Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abilkasimova.MusulKuk.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
512.51 Кб
Скачать

Әдебиеттер.

1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

  1. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  2. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  3. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  6. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  7. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 9

Мұсылман азаматтық құқық

Жоспар:

  1. Мұсылман құқығындағы “Меншік” түсінігі, оның құқықтық реттелуі.

  2. “Даман” қағидасының түсінігі.

  3. Азаматтық құқықтық келісім шарттардың классификациясы.

Мұсылман құқығы адамдардың өз мүліктеріне шексіз иелік және билік етуді мойындайды. Осы туралы шариғат өз көзқарастарына ие оның коммунизм және социализмнен айырмашылығы; ол жеке меншікті жоққа да шығармайды. Екінші бір жағынан ол адамдарға өз меншіктерін өздері қалағанша пайдалануда және иелік етуде толық бостандық бермейді.

Шариат бойынша барлық меншік Алла тағаланікі, соның жаратқаны болып саналады, ал жеке дара меншік иелері болса, оның сенімді адамдары болып, тек қана Алла, көрсеткен заңмен ғана пайдалануға, қаржыландыруға және бір-біріне беруге міндетті.

Сонымен қатар шариат барлық байлықтың жеке адамдардың немесе белгілі бір топтың қолында болуына қарсы. Бұған негіз болатын Құранның 59/7 –да делінген: Алланың бергені тек қана байлардың арасында айналып жүруі керек” делінген.

Қазіргі таңда исламда талқылаушылар жеке меншікті – қоғамның экономикалық дамуының негізі деп есептеледі. Жәнеде осылай істей отырып, мемлекеттің шаруашылық қатынастарға шеттен тыс қамқорлық жасауына қарсы шығады.

Сол себептен мұсылман өз жеке меншігін қоғам мүддесіне пайдалану үшін оны сақтаулы және көбейтуі қажет. Міне осыдан келіп исламның ең қажетті принципі қалыптасады. Бұл принцип бойынша қуатты қуатты адамдар өз байлығының белгілі бір бөлігін қоғамның жартылай, экономикалық және әлеуметтік - мәдени дамуы мақсатында болуын міндеттейді.

Құранда жеке меншік жайлы төмендегі аяттарды келтіруге болады.

  • Әке – шеше және жақындардың қалдырған нәрселерін еркектерге де және әйелдерге де үлесі бар.

  • Әй, мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рухсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер (24/27)

  • 4/3 Әке – шеше және жақындарының қалдырған нәрселерінің әрқайсысына мүрагер қылдық. Сондай-ақ сендер серт байлағандарға сыбағасын беріңбер.

Құранда айтылғандай әрбір мұсылман аш-жалаңаштар үшін мал – мүлкінен берілетін салықты зекет дейді.

Зекет беруші: ақыл есі бүтін, кәмелетке жеткен, азат және өз мал мүлкіне иелік ететін адам болуы тиіс. Зекетке берілетін мал адал еңбекппен табылған болуы тиіс. Зекет дінді бай есептелетін әр-әйел үшін парыз. Ол жылына бір рет малының бір бөлімін береді. Зекеті берілетін мал – мүлік 11-ай бойы өз меншігінде болуы тиіс Ол:

Астықтың – 1/10; түйеден: 5 түйе басы; қойдан –1/40; 30 өгізден 1-бұзау т.б. Зекетке берілетін мал мүлкі, семіз болуы тиіс.

Мұсылман құқық мектептері меншік институттарын негізгі институт деп таниды, бірақ ол туралы түсінік әр түрлі. Бұл әсіресе вакфті құқықтық реттеуде көрінеді.

Вакф – дегеніміз мүліктерді қайрымдылық және діни мақсаттарға пайдалану үшін айналымнан алу. Мұнда мүлік вакф меншігі болу үшін мүлік кімге аталған болса, соған іс жүзінде берілгенде болады.

Ханифиттік мектеп бойынша тек қана вакф болып қозғалмайтын мүлік жатады. Ал, шафиттік мектеп бойынша вакф меншігі болып, кез келген мүлік бола алады.

Мүлікті вакфқа заңмен рұқсат етілген мақсаттарға жұмсалса. Өз мүлкін вакфқа берген тұлға ол мүлікке меншік құқығын жоғалтады.

Немесе жазбаша берген сәттен бастап вакфтің құқықтық жағдайы реттеледі.

Вакфті беруші тұлға осы мүлікті жеке өз басына немесе отбасы мүшелеріне беруге тыйым салынады. Мұндай мүлік бөтен адамның пайдасына берілуі керек.

Шиттің және шафиттік мектептері валтқа кез келген мүлікті жатқызады. Вакфтан салық өндірілмейді. Көптеген мұсылман елдерінде вакф әлі күнге дейін сақталуды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]