Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abilkasimova.MusulKuk.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
512.51 Кб
Скачать

Мұсылман құқығының жүйесі.

Жоспар:

  1. Шариат және оның элементтері

  2. Мұсылман құқығы жүйесінің бөлімдері.

  3. Мұсылман құқығы жүйелерінің қалыптасуы.

  4. “Сийар” терминінің қалыптасуы мен мағынасы

Жалпы алғанда Шариат ілімі кәләм мен фикһ ілімдері болып екіге бөлінеді.

Кәләм – сенім жайындағы догмалыз және үлгі боларлық ілім, ол дін негіздерін анықтап, дәлелдеп көрсететін қағидалар мен ережелерден тұрады.

Фикһ – (түсінік, білім, ғылым) – мұсылмандардың азаматтық тұрмыс тіршілігіне қатысты қағида ережелер

Фикһ іліміне мынадай 4-бөлік қосылады

  1. Ғабидат – сенім, дін жайлы практикалық түрдегі ілім. (Намаз, ораза, қажылық, сияқты т.б.)

  2. Ақудат – негізінен азаматтық істерге қатысты қағида ережелерді, міндеттемелермен оның шарттарын тағы басқаларды қамтиды. Бұл жерде екі жақтың өзара келісімі талап етіледі.

  3. Айқаат – негізінен азаматтық істерге қатысты қағида ережелердің ішіндегі істермен келісімдерді екі жақтың келісімінсіз бір ақ адам шешетіндей әрекеттерді қамтиды.

  4. Ахкам – азаматтық тұрмыс тіршілікті бүкіл мұсылман әлеміне қатысты әрі оны орындайды талап ететін қағида – ережелер. Олар: тағам мен ас, аң аулау, куәлік беру, қылмыс жайлы заңдар, жазалар, міндеттер, құн төлеу т.б.

Сонымен шариаттың жалпы жүйесі төмендегіше Шариат

Кәлам Фикһ

Таухид; Набууат; Ғибадат; Айқаат;

Адалат; Шиад; Ақудат; Ақкам

Фикһ ілімінің жоғарыда аталған төрт бөлігі жинақталып екі бөлікке бөлінеді:

  1. бөлімде “Ғибадат” деген отпен сенім жайлы оқытудың практикалық жолдары қарастырылады.

  2. Бөлімде 3- кітаптан тұратын азаматтық құқықтану мәселелері.

Сонымен шариат – мұсылмандардың барлық іс-әрекеттерін реттеп отырады. Сондай-ақ ол мұсылмандардың мінез құлығына, ойлау образына да әсер етеді. Осыған байланысты 4-элементті қамтиды:

    1. Исламның діни нормалары.

    2. Мұсылмандардың мораль этикасы.

    3. Абадат (негізгі діни міндеттер), мұсылмандардың Алла- тағала мен ара – қатынастарын реттейтін нормалар.

    4. Му, амалат – бұл мұсылмандардың өзара және мұсылман еместермен ара қатынастарының ережелері.

Мұсылман заңгерлері мұсылман құрамындағы нормаларды бірнеше топтарға бөледі:

  1. Құран және сунна заңдары:

  2. Басқа қайнар көздерге сүйене отырып қалыптасқан ислам құқықтарының доктринасы;

Құранда 6000-нан астам салттар бар. Олардың тек қана 500 жуығы мұсылмандардың ара қатынастарында қолданылатын тәртіптер болса, ал 150 жуығы кейінгі діни міндеттер мен тәртіптері.

Мұсылман заңгерлерінің пікірінше МҚ тәртіп ережелердің жалпы нормаларын бекіткен, ал қалған мәселелерге мұсылмандардың өздеріне бағдар (болжам) алуына мүмкіншілік болады.

Мұхаммед пайғамбар жаңа ҚҚ емес, адамдардың өмір сүруі үшін жаңа тәртіп шығарды. Осы тәртіп арқылы мұсылмандар өмірдің әр түрлі жағдайларында қалай іс-әрекет ету керек екендігін біледі.

Уақыт талабына сай қоғамдық қатынастарды құран мен сунна арқылы реттеу мүмкіншіліктері болмай қалды. Сол себептен VІІІ-ғасырда осы мәселелерді шешу мақсатында мұсылман Құқықтарының мектептерін салушы заңгерлер қолға ала бастады. Біртіндеп келе көптеген МҚ нормалары Құран мен Суннаны доктриналық талқылау нәтижесінде пайда болды. ҚҚ нормаларының негізгі бөлігін мұсылман заңгерлері Алла тарапынан деп есептеп, оларды мәңгілік және өзгеріске ұшырамайды деп қарастырады.

Мұндай тұжырым ислам заңгерлеріне нақты шешімдер мен шешіліп қойылған мәселелерге (белгілі шешімдерге) тиіспей жаңа (мәселелерді) ережелерді қалыптастырып, Мұсылман құқығының нормативтік мазмұнын ашуға итермеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]