Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
988.94 Кб
Скачать

19.Жапон экономикалық ғажайыбы

Жапондык экономикалық ғажап өз бастамасын 50-ші жылдары-ак көрсете бастаған болатын. Жапон ғажабының мәні неде?Бұл сұрақтардың жауабы болып келесі факторлар саналады:шетел, соның ішінде америка көлігін жоғары, тиімді пайдалана білу;негізгі капиталды жаппай жаңарту;ішкі нарыкты ұлгайту, соның ішінде аграрлық реформа есебінен;шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктерді молынан пайдалану.Сонымен қатар Жапон сарапшылары мынадай ерекшеліктерді де атап қөрсетуде:жоғары сапалы жұмыс күші, 1947 жылдың өзінде-ақ Жапонияда 9-жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген.Кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі құрылған;жапон кэсіпкерлерінің сирек кездесетін ақыл-ой өрісі;экімшілік пен персонал арасында үйлесімдік таба білген жалдамалы еңбектің дэстүрлі калыптасқан жүйесі;капитал жинаудың жоғары мелшері;жеке ғылыми - техникалық базаны дамытуға ұмтылыс.Сонғы кездері бұл факторлар мыналармен толықтырылды: шикізат ресурстарының жоқтығы, Жапония импортпен қажетті ресурстарының 99% алады, соның ішінде 100% боксит, мата, табиғи каучук, 99,7% мүнай, 99,5% темір рудасы, ал бұл өз кезегінде өндіріс құрылымыи эрдайым жаңалап отыруға, энергия мен ресурстарды үқыпты пайдалану технологиясын енгізуге, шикізат пен отынның альтернативті көздерін іздеуге итермелейді. Осылайша 1955-1965 жылдары Жапония алдыңгы қатарлы дамыган капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды мықтап ұстанды.Жапон тауарларының бэсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторлар болып саналатындар:өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;еңбек өнімділігінің өсімі;еңбек ету саласында түсінбеушіліктің болмауынан жүмыс уақытын жоғалту;жан басына шыккандағы табыс көлемінің өте жогарылығы.

20.Жапонияның бюджет және қаржы жүйесі

21.Жапонияның салық жүйесі

Жапонияның салық жүйесінің негізі XIX гасырда қаланды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1949 жылы қаржы саласындағы американ маманы, профессор Шалптың ұсынысымен салық реформасы жүргізілді. Кейіннен бұл реформа нэтижесі ұзақ уақыт бойы қолданылды. 1987 жылдың қыркүйегінде жэне 1988 жылдың желтоқсанында Жапонияның салық жүйесіне үлкен өзгерістер әкелген салық рефомалары жүргізілді. Нәтижесінде салық мөлшерлемелерінің шкаласы оңайлатылды жэне төмендетілді. Егер реформаға дейін салық мөлшерлемесі 10,5-70 пайыз аралығында болса, реформадан кейін 10-50 пайыз аралығына дейін төмендетілді. Қазіргі кездегі колданыстағы салық жүйесі 1989 жылы 1 сэуірде іске косылды. Мемлекеттік бюджеттің 84 пайызы салықтар есебінен, ал оның 16 пайызы салықтық емес түсімдердің есебінен құралады.Жапонияда салықтар:Мемлекеттік; Жергілікті болып жіктелді.Мемлекеттік бюджеттің 64 пайызы мемлекеттік салықтар, ал 36 пайызы жергілікті салықтар есебінен құралады. Салықтык түсімдердің бір бөлігі жергілікті бюджеттерге аударым тұрінде кайта бөлінеді. Ел аумағында 3045 қала, поселка, аудандардың жэне оларды біріктіретін 47 префектураның өздерінің дербес бюджеттері бар. Жапония салық жүйесі АҚШ және Еуропа елдерінің салық жүйелері сияқты салыктарыньщ көп түрлілігімен ерекшелінеді. Олардың аумактык басқарудың кез келген органының алу құқығы бар. Бірақ, барлық салыктар елдің заң актілерінде тіркелген. Мемлекеттік салықтың эрбір түрі заңмен реттеледі. Жергілікті салықтар туралы Заң олардың түрлері мен шекті мөлшерлемесін анықтап береді. Жергіліктті салыктарға катысты басқа мэселелерді жергілікті парламент реттейді. Жалпы елде 25 мемлекеттік, 30 жергілікті салықтар жұмыс жасайды. Оларды ұш үлкен топка топтастыруға болады:Заңды жэне жеке тұлғаладың табыс салыгы;Мүлік салығы;Жанама салықтар.Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет кірісіндегі үлесі жағынан жэне жеке түлғалардан алынатын табыс салығынан кейінгі үшінші орынды алады. Салық мөлшерлемесі - 5 пайыз. Кэсіпкерлікке салынатын салык салынатын пайдадан 6-12,6 пайыз аралығындағы мөлшерлемемен алынады. Бюджет кірісін толтыруда автокөлік иелеріне салынатын салық спирт жэне темекі өнімдеріне, мұнай, газ, бензинге салынатын акциздер, кеден баждары, т.б. елеулі роль атқарады.