Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

19 Ғ. Аяғы мен 20 ғ. Басындағы Азия елдері

  1. 19ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Азияның оянуы: дәстүршілдік және жаңарту.

  2. 19ғ. аяғы мен 20 ғ басындағы Қытай және Жапония

Азияның оянуы: дәстүршілдік және жаңарту.ХХ ғасырда Шығыс елдері мен еуропалық мемленкеттердің дамуларының арасындағы алшақтық ұлғая түскен еді. Шығыс өз дамуында бір орында тұрып қалғандай, еуропалық экспансияға ұшырады. ХХ ғ. басында дәстүрлі институттары мен құрылымдарды сақтап қалған шығыс елдері дүниежүзілік капиталистік шаруашылық жүйесіне күштеп кіргізілді.

1905-1907 жж. Ресей революциясы Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріндегі империализмге қарсы және феодализмге қарсы күрестің дамуына жаңа серпін берді.

ХХ ғ. басындағы Азия елдеріндегі революциялар.

1911-1912 жж. Синьхай революциясы. Маньчжур әулетін тақтан тайдырғанымен, Қытайды демократияландыру және орталық биліктің қоластына біріктіру міндеттерін шешкен жоқ.

1908 ж. Жастүріктер революциясыжартылай болды да, Түркияда конституциялық монархия орнатумен қанағаттанды.

1905-1911 жж. Иран буржуазиялық революциясы шахты тақтан құлатты, конституция қабылдатты және сайланатын мәжіліс тағайындатты, бірақ ұзамай ағылшын-орыс басқыншылары қолдау көрсеткен контрреволюциялық төңкерістің нәтижесінде жеңіліс тапты.

1910-1917 жж. Мексикадағы ревоюцияжеңіске жетіп, жериеленушілік олигархияның үстемдігінм құлатты және демократиялық республика орнатты.

Қытай: ХІХ ғ. соңында Қытай терең дағдарыс құшағына еніп, ол 1911-1912 жж. маньчжур монархиясын құлату және Қытай республикасы жариялаумен аяқталды.

1884-1885 жж. француз-қытай және 1894-1895 жж. жапон-қытай соғыстарында жеңіліс табу бірмезгілде оқшауланушылық пен өздігінен күшею саясатының күйреуі болды. Бұл соғыстардың нәтижесінде Қытай тек вассалдарынан – Корея мен Вьетнамнан айырылып қана қоймай, өзінің территорияларының бір бөлігін (Тайвань, Пескадор аралдары) жоғалтты, шетел капиталының, саудагерлері мен миссионерлерінің енуі үшін елдің ішкі аудандарын ашу талаптарына көнуге мәжбүр болды. Империалистік мемлекеттер жедел түрде Қытайды ықпал аймақтарына бөлісуге кірісті.

«Реформалардың жүз күні» және олардың сәтсіздікке ұшырауы.Ұлт-азаттық қозғалысының конституцияшыл-монархиялық канаты Кан Ювейдің атымен байланысты болды. Ол бірнеше рет императорға қажетті реформалардың бағдарламаларын қосып, баяндамалар жіберді, олар әруақытта қабылданбады. Бірақ 1894-1895 жж. жапон-қытай соғысындағы жеңіліс императорды бұл кеңестерге құлақ асуға мәжбүр етті. 1898 ж. шілде-тамыз айларында реформалар пакеті жарияланды. Жаңартуға бағытталған бұл қадам «реформаның жүз күні» деп аталды. Бірақ милитаристер қолдау көрсеткен сарай мен император-ана Цы Си мемлекеттік төңкеріс жасады. Император Гуансюй қамауға алынып, үй тұтқынына айналды. Кан Ювэй қашып кетті, оның кейбір пікірлестері тұтқындалып, өлім жазасына кесілді. Цы Си өзін императрица-регентша деп жариялады. Реформа жасауға деген алғашқы талпынысқа осылай тыйым салынды.

Сунь Ятсеннің революциялық қызметінің басталуы. 1890 жылдардың соңында Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Сунь Ятсен болды. Ол Маньчжур әулетін құлатуға шақырып, үгіт жүргізді және көтеріліс дайындады. Бірақ революционерлердің әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Сунь Ятсен Қытайдан қашуға мәжбүр болды.

Реформалардан бас тарту елдегі саяси дағдарыстарға алып келді. Шетелдіктерге қарсы күреске қалың халық шықты. 1899-1900 жж. Қытайда Ихэтуань көтерілісі (боксерлер көтерілісі) болды. Көтеріліс 1899 ж. немістер билік жүргізген Шаньдунь провинциясында басталды. Неміс әскерлерінің көтерілісті басып тастауға жасаған әрекетінен ештеңе шықпады, сөйтіп халық көтерілісі басқа провинцияларға тарады. Көтерілісшілер шетел өкілдіктерін, кәсіпорындарды, концессияларды қиратты. 1900 ж. гермен фельдмаршалы Вандерзеенің басшылығымен 8 мемлекеттің – Англия, АҚШ, Ресей, Жапония, Франция, Италия, Германия және Австрия-Венгрияның әскерлері қатысқан шетел интервенциясы басталды. Көтеріліс басып-жаншылды.

1905 ж. жазында Қытайдың бірнеше буржуазияшыл-демократиялық және ұлтшыл қоғамдарының Сунь Ятсеннің басшылығымен бірігуі аса маңызды оқиға болды.

Сунь Ятсеннің «Үш халықшылдық принципі»:

  1. «Ұлтшылдық» – жатжерлік маньчжур әулетін құлату;

  2. «Халық билігі» – монархиялық құрылысты жойып, республика жариялау;

  3. «Халықтың әл-ауқаты» – жерге құқықты теңгеру.

1906-1908 жж.Цы Си көтерілістердің жиілеуі себебінен бірсыпыра реформалар жасауға келісті. Бірақ 1908 ж. Цы Си мен үй тұтқынында отырған бұрынғы император Гуансюй қайтыс болды. Сарай маңы екі жасар Пу И маңында шоғырланып, реформалар процесі тоқтатылды.

1911-1912 жж. буржуазиялық революция.Империалистер елді ықпал ету аймақтарына бөлуді жалғастыра берді. Мұның барлығы халықтығ ашу-ызасын туғызды.

Революция Уханьде басталды. Артынша көтерілістер басқа қалалар мен провинцияларда да бұрқ ете түсіп, олар өздерінің Пекин мен Цинь сарайынан тәуелсіздіктерін жариялап жатты.

Маньчжур әулеті бас сақтау мақсатымен сарайдың сенімді қызметшісі генерал Юань Шикайға барлық қарулы күштерге басшылықты өз қолына алу туралы ұсыныс жасады. Ол императорлық кеңестің төрағасы және премьер-министр болып тағайындалды. Юань Шикай Солтүстік Қытайдың толық диктаторы болып алды. Революцияның басталғанын естісімен, Сунь Ятсен шетелден оралып, 24 желтоқсанда Шанхайға келді. 29 желтоқсанда Наникинге жиналған революцияшыл провинциялардың делегаттарының конференциясы Қытай республикасының құрылғандығын жариялады. Сунь Ятсен оның уақытша президенті болып сайланды. Астанасы – Нанкин. Юань Шикай Пекинде өз билігін сақтап қалды. Ол либералдарды да, помещиктерді де қанағаттандыратын билеуші болып шықты. Оны империалистік мемлекеттер де қолдады. 1912 ж. 12 ақпанда Юань Шикай алтыжасар император Пу И-дің шешесін оның атынан тақтан бас тарту туралы актіге қол қоюға мәжбүр етті. Мұндай жағдайда Сунь Ятсен Юань Шикайдың пайдасына президенттіктен бас тартты.

Қытай ай күнтізбесі бойынша «синьхай» деп аталатын дауылды жылды басынан өткізді. Синьхай революциясы аяқталды. 1912 ж. наурызда Нанкинде Қытай республикасының уақытша конституциясы қабылданды, астана Пекинге көшірілді.

Юань Шикай диктатурасы. Билік үшін күрес республика жарияланғаннан кейін де жалғаса берді. Юань Шикай өз билігін нығайту үшін баспасөз бен қол жеткен демократиялық табыстарға шабуылын бастады. Ол парламентті қуып тастап, бүкіл билікті өз қолына алды, өзіне монархияны қайта қалпына келтіру үшін жол ашты. Конституция қайта қаралып, одан демократиялық бостандықтар туралы баптар алынып тасталды. Юань Шикай монархияны қалпына келтіруге дайындық жүргізді, бірақ 1916 ж. қайтыс боларынан аз ғана бұрын, бұл жоспарынан бас тартты.

Жапония

1868ж. Мэйдзи (император Муцухито) қалпына келтіруден кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. 20ғ соңғы үштігінде Жапонияның капиталистік дамуы шапшандай түсті. Император билігін қалпына келтіру барысында толғағы жеткен реформаларды жүргізуге қарсылық білдірген феодалдық топтар елді басқару ісінен аласталды.

1870-1880 жж реформалар Жапонияны халықаралық оқшауланудан құтқарып, дүниежүзілік шаруашылыққа жақындастырды, капиталистік және әлеуметтік саяси дамуда аса ірі өзгерістерге себеп болды. Феодалдық топтардың ықпалының әлсіреуіне аграрлық реформа әсер етті, жердің біраз бөлігі шаруаларға берілді. Ауыл шаруашылығында феодалдық қатынастардың қалдықтарының көптігіне қарамастан, тауарлы өндірістің дамуына кең жол ашылды.Жас жапон капитализмі құрлықта үлкен экспансияға дайындалып жатты.Княздердің жойылуы, профектурлардың енгізілуі елдің бытыраңқылығын жойып, жалпыұлттық рынокті қалыптастыруға мүмкіндік ашты.

Жапон буржуазиясының әлсіздігі мемлекеттің қазыналық кәсіпорындар мен арсеналдар салудағы жетекші рөлін белгілеп берді: 1880-1890жж. көптеген мемлекеттің зауыттар мен фабрикалар жеке адамдарға жалға берілді немесе сатылды. Ірі компаниялар (Мицуи, Мицубиси, Ясуда , Асано) құрылды. Кәсіпорындар жиі дворяндарға, жоғарғы шенеуніктерге беріліп отырды. Осылайша император сарайы, буржуазияланып кеткен помещиктер мен ұлттық буржуазияның арасында тығыз байланыстар орнады.

Мемлекет есебінен транспорт және байланыс жүйелері салынды. Сонымен бірге жапон өнеркәсібінде ұсақ кәсіпорындардың үлесі басым болды. Техникалық даму дәрежесі жағынан Жапония еуропалық капиталистік мемлекеттерден әлде қайта артта қалды. Мемлекет қарыз беру арқылы өнеркәсіптің дамуын қолдап отырды, бірақ артықшылық армия мен флотты жабдықтаушы фирмаларға берілді. Жапонияның сыртқы экспансиясы ұлттық стратегия және қоғамды жаңарту жолы ретінде аса жоғары маңызға ие болды.

1894-1895 ж. Жапон-қытай соғысы және оның салдарлары. Жапонияның құрлықтағы экспансияның алғашқы құрбаны Қытайдан вассалдық тәуелділіктегі Корея болды. 1886ж. Кореяға теңсіз келісімді күштеп таңып, Жапония ұлт-азаттық қозғалысқа жәрдемдесу сылтауымен елдің ішкі ісіне араласуды күшейтті. Корея түбегіндегі теке-тірестер 1894-1895 жж. Жапон-қытай соғысына алып келді. Қытай тас-талқан болып жеңіліп, Симоносекидегі бейбіт келісімге қол қойды. Қытай Кореяның тәуелсіздігін мойындады, Жапонияға Тайвань және Пескадор аралдарын берді, сауда порттарын ашып, көп мөлшерде контрибуция төлеуге міндеттенді. Жапонияның Қытайға қарсы соғысы Корея жартыаралы мен Оңтүстік Маньчжуриядағы жапон-орыс қарама-қайшылықтарын шиеленістірді. Орыс-жапон қарулы қақтығысы жақындап келе жатты. Оған дайындық жүргізе отырып, Жапония 1902 жылы ағылшын-жапон келісіміне қол қойды. Бұл келісім тек Ресейге ғана есем, сонымен қатар АҚШ-қа да қарсы бағытталған еді. 1911 жылға Жапония өзіне басқа да империяластік мемлекеттің толық құқылы бәсекелесі жағдайын қамтамасыз етті.

1904-1905жж. орыс-жапон соғысы.20ғ. басында Жапония патшалық Ресеймен қатты қақтығысқа барды. Кең ауқымда жүргізілген орыстарға қарсы науқан Жапонияны ұлттшылдық пен шовинизмді насихаттаудың және “Ұлы Азияны” құрудың жоспарларын іске асыруды идеологиялық дайындаудың бірі болды, ол 1902 ж. Ағылшын-жапон келісіміне қол қойылы, ағылшын несиесін алғаннан кейін ерекше белсенділікпен жүргізілді. 1904 ж. 8 ақпанд Жапония соғыс жарияламай тұрып, Порт-Артурдағы және Чемульподағы Корея орыс флотына шабуыл жасады.

Ляоян мен Мүкден түбіндегі (тиісінше 1904 ж. Тамызында және 1905 ж. наурызында) екі шешуші шайқаста жеңіліс тапқан патшалық Ресей бітімге қол қоюға мәжбір болды. 1905 ж. 5 қыркүйегінде Портсмутта (АҚШ) бейбіт бітімге қол қойылып, оған байланысты Жапония Кореяның үстінен протекторат орнатты. Порт-Артур, Оңтүстік Маньчжуриядағы теміржол тармағы және Сахалин аралының оңтүстік бөлігі Жапонияға өтті. Кейіннен (1908 ж. және 1911-1912 жж.) Жапония мен Ресей арасында Қытайдағы «ықпал аймақтарын» бөлісу туралы бірнеше құпия келісімдер жасалынды.

Саяси дамуы.Саяси құрылысты өзгерту 1889 ж. пруссиялық үлгі бойынша жасалынған конституцияны қабылдаумен аяқталды. Император билігі қалпына келтірілді. Оның жеке басы қасиетті және оған ешкім қол сұға болмайды деп жарияланды. Конституция бойынша парламент екі палатадан – пэрлер палатасы мен өкілдер палатасынан құралды.

Мәдениеті.ХХ ғ. Жапонияда синтоистік храмдардың саны едәуір артты, олардың бірақ бөлігі соғыста қаза болғандарға ескерткіш ретінде салынған еді. Синтоизм (6 ғ. пайда болған) ресми мемлекеттік дінге айналды.