Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abilkasimova.MusulKuk.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
512.51 Кб
Скачать

Әдебиеттер.

1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

2. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

3. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  1. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  2. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000

  3. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  4. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  5. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 13

Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығы.

Жоспар:

  1. Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығының халықаралық құқықпен ара қатынасы.

  2. Шарттардың сипаттамасы мен түрлері.

  3. Юфид және хилф келісім шарттары.

  4. Муссанадах және муаваддах шарттары.

Мұсылмандық құқығындағы жеке статус институттары отбасылық қатынастарды реттейді. Ислам діні отбасылық құқыққа қамқорлыққа алу, мұра иелену, мұра қалдыру және берілудің кейбір түрлері сияқты мәселелерді мәлімдейтін нормаларды жатқызады. Жеке статус құқығы ХІХ-ғасырдың аяғында мұсылмандық құқық нормаларын кодификациялау процесімен бірге дамыды. 1869-1876 жылдарда қабылданған, көптеген араб елдерінде күшке ие болған Маджалла заң шығару акті құқық қабілеті және оның шектеулері мәселелерін реттеді. Ұлы мысыр ғалымы және мемлекеттік қызметкері Мұхаммед Кадри Паше (1821-1888 жылдары) «Жеке статут бойынша шариат нормалары» атты мұсылмандық құқықтық ханифиттік түсініктемедегі реттемелер тізімін құрастырды. «Жеке статут» термині дәл осы еңбек арқылы айналымға енгізілді. Отбасылық құқықтағы бұрылыс пункті құқық саласында қарастыратын алғашқы кодификацияланған құжатқа айналған, 1917 жылы Осман империясында отбасылық заңның қабылдануы болды. 157 баптан тұратын заң неке және ажырасу мәселелерін толық түрде мәлімдеді. Оның бастамасы негізінде ханифиттік түсініктемедегі қорытындылар болды.

Некеге тұру институты отбасылық құқықтағы ең басты институт екендігі белгілі. Іс жүзінде барлық мұсылман елдеріндегі отбасылық заң шығару орындары некеге тұруды, нәтижесінде әйелдің белгілі ер кісінің заңды әйелі саналатын екі жақты келісім – шарт ретінде қарастырады. Сирия заңының – 1-бабы, Иордания заңының 2-бабы, некелесу келісім – шартының мақсаты отбасын құру және ұрпақ жалғастыру екендігін анықтайды. Ирак заңы, некелесу келісім шартының екі кәмелетке толған және ақыл есі бүтін адамдардың қатысуымен жүргізілуі тиістілігін бекітеді.

Араб елдерінің көпшілігі өз заңдарында, әдетте білікті мемлекеттік органдарда тіркелетін некелесу келісім – шартының жазбаша түрін бекітті. Егер неке осы органнан тыс жерде тіркелсе, онда ол осы орган арқылы белгілі мерзім аралығында тіркелуі тиіс.

Иордания заң шығару орнында жас айырмасы үлкен болған жағдайында некелескенде ерекше ережелер белгіленген. Иордания заңы бойынша, егер күйеу жігіт қалыңдығынан 20 жастан көбірек үлкен әрі, қалыңдық 18 жасқа толмаған жағдайда, сот мұндай келісім- шартты, әйелдің өзі тұрмыс құруға өз еркімен келіссе және мұндай некеден пайда пайда табатындығы сенімді болса, бекіте алады. Заң шығару орнында мұндай шектеулер болмаса да, сот, бір-біріне жас жағынан сәйкессіз және ұйғарылған некеде мағына болмаған жағдайда, некелесуге рұқсат бермеуіне болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]