Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
988.94 Кб
Скачать

49.Қаржы құндық экономикалық категория ретінде. Ұдайы өндіріс процестері және қаржы.

Құндылықты категория ретінде қаржы   мемлекеттік шаруашылық субъектлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды  береді.

Қаржы  - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында  және шаруашылық субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады. Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуып айқындайды, өйткені өңдірілген өнімдер сатыпалу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

50.Тауралы-ақша қатынастар және қаржы. Қоғамдық тауарлар, игіліктер, қызметтер.

Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жүмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер - өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттік тікелей қатысу нұскалары болуы мүмкін алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдімгі рыноктықтауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидасының іс-әрекетіне ұшырамайды.Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға кол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігінанықтайды.Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет өтпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады. Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде- құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттікбасқару қызметтері жатады.