Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Соғыстан кейінгі кезеңдегі Европадағы дағдарыс

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың әлеуметтік-саяси салдарлары

  2. Австрия-Венгрия империясының ыдырауы

Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын Еуропа халықтары тыныштық өмірге оралу жөніндегі үмітпен қарсы алды. Бірақ соғыстан кейін бейбіт өмірге өту жеңімпаздар үшін де, жеңген елдер үшін де қиын да ұзақ процесс болды. Соғыс көптеген елдерді жұтатты. Еуропадағы соғыстан бұрынғы экономикалық, саяси жүйелерді күйретті. Алда халықаралық деңгейде күштердің жаңа арақатынасын реттеу, халықаралық қатынастар жүйесін құру, жеңген және жеңілген елдер арасындағы қалыптасқан қатынастарды бекіту міндеттері тұрды. Бұл маңызды мәселелер соғыстан кейінгі бейбіт реттеулер барысында шешімін тапты.

Соғыс және экономикалық қирау саяси дағдарыстар мен революциялық процестерге әкеліп соқтырды. Еуропа революцияларының басы Ресейдегі 1917 ж. Ақпан және Қазан революциялары болды. Олар Еуропадағы және дүниежүзіндегі жағдайға күшті әсер етті. Бұл оқиғаларға батыс қоғамының әртүрлі топтары мен Шығыс елдерінде берілген бағалар әртүрлі, тіпті қарама-қайшы болды.

Жеңімпаз елдер – Ұлыбритания, Франция, Италия, АҚШ, Жапонияда революция болған жоқ, бұл елдер үшін революция уақыты өтіп кеткен еді.

Революция Ресейде және жеңіліс тапқан елдер – Австрия-Венгрияда, Түркияда болды. Бұл елдерде шешімін таппаған мәселелер жеткілікті болатын. Соғыстың басты салдарларының бірі – ол күйреген Австрия-Венгрия, Ресей және Осман империяларының негіздерінде жаңа мемлекеттердің құрылуы болды.

«Бұқара және бұқаралық қозғалыстар ғасыры»– басталған жаңа дәуірдің маңызды ерекшеліктерінің бірін осылай атауға болады. Жалпыға бірдей сайлау құқығы мен демократиялық бостандықтар жүйелерінің дамуы орасан көп халық бұқарасының бұрын болып көрмеген кең көлемде саяси өмір мен саяси күреске араласуына мүмкіндік туғызды.

Бұрын еуропалық елдерде либерализм, консерватизм, социализм және олардың әртүрлі ағымдары үстемдік етсе, Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жаңа қозғалыстар мен партиялар қалыптасты.

1918-1919 жж. Батыстың кейбір капиталистік елдерінде оңшыл радикалдық экстремистік қозғалыс пайда болды, олар жалпы фашизм деп аталды.

Германиядағы революция 1918 жылы 3 қарашада Кильде матростардың көтерілісінен басталып, 9 қарашада берлинге келіп жетті. Кайзер елден қашып кетті. Революциялық үкімет – Халық уәкілдерінің кеңесі социал-демократ Ф.Эберттің басшылығымен Германияны республика деп жариялады. 11 қарашада уақытша бітімге қол қойылды. 12 қарашада үкімет әрекеттер жоспарын жариялады, соғыс кезіндегі төтенше жағдай өзгертілді, сөз, жиындар өткізу, қауымдастықтар құру бостандығы жарияланды, саяси тұтқындарға кешірім берілді, тұңғыш рет тікелей және жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей тең сайлау құқығы енгізілді.

1918 ж. желтоқсанның ортасында солшыл радикалдық топтар Германия социал-демократиялық партиясының құрамынан шықты. Кеңестік Ресейдің үлгісімен жігерленген олар социалистік революцияны, ресми билікті кеңестерге беруді қолдады.

Солшыл радикалдық топтардың бірі «Спартактың» жетекшілері К.Либкнехт пен Р.Люксембургтің басшылығымен Германия коммунистік партиясы құрылды.

1919 ж. 5 қаңтарда Берлинде социал-демократ Эберттің үкіметін құлатуды талап еткен жұмысшылардың стихиялы түрдегі қарулы көтерілісі басталды. Бірақ көтеріліс елде қолдау таппай, оны полиция басып тастады.

Германиядағы «Қараша революциясы» деген жалпы атпен біріктірілген революциялық қозғалыстар тізбегінің соңғы оқиғасы 1919 ж. 13 сәуірдегі Бавария кеңестік республикасын жариялау болды.

1919 ж. ақпанда Құрылтай жиналысына сайлау өтті. Веймар қаласында жиналған Құрылтай жиналысы 31 шілдеде революцияшыл бұқараның кейбір талаптарын орнықтырған конституцияны қабылдады. Германия тарихында Веймар республикасы деп аталған жаңа кезең басталды. 1919 ж. 28 маусымында Версаль бітіміне қол қоюына байланысты республиканы бүкіл дүние мойындады.

Германиямен бір уақытта көп ұлтты Австрия-Венгрия империясында революциялық процестер басталды. Революцияның нәтижесінде Австрия мен Венгрияда үкімет құлатылып, республика жарияланды. Авсрия революциясының Германия ревоюциясына ұқсастығы көп болды. Монархияны құлату қарулы күрессіз іске асты. Венгрия революциясы монархиялық құрылысты құлату, біріккен үкімет құру және республика жариялаудан басталды. 1919 ж. 21 наурызда Венгрия кеңес республикасы жарияланды, ал оның үкіметі Ресейдегідей Халық Комиссаарларының Кеңесі деп аталды.

Елдің даму болашағы жөніндегі ішкі саяси күрес пен шетел басқыншылары және коммунистер мен социал-демократтардың арасындағы терең келіспеушілік 1919 ж. 1 тамызда Венгрия кеңес республикасының құлауына себеп болды. Елде авторитарлық билік орнады. Венгрия қайтадан реген М.Хорти басқаратын монархиялық мемлекет деп жарияланды.

Чехословакияның құрылуы.Тек Вена мен Будапешт қана емес, сонымен бірге Прага және империяның ұлттық шет аймақтары да революциялық және ұлтшылдық қозғалыстардың ошақтарына айналды. 1918 ж. қазанның аяғында Чехия мен Словакияда билік органдары ретінде Ұлттық комитеттер құрылды, олар қос ұлттық Чехословакия республикасын құруға келісті. өз шекараларына Чехословакия немістер мен славяндар тұратын жерлерді де енгізді.

Югославияның құрылуы.Австро-Венгрияның оңтүстік славян жерлеріндегі австриялықтарға қарсы шығулар 1918 ж. күзінде басталды. Бұл кезде Адриатика жағалауындағы жерлердің бір бөлігін басып алуға тырысып, Италия соғыс қимылдарын жалғастыра берді. Бұл қауіпке бетпе-бет келген Сербия корольдігі және осы кезде пайда болған словендер, хорваттар мен сербтердің мемлекеті Сербтердің, хорваттардың және словендердің корольдігіне бірігу туралы шешім қабылдады. Кейінірек оған Черногория да енді. өзінің ұлттық және діни құрамы жағынан ала-құла мемлекет Югославия деп аталды.

Ресей империясының ыдырауы.Дүниежүзілік соғысжәне 1917ж. революция Ресейдегі патшалық тәртіптің құлауына, одан әрі қарай империяның ыдырауына алып келді.

Польшаның тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі.Германия революциясының алғашқы күндерінде-ақ 1918 ж. 6 қарашада герман әскерлері басып алған Польшада уақытша поляк үкіметі құралды. Бірақ ол бүкіл Польша жерін бақылай алған жоқ. 1918 ж. желтоқсанда батыс поляк жерлерінің бір бөлігі азат етілді. Басқа аймақтар Польшаға Версаль бітім шарты бойынша берілген болатын. Сол себепті Польшаның республика ретінде қалыптасуы тек 1921 ж. наурызда конституция қабылдаумен аяқталды. Үкімет басына Ю. Пилсудский келді, оның билеуі авторитарлық сипатта болды.

Финляндияның тәуелсіздігінің жариялануы.Қазан революциясының ықпалымен Финляндияда демократиялық үкімет құрылып, оны 1917 ж. желтоқсанда Кеңестік Ресей таныды. Бірақ елде оңтүстік аудандарда тұратын социалистік революцияны жақтаушылар таңған азамат соғысы басталды. Фин үкіметіне 1918 ж. сәуірде герман дивизиясы көмекке келді. 1919 ж. шілдеде революция әрекеті басылып тасталынды. Финляндияның тәуелсіздігі орнықты.

Балтық жағалауы республикаларының тәуелсіздігінің орнауы.Буржуазиялық-ұлтшыл және пролетарлық-революцияшыл күштердің арасындағы қақтығыстар мен теке тіресулер Балтық жағалауындағы республикаларда да орын алды. 1919-1920 жж. Латвияда, Литвада және Эстонияда буржуазиялық-демократиялық республикалар орнады.

Қорытынды.Соғыстан кейінгі жылдарда Еуропа құрлығында әлеуметтік, таптық, ұлттық және идеялық-саяси күштердің арасындағы күрделі күрестің барысында бір топ елдердің тәуелсіздігі орнады және жаңа геосаяси жағдай айқындалды. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу мен халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы бірінші кезектегі мәселеге айналды.