Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abilkasimova.MusulKuk.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
512.51 Кб
Скачать

Әдебиеттер.

1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

2. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

3. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  1. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  2. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000

  3. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  4. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  5. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 14

Ислам және дипломатия.

Жоспар:

  1. Құран дипломатиялық қатынастар жөнінде.

  2. “Дипломатиялық қатынастар туралы” Вена Конвенсиясымен (18.04.1961) мұсылман елдерінің ара қатынасы.

  3. Елшілердің артықша құқықтары мен иммуниттетері.

Мұсылман халықтары мен мемлекеттері ежелден өздерінің елшілік қатынастарын елшілердің тиіспеушілік, әдеп – ғұрып нормаларын қалыптастырған. Бұл елшілік ғұрыптар мұсылман құқығымен араласып, дамып, дүние жүзінің аймақтарында елшілік құқықтықтың қалыптасуына өз үлесін қосты.

Алдыңғы тақырыптарда талқылағанымыздай Құранның сүрелері мен аяқтарынан пайда болатын талаптар әрбір мұсылманға міндетті, сондай-ақ ол талаптар өз мемлекетінің атынан дипломатиялық жұмыстарда істейтіндергеде тиісті.

Мұсылман елдерінің елшілері өз қызметтерінде құран нормаларын басшылыққа алады. Олар өз жұмыстарында Алла рахымын алу үшін дұрыс, жұмыстар істеуге тырысады. Мұсылман елдерінде келешек дипломаттарды “ сыпайлылыққа”, “қарапайымдылыққа” жүретеді. Ол үшін Құранның 31 сүресінің 17 аятына басты назар аударады:

Расында Алла (көкіректікті) мақтаншақтықты жақсы көрмейді.

Мұсылман елшілерін әділдікке, шындыққа тәрбиелейді. Бұған Құранның келесі ережесі негіз болады (39 сүре 5 аят); Расында, егер кім өтірікші болса, онда Алла оны тура жолға бастамайды.

Мұсылман құқығы елшілердің жасырын кездесулерін жоққа шығармайды, бірақ мұндай кездесулер басқа мемлекетке қарсы сөз байласу болмауы керек. Мұндайда мұсылмандар төмендегі Құранның 58-сүресінің 9-аятын басшылыққа алады: “Әй мүміндер! Егер сыбырлассаңдар күнә, дұшпандық және Пайғамбарға қарсылық жайында сыбырласпаңдар.

Мұсылман дипломаттары өз қызметтерінде дауласушы тараптарды ымыраға келтіруге тиіс, сондай-ақ өзара дауласушы мұсылман мемлекеттерін де достыққа шақыруы керек. Мұндайда Құранның 49-сүресінің 9,10 аяттары негіз болады: “Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырыңдар. Егер екі жақтың бірі екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан жақпен Алланың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар. Егер қайтса араларын әділдікпен жарастырыңдар туралық істеңдер. Расында Алла туралық істеушілерді жақсы көреді. Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын қарастырыңдар”

Мұсылман елшілері өз қызметтерінде тек қана өздері емес, сондай-ақ серіктерінде (партнер) әділдік пен шындықты талап етеді. Бұл Құранның 33-сүресінің 1-аятынан келіп шығады “Аллаға ақуалық істе де көпірлер мен мұнафиқтарға бағынба.

Түзілген шарттарға сенімділік (әділдік) мұсылман дипломатияларының абыройының қатарына жатады. Құран ол туралы былай делінген: келісім шарттарыңды адал орындаңдар, себебі келісім шарттарыңды адал орындаңдар, себебі келісім шарттар жайлы сұралады” Бұл қазіргі таңда дүние жүзі дипломатиясы басшылыққа алатын ежелгі латын – принципіне салды.

Мұсылман мемлекеттерінің дипломаттары бөтен мемлекетте жүргенде, сондай- ақ мұсылман мемлекеттері өзіне оккредитацияланған мемлекеттердің дипломаттарын қабылдағанда мұсылман әлемі мен мұсылман емес аймақтар бір-бірін терең түсіну үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Бұған Құранның 49 сүресінің 13 аяты негіз болады: “Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерге ұлттар, рулар қылдық”.

Иран мұсылман мемлекеті мұсылман және мұсылман емес мемлекеттермен әрдайым дұрыс дипломатиялық қатынаста болуға ұмтылған. Иранның дипломатиялық тарихында Росияның Персиядағы дипломатиялық өкілдіктің басшысы А.С. Грибоедовтың өлімі мен байланысты қайғылы оқиға болған.

А.С. Грибоедов ондағы арменияның 3-азаматшасының өтініші бойынша оларды отанына жіберуге жәрдем көрсетпекші болған. Оларды өз миссияларына артына жасырмақ болған.

Иран мемлекеті Ресейге өтініш білдіріп, өздерінің шетел дипломатиялық өкілдерінің имунитет нормаларын дәлелдеу ретінде, Ресей үкіметіне Каджарлар диностасияның қазынасының үлкендігі жағынан 3-ші орын алатын әйгілі “шах” алмазын сыйға береді.

- Көптеген әдебиеттерде дипломатиялық құқықты коньсулдік құқықпен 1-тақырыпта біріктіріп қарастырады. Әрине олардың арасында ұқсастық бар: Елші мен консул әріптес болғандықтан бір ведомствада жұмыс істейді. Екеуіде жеңілдіктермен иммунитеттерді пайдаланады, сондай-ақ екеуі де мемлекеттің сыртқы қатынас органдарында жұмыс атқарады.

Олардың өзара айырмашылықтары төмендегілер:

  • - Елші саяси фигура. Ол оккредитациядан өткен мемлекеттің барлық жерінде өз мемлекетінің мүддесін қорғайды. Ки консуль берген мемлекеттің барлық масштабында жұмыс істемейді. Консул барған бір мемлекеттің бір бөлігінде (аймағында), Консульдік округ шегінде жұмыс атқарады.

  • Егер елші жалпы саяси мәселелерді шешсе, ал консул экономикалық және құқықтық қызмет көрсету функциясын орындайды.

Жалпы дипломатиялық құқықты түсіну үшін сыртқы саясаттың және дипломатияның түсінігін білу керек.

Сыртқы саясат - бұл халықаралық аренада мемлекеттердің өз мүддесін қорғайтын іс әрекеттері.

Дипломатия – бұл мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыратын сыртқы қатынастарды реттейтін органдардың жұмысы.

Дипломатиялық құқық – сыртқы байланыстар жасайтын мемлекеттік органдардың мәртебесі мен қызметтерін, яғни ресми мемлекетаралық қарым қатынастарды жүзеге асыруды реттейтін нормалар.

Халықаралық қатынаста екі жақты және көп жақты дипломатия болады. Оған себебі екі жақты және көп жақты шарттардың және конвенциялардың болуы.

Дипломатиялық өкілдік - бұл мемлекеттің шетелдегі елшісі басқаратын сыртқы қатынас органы.

Мұсылман мемлекеттерінің барлығы дерлік 18-сәуір 1961 жылдардағы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенсиясының мүшесі болып табылады. Мұсылман мемлекеттерінің көпшілігі осы конвенцияны дайындауға да атсалысқан.

Жоғарыдағы конвенцияда жазылғандай мұсылман мемлекеттері өздерінің дипломатиялық өкілдіктерін аккредитациялау үшін оккредитациялайтын мемлекеттен алдын ала келісімін сұрайды.. Қабылдаушы мемлекеттің шенеуніктерінде осы немесе басқа да дипломатиялық өкілді кері шақыру туралы өтініш беруге құқылы, сондай-ақ себептерін дәлелдеу немесе көрсетпеулеріне де болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]