Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методички семинар.DOC
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.02.2016
Размер:
211.46 Кб
Скачать

7. Бақылау:

1. Философия дегеніміз не, қашан және қай жерде пайда болды?

2. Дүниегекөзқарас ұғымы, оның құрылымы қандай?

3 Философия, дін, мифология немен ерекшеленеді?

4. Философия пәнін атаңыз?

5. Философияның маңызды қызметі қандай?

6. Философияның медицинаға әсері.

1. Тақырып № 2, аталуы: Ежелгі Үнді мен Қытайдың дүниетанымы мен философиясы.

2.Мақсаты – Ежелгі Үнді және ежелгі Қытай философиясының космоцентризміне анализ жасау, оның өзектілігін көрсету. Ежелгі Шығыс философиянының өзіне тән ерекшелігін айқындап беру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек: Ежелгі Үнді мен Қытай философиясының мектептерін, олардың негізгі философиялық көзқарастарын.

  • Студент істей білуі керек: Ежелгі Үнді елінің ортодоксалды және ортодоксалды емес бағыттардың басты ерекшеліктерін мәнін ашу және салыстыру, конфуцишілдік, даосизм, дзен -буддизм мен легизмді бірінен-бірін ажырата алу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Орталық тарихи-философиялық кезеңдерді кезеңдерге бөлу және олардың сипаты.

  2. Ежелгі Үндінің ортодоксалды бағыттары.

  3. Ежелгі Үндінің ортодоксалды емес бағыттары.

  4. Конфуций философиясы.

  5. Легизм, даосизм, дзен буддизм философиясы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: жеке ауызша жауап, пікір алмасу, презентация.

  1. Әдебиет:

  1. Г.Ж. Нұрышева. Философия тарихы. Алматы, 2005.

  2. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. Алматы, 2006

3. Г.Ж. Нұрышева. Философия. Лекциялар курсы. Алматы, 2006.

4. Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2006.

5. Қ. Әбішев. Философия. Алматы,1999.

6. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. История философии Алматы 2010.

  1. Бақылау:

  1. Негізгі философиялық кезеңдерді атап беріңіз.

  2. Ежелгі Үндінің ортодоксалды бағыттардың ортодоксалды емес бағыттардан ерекшелігі неде?

  3. Ежелгі Үнді мен Қытай философиясының ұқсастығы мен ерекшелігі неде?

  4. Будданың төрт ақиқатын атап беріңіз?

  5. Конфуцийдің келесі сөзін түсіндіріп беріңіз: «әке әке болуға , «бала бала болуға», «шенеулік шенеулік болуға тиіс».

1. Тақырып № 3, аталуы: Антикалық дәуірдегі философия.

2.Мақсаты – Ежелгі Грекия мен Римнің негізгі философиялық мектептерінің философиялық көзқарастарын ашып беру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек: космоцентрлік дүниетанымның мәні. Милет, пифагоршылар, элейлік, Сократ, Платон, Аристотельдің, неоплатониктер мен Плотиннің философиялық көзқарастарын білуі керек.

  • Студент істей білуі керек: әр түрлі мектептердің философиялық дүниетанымын ажыратуды, талдау жасауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Милет мектебі, оның космоцентризмі және натурфилософия.

2. Ежелгі грек диалектикасы. Эфес мектебі – Гераклит.

3.Элей мектебі – Парменид және Зенон.

4.Афина мектебі – Демокрит, Сократ.

5. Афина мектебі - Платон, Аристотель.

6. Ежелгі Рим философиясының негізгі бағыттары, өкілдері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: : жеке ауызша жауап, пікір алмасу, презентация.