Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
975
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Шығыс елдері

1. 20-30 Жж. Қытай:

а) 20-жж. Ұлттық «ұлы» революция.

ә) Гоминьдандық режимнің нығаюы (1927-1937).

б) Жапониянын Қытайға қарсы басқыншылығы.

2. 20-30 Жж. Үндістан:

а) Үндістан соғыстан соң.

ә) М.Ганди және гандизм.

б) Азаматтық ынтымақтастықтан бас тартудың екінші науқаны

1. Соғыс біткеннен кейін Қытайдағы шетел капиталының экспансиясы мен империалистер арасындағы күрес одан сайын қыза түсті.

Әсіресе Жапония, АҚШ және Ұлыбритания мүдделерінің араларындағы қайшылықтар шиеленісе түсті.

Қытайдың империалистік экспансия алдындағы әлсіздігі көп жағдайда оның батыраңқылығына байланысты болды. 1911-1913жж. Революция монархияны құлатқанымен, елді біріктіру мәселесін шешпеді. Республиканың жариялануы тек сөз өміріне ешқанадай әсері болмады. Жеке провинциялар мен аймақтарды ежелден феодалдық-соғысқұмар топтар билеп келген болатын.

Сол себепті Қытай революциясының ең маңызды міндеті милитаризм мен әскери-феодалдық топтарды жою, оның ұлы мемлекеттерден тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оны жаңғырту болды.

Қазанда Сунь Ятсен өзінің революциялық партиясы (Чжунго гоминьдан) деп өзгертті. 1921 ж. Қытай Республикасының президенттігіне Сунь Ятсен Сайланады. Солтүстік милитаристері мен шетел мемлекеттері оңтүстік үкімет пен Сунь Ятсеннің сайлануын танудан бас тартты.

Өзінің «Қытайды құтқару» Жоспарларын шетел көмегінсіз іске асыра алмайтындығын Сунь Ятсен жақсы түсінді. Бірақ капиталистік елдердің тарапынан қолдау таппаған соң, ол Кеңестік Ресейден материалдық және әскери көмек сұрады. Марксизм мен тап күресін мойындамайтын Сунь Ятсен Кеңестік Ресейдің күрес тәжірибесінен ең алдымен революциялық партия біріктірген күшті мемлекеттік биік механнизмін, басшылықты қамтамасыз ету туралы және революцияшыл армияға арқа сүйеү туралы түсінікке келді. Әскери-саяси келіссөздер жүргізү үшін ол Мәскеуге генерал Чан Кайши бастаған делегация Аттандырды.

1923 ж. Сунь Ятсен Гоминьданды қайта құруға кірісті, Кеңестік Ресейді көмек беруге ынталандыру мақсатымен Қытай коммунистік партиясын ынтымақтастыққа татты.

Коммунистер Коминтерннің Ңусқауы бойнша бірлесіп қимыл жасауға келісім берді. Сөйтіп, солтүстік милитаристері мен империалистерге қарсы күрескен әртүрлі солшыл күштердін басын біріктірген біртүтас майдан құрылды.

20-жж. Ұлттық «ұлы» революция. 1923 ж.көктемінде Шанхайда ағылшын полициясының студенттер ереуілін атқылауына байланысты буржуазияның, студенттердің, жұмысшылардың импириалистерге қарсы қозғаласы басталды. Бұл стихиялық патриоттық өрлеу, кейіннен «30 мамыр қозғалысы» деп аталды. Қытайда империалистерге қарсы ұлттық революция басталды. Оның негізгі ұрандары: Қытайдың егемендігін қалпына келтіру, империалистердің билігін құлату, Қытайды демократиялық ұлттық үкіметтің басшылығымен біріктіру болды. Революцияға басшылықты Гоминьдан өзінде ұлттық-революциялық саяси партияның да сипаттарын (билікті қару қолдану жолымен басып алу),Қытайда әлеуметтік-экомикалық қайта құрү және жанартуға кіріскен ұлтшыл-реформашыл партияның да белгілерін біріктірді.

Қытай революциясының ерекшеліктері. Қытайдағы революция елдін тәуелсіздігі үшін қоғамның барлықтоптары қатысқан жалпы ұлттық империалистерге қарсы күрестің және пролетариаттың дербес таптық бой көрсетулері тоқайласқан күрделі құбылыс болды.

1925 ж. қазан-желтоқсанда генерал Чан Кайши басқарған гоминьданның ұлттық үкіметі Гуандун провинциясындағы милитаристирге қарсы әскери жорық бастады. Ұлтытқ революциялық армиянын солтүстік жорығы 1926 ж.шілдеде басталып, 1928 ж. аяқталды. Бұл жорықтың бірінші кезеңінің барысында Орталық Қытайдағы біраз милитаристер талқандалды.

1927 ж. сәуірде Нанкин мен Шанхайды басып алғаннан кейін Чан Кайши астананы Нанкинге көшіріп, нанкин үкіметін құрады, оны бірсыпыра, оның ішіңде солтүстіктегі милитаристік күштер қолдады.

Орталық билікті қолға алғаннан соң Чан Кайши (содан соң басқа да гоминьдан жетекшілері) өздерінің бақылауынан шығып бара жатқан, коммунистер бастаған қозғалыстарды тікелей басып-жаныштауға кірісті.

Ұлттық-революциялық лагерьдегі алауыздылық. Қытай революциясының дамуындағы екі бағаттың арасындағы қарама-қарсылықтардың шиеленісуінің нәтижесинде пайда болды. Чан Кайши және гоминьданның басшыларының көпшілігі орталық

Билікке қолдары жеткеннен кейін революцияны аяқталды деп есептеп, Қытайда жеңіл-желпі реформалар жүргізе отырып, капиталистік жолиен жаңғырту қажет деп есептеді.

Қытай компартиясының бағдарламасы басқаша болды: революцияны әрі қарай жалғастыру,пролетариат гегемониясы орнату, аграрлық революцияны өрістету, барлық банктерді, рудниктерді, теміржолдары, пароход компанияларын, ірі кәсіпорындары, фабрикаларды тәркілеп, мемлекет мәншігіне алғанша буржуазияға саяси және экономикалық шабуылды тоқтаптау керек деп санады. Гоминьдан мен компартия арасындағы күрес жиырма жылға созылған азамат соғысына айналып, тек 1949 ж. ғана аяқталды.

Гоминьдандық режимнің нығаюы (1927-1937). 20-жылдардағы ұлттық революцияның негізгі қорытындысы саяси қурылыстың ауысуы болды. Қытайдың соғыс жолымен бірігуінен соң солтүстік милитаристерінің бақылуында болған бұрынғы билік жүйесі гоминьданның бір партиялық айқын авторитарлық сипатты (Чан Кайшидің жеке басының) билігімен ауыстырылды. Гоминьдандық режим Қытайдың капиталистік дамуын жақтады, жекеменшік иелерін кедейлердің қол сұғуынан қорғады, коммунистерге қарсы бірінші оғыс ашты. Сонымен бірге ұлтшылдық ұрандар мен самарқау әлеуметтік реформаларды пайдаланып, өзінің әлеметтік негізін кеңейтуге тырысты. Сыртқы саясаттын Гоминьдан өзінің 1924 ж. бірінші конгресінде жариялаған мақсаттарына сәйкес тең құқықты емес келісімдер мен шарттарды тезірек жою деп санады.

1928 ж. өзінде-ақ Нанкин үкіметі Қытай рыногін шетелдік бәсекеден қорғайтын кеден автономясын қалпына келтіретіндігің жария етті. Онымен қоса қабат ұлттық рыноктың дамуына тұсау болған ішкі кедендік кедергілер де жойылды. Келіссөздер арқылы үкімет 33 концессияның 20-сын Қытайға қайтарды. Оның есесіне Гоминьданның ұлттық қайта құру жоспаларын іске асыру ушін шетелдерден қомақты қаржылай көмек алу жөніндегі есебі түгелдей сәтсіздікке ұшырады.

Қытайдың сыртқы саяси жағдай қарулы шапқыншылығы басталғаннан кейін күрт шиеленісті. 1931 ж. Жапония Маньчжурияны басып алды.

Гоминьдан үкіметінің батыс елдерге жапон басқыншылығынтоқтаттыру туралы өтініштері сәтсіздікпен аяқталды. Бұл жағдай Чан Кайшиді 1935-1936 ж. тағы да Кеңес Одағына әскери және қаржылай көмек көрсету жөніндегі өтініш жасауға мәжбур етті.

Ішкі саясат саласында Гоминьданнын әрекеті орталық билікті нығайтуға, экономикаға жоспарлау элементтері бар мемлекеттік реттеу тәртібін енгізуге, өндірісті ынталандыруға, таптық қайшылықтарды бәсеңдету мақсатында ішінара әлеуметтік реформалар жүргізуге, ақырында, комунистердің қарулы күштеріне қарсы аяусыз соғысуға байғытталды. Мемлекеттік банк жүесі құрылды. Өнеркәсіпте, транспортта мемлекеттік сектор ұлғайды. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында қытай өнеркәбісінің негізгі салалары жылына 6 пайыздан астам өсім беріп, отырды. Әжептәуір прогрессивтік сиппатағы жұмысшы зандарын қабылдау, жұмысшылардың кейбір топтарына жағдайлар жасау жолымен гоминьданның жұмысшы қозғалысына бақылау орнатып отырды. Әжептәуір прогрессивтік сиппатағы жұмысшы

одан коммунстерді аластуға қолы жетт. Бірақгоминьданның аграрлық заңдары орындалмады. Аулдағы билік бұрынғыша сол жерлердегі феодалдық-өсімқоршыл топтың қолвнда қала берді.

Гоминьдан режимінің ішкі және сыртқы саясат саларындағы қолы жеткен табыстары Қытайдың түбегейлі мәселелерін шепшегенімен, коммуністердің әлеуметтік негізін әдәуір тарылтып, Қытайдағы « кеңес қозғалсын » жеңіліске ұшыратты.

Кенестендіру ұранын басшылыққа алған революциялық қозғалыстың жеңілуі (1927-1937). Біртұтас майдан ыдырағаннан кеін және азамат соғысының басталуына байланысты Қытай компартиясы өзін құртып жібертпеу үшін қарулы күреске шықты. 1927 ж. соңынан 1936 ж. дейін бұл күрес кеңестер түрінде жұмысшы табы мен шаруалардыңреволюциялық диктатурасын орнату ұранымен жүргізілді.

ҚКП үкімет әскерлерінің бөлініп шыққан жеке топтарынан, шаруалардын өздерін қорғау отрядтарынан, әскери құрамалардаң, жасырын ұймдардан т.б. жалпы саны 300 мыңға жететін (1933) жартылай партизандық Қызыл армия құрды. Қызыл армия гоминьданның төрт жазалау жорығына тойтарыс берді, Орталық Қытайдың бірнеше провинцияларының түйісінде бірнеше түрақты кеңес аудаңдары құрылды, олардың ішіндегі ең ірісі Цзянси провинциясындағы Орталық кеңес ауданы болды. Осы жерде 1931 ж. қарашасында Кеңестік аудандар өкілдерінің І Бұкілқытайлық съезі өткізіліп, ол Қытай Кеңес Республикасын жариялады, ҚКПОрталық Атқару Комитетің торағалына Мао Цзедун тағайндалды 1934 ж. сол уақытқа дейн қолына көп мөлшерде әскери және материялдық қор жинап алған гоминьдан үкіметі кеңестік аудандарға қарсы жаңа, бесінші жорықты уымдастырды. Қызыл армия қатты жеңіліске ұшырады, алайда ауыр соғыстар жүргізе отырып, қоршауды жарып шығып, Шәнси-Ганьсу-Нинся

провинцияларының түйіскен жерінде Яньвань қалашығын өз орталығы деп санайтын түкпірдегі солтүстік-батыс ауданға өте алды. Қытайдағы « кеңес қозғалысы » жеңіліс тапты.

Жапониянын Қытайға қарсы басқыншылығы. ЖапонҮкіметінің генерал Танаканың 1927 ж. меморандумында Азиядағы кең ауқымды басқыншылық жоспары тужырымдалған болатын: ол жоспар бойнша ең алдымен Қытайды, содан соң Индоқытай, Бирма, Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістанды басып алу көзделгенді.Қазанда Пекин, қарашада Шанхай, желтоқсанда Нанкин, кейіннен көптеген провинция орталықтары басып алынды. Чан Кайши үкіметі Чунцинге көшті. Жапон шапқыншылығы Чан Кайши тұсында басталған Қытайда біріктіру мен милитаристік арандатушылықты тыю процесін үзіп тастады.

Жапондаға қарсы біртұтас ұлттық майданның құрылуы.

1935 ж. бастап Чан Кайши Кеңес Одағымен жапон шапқыншылығын тойтаруға көмек көрсету жөнінде келіссоздер жүргізе бастады.Коминтерн өз тарапынан VII конгрестен соң тактикасын өзгертіп, ҚКП саяси бағатының өзгеруіне және гоминьданның қатысумен жапондарға қарсы біртүтас ұлттық майдан құру шешімніңқабылдануына жәрдемдесті.1937 ж. Сәуір-маусым айларында ҚКП мен гоминьдан арасындағы келіссөздер барысындагоминьдан әскерлерінің ҚКП қарулы күштеріне қарсы соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегікелісімге қол жетті. Гоминьдан мен компартияның жапон қыншылығына қарсы күрестің жалпы мудделерінің негізіндегі ынтымақтастығының бағдарламасы ретінде 20-жж.-дай Сунь Ятсеннің үш халықтық принципі қабылданды. Сөтіп, 1937 ж. жазына жапондарға қарсы біртүтас ұлттық майданның негізі қаланды. 1937 ж. 22 тамызында Чан Кайши үкімет Қызыл армияны Қытайдың ұлттық-революциялық армиясының 8-армиясы деп қайта атау туралы бұйрық шығарды.

Жазда Екінші дүниежүзілік соғыстың қүрамдас бөлігі ретінде 1937- 1945 жылдардағы жапон-қытай соғысы басталды.

2. Үндістан соғыстан соң.Отаршылдық билік соғыс жылдарында Үндістанға өзін-өзі басқару құқығын береміз деп уәде еткен болатын. Бірақ Үндістан халықтарының елдің билік мәртебесі өзгереді деген үміті ақталмады. Англия өзінің басты отарынан өлсе де айырылғысы келмейтінін білдірді. Бұл отаршылдыққа қарсы күрестің жаңа кезеңін тудырды.

Капиталистік қатынастардың дамуы ұлттық буржуазияның жағдайын жақсартты. Өнеркәсіп дамып, жұмысшы табының қатары өсті. Бірақ Үндістан үшін пролетариат саны өте аз еді.

Дегенмен жұмысшылардың жартысынан астамы жұмысшы 1 мыңнан асатын ірі кәсіпорындарда және бірнеше қалада істеді. Мұндай ірі кәсіпорындарда және бірнеше қалада ғана (Бомбей, Мадрас т.б.) шоғырлану саны жағынан аз пролетариатты маңызды ұйымдасқан күшке айналдырды.

Үнді шаруалары екі соғыс аралығындағы кезеңде Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басты бұқаралық күші болды. 30-40 жж. жаппай күш қолданбай қарсыласу науқандарын ұйымдастыруда Махатма Гандидің (1969-1948) рөлі өте күшті болды. Екі соғыс аралығындағы уақытта Ганди Үнді ұлттық конгресінің идеялық көсемі дәрежесіне көтерілді. Ганди еңбегінің арқасында және үнді ұлттық буржуазиясының толық ұлттық тәуелсіздік идеясын көтеруіне байланысты үндістанда отаршылдыққа қарсы жалпыұлттық майдан құрылды.

М.Ганди және гандизм.Ганди ілімінің тамырлары Үндістанның ежелгі тарихына, бірегей үнді мәдениетінің терең қабаттарына кетеді. Гандизм саяси, моральдық-этикалық және философиялық тұжырымдарды біріктірді. Ганди Л.Н.Толстойдың зорламау ұстанымымен таныс болған. Гандидің әлеуметтік мұраты да терең ұлттық сипатта болды. Бұл «жұрттың барлығы үшін береке» қоғамын, индуизмнің қасиетті кітаптарында ғажайып суреттелген Құдай патшалығын жердің өзінде орнату туралы шаруалар қиялын жүзеге асыру болатын. Сонымен бірге ганди ілімінің осы тұста капиталистік өмір қалпына қарсылық, Еуропа өркениеті дамыған капиталистік жолдың прогрессивтік сипатын және оның Үндістан үшін қажеттілігін теріске шығару болды.

Гандизм шаруалар мен қала кедейлерінің қалың бұқарасының арасында кеңінен қолдау тапты, себебі онда әлеуметтік мұрат пен британ үстемдігіне қарсы күрес біздің төл ісіміз, бұл тәуелсіздік үшін күрес деген сеніммен ұштасты. Ганди мәдени-тарихи және діни дәстүрлерден шаруалар мен қолөнершілерге жақын да түсінікті ұрандар, бейнелерді пайдаланды. Сондықтан да дәстүрлі бейнелер арқылы жеткізілген елдің тәуелсіздігін және қоғамды қайта құру туралы талаптар ондаған миллион қарапайым адамдардың жүрегіне жол тапты. Гандидің жеке басы мен идеяларының қалың халық бұқарасына танымал болуының сыры осында.

Гандизмнің ұлт-азаттық қозғалысында қолданған тактикасында, яғни күш қолданбай қарсылық көрсету әдісінде (бойкот, бейбіт шерулер, ынтымақтастықтан бас тарту, т.б.) үндінің ертеден келе жатқан дәстүрі мен шаруалардың психологиясын түсіну ізі жатты. Бұл әдісте төзімділік пен қарсылық, консерватизм мен стихиялы революцияшылдық ерекше үйлесім тапты. Бұл үнді шаруасының ғасырлар бойына қалыптастырылған фаталистік, діни көзқарасына тән еді.

Күш қолданбай ынтымақтастықтан бас тарту науқанын ганди 1919-1922 жж. ұйымдастырды. Науқан Роулеттің жазалаушы заңына қарсылық ретінде 1919 жылы 6 сәуірде басталды. Ганди харталға (дүкендерді жауып, барлық белсенді әрекеттерді тоқтатуға) шақырды. Отаршылар күш қолданды. 13 сәуірде пенджаб провинциясының Амритсар қаласында ағылшын отаршылары бейбіт митингіге қатысушыларға оқ атты. 1 мыңнан аса кісі өліп, 2 мыңдайы жарақат алды. Бұл қанды қырғын бүкіл елде жаппай ашу-ыза туғазды. Ганди жедел түрде Пенджабқа аттанып, наразылықтың стихиялық бүлікке айналып кетпеуінің алдын алды.

1919 ж. күзінде дәл осы Амритсарда Үнді ұлттық конгресінің съезі болып, Монтегю заңы бюойынша алда өткізілмекші асйлауға бойкот жасау туралы шешім қабілдады. Бойкот сайлауды мүлдем болдырмай тастады.

1919 ж. қозғалыстардың тәжірибесі Гандиді тәуелсіздік үшін күресті біртіндеп өрістетудің қажеттігі туралы ойға алып келді. Бұл тәжірибе негізінде Ганди күш қолданбай қарсыласу тактикасын тұжырымдады, оған сәйкес қозғалысты біртіндеп, екі кезеңде дамыту қарастырылды. Күресті күш қолданбау шеңберінен шығармау, сонымен бірге оның өрістеуін қамтамасыз ету үшін бірінші кезеңде отаршылдық режимге бойкот жасау: құрметті атақтар мен лауазымдардан бас тарту, ресми қабылдауларға бойкот жариялау, ағылшын мектептері мен колледждеріне, ағылшын соттарына, сайлауларға, шетел тауарларына бойкот жасау; екінші кезеңде – мемлекеттік салықтарды төлеуден бас тарту қарастырылды.

Азаматтық ынтымақтастықтан бас тартудың екінші науқаны1930 ж. суірде басталды. Ол 20-жж. басындағыдай сипатта жүргізілді. Ағылшын билік орындары науқанды заңсыз деп жариялады. Қозғалыс басшылары, оның ішінде Ганди де тұтқынға алынды. Қозғалысқа қатысушылардың 60 мыңдай адам түрмеге жабылды. Кей жерлерде толқулар көтеріліске айнала бастады. Толқулар армияны да қамтыды. Солдаттар оқ атудан бас тарты.

1931 ж. 5 наурызында ҮҰК пен вице-король әкімшілігінің арасында келісім жасалып, ол бойынша ағылшындар жағы жазалауды тоқтатуға және қамауға алынғандарды босатуға міндеттенді, ал конгресс азаматтық бағынбау науқанын тоқтататындығын жариялады. Ганди Үндістан мәселелерін талқылау үшін Лондонда шақырылатын «дөңгелек стол» конференциясына қатысуға келісімін берді. Сөйтіп күрес келіссөздер столының басына көшірілді.

«Дөңгелек стол» конференциясына ҮҰК «Үндістан азаматтарының негізгі құқықтар мен міндеттер туралы» құжат ұсынды. Онда маңызды пункттер болды: Үндістанда буржуазиялық-демократиялық бостандықтар енгізу, касталық және діни теңдікті мойындау, діни факторларды ескере отырып, елдің әкімшілік-территориялық құрылымын қайта ақарау, еңбек ақының ең төмен деңгейін белгілеу, жерді жалға алғандығы үшін ақыны төмендеті, салықтарды азайту. Конференция сәтсіздікпен аяқталды.

Күш қолданбай қарсыласу науқаны отаршылдық режимінің іргесін шайқалтты. 1937 ж. жаңа сайлау жүйесі бойынша отарлық және провинциялық заң шығарушылық жиналыстардың сайлауы болып өтті. Үндістанның ұлттық конгресі Үндістанның 11 провинциясының 8-де сайланған орындардың көпшілігіне ие болып, оларда жергілікті үкімет құрды. Бұл елдері билікті қолға алу жолындағы «парламенттік тәжірибе» жинаудағы үлкен қадам болды.

1939 ж. екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және 1939 ж. 3 қыркүйекте Ұлыбританияның Германияға соғыс жариялауына байланысты Үндістан вице-королі Үндістанды соғысқа қатысушы жақ деп жариялады.