Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
988.94 Кб
Скачать

30.Ақш-тың бюджет және қаржы жүйесі

АҚШ-тың бюджеттік құрылымының негізі конституцияға сәйкес өңделеді. Негізгі заңға сәйкес салықтарды бекіту мен алуға, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге Конгресс құқылы, және Конгрестің 2 палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Федералды бюджет ұзақ уақыт бойы қалыпты сипатта болып келді. ХХ ғ-дың басына дейін ең негізгі түсімдер көзі болып кеден баж салықтары мен акциздер саналды. 1909 жылы ғана табыс салығы тұрақты түрде жүйеге енгізіліп, қазіргі кезде федералды бюджеттің құрылымдық жүйесін қалыптастыруда аса маңызды орынға ие болуда.Қазіргі кезде АҚШ-тың бюджет құрылымы мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік табыстар және бюджетаралық қатынастардың өзара әрекеттестігі мен бюджетті-салықтық процестердің маңыздылығымен ерекшеленеді. Америка экономикасын сауықтыру бағдарламасының бағыттары:корпорациялық және жеке табыс салықтарын төмендету;әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту арқылы үкімет шығындарын азайту;кәсіпкерлік саланы қайта реттеу;инфляцияға қарсы қатаң ақша-несие саясатын жүргізу.Бұл бағдарламаларға сәйкес федералдық, штаттық және жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді. АҚШ үкіметі көп балалы отбасыларға жәрдем және тегін тамақ беру қайырымдылық бағдарламаларының орындалуына, федералдық үкімет – халықтың кедей тұрмысты бөлігіне көрсетілетін медициналық жәрдем үшін жауапты. Қалған әлеуметтік бағдарламалар жергілікті билік органдарына тапсырылып, оларды 4 жыл бойы қосымша түрде қаржыландырып отыратын федералды қор құрылады.

31.Ақш-тың салық жүйесі

АҚШ-тың салық жүйесі 1986 жылы қабылданған салық реформасы туралы Заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл реформаның басты мақсаты – салық жүйесінің кейбір тұстарын жеңілдете отырып, салықты әділетті және қолайлы түрде жүргізу арқылы экономикалық өсімді ынталандырудың қайнар көзіне айналдыру б.т. АҚШ-тың Ішкі табыстар қызметі (ІТҚ) – орталық аппараттан, 7 аймақтық және 58 округтік салық басқармаларынан тұрады.Ішкі табыстар қызметінің (ІТҚ) аймақтық және аудандық бөлімшелері салықтардың, түсімдердің дер кезінде түсуіне, салықтар бойынша берешектерді өндіру мен салық төлену дұрыстығына бақылау жасауды сол жергілікті жерлерде жүзеге асырып отырады.АҚШ-тағы салықтар 3 деңгейде алынады: федералды, штаттық және жергілікті деңгейде. Қазыналық тұрғыдан негізгі ауыртпалықты федералды салықтар көтереді. Федералды бюджеттің барлық табысының 41% азаматтар мен корпорацияларға салынатын табыс салығы құрайды. Салық төлеушілер категориялары декларацияны бірге толтыратын ерлі-зайыптылар, табыстары бөлек ерлі-зайыптылар, жалғыз басты отбасы, жеке басты адам болып бөлінеді. Корпорация табысына салынатын салықтар шағын және орта бизнесті ынталандыру мақсатында прогрессивті түрде бекітіледі. Жылдық табысы 50000 долларға дейінгі корпорацияға – 15%, ал 50 мен 70 мың доллар арасындағы табысы бар корпорацияларға - 34% салынады.Әлеуметтік салықтарды жұмыс берушілер, кәсіпкерлер жэне еңбекшілер төлейді. Бұл алымдардан қарттар мен жұмыссыздарды қамтамсыз ету үшін әлеуметтік сақтандыру қорлары қалыптасады.Сыртқы сауда саясатын жүзеге асырудың негізгі көзі ретінде қолданылатындықтан, федералды бюджеттің табыс бөлігінде кедендік баж салықтарының үлесі небәрі 1,6% құрайды. Сондай-ақ, құны 10000 доллардан жоғары сыйға тартылатын немесе мұрагерлікке берілетін мүлікке 18-50% (2,5 млн. мұра құнына – ең жоғарғы мөлшерлеме) мөлшерлемеде салық салынады.Штат деңгейіндегі салықтардың өзіндік жүйесі бар. Штат бюджетінің басты көзі саналатын, сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтерге салынатын, акциз салығынан түсетін түсім түсімдердің 40% құрайды. Мөлшерлемелер әр штатта әр қилы (3-8%), кейбіреулерінде мүлдем қолданылмайды.Штаттардың барлығы мүлік салығын төлейді, олардың жалпы штат бюджетінде түсімдердегі үлесі 2% (мөлшерлеме 0,5 - 5 %). Штат бюджетінің 30 % халықтан алынатын табыс салығы құрайды. Ол 50 штаттың 44-де ғана алынады (мөлшерлеме 1-4%; 3-11%).