Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abilkasimova.MusulKuk.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
512.51 Кб
Скачать

Ислам және отбасы құқығы.

Жоспар:

  1. Отбасы құқығы құқық саласы ретітнде түсінігі, оның реттейтін салалары.

  2. Некеге тұру шарттары

  3. Некенің бұзылу шарттары.

  4. Неке заңындағы “мухала” немесе “хал” сөздерінің түсінігі.

  5. “Идда” мағынасы, оның құқықтық реттелуі.

Мұсылман құқығында жеке адамдардың құқықтық жағдайын отбасылық қатынастар реттейді. Ислам отбасы құқығына мирас, өсиет, кейбір сиға тартудың кейбір түрлерін, қамқорлық мәселелерін регламенттейтін нормалары жатады.

ХІХ-ғасырдың соңында жеке адамдардың құқықтық жағдайын реттейтін құқық мұсылман құқығы нормаларын кодификациялау процесімен қатар дамыды.

1869-1876 ж. Қабылданған “маджарлар” заң актісі көптеген араб мемлекеттерінде қолданылды. Ол құқық әрекеті және оны шектеу мәселелерін реттеді.

Египеттің ірі ғылыми және мемлекеттік қайраткері Мұхаммед Кедри Паше (1821-1888) “Жеке статуттың шариат нормалары” атты еңбегінде ханифиттік ережелер жинағын жасап шығарды. “Жеке статут” термині осы еңбектің арқасында қолданысқа енді.

Мұсылман құқығының отбасы құқығында түбегейлі өзгеріс 1917 жылы қабылданған. Осман империясының отбасы заңы жасады. Бұл осы саланың алғашқы кодификацияланған құжаты еді. 157 баптан тұратын бұл заң неке және ажырасу мәселелерін өз ішінде қамтыды.

Осман империясы жойылғаннан кейін бұл заң көптеген араб мемлекеттерінде қолданылды. Мысалы: ирак, Сирияда ХХ-ғасырдың 50 жылдарына дейін, Ливанда 1927 ж дейін, ал Иорданияда жаңа заңмен ауыстырылғанша қолданылды.

Мұсылман мемлекеттерінде отбасы құқығы әрекет ету үрдісіне байланысты әр түрлі реттеледі. Мысалы; Египет, Судан мемлекеттерінде отбасылық құқықтық қатынас арнайы нормативтік актілермен реттеледі Египеттің заңында неке, ажырасу және семьяны бағу мәселелерінің кейбіреулерін қамтиды.

Неке – отбасы құқығындағы ең басты институттардың бірі болып табылады. Барлық мұсылман мемлекеттерінің отбасы заңдары некені екі жақты шарт деп есептейді. Бұл шарт бойынша әйел ер кісінің заңды жұбайына айналады.

Сирия заңының бірінші бабы, Иордания заңының 2-ші бабы бойынша неке шартын құрудың басты мақсаты болып, жанұя құру және үрім бұтағын жалғастыру делінеді. Ал, Ирак заңына сәйкес неке шартының тізілуі кәмелетке жеткен, ақыл ойы бүтін адамдардың қатысуымен V-ды деп көрсетілген.

Көптеген араб мемлекеттерінің заңына сай неке шарты жазбаша формада болады және ол арнайы құзырлы органда тіркелуі қажет. Егер неке шарты осы органда жасалмаса, онда белгілі ( мүмкіншілік болған) уақыт ішінде осы органға тіркелуі шарт. (Сирия заңы 40 бап)

Ирак заңы бойынша некенің тоқтатылуы жәй ғана жұбайлардың өзара келісуі арқылы болады.

Көптеген араб мемлекеттерінде некенің тоқтатылуы сот шешімі арқылы болады. Ирак, Сирия, Иорданияда осындай арызбен (ажырасу туралы) жұбайлардың екеуі де шағымдана алады. Ал Египет, Ливанда мұндай құқық тек қана әйеліне берілген. Мұндай сот шешіміне дәлелді себептер негіз болу керек, олар ауру, жұбайының физикалық жетіспеушілігі (кемістігі)

Некенің бұзылуы жайлы әйел сотқа шағымдана алады егер күйеуі психикалық ауруға шалдықса немесе ауруына байланысты жынысты қатынасқа қабілеті болмаса. Осындай құқықты Иордания заңы ер кісіге де берген, егер әйелі қатты ауру болып немесе әйелінің жыныстық мүшесі кемтар болса.

Бұдан басқа сот шешімімен әйелдің разы негізінде некенің тоқтатылуы мүмкін. Егер күйеуінің жүрген жері белгілі болса, бірақ ол белгілі бір себептерсіз 1-2 жыл әйелімен бірге тұрмаса. Осындай құқықпен әйелі, егер күйеуі үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айрылған болса некені бұза алады. Мұндай да әйелі бір жылдан кейін ажыраса алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]