Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
988.94 Кб
Скачать

3.Ұлыбританияның бюджет және қаржы жүйесі

Бүгінгі таңда ¥лыбританияның мемлекеттік қаржылары кұрамына - мемлекеттік бюджет, арнайы бюджеттен тыс қорлар, жергілікті билік органдарының қаржылары, мемлекеттік корпорациялық каржылары кіреді.Жалпы бюджеттің қалыптасуы мен бекітілуінің отаны болып Англия саналады.Мемлекет шығындары екіге бөлінді - азаматтық жэне эскери. Әскери шығындар жыл сайын бекітіліп отырды, ал азаматтық шығындар - тек патша оған кайсібір өзгерістер енгізген жагдайда гана бекітіліп отырды. Нәтижесінде азаматтық шыгындар парагында патша мен сарайды үстап тұру (камтамасыз ету) шығындары гана қалды. Лордтар палатасы заң бойынша бюджеттік құкыктары жоқ, ягни бюджетті парламенттің жоғарғы палатасымен бекітілуі, және де патшаның қол қою шаралары тек қағаз жүзінде гана калды. Ал, қауымдастық палатасы бюджеттік каражаттың жогарылату немесе төмекдетуге кұкылары жоқ. Бюджет дауыс беру аркылы бекітіледі. Бюджетжылы 1 сэуірде басталып 31 наурызда аяқталады. Ұлыбританияның мемлекеттік табыстарының негізгі көздері болып салықтар саналады, салықтар кірістердін 90% қамтамасыз етеді.қазыналық саясат пен мемлекеттік қарызды баскару бес қағидаларга сэйкес жүргізілуі тиіс:қазыналық саясатты орнатудағы түсініктілік;қазыналық саясатты жүзеге асыру процесіндегі тұрақтылык;мемлекеттік каржыларды басқарудағы жауапкершілік;эділеттілік, соның ішінде ұлттар арасында;қабылданған шешімдердің іске асуы.Ұлыбритания үкіметінің мемлекеттік шығындар саласындағы басты ұзак мерзімді максаты - элеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтауга қаражаттың өсуі, бұл қорғаныс шыгындары мен өнеркәсіпті қолдау шығындарын азайту негізінде жүзеге асуда. Мемлекет шығындарына талдау жасалып, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында тексеру істері жүргізілген. Ұлыбритания Қазынашылыгының езге елде өзіне ұқсастыгы жок жалғыз гана мемлекеттік каржы институты болып табылады. Бұл үкіметтің маңызды министрлігі. Қазынашылык елдің жалпы экономикалық стратегиясын даярлауға жауапты.Салық заңдарын үкімет бекітеді. Салык қызметін ұйымдастыру Қазынашылықка бағынышты екі бірдей үкімет департаменттеріне жүктелген. Олар: Ішкі табыстар басқармасы (ІТБ) және БАЖ бен акциздер басқармасы (БАБ). ІТБ-сы өз-өзімең укімет мекемесі болып табылады. Оның басты кызметі заңды және жеке тұлғалардан алынатын салыктарға бакылау жасау. Әкімшілік жағынан қарағанда бұл бакылауларды Лондондағы бас салық инспекторының кеңсесі жүзеге асырып отырады. Ал, жанама салық салу жүйесінің барлық мэселелерімен БАЖ және акциздер баскармасы айналысады.

4.Ұлыбританияның салық жүйесі

Ұлыбританияның салык жүйесі екі деңгейлі негіз-де жүргізіледі: жалпы мемлекеттік салықтар жэне жергілікті салықтар.Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы салықтардың үлесі шамамен 90%.Ұлыбританияның салық жүйесінің кұрылымы мынадай:1)орталык салықтар:халықтан алынатын табыс салыгы(10%-дан 40% дейін);корпорациялардан алынатын табыс салыгы (шағын бизнеске 10-20%, корпорациялар үшін - 33%);мұраға салынатын салык (мұра саласы 223000 ф.ст. дейін - 0% жэне одан жоғары 40%), бұл салык 1965 жылы енгізілген;2)жанама салықтар: ҚҚС (17,5%) 1975 жылы енгізілген,сондай-ақ акциздер, баждар, мүнайдан түскен табысқа салықтар, елтаңбалық алым.3)Жергілікті салықтар:мүлікке салынатын салық.Жеке табыс салығын Ұлыбританияның табысы бар барлық халқы төлейді.Салык заңдылығына сэйкес салык төлеушілер резиденттер жэне резидент еместерге бөлінеді.Ұлыбритания салык жүйесінің бір ерекшілігі, табыс салығы жиынтық табыстан емес (шедула), яғни бөлектемелі жүйесі арқылы алынады. Салық салу түрлі алты шедулалар аркылы жүзеге асырылады:А шедуласы бойынша, жер, құрылыс меншігінен тапқан пайдасына салық салынады;В шедуласы бойынша коммерциялық мақсатта қолданылатын орман алқаптарынан түскен табысқа салык салынады;С шедуласы бойынша белгілі бір үкіметтің кұнды қағаздарынан түскен табыстарға салық салынады;Д шедуласы бойынша, өндірісті - коммерциялык саладан түскен табыстарға (сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылыгы, көлік);еркін мамандык иелерінің табыстарына;пайыз түрінде табылған табыстарға салынады;Е шедуласы бойынша, еңбек табыстарына: еңбек ақы,зейнетакы т.б., салық салынады;Ғ шедуласы бойынша, дивиденттерге жэне баска да бөлінетін компания табыстарына салык салынады. ¥лыбританияның салык жүйесі түрлі реформаларды жүргізе отырып, жетілдірілу үстінде. Барлық салықтык түсімдер ішінде халықтан алынатын табыс салығының үлесі айтарлықтай, ол мемлекеттікбюджеткетікелей салық ретін-де түсімдердің 64% қамтамасыз етеді, ал компания табысына салынатын салықтар үлесі шамамен 19% құрайды. Жалпы Ұлыбританияда салықтарды жинау бойынша шығындар салықтық табыстардың 2% қүрайды.Салықтық тәртіп бұзушыларға заң бойынша қарастырылган шаралар төмендегідей:қылмыстық іс үшін, салыктың үш дүркін өтелуі (қайтарылуы) немесе 6 айдан 7 жылга дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы қарастырылған;бұзақылык, салық сомасының косымша ұсталуымен жазаланады;тіркеуді кешіктіру үшін, салық сомасының 30% мөлшерінде айыппүл салынады, т.с.с.