Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
988.94 Кб
Скачать

24.Ресейдің ақша несие жүйесі

В России денежно-кредитная система имеет три уровня:Центральный банк;Специализированные кредитно-финансовые институты;Банковская система (коммерческие банки).В такой структуре ярко отражены потребности народного хозяйства. Она очень близка к модели кредитных систем, существующих в развитых странах, и начинает приспосабливаться к современным процессам экономических реалий.В данный момент такая система имеет ряд недостатков, присутствующих чуть ли не в каждом элементе (увеличивается количество мелких банков, инвестиционных фондов, компаний по страховым операциям, в то время как коммерческие банки все также специализируются на краткосрочных кредитных операциях, из-за чего возникает недостаточное перенаправление денежных средств в развитие различных отраслей народного хозяйства).Поэтому в настоящее время еще множество аспектов кредитной системы в России нуждаются в дальнейшем совершенствовании. В задачу рационального функционирования денежно кредитной системы входит обеспечение стабильности в состоянии национальной экономики.

25.Ресейдің бюджет және қаржы жүйесі

Ресей федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының өзара байланысты әртүрлі салалары мен оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығынан тұрады:мемлекеттік бюджет;сақтандыру қорлары;қор нарығы;мемлекеттік несие;бюджеттен тыс қорлар;шаруашылық субъектілерінің қаржысы.Олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүйелерге бөлінеді. Мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар макродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Орталықтандырылмаған шаруашылық субъектілерінің қаржылары микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу, көтермелеу үшін пайдаланылады. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурстары ұлттық пайданы бөлу мен қайта бөлу арқылы құрылады. Ақша қорларының басқа да формаларын пайдалану қаржы жүйесінің несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттен тыс қорлар федеративтік және жергілікті үкімет қаржылары болып табылады.Шаруашылық субъектілерінің қаржысы кәсіпорындар жинақтарынан және олардың ақшалай пайдасынан құралады. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорын қаржыларымен тығыз байланыста. Кәсіпорындар мемлекеттік ақша қорларын, банк несиелерін тарту арқылы өндірісті дамытады. Ресей федерациясының қаржы жүйесінің басты саласы - мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет қаражаттарды экономикаға, қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға, әлеуметтік-мәдени шараларға бағыттайды. Ресей федерациясының бюджет жүйесі қазіргі кезде 3 деңгейден тұрады:1-ші деңгей - Ресей федерациясының федералды бюджеті мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары;2-ші деңгей – федерация субъектілерінің бюджеті ( 21 республикалық бюджет, 55 өлке мен облыстар бюджеті, 10 автономды аймақтық бюджет) ;3-ші деңгей – жергілікті бюджеттер ( 29 мыңға жуық қалалық, аудандық, поселкалық жіне ауылдық бюджеттер).Ресей федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы бюджеттер жиынтығы - құрама бюджет (консолидированный) деп аталады. Федералды бюджет – федералды жиналыс арқылы бекітілген мемлекеттің басты қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – федералды бюджеттен тыс қалыптасатын ақша қаражаттарының қорлары. Олар негізінен міндетті аударымдар есебінен құралады және қатаң мақсатты түрде жұмсалады.Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджеттен тыс қорлар зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру және еңбекпен қамту, денсаулықты қорғау және медициналық көмек көрсету сияқты азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үшін бағытталады. Ресей Федерациясының қаржы жүйесінде жүргізілген реформалар нәтижесінде кей бюджеттен тыс қорлар өз дербестіктерін жоғалтып, олардың қаражаттары бюджет құрамына беріліп, қорлардың өздері қаржы органдарының құрамына енгізілген.