Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Abilkasimova.MusulKuk.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
512.51 Кб
Скачать

Әдебиеттер.

1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

2.Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  1. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  2. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  3. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  4. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  5. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  6. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

  1. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

  2. “Ислам ғылымхалы” Мұхиддин Исаұлы, Қайрат Жолдыбайұлы Алматы 2003

Тақырып: 12

Мұсылман заңдарындағы дәлелдеу теориясы.

Жоспар:

  1. Мұсылман заңдарындағы кінәсіздік презумциясы мен заң алдындағы теңдік принципі.

  2. Судьялар шешімдері және оның басшылыққа алатын негіздері.

  3. Куәгерлерге қойылатын негізгі талаптар.

  4. Айыпкердің өзінің қылмыс жасағанын мойындауы.

Ислам заңдарында барлық адамдардың заң алдында теңдігі қағидасы қолданылады. Мысалы: Лаписен Конституциясының 5-бабында былай делінген:

“Барлық адамдар заң алдында тең және тең негізде заң мен қорғана алады”. Сондай-ақ ислам заңдарына сәйкес кез келген адам қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.

Айыпталушының кінәсіздік презумпциясы мұсылман құқығының дәлелдеу жүйесінің негізгі принципі болып саналады. Және Контитуцияда бекітілген. Бұл қылмыс фактісін және оның нақты адаммен істелгенін дәлелдеу талап қылушыға (арызданушыға) жүктеледі. Осы ереже Құранның төмендегі аятына негізделеді: Егерде кім өзінің айыптауын дәлелдеу үшін төрт куәгерді келтірмесе, онда оған 80 рет дүре соғыңдар”

Мұхаммед пайғамбар былай деген: дәлелдеудің ауыртпалығы айыптаушыға түседі, ал айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуде ант берсе болғаны.

Судья шешім шығаруда дәлелдеудің қайсы түріне сүйену керектігі жайлы ислам заңгерлерінің арасында әр түрлі пікір бар.

1. Шафиттік, ханафиттік және ханболиттік заңгерлері куәгерлердің көрсетпелері дәлелдеуге жеткілікті болады деп есептелінеді. Бұған себеп Құранда көп жағдайда осындай куәлердің көрсетпелері негізгі дәлелдер болуы керек.

2. Ал, бірқатар басқа заңгерлер (Ибн Тайлимя, Ибн ал – Каиум және Иб ал –Тарс) дәлелдеу үшін куәгерлердің көрсетпелері шектелмеуі керек. Олардың пікірінше шындыққа жету үшін Аллах және пайғамбар “дәлелдеу” түсінігінде барлық құралдарды есепке алған деп санайды. Осыған байланысты айыптаушы өзінің айыбының дұрыстығын дәлелдеу үшін қажетті нәрсенің барлығын көрсету тиіс.

Жоғарыдағы бірінші көзқарастағы тараптары - “азаматтық істерде қосымша дәлелдеулерді пайдалануға болады, ал қылмыстық істтерде айыпкердің мойындауымен және куәгерлердің көрсетпелерімен шектеледі” дейді.

Азаматтық және жалпы құқық бойынша сот шешімі куәгерлердің көрсетпелері немесе құжаттарға негізделіп дәлелденеді. Бұл судьяның жеке білімімен және пайымдануына негізделіп шешім шығаруына жол берілмейді.

Бірқатар ислам заңгерлердің пікірінше судья шындықпен әділдікке жету үшін алдын ала алынған (кездейсоқ немесе әдейі) мәліметтерге сүйеніп шешім шығаруын қолдайды.

Осы мәселеге байланысты ислам заңгерлерінің көзқарастары үшке бөлінеді:

  1. Судьяға сот ісіне тиісті емес мәліметтерді пайдалануға тыйым салынады.

  2. Судьяға азаматтық немесе қылмыстық істерді қарағанда алдын ала алынған мәліметтерге сүйенуге (негізделуге) рұқсат ету.

  3. Судьяға Құранды көрсетілген арнайы қылмыстарға ғана алдын ала алынған мәліметтерге негізделіп шешім шығаруға тыйым салу;

Сонымен қатар жұбайлардың опасыздық (көзіне шөп салу) мәселесі бойынша да судьялардың жеке өздерінің пайымдауы бойынша шешім шығаруға тыйым салынады. Мұндайда айыптаушы тағылған күнәнің барлығына жоққа шығарса, судья оған айып таға алмайды.

Тағылған айыпқа негіз болу үшін “ дәлел” төмендегі шарттарға сай болуы қажет.

  1. Ақиқат және анық болуы қажет. Бұл шарт, егер айыпталушы айыпты мойындағанда да сәйкес болуы керек.

  2. Дәлелдердің сенімділігі сот үкімі шыққанға дейін күшін қозғалтпауы керек. Егер куәгер мойындаудан бас тартса немесе айыпталушы мойындаудан бас тартса, онда дәлелде, сот шешімі де сенімді болмайды.

  3. Дәлелдерді жеткізу - кейінге қалдырылған немесе кешіктірілген болмауы керек. Ондай болса ол күдікті болып қалады. Мұндай шарттың сақталмауы дәлелді жарамсыз деп тануға негіз болады.

Ислам заңгерлері дәлелдің кешіктірілуі заң деп есептеуде төмендегі көзқарастар бар:

1) 1-ай; 2) 6-ай; 3) 2-айға байланысты судьяның өзі шешім мерзімін белгілей алады.

Бұл мерзімдерді Құранда көрсетілген негізгі қылмыстардың барлығына қолданады. Бірақ маскүнемдіктен басқасын.

Ислам сот ісінде куәгердің сөзі (жауабы) “Куәлік етемін” деп бастап өзінің куәгер болғанын және өз көзімен көргенін айтуы шарт. Куәгерге, куәлік беру үшін зорлық көрсетуге болмайды, бірақ себепсіз куәлік беруден бастарту. Діни міндетті бұзу делінген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]