Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Windows 2000 операциялық жүйесі ұяластығы

Windows 2000 ұяластығына төрт программалық өнім кіреді:

  1. Windows 2000 Server

  2. Windows 2000 Professional

  3. Windows 2000 Advanced Server

  4. Windows 2000 Datacenter Server

ВсепродуктылинииWindows 2000бағытыныңбарлықөнімдеріNT технологиясы негізінде (Built on NT Technology) жасалған,себебіоларWindows NTОЖ-нен таралады.

Windows 2000 Professional жүйесікезкелгенмасштабтағымекемелердегіүстелжәнемобильдікомпьютерлергеарналған,қызметтікқосымшаларүшінстандартыплатформаретіндеWindows 95/98–алмастыраалады.

Құрылу мақсаты:

  • Жүйемен жұмысты ыңғайлы түрге келтіру (бұл үшін үйреншікті, бірақ жаңартылған Windows интерфейсі қолданылады, онда жаңа мүмкіндіктер қамтылған);

  • Windows NT жүйесінің дәстүрлі артықшылықтарын сақтау (сенімділік, өнімділік, қауіпсіздік);

  • Жүйеге Windows 98 –дің үздік сапаларын беру (құрылғылардың үлкен санын және Plug and Play технологиясын қолдау);

  • Жеңіл конфигурацияланатын үстелдік жүйені құру, жалпы құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Windows 2000 Server – көпфункционалды ОЖ, файлдар және баспа сервері, қосымшалар сервері, Web-сервер және коммуникационды сервер қызметін қамтамасыз етеді. Жаңа жүйенің алдыңғы жүйелермен салыстырғандағы артықшылығы – сенімділігі және жылдамдығы жоғары және басқару жеңіл. Active Directory (көп мақсатты, масштабталған каталогты) негізінде құрылған үлестірілген қызметтер жиынын қамтиды.

Көпсанды Интернет-қызмет мекемелерге Интернет-технологияны кең көлемде қолдануға мүмкіндік береді: күрделі Web-қосымшалар құру, интратораптар құру, ағынды ақпараттар тарату қызметі (аудио, видео және т.б.).

Windows 2000 Advanced Server (Windows 2000 Server жүйесіне қарағанда), қуатты тораптық ОЖ, жоғары сенімділікті, кең көлемді кластерлік жүйе құруға мүмкіндік береді. Жоғары сұранысты дерекқор құруға мүмкіндік бермек.

Windows 2000 Advanced Server-діңнегізгімүмкіндіктері:

  • Жадының корпоративті архитектурасы.

  • Кең көлемді, көппроцессорлық симметриялық өңдеу мүмкіндіктері (Symmetric Multiprocessing – SMP), процессорлардың саны көбейіп кеткен жағдайда өнімділікті ұлғайтады.

  • Жоғары дайындықты кластерлеу. Кластерлеу қызметі штаттағы жүйе компоненті болып табылады. Оның қызметі – қосымшалар мен деректердің жоғары сенімділігін қамтамасыз ету, кластерге екі серверді біріктіруге мүмкіндік береді (серверлердің жалпы саны 64 болуы міндетті емес, сонымен қатар олардың қуаттылығы және конфигурацияларының бірдей болуы міндетті емес).

  • Жоғарыөнімділікті сұрыптау. Windows 2000 Advanced Server деректердің үлкен жиынында сұрыптау жасайтын стандарты программалар жұмыстарын басқарады.

Windows 2000 Datacenter Server – барлық серверлерден де қуаттырақ. Мұнда да кластерлеу және жүктемені баланстау мүмкіндіктері қамтылған. Үлкен деректер көлемін сақтауға мүмкіндік бар.

ОС Windows ХР.

Бұл да қуатты ОЖ, (2001 жылдың 25 октябрінде пайда болды.), мұнда Windows 9х және NT біріктірілген, оның негізінде Windows 2000 жатыр. Бұл, сонымен қатар приоритетті көптапсырмалық 32-разрядты ОЖ. Осы фактылар оның негізгі сипаттамаларын анықтайды.

ХР-дің екі версиясы бар: Windows ХР Home және Windows ХР Professional. Мұнан басқа 64-битті версиясы - Windows ХР Professional, Intel Itanium 64-битті процессорлар үшін жасалған.

Windows ХР Home жүйесі Windows жүйесінің орынын басуға жоспарланған, бірақ Windows 2000 Professional ОЖ-ің орнын ауыстыру үшін NT ядросында құрылған.

Windows ХР-ді орнату үшін 500 МГц-тен кем емес 128 Мб-тан артық емес ЖЖ керек.

Бақылау сұрақтары.

  1. Светтік маркерлі меню дегеніміз не?

  2. Менюдіі иерархиялық құрылымы.

  3. "Тышқан" манипуляторы. Атқаратын қызметі, мүмкіндіктері.

  4. Терезелердің түрлері.

  5. Екінші терезе дегеніміз не?

  6. WINDOWS-та сұраныс берудің қандай өрістері бар?

  7. Тіркелген объектілік байланыс дегеніміз не?

  8. Чем в WINDOWS 3.X операциялық жүйесінің ерекшеліктері?

  9. WINDOWS-тағы нақты, кеңейтілген және стандартты жұмыс режимдерінің айырмашылығы?

  10. Көптапсырмалылық дегенді қалай түсінесіз?

  11. WINDOWS 95 негізгі экранында қандай компоненттер қамтылған?

  12. WINDOWS 95-тің негізгі стандартты программалары.

Бақылау сұрақтары.

  1. Преимущества WINDOWS 98-дің алдыңғы версиялармен салыстырғандағы артықшылықтары.

  2. WINDOWS NT-де кеңейтілуді қамтамасыз ету үшін не қолданылады.

  3. WINDOWS NT-де сенімділікке қол жеткізу үшін не қолданылады?

  4. WINDOWS NT-де сенімділікке қол жеткізу үшін не қолданылады?

  5. WINDOWS ME ОЖ-нің WINDOWS 98 ОЖ-мен алыстырғандағы ерекшеліктері.

  6. WINDOWS 2000 ОЖ-н құрудағы мақсат.

  7. Windows 2000 Server-дің ерекшелігі.

  8. Windows 2000 Advanced Server-дің ерекшеліктері.

Әдебиеттер.

  1. Симонович С. Информатика. Учебный курс. - Санкт-Петербург: Питер, 2001 г.

  2. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователей. - М: ИНФРА-Ь, 1999г.

  3. Алексеев В.А.. Информатика- 2002. – М.: Высшая школа, 2001 год

  4. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователей. - М: ИНФРА-Ь, 1997г.

  5. Симонович С. WINDOWS 98. Учебный курс. - Санкт-Петербург: Питер, 1999г.

UNIX ОЖ

UNIX тораптық ОЖ- і көпшілік қолдануға 32 битті микропроцессорлық жүйе үшін өндірістік стандарт б.т. Бұл ОЖ DEC фирмасының микрокомпьютерлері үшін 70- ж-ң басында алғашқы рет ойластырылып шығарылған. Кейін басқа да компьютерлер мен ЭЕМ үшін кеңінен қолданыла бастады.

UNIX ОЖ-қ тораптық жабдығы тораптарда қолдану үшін жобаланды.

Уақытты үлестірудің мультипрограммалық жүйесі үшін кеңінен қолданыла бастады.

Ол көптапсырмалылығымен, көпқолданушылығымен ерекшеленеді.

Бірнеше қолданушы әрқайсысы өздерінің терминалды бойныша компьютер ресурстарын пайдалана алады. Бір мезгілде бірнеше тапсырманы орынадй алады. (мысалы бір файлды редакциялай отырып, келесі файлды баспаға жіберіп отыру). Соңғы уақытта UNIX- тің түрлері өте кең көлемде көбейіп отыр.

(Мысалы, XENIX, AIX, HP- UX, LUNIX) тағы бір түрі PARIX ОЖ- процессорлардың үлкен сайын басқарады – мәліметтерді параллель өңдейтін UNIX- те каталогтарды бұтақ түрінде өңдеуге мүмкіндік бар.

Бұтақ түріндегі каталогтардың негізгі түпкі (корневой) каталог б.т. және былай «/» белгіленеді.

Барлық физикалық дискілер бүтін бұтаққа бекітілген, яғни файл орналасқан физикалық диск UNIX- тегі файлды спецификалау бөлігі болып табылмайды, осылайша физикалық диск, қысқаша айтқанда, файлдың толық атының бөлігі бола алмайды. әр файлдың өзінің иемденушісі (владелец) және атрибуттары бар.

RWX RWX RWX типіне анықтама.

Алғашқы RWX мұндағы R- оқу, W- жазу, X- оқу дегенді білдіру.

Атқаратын қызметі; файл иемденушіге қатынас құру мүмкіндігін білдіреді.

2- ші RWX файл иемденушілер тобының мүшесіне қатынас құру

3- ші RWX қалған қолданушыларға қатынас құруды білдіреді.

Файл атрибуттарын файл иемденуші немесе жүйелер администраторы ғана өзгерте алады. Файлды оқуға оның иемденуші ғана қақылы, файлға қатынас құруға басқа қолданушылар үшін тыйым салынады.

UNIX- тен файлдық нүктенің өзіндік қатаң құрылымы бар. Және әрбір каталогтың өзіндік қызметтері бар. Бұл каталогтардың атын өзгертуге, өшіруге болмайды.

Түпкі каталогта (корневой) мынадай каталогтар қамтылады:

/bin- орындалатын файлдар

/dev- құрылғылар

/etc және /s bin жүйелік файлдар (жүйелік конфигурация)

/local немесе /home- қолданушылар каталогтары.

Файл аттары «/» (СЛЭШ- тен)- тен бөтен символдың барлығын қамтиды. /- каталог жолын көрсеткенде каталог аттарын бөліп тұрады. Жоғарғы және төменгі регистр әріптерінің өзгешіліктері бар.

Жасырын (жүйелік) файл аттары нүктеден («.») басталады.

UNIX-те дискінің бір аймағына бір жеріне немесе файлды сілтеу механизмі бар.

Сілтеудің екі түрі бар:

  • қатаң (жесткие)

  • символдық

Қатаң сілтемеде- бірнеше файл бір ғана бастапқы кластерге ие болмақ.

Символдық сілтеме детекторы – берілген каталог жолын көрсетеді.

UNIX- ОЖ сонымен қатар көптеген қызмет көрсету программаларын, яғни утилиттерді ұсынады, бұл басқа ОЖ- де жеке инстурментальды программалық қамтама құрамында беріледі.

Бұл утилиттер программалық қамтамаларды өңдеудегі әртүрлі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді.

(мысалы, Паскаль, Си, Бейсик сияқты тілдердің редакторлары және компиляторлары)

UNIX ОЖ қолданушылық жүйе болғандықтан да онда жұмыс жасау үшін жүйесін администратор – адам немесе адамдар тобы, олардың утилиттері жүйе жұмысына жауап беру.

Міндеттері:

  • жүйені пайдалану ережесін орнату

  • қолданушыларды тіркеп отыру.

Көп қолданушы қамтамасыз ететін жүйелерде барлық қолданушыларды тіркеу үшін ортақ кіріс (общий вход) ұйымдастырылады.

Мұндай тіркеу процедурасы бірнеше минуттық қана уақыт алады.

Тіркеу барысында қолданушыларға жүйеге кіру үшін ат береді, пароль белгілейді, қатынас құруға рұқсат беріледі а, оған дискіде жеке каталог бөлінеді.

Бір қолданушы жүйеге бірнеше атпен тіркеле алады.

Қарапайым қолданушы өздігінен ресурстарды қамтып ала алмайды. Басқа қолданушының файлына қатынас құра алмайды.

Жұмыстың алдында қолданушы өзінің атын хабарлай отырып, сонымен қатар пароль енгізу керек. Осы ақпараттардың нәтижесінде жүйе жүйенің кімнің қолданбақшы болып отырғанын анықтайды.

Егер жүйе жұмысқа дайын болса hostname сияқты шақыру белгісін береді.

Мұндағы hostname компьютер аты.

Әрі қарай қолданушы өзінің аты мен паролін енгізу қажет.

Мысалы: Vangogh login: сервер аты.

Бақылау сұрақтары.

  1. UNIX түрлері.

  2. UNIX-тегі файл атрибуттары, олардың қызметтері.

  3. UNIX-тегі файл аттарының ерекшеліктері.

  4. Жүйелік администратордың міндеті.

  5. UNIX-те қолданушыларды тіркеу.

  6. UNIX ОЖ-ң стандартты құрамы.

Әдебиеттер.

  1. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователей. - М: ИНФРА-Ь, 1999г.

  2. Симонович С. Информатика. Учебный курс. - Санкт-Петербург: Питер, 2001 г.

  3. Алексеев В.А.. Информатика- 2002. – М.: Высшая школа, 2001 год

  4. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователей. - М: ИНФРА-Ь, 1997г.

  5. П. Нортон. Персональный компьютер фирмы IBM и операционная система MSDOS. - М: Радио и связь, 1991 г.

Соседние файлы в папке 3.Информатика