Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
988.94 Кб
Скачать

45.Қаржы саясатының типтері: классикалық, реттеуші, жоспарлы-директивті.

Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады. Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жүмылдыру.Қазіргі кезде қаржы саясатын жүзеге асыру барысында шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы;Мемлекеттік қаржылардық ұлғаюы;Ақша тауар ағындарында тепе-теңдікке қол жеткізу;Басқа заңсыз бағыттарға қаржылардың жұмсалуына жол бермеу;Банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету;Өндірісте тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі.Көптеген елдердегі қаржы саясатына талдау жүргізе отырып, олардың 4 негізгі типтерін атап көрсетуге болады: классикалық, реттеушілік, жоспарлы –директивті және қазіргі қаржы саясаты. Мұндай қаржы саясаты классикалық саяси экономияның өкілдерінің еңбектерінде А. Смит (1723-1790) және Д. Рикардоның(1772-1823 еңбектерінде және олардың ізбасар ғалымдарының еңбектерінде айқын көрінеді.Олардың негізгі ұстанған бағыттары – экономикаға мемлекеттің араласпауы, еркін бәсекелестіктің қалыптасауы және  нарықтық механизмді шаруашылық үрдістердің басты реттеушісі ретінде қолдану. Реттеушілік қаржы саясатының негізін ағылшын  экономисті ДЖ. М. Кейнстің (1883-1956) және оны қолдаушылар қалыптастырған. Олар экономиканың циклдық дамуын мемлекет әр уақытта реттеп отыруы қажет деген тұжырымды ұстанады. Реттеушілік қаржы саясаты жағдайында салықтар түбегейлі өзгеріп отырады.  Басты реттеуші механизм ретінде прогрессивті салық мөлшерлемелерінде пайдаланылатын   табыс салығы жиі қолданылады.Жоспарлы – директивті қаржы саясаты экономиканы жоспарлы басқару жүйесін қолданатын мемлекеттерде жүзеге асырылады. Өндіріс қаражаттарының мемлекеттік меншікке негізделуі экономиканы, қаржыны және әлеуметтік саланы тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайдағы қаржы саясатының мақсаты – мемлекеттік жоспарды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің   қаржы ресурстарын максималы түрде шоғырландыруға бағытталған.Қазіргі қаржы саясаты – бұл кәсіпкерлік қызметтің көп түрлерінің дамуымен, мемлекеттік меншіктің жекешеленуімен, шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларының қалыптасуымен және аралас экономиканың жүзеге асырылуымен сипатталады.

46.Қаржының әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы ролі.

Материалдық игіліктерді игеру, олардың үздіксізділігін қамтамасыз ету  яғни ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдістерінің жүзеге асырылуы  ақшалай түрдегі құн қозғалысынсыз мүмкін емес. Ақша айналымының негізінде қаржы  немесе ақша сомасының бір адамнан  екіншісіне өту үрдісі жүзеге асады. Бүл ерекше үрдіс нәтижесінде «қаржы » термині қалыптасты. Құндылықты категория ретінде қаржы   мемлекеттік шаруашылық субъектлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды  береді.Қаржы тек орталықтандырылмаған және орталықтандырылған қорларды қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық қатынастарды ғана қамтиды.   Осыған сәйкес қаржы ғылымының  нысанына қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастар жатады. Тек тауарлардың қозғалысының құндылықты санаты(категориясы) ғана ақша айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы экономикалық қатынастарды туындатады. Жоғарыда келтірілгендерді қорытындылайтын болсақ, қаржының мазмұны тауар-ақша қатынастарының қалыптасуы және құндылық заңының жүзеге асырылуымен айқындалады.Қаржының мәнін тереңірек түсіну үшін өнімнің дайындалу мен бөлістірілу уақыты аралығындағы ақшалай нысандағы қозғалысты, қатынастарды   қарастыру қажет. Жеке кәсіпорынның өнімінің өндірістік құны келесі элементтермен анықталады  -  C+V+m Мұндағы :С- өндірістік материалдық шығындар;V- еңбек ақы;m- қосалқы өнім.Келтірілген элементтер ақшалай қорларды қалыптастырып, жинақтап, тұтынуды қарастырады. Алынған кірістің бір бөлігі кәсіпорын қарамағында қалып,екінші бір бөлігі мемлекетке аударылады.Осының нәтижесінде ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорлары қалыптасады. Қаржылар ақша қорларының әртүрлі мақсаттағы қозғалысы барысында пайда болады. Тауарлардың құндылықты нысандағы қозғалысы ақша айналымын және ІЖӨ бөлістіруде орын алатын экономикалық қатынастырды туындатады.Қаржы – бұл ұлттық табыс пен ІЖӨ бөлістіру мен қайта бөлістірудің экономикалық құралы.Қаржы  - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында  және шаруашылық субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады.Қаржының қажеттілік деңгейі  қоғамның даму қажеттілігіне  байланысты болады. Қоғамды материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту қажет. Ал мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін  ақша қаражаттарының қорлары қажет.Қаржылық қатынастар екі аяны қамтиды:мемлекеттік бюджет жүйесіне қажетті орталықтандырылған ақша қаражаттарының  қорларын  қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық ақша қатынастарын;кәсіпорынның орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты экономикалық ақша қатынастарын.