Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
988.94 Кб
Скачать

39.Дамыған мемлекеттердегі қаржылық интеграция

Қазіргі жағдайда халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы интеграциялық процесстердің күшеюімен айқындалады. Әлемдік экономикадағы негізгі 3 полюстік орталықтардың құрылуы интеграциялық процесстердің нәтижесі болып табылады. Олар:Солтүстік Америка аймағы;Батыс Европа аймағы;Оңтүстік-шығыс Азия аймағы.

Осы аймақтардың әрқайсысында көшбасшы ролін дамыған бір ел немесе елдер тобы атқарады. Мысалы, Солтүстік Америкада – АҚШ, Батыс Европада – Европалық қоғамдастық елдері, Оңтүстік-шығыс Азияда – Жапония көшбасшы ролін атқарады. Осы экономикалық аймақтар ішінен соңғы кезде Оңтүстік-шығыс Азия аймағы соңғы кезде елеулі дамумен ерекше сипатталады.Халықаралық қаржы ұйымдары: Халықаралық валюталық қор (МВФ), Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) – 1945жылы, Халықаралық Қаржы Корпорациясы (МФК) – 1956 жылы, Халықаралық даму ассоциациясы (МАР) – 1960 жылы, Инвестициялық кепілдік беретін жан-жақты агенттік (МАГИ) – 1988 жылы құрылған. Европалық аймақта соғыстан кейінгі кезеңдерде дамыған елдердің екі интеграциялық тобы – Европалық Одақ және Еркін Сауданың Европалық Ассоциациясы құрылды. Европалық Одақтың дамуын реттеу ұлтаралық және ұлттар үстінен қарайтын органдар арқылы жүзеге асырылады. Европалық Одақтың өзіндік бюджеті бар, бұл интеграция дамуының өте жоғары деңгейін көрсетеді.Еркін Сауданың Европалық Ассоциациясының құрамына кіретін елдер көптеген бағыттарда бір-бірімен тығыз байланыста араласуда, олардың өзара сауда үлесі 70 пайызды құрайды. Олар ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар салаларында біріккен бағдарламаларға қатысуда.Европалық экономикалық кеңістік Европалық Одақ пен Еркін Сауданың Европалық Ассоциациясы елдерінің арасындағы келісім бойынша 1990 жылы құрылды. Бұл келісімде мынадай мәселелер қарастырылған:топ арасында саудадағы шектеутерді жою;стандарттар мен техникалық нормаларды үйлестіру;үкімет тапсырыстарын орналастыруда ұлттық компанияларға арналған артықшылықтарды жою.

Европалық экономикалық кеңістікке қатысушы мүшелер өз өнімдерін өткеруде жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады.

40.Мемлекеттік қаржылардың посткейнсиандық теориялары

Екі кейнсиандық ағындардын қосылуы нәтижесінде посткейнсиандық қалыптасты. Бір жағынан бұл кембридж университетіндегі Кейнстің шәкірттері мен серіктерінің (ДЖ. Робинсон, Н. Калдор, П. Сраффа және т.б.) солшыл кейнсиандықтар, ал екінші жағынан 60-ші жылдары Р. Клауер,П.Девидсон, және тағы басқа экономистердің бастауы бойынша АҚШ – та кейнсиандыққа сыни тұрғыдан қайта баға беру басталды. Олар ортодоксалды кейнсиандық теорияның “толық емес жұмыспен қамтылушылығының тепе – теңдігін” “неоклассикалық синтездің” бөлігі ретінде сынады.Бұл жаңа ағым, Кейнс теориясы мен неоклассикалық теорияның бір – бірімен мүлде сыйымсыз екіндігін бекітті. Шын мәнісінде, Кейнс болжамдарын әзірлеушілер – Э. Хансен, Р. Харрод, Д. Хинс, П. Самуэльсон оның теориясының мағынасын біршама бұрмалады. Бұл кейнсиандықты “қайта құрудың” екінші ағымын, жиі “монетарлық кейнсиандық” деп атады, себебі олар үшін, ақша процесімен байланысты тұрақсыздық пен белгісіздік шешуші фактор болды.Посткейнсиандықтың осы екі ағыны 70- ші жылдары “неоклассикалық синтездің” ортодоксалды формаларына қарсы баламалы жүйе жасауға таласты. 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында “жаңа” кейнсиандық атауымен постейнсиа-ндықтың жаңа дамуы байқалды. Оның міндеті – Кейнстің теориясын одан әрі қарай дамыту, осы теорияны қазіргі нарықтық жағдайларда инфляция процессі мен экономиканы интернационалдыруды макроэкономикалық саясат талаптарына бейімдеумен болды. Бұл, мемлекеттің белсенді араласу көмегі мен монетаризмінің неоклассикалық синтезінің жаңаруы болып табылады.