявиктегі кездесуінен кейінөзгеріс басталды.1986 ж. желтоқсанда Вашингтонда КСРО мен АҚШ арасында орта жәнеқысқақашыктықракеталарын жою туралы шартқақолқойылды. Содан соң1991ж. Бушәкімшілігі кезінде Мәскеуде екіелдіңстратегиялықшабуылқаруларыныңүштен бірінқысқарту туралы шартқақолқойылды. Бұл стратегиялықмақсаттағықаружарақтардыңқысқартудыңбасталуы екі ел арасындағықарама-қарсылықтан бейбітшілікпен ынтымақтастықжолдарыніздестіруге бетбұрыс болды. Бұған1988 ж. ақпанында кеңесәскерлерінАуғанстаннанәкету мен1989—1991жж. бұрынғы социалистікелдердегідемократиялықреволюцияларәсер етті, нәтижесінде жаңа геосаяси жағдай орнап, "қырғиқабақ" соғыс аяқталды.

1988 ж. президент сайлауында республикашылар тағы да жеңіске жетті. Рейганныңсаясатын оныңкезінде елде вице-президентқызметінатқарған Дж.Буш жалғастырды.

Президент Б.Клинтон және оның бағдарламасы.1992 ж. президент сайлауында демократиялықпартия мен оныңкандидаты Билл Клинтон жеңіске жетті.Қолайсыз экономикалықжағдайларда билеушіпартияныңжеңіліс табуы Америкаүшіндағдылы жағдай. "Рейганомика" демократтарға жұмыс күншінің10% жұмыссыздығымен 300 млрд. доллар бюджет дефицитінмұра етіп қалдырды.1980—1990 жж. арасындағы онжылдык барысында американ халқыныңкедей топтарының, тіпті жұмысы барларыныңда, нақты табысы жылдан-жылға кеміпотырды.

Билл Клинтон "рейганомиканы" қатты сынға алып, саясаттың "үшінші жолын" ұсынды. Мұнда Рузвельттің "жаңа бағытының" тәжірибесі мен 60-жж. либерализімін қоса, либералдық жолдардын ең таңдаулы дәстурлері біріктірілген болатын.

Клинтон жариялаған "үшінші жол", "рейганомика­ны" қайта қарауды және мемлекеттік неокейнсшілік белсенді әлеуметтік саясат бағытына оралуын ұсынды. Республикашылдар партиясының бағдарламасынан тек бюджет дефицитін жою жөніндегі ғана уәде алынды. Бұл "рейганомиканың", басқаша айтқанда, "консервативтік революцияның" дәуірінің біткендігінің белгісі еді. АҚШ та "әлеуметтік рыноктік шаруашылық" тәріздес экономикалық саясат бағыты қабылданды.

Мемлекеттік саясаттың бастапқы назары әлеуметтік қамсыздандыруға, денсаулық сақтау, ағарту (американдықтар бұл шығындарды "адам ресурстарына" салым деп атайды) салаларына аударылды. Бұл бағыт Клинтонның 1996 ж. келесі президент сайлауында жеңіп шығуын қамтамасыз етті. Демократтардың жеңісіне АҚШ тағы 90-жж. үздіксіз экономикалық өрлеудің әсері тиді.

8 жылдан астам уақыт бойына экономика тұрақты дамып (1998 ж. — 3,6%) отырды. Клинтонәкімшілігініңтұсында жекеменшік секторде14 млн.жаңа жұмыс орнықұрылып, жұмыссыздықсонғы 25 жылішіндегі еңтөмен көрсеткішдеңгейіне дейіназайды.1996 жылдан соң АҚШ бюджетініңүштенекісі "адам ресурстарын" дамытуға жұмсалды.1999 ж. АҚШ-тыңбюджет дефицитінжоюғақолы жетті.

Мұндай экономикалықжағдай республикашылдарға1998 ж. аралықсайлауда Клинтон президенттігініңдағдарысын және "лайықсыз мінез-құлқы"үшінимпичментқұқығын жеңіске жетуге пайдалануға мүмкіндікбермеді.

1990 жж. АҚШ экономикалықжәнеғылыми-техникалықдаму менәлеуметтікқамсыздандырудын тиімді механизмін жасай алды. Осы негізде демократиялықжәне республикалықпартиялардыңұстанымдары жа-қындаса тусті.