Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Соғыс барысындағы түбірлі бетбұрыс

Жоспар

  1. Соғыс экономикасының дамуы

  2. Соғыс барысындағы бетұрыс

  3. Антифашистік және ұлт-азаттық қозғалысынтың өрлеуі

  4. Еуропадағы екінші майдан

Соғыс экономикасының дамуы.1942 ж. барысында фашизмге қарсы одақтың күші арта түсті.

Кеңес одағы немістер басып алған территорияларынан әкетілген өндіріс орындарының көпшілігін қалпына келтірді. Жаңадан соғыс зауыттары, шахталар, темір жолдар салынды. Жұмыс уақыты 11-12 сағат, тіпті одан да көп уақытқа созылды. Әйелдер мен жасөспірімдер соғысқа кеткен ерлердің орындарын басты. Кеңес әскері тенктердің, самолеттердің, артиллерия қару-жарақтарының немістердікінен кем соқпайтын, тіпті кейбіреулері одан да артық, жаңа үлгілерімен қаруланды.

Британия өнеркәсібі азық-тұлік пен шикізаттың тапшылығына қарамастан, қарулы күштердің қажеттерін қанағаттандыра алды. АҚШ экономикасы аса жылдам қарқынмен дами бастады. Мемлекеттік қаржылардың есебінен жаңадан алып соғыс зауыттары салынып, бүтіндей өндіріс салалары құрылды. Тек 1942 ж. ішінде ғана американ өнеркәсібі 32 мың танк және 49 мың жауынгерлік самолеттер шығарып, дүние жүзінде бірінші орынға шықты.

Өте құпия жағдайда Америка Англиямен бірлесіп, атом бомбасын жасауға кірісті. 1942 ж. желтоқсанда АҚШ-қа эмиграцияға кетіп қалған атақты итальян физигі Э.Ферми тұңғыш рет өзінің жобасы бойынша жасалған реакторда басқарылатын тізбекті реакцияны іске асырды. Осыдан соң атом бомбасын жасауға жол ашылды. «Манхеттен жобасы» деген кодтық ат алған атом қаруын жасау жөніндегі жобаның ғылыми жетекшісі болып атақты американ физигі Р.Оппенгеймер тағайындалды.

Америка мен Англия шығарылған қару-жарақтар мен құрал-жабдықтардың бір бөлігі ленд-лиз бойынша Кеңес Одағына жөнелтіліп тұрды. Жалпы есеппен соғыс жылдарында КСРО ленд-лиз бойынша 40 мыңнан астам автомашина, 18,7 мың самолет, 10 мыңнан аса танк, көптеген өнеркәсіп құралжабдықтарын, шикізат және азық-түлік алды. Самолеттер саны кеңес өндірісінің 12 %, танкілер – 10 % құрады.

1942 ж. күзінде Кеңес Одағы, АҚШ және Ұлыбритания Германия, Италия және жапония үшеуін қосқанда артиллериялық қарулар мен минометтерді 5 есе, самолеттерді 3 есе және танктерді 10 есе көп шығарды.

Соғыс барысындағы бетбұрыс.1942 ж. аяғында антифашистік одақтың күштері қарсы шабуылға шықты. Соғыс барысында түбегейлі өзгеріс болып, ол басқыншылардың толық талқандалуымен аяқталды.

1942 ж. 19 қарашада кеңес әскерлері Сталинград түбінде қарсы шабуылға шықты. Г.К. Жуковтың, А.М василевскийдің, К.К. Рокоссовскийдің, Н.Ф. Ватутиннің, А.И. Еременконың және басқа да кеңес қолбасшыларының басшылығымен олар Германия мен оның одақтастарының өздеріне қарсы тұрған әскери топтарын талқандады.

1943 ж. жазында Германияның кеңес-герман майданында Курск маңында шабуылға шығу әрекеті іске аспай қалды. Шабуылды тойтарып, кеңес әскерлері жау басып алған жерлерді азат ете отырып, Батысқа қарай бет алды. Кеңес әскерлеріне партизандар үлкен көмек көрсетті. Кеңес-герман майданында Германия мен оның одақтастарының негізгі қарулы күштері талқандалды.

Кеңес әскерлерімен бір мезгілде Англия мен АҚШ-тың қарулы күштері де шабуылға шықты. 1942 ж. қарашада Солтүстік африкадағы француз иеліктері Марокко мен Алжирге американ генералы Д.Эйзенхауэр бастаған ірі американ-ағылшын десанты түсірілді. Ол жерлердегі француз әскерлері мен вишилік отарлық әкімшілік одақтастардың жағына өтті. Генерал Б.Монтгомеридің басшылығымен Египетте шабуылға шыққан ағылшын әскерлерімен бірлесе қимылдай отырып, Эйзенхауэр бастаған күштер итальян-неміс тобын талқандады. Солтүстік Африканы басып алу одақтастарға Жерорта теңізіне бақылау орнатуға және Италияға басып кіруге жол ашты.

1943 ж. 10 шілдеде ағылшын-американ әскерлері Италияның оңтүстігіне басып кірді. Фашистік партия мен әскер басшыларының бір бөлігі корольдің қолдауымен Муссолиниді биліктен тайдырып, Германиядан қол үзіп, Англия мен АҚШ жағына шығу мақсатымен қастандық ұйымдастырды. 1943 ж. 25 шілдеде фашистік партияның басшыларының көпшілігі Муссолиниге кенімсіздік білдірді. Король бұйырығымен Муссолини қамауға алынды. Король үкімет басшысы етіп итальян әскерінің бас штабының бұрынғы басшысы маршал бадольоны тағайындады, ол кешікпестен Англия мен АҚШ-пен жасырын келіссөздер жүргізуге кірісті.

1943 ж. 8 қыркүйектегі Италия уақытша бітімге қол қойып, соғыстан шықты. Бұған жауап ретінде неміс әскерлері Солтүстік және Орталық Италияғы басып кіріп, итальян әскерін қарусыздандырып, Оңтүстік Италиядан Солтүстікке жылжып келе жатқан ағылшын-американ әскерлерінің жолын бөгеді. Италияны екіге бөлген итальян майданы пайда болды.

Неміс парашютистерінің тобы Муссолиниді босатып, Солтүстік Италияға алып кетті. Мұнда ол неміс басқыншыларының бақылауымен әрекет еткен қуыршақ үкімет құрды.

Антифашистік және ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуі.Неміс әскерінің Курск түбіндегі жеңілуі мен Италияның тізе бүгуінен кейін басқыншылардың сөзсіз тақандалатындығынің күмәнсіздігі басып алынған елдердегі Қарсыласу қозғалысының өрлеуіне әсер етті.

Олардың әртүрлі топтары бірігіп, жалпы басшылық органдарын және қарулы топтар құрып, басқыншыларға қарсы партизандық соғыс бастады. Бұл күреске орыс эмигранттары мен тұтқынға түскен немесе басқыншылар Германияға жұмыс істеуге ықтиярсыз айдап әкеткен, кейін қамау орындарынан қашып шыққан кеңес азаматтары белсенді түрде қатысты.

Қарсыласу қозғалысына қатысушалардың басым көпшілігі өз елдерін азат етуді тіледі, бірақ соғыстан бұрынғы тәртіптерге оралғысы келмеді. Олардың барлығы фашизмді талқандауды, демократиялық бостандықтарды қалпына келтіру мен оларды кеңейтуді, терең әлеуметтік өзгерістер жасауды қалады.

Қарсыласу қозғалысы Батыс Еуропада Франция мен италияда кең тарады.

Францияда 1942-1943 жж. қарсыласудың барлық негізгі ұйымдары, оның ішінде компартия, социалистік партия, кәсіподақтар, буржуазиялық-патриоттық топтар Қарсыласудың біртұтас Ұлттық Кеңесіне бірікті және негерал де Голльдің жалпы басшылығын таныды.

Солтүстік және Орталық Италияны Германия басып алғаннан кейін Қарсыласу қозғалысына қатысушылар жауынгерлік топтар құрып, басқыншыларға қарсы шайқасқа шықты.

Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде: Югославияда, Грецияда, Албанияда, Польшада партизан қозғалысы кең тарады. Югославияның, Грецияның, Албанияның асуы қиын таулы аудандарында партизандар бірнеше азат етілген аудандар құрып, үкімет билігі іс жүзінде партизандық әскери комитеттердің қолына көшті.

1943 ж. қарашасында Югославияның азат етілген аумақтарында Югославия коммунистік партиясының басшысы И. Броз тито бастаған азат етудің Ұлттық комитеті құрылды. Албанияның азат етілген аудандарында ұлттық-азаттық кеңестер билік жүргізді, көбінде коммунистердің ықпалы күшті болды.

Жапония жаулап алған Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде де ұлт-азаттық қозғалыс пайда болды. Малайя мен Филиппины аралдарында басқыншыларға қарсы күресуші қарулы топтар құрылды.

Үндіқытайда 1943 ж. алдында партизан топтары Солтүстік Вьетнам территориясының бір бөлігіне өз бақылауын орнатып, алғашқы азат етілген аудандарды құрды.

Қытайда компартия жапондарға қарсы соғысқа қатысты және азат етілген аудандар құру үшін күресін жалғастыра берді, ол аудандарда Чан Кайшидің орталық үкіметіне бағынбайтын өз билік органдары болды.

Еуропадағы екінші майдан.Қызыл әскердің жеңістері мен басып алынған елдердегі фашстерге Қарсыласу қозғалысының өрлеуі Англия мен АҚШ-тың билеуші топтарының екінші майдан мәселесіне көзқарастарын өзгертті. Олар енді екінші майдан ашуды кешеуілдетуге болмайды деп шешті, себебі, олай етпеген жағдайда Кеңес Одағы бүкіл Еуропаны өз күштерімен-ақ азат етіп, ол коммунистердің билігіне көшеді деп есептеді. Соғыс жоспарларын үйлестіру үшін антифашистік одақтың үш ұлы мемлекетінің басшылары – Сталин, Рузвельт және Черчилль 1943 ж. қараша-желтоқсанында Иранның астанасы Тегеранда бас қосты. Тегеран конференциясына қатысушылар екінші майданды 1944 жылдың жазында Францияда ашатын болып келісті. Сталин одақтастарға еуропадағы соғыс аяқталған соң Жапонияға қарсы соғысқа кірісуге уәде берді.

Тегеранға жолшыбай Черчилль мен рузвельт Египет астанасы Каирге кідіріс жасап, онда Қытай үкіметінің басшысы Чан Кайшимен кездесті. Каирде қабылданған декларацияда АҚШ, Ұлыбритания және қытай Жапонияға қарсы оның толық тізе бүккеннінше біріккен соғыс қимылдарын жүргізе беретіндіктерін мәлімдеді. Олар Жапонияны «ол күшпен басып алған барлық жерлерден» қууға, Қытайға оның Жапония тартып алған жерлерін қайыруға, Кореяға тәуелсіздік беруге уәделесті.

1944 ж. жазында АҚШ Англияға Д.Эйзенхауэр бастаған ірі әскери күш түсірді. Франциядағы соғыс қимылдарын жүргізетін ағылшын әскерлеріне Б.Монтгомери қолбасшылық етті. Американ және ағылшын әскерлерімен бірге Францияға енуге канада әскерлері мен генерал де Голль құрастырған француз әскери бөлімдері де дайындалды.

1944 ж. 6 маусымда одақтастардың әскерлері Францияның солтүстігіндегі Нормандияға басып кірді. 11 мың самолеттен тұратын алып әуе армадасы десантты жоғарыдан қорғап тұрды. Басты күштерді кеңес-герман майданына байланған неміс әскери басшылығы одақтастар әскерінің түсуіне кедергі жасай алмады. Германияға 1944 ж. маусымында Англияны Гитлер «кек алу» қаруы деп атаған «Фау – 1» және «Фау – 2» ракеталарымен атқылау да көмектеспеді. 1944 ж. 15 тамызында тағы екі одақтастар әскері – американдық және француздық – Францияның Жерорта теңізі жағалауына түсірілді. Екінші майдан ашылды.

Германияның сөзсіз жеңілетіндігіне көзі жеткен бір топ неміс офицерлері мен шенеуніктері Гитлерді биліктен аластау және соғысты тоқтату мақсатымен оған қастандық ұйымдастырды. 1944 ж. 20 маусымында қастандыққа қатысушы полковник Штауфенберг Гитлердің ставкасына баяндау үшін келген кезінде онда баяу қимылдайтын бомба тастап кетеді. Бомба жарылып, Гитлер жарақат алғанымен, тірі қалады. Қастандыққа қатысушылар түгелдей дердік қамауға алынып, аюандықпен азаптап өлтіріледі.

Сол екі арада одақтастар әскерлері батыс майданда шабуылға шықты. Француз Қарсыласу күштерінің белсенді көмегімен олар Парижге беттеді. Қарсыласу қозғалысына қатысушылар көтеріліс жасап, үш күнге созылған табан тірескен ұрыстардан кейін француз астанасының негізгі бөлігі азат етілді. Оларға көмекке де Голльдің әскери бөлімдері келді. 25 тамызда олар парижге енді. Виши үкіметі құлады. 1944 ж. қыркүйегінде бүкіл Франция басқыншылардан азат етілді. Билік де Голль бастаған уақытша үкіметтің қолына көшті.