Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ФЗС.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
988.94 Кб
Скачать

41.Неоклассикалық синтез.

Жалпы бұл теориялық түсініктерді не олардың хронологиясы бойынша, не экономикалық және қаржылық қызметте мемлекеттің қатысу дәрежесі бойынша, яғни тиісті үдерістерге оның араласуында қарастыруға болады. «Неоклассикалық синтез» идеясын америка экономистерінің ішінде бірінші Нобель сыйлығының лауреаты Пол Самуэльсон(1915)ашты. «Синтездің» мәні теориялар арасындағы алшақтықты жою, қазіргі ғылыми жетістіктер мен бұрынғы жұмыстардың бүкіл оңды істердің бәрін сәйкестендіру болды. «Неоклассикалық синтез» тұжырымдамасында фискализмнің кейнстік идеялары ақшалай-кредит саясат арқылы экономиканы реттеуді қарастыратын неоклассиктердің тұжырымдамасымен біріктірілді. Бұл теорияның жақтаушыларының (П.Самуэльсонның, Дж. Хикстің) пікірлері бойынша сұранымды реттеу мемлекеттің шығыстары немесе салықтары саласындағы өзгерістердің негізінде ғана емес, сондай-ақ пайыздың есептік мөлшерлемесінің шамасымен айла-шарғы жасаумен және ашық рынокта тиісті операцияларды жүргізумен де жүзеге асырылуы тиіс. Ұлттық табыс өсуін зерделеудің кейнстік тәсілдемесін бағалардың, жалақының, пайданың қозғалысын талдау мен толықтырып, «неоклассикалық синтез» зерттеудің макроэкономикалық әдістерін микроэкономикалық әдістермен біріктіреді. Мемлекеттік монополиялық реттеудің жаңа теориясында ұлттық өнімді болу мәселелеріне, бұдан және халыққа трансферттік жәрдемақылар жүйесін әзірлеуге және оның әлеуметтік функцияларымен байланысты мемлекет шығыстарының өсуіне айрықша көңіл бөлінген. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болады. «Таза жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық» және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің «заңды күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретіңде қарастырылған. Нарықтық коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып, Пол Самуэльсон екі бағыттағы экономист өкілдерінің ұсынысын қолданған. Оның неоклассикалық синтез теориясы ерекше жаңалыққа жатпайды және ол екі бағыттың негізгі принциптерін экептикалық қосудан туындап, экономиканы мемлекетік реттеу теориясының басымды ролі атқаратындығын көрсетеді. Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж.) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек қолданып. әлеуметтік қақтығыстарды бәсендету еді.

42.Мультипликатор концепциясы.

Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) – табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 ж. ағылшын экономисі Р.Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс “Жұмыспен қамтылудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді.. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұранымның, жалпы ұлттық өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраным тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері: инвестициялық мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы;ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қанша артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.