Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Хіх ғ. Соңы мен хх ғ. Басындағы Латын Америкасы

  1. Аймақтың тарихи ерекшеліктері.

  2. 1910-1917 жж. Мексика революциясы

Аймақтың тарихи ерекшеліктері.ХХ ғ. басында Латын Америкасында 60 млн. аса халық тұрды. 20,6 млн. шаршы километрлік ұлан-ғайыр территорияда 20 тәуелсіз мемлекет өмір сүрді. Олардың 18-і испан тілдес, Бразилия-португалия тілдес және Гаити-француз тілдес еді. Бұлардың ішіндегі ең ірілері және салыстырмалы күшті дамығандары Бразилия, Мексика, Аргентина болды, олардың үлесіне территорияның 2/3, халықтың 60 % тиді.

1910-1917 жж. Мексика революциясы.ХХ ғ. басында Мексика күрделі саяси дағдарысты басынан кешірді. Мексиканы 1877 ж. бері басқарып келе жатқан диктатор Диастың саясаты елді әлеуметтік жарылысқа әкеп соқтырды. Елдегі саяси дағдарыс президент Диастың 1910 ж. кезекті сайлау науқанына байланысты шиеленісе түсті. Өткен уақыттарда мұндай сайлаулар Диасқа біркісідей дауыс беруді қамтамасыз ететін. Бұл жолы буржуазиялық оппозицияның өзінің балама кандидаты болды. Оппозицияның көсемі көптеген металлургиялық, тоқыма және басқа да кәсіпорындардың иесі, бай жериеленуші мен капиталистердің баласы Франциско Мадеро (1873-1913) еді. Мадеро АҚШ пен Францияда білім алды. Ол «Демократ атты газет шығарды және ұлттық либералдық партияны басқарды.

Сайлау алдында диктатор Диас Мадероны тұтқынға алып, оны бүлік ұйымдастырды деп айыптап, сотқа берді. Кепілдікке босатылған Мадеро АҚШ-қа қашты. Әрине, сайлауда бұл жолы да Диас жеңді.

Оппозиция күрестің басқа түрі – қарулы күреске дайындалуға кірісті. Мадеро құжат жариялап, онда 26 маусымда өткен президент сайлауын дұрыс емес деп айыптап, 1910 ж. 20 қарашада қарулы көтеріліс жасауға шақырды. Жаппай көтерілістер мен қақтығыстар әскери бөлімдерді де қамтып, Мексика революциясының басталғанын паш етті.

Диасты орнынан құлатуда басты рөлді бүкіл елді қамтыған шаруалар қозғалысы атқарды.

Мексиканың оңтүстігінде Эмилиано Сапатаның (1869-1919) партизандық армиясы әрекет жасады. Сапата шаруа отбасында дүниеге келді. өзі тұратын деревнядағы шаруалардың жерлерін помещиктердің зорлықпен тартып алғанына ашу ызасы келген Сапата көтеріліске басшылық етті.

Мадеро Диастың құлату үшін күрес бастағанда Сапата оған қосылып, революциялық армияның генералы деген атақ алды. Мексиканың солтүстігінде Чиуауа штатында шаруалар көтерілісін Панчо Вилья (1877-1923) басқарды, ол да Мадероны қолдап, генерал атағын алды.

Шаруалар қозғалысы мен қала жұмысшылары және орта топтардың әрекеттерінің арқасында Мадеро 1911 ж. 7 маусымында Мехикоға келіп кірді. 83 жасар диктатор Диас елден қашуға мәжбүр болды. 1911 ж. 2 қазанында Мадеро Мексикаға президент болып сайланды.

Мадеро шаруаларға олардан тартып алынған қауымдық жерлерді қайтарып беремін деген уәдесінен бас тартып, шаруалар армиясының қарусыздануын талап етті. Сапата мен Вилья шаруалардың талаптарын қолдап, қарусызданудан бас тартты. Мадеро оларға қарсы күрес бастады. Біртұтас революцияшыл майдан ыдырады. Бұл жағдайда клерикалдық-помещиктік реакция пайдаланды.

Генерал Уэртаның басшылығымен контрреволюциялық төңкеріс жасалынды. 1913 ж. 18 ақпанында Мадеро тұтқынға алынып, артынан өлтірілді.

Диктаторлық режимнің қалпына келтірілуі елде жаппай қарсылық туғызды. Сапата мен Вильяның шаруалар армиясы бірікті. Буржуазиялық-демократиялық оппозицияны, либералдық жер иеленушілерді, плантациялардың жұмысшылары мен қала тұрғындарын біріктірген жалпы революциялық тасқын қалпына келтірілді. Уэртаның әскери хунтасын құлатуда шешуші рөлді шаруалар отрядтары атқарды. Көтерілісшілер астананы қоршауға алды. 1914 ж. шілдеде Уэрта биліктен бас тартты.

Веракрус қаласында азаматтық билік басшысы ретінде Уэртаға қарсы күресті бірінші болып бастаған Венустиано Карранса орныққан болатын. Бай мал өсіруші помещик, президент Мадероның үкіметінде министр болған Карранса 1914 ж. Уэртаға көмекке келген «үлкен шоқпар» ретінде жіберілген американ әскерлерінің елге келуіне қарсы наразылық білдірген еді. Бұл оның беделін өсірді.

Бірақ ол шаруалардың көтерілісші отрядтарымен күресін жалғастырды. 1917 ж. олар негізінен талқандалды. Шаруа көсемдері Сапата мен Вильяның өмірлері де қайғылы аяқталды, екеуі де жалдамалы жендеттердің қолынан қаза тапты.

Карранса үкіметі шетел капиталының елдің шаруашылық өмірі мен экономикасына ықпалын тежейтін бірсыпыра шараларды қабылдады. Ол жұмысшы қозғалыстарына әлеуметтік реформаларға уәде беруді ереуілдер мен толқуларды күшпен басу әрекеттерімен ұштастырды.

Үкімет ұстанымдарының нығаюына белгілі бір шамада АҚШ экспансионистері де «көмектесті». 1916 ж. наурызында америка шекарасын Вилья армиясы бұзды деген сылтаумен Мексикаға генерал Першинг бастаған 12 мыңдық американ армиясы басып кірді. Карранса АҚШ-қа қарсы соғысқа дайындалды. Сөйтіп, революция империализмге қарсы, АҚШ-қа қарсы сипат алды. Елдегі жалпыұлттық өрлеу АҚШ-ты тез арада елден әскерлерін әкетуге мәжбүр етті. Осындай жағдайларда жаңа Мексика конституциясын дайындау жұмыстары басталды.

Құрылтай жиналысын шақыру мен жаңа конституцияны қабылдау революцияны аяқтады. Құрылтай жиналысындағы демократияшыл қанат күрестер мен келісімдер нәтижесінде сол кездегі ең алдыңғы қатарлы конституцияны қабылдатты. Жиналыс оны 1917 ж. 31 қаңтарында қабылдап, 1917 ж. мамырында ол күшіне енді.

Конституция басқарудың республикалық формасын белгіледі. Ол елді басқарудың тұрақты демократиялық жүйесінің негізін қалады.