Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

9 Дюйменен- 21 дюймге дейін.

Портативті баспа жүйелерінде

компьютерлер

Монитор шығаратын фирмаларға мыналар жатады: Sony, SamSung, Mag, Daewoo және т.б.

Бейнелер, сызықтар нүктеден тұрады деп ескерсек, нүктелер саны көп болған сайын, экранда көрсету мүмкіндігі де жоғары.

640*480 - нен 1600*1280 нүктеге дейін (горизонтальды, вертикальды сызықтар) қамтылады.

800*600, 1024*768 дейінгі нүктелі супер VGA (SVGA) типті мониторлар кеңінен қолданылып жүр.

Баспа құрылғысы:

  • матрицалық

  • лазерлік

  • термопринтерлер

  • магнитографиктік принтер

  • струйный (ағымды, үздіксіз) принтерлер.

Инесі арқылы ұру қасиетімен матрицалық принтерлер ерекшеленеді.

Термопринтерлер - өте қымбат, жылдамдығы жоғары. Минутына 12 параққа дейін басып шығарады. Оған арнайы қағаз керек.

Жоғары сапалы түрлі-түсті бейнелерді басып шығару үшін қолданылады.

Магнитографтық принтерлерде магнитті сияның көмегімен басылады.

Струйный (ағымдық) принтерлерде сия бүріккіш себу, бүрку арқылы қарапайым қағаздарға информация басылып шығарылды.

Кеңінен қолданылатын лазерлік принтерлер минутына 1-6 бет шығарады, лазерлік сызу арқылы басылады: қарапайым қағаз қолданылады.

Принтер шығаратын ірі фирмалар: IBM, Hewlett- Packard, Epson, Okidata, Fujitsu, Star, Toshiba, Sharp, Sitizen.

Матрицалық принтерлердің үздігі:

Epson FX-1000 (кең форматты)

Epson LX-800 (тар форматты)

Лазерлік принтерлердің үздігі:

IBM Laser Printer E, Quome Crystal Print Super Series II, HP Laserjet IIP, NCR 6435, OAS Laser Pro Exe.

Түрлі- түсті принтер:

HP PaintJex XL, HP Paintjet, Epson LG-2550.

Сканер- графиктік, мәтіндік информацияларды оқу құрылғысы:

Мынадай түрлерге бөлінеді:

  • стол сканері,

  • қолға алып жүру сканері

  • қара- ала түсті сканер

  • түрлі- түсті сканер

  • слайд- сканер

Кеңінен қолданылады:

Hewlett Packard фирмасының офистік сканерлері.

Плоттерлер (графсызғыш)- суреттерді, графиктік информацияларды қағазға шығарады.

Лазерлік принтерден арзандау.

Стандартты Hewlett Packard плоттері жиі қолданылады.

Стример- қатты дискіден ленталы картридждерге деректерді жылдам көшіру үшін қызмет етеді.

Сондықтан да стример үшін магнитті лентаның сыйымдылығы жоғары (20 Мбайттан 40 Гбайтқа дейін).

Conner, Exabyte, Varbatim фирмаларының стримерлері кеңінен қолданады.

Дискілер: Оптикалық дискілер (компакт- дискілер) диаметрі 5,25 және 3,5 дюйм.

CD-ROM оптикалық дискісі кеңінен тараған.

Магнитті иілгіш дискілер-1,4 Мб.

Манипулятор - тышқан.

Джойстик - манипулятор, компьютерлік ойындарға қолданылады.

Модем (модулятор- демодулятор)- телефондық желі арқылы компьютерді басқа компьютермен байланыстыру құрылғысы (тізбекті порт арқылы жүзеге асырылады).

  • ішкі

  • сыртқы болып екіге бөлінеді.

Ішкі модем компьютер корпусына қойылатын қарапайым адаптер сияқты құрылғы.

Сыртқы модемдер жеке кіші габаритті корпуста жинақталған. Қоректену блогы бар, арнайы кабельмен асихронды тізбекті адаптер портына жалғанған.

Секундына (минутына) 28880 битке жуық информацияны жіберіп қабылдайды.

Факс-Модем - басқа факс модемдермен факсимильді көріністерді алмастыру жабдығы.

Модем или факс-Модемнің айырмашылығы деректерді беру жылдамдығында (минутына 2400-ден 33600 бит информация жібереді).

Байланыс хаттамасы - компьютерлік тораптар арасында информациялар алмасудың форматы мен процедураларын анықтайтын ережелер жиыны.

Олардың программалары үшін драйверлер мен утилиттер қажет.

Кейбір шет құрылғылар компьютердің порттарына провод арқылы байланысқан (өздеріне сәйкес порттар бар).

Порт дегеніміз - сәйкес адаптерге сәйкес қосылған кіріс немесе шығыс.

Разъем - жүйелік блоктың сырт жағында орналасқан.

Порттың екі түрі бар:

  • паралелль порт

  • тізбекті порт

Параллельді портқа мысал:

LPT1, LPT2, LPT3.

Тізбекті порттар:

СОМ 1, СОМ2, СОМ3, СОМ4.

Кейбір сырт құрылғылар тек қана параллельді порт арқылы қосылады (мыс, микрофон).

Кейбіреулері тізбекті порт арқылы қосылады (мыс, тышқан). Кейбір құрылғылар параллельді, тізбекті портқа қатар қосылады (мыс, принтерлер)

Кейбір құрылғылар параллельді -тізбекті портқа қатар қосылады.

ЭЕМ программалық қамтамасы.

Қазіргі кедергі ЭВМ- аппараттық және программалық жабдықтардың күрделі кешені.

Программалық жабдық ЭЕМ мен қолданушы арасында делдалдық рольді атқарады деп түсінуге болады.

Үшінші кезең компьютерлерінен бастап программалық жабдықтар жүйелік программалық қамтамаға бірігеді.

ЭЕМ жүйелік программалық қамтамасы - әртүрлі есептерді, тапсырмаларды ЭВМ- де шешу үшін қажетті программалар, процедуралар, түрлі ережелер.

Жүйелік программалық қамтама үшке бөлінеді.:

  • Жүйелік ПҚ

  • Инструментальды ПҚ

  • Қолданбалы ПҚ

Жүйелік ПҚ мыналар қатысты болмақ:

  • операциялық жүйелер (ОЖ)

  • тораптық ПҚ

  • коммуникациондық пакеттер

  • жүйелік утилиттер, драйверлер

сонымен қатар ЭЕМ ақпараттық жабдықтарын жөндеу, диагностикалауға арналған типтік программалар.

ОЖ- тапсырманы шешу процесін ұйымдастырады және автоматтандырады. Компьютерді басқарады, программаны іске қосады, деректерді қорғауды қамтамасыз етеді, қолданушы мен программалардың сұранымдары бойынша әртүрлі сервистік функцияларды атқара алады.

Кез келген программа ОЖ қызметін пайдаланады. ОЖ - барлық программалардың сырт құрылғылармен жұмысын қамтамасыз етеді, программалар арасында жедел жадыны үлестіреді, ақпаратты өңдеудегі әрбір қимыл- әрекетті ескеріп отырады.

Компьютьердің әртүрлі модельдерінде әртүрлі конфинурациялы, әртүрлі мүмкіндіктерін қамтитын әртүрлі ОЖ қолданылады.

Кеңінен тараған ОЖ- лер:

IBM PC типті микроЭВМ- дер үшін:

MS DOS (немесе сонымен біріккен) PC DOS, DR DOS, Novell DOS, Windows 3.x, Windows 95, Windows NT, OS/2, OC Apple MAC- Macintosh- қа арналған.

Тораптағы сервер міндетін атқаратын компьютерлерге арналған OC Windows NT Serer, LAN Server және т.б.

Жұмыс стнциялары, мини ЭЕМ және үлкен ЭЕМ- дер үшін UNIX ОЖ қолданылады.

Утилиттер - ОЖ мүмкіндігін кеңейтеді. Кейбір утилиттер ОЖ- ң құрамында (ОЖ түріне байланысты) болуы мүмкін. Кейде утилиттер бір кешенге бірігуі де мүмкін. Мысалы: Norton Utilities, PC Tools Deluxe және т.б.

Утилиттер атқаратын қызметтеріне байланысты да жіктеледі (Мысалы, форматтау, тестілеу, дискіні түзету үшін дискілік утилиттер жұмысы белгіленген), дискіні динамикалық сығу, оптимизациялау (деректерді) және т.б.

Драйверлер - сырт құрылғылар жұмыстарын қамтамасыз етеді. Оларды сырт құрылғылар драйверлері деп атайды. Әртүрлі хаттамалар бойынша торапта деректер алмасуды қамтамасыз етеді, бұларды ТСР/ІР хаттама драйвері д.а.

Интрументальды ПҚ - ға программалау жүйелері кіреді. Жаңа программаларды өңдеуді қамтамасыз етеді.

Әдетте оған программалау тілдері, трансляторлар (компиляторлар, интерпретаторлар, макрогенераторлар), стандартты ішкі программалар кітапханалары, әртүрлі көмекші (қызмет етуші) программалар жатады.

Қызмет етуші программалар - жаңа программалық жабдықты жасауда қолданушыға көмекке келетін программалардың ортақ аты, мыс: программаны редакциялау үшін қажетті редакторлар, түзеткіштер (отладчиктер).

Қолданбалы ПҚ - профессионал программисті жұмысқа тартпай- ақ кейбір саланық есептерін, тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді.

Мәтіндік процессор, кестелік процессор, ДҚБЖ (СУБД)- дерекқорды басқару жүйесі, интегралданған жүйелер, АБЖ (САПР) - автоматтандырылған жобалау жүйелері, ғылыми зерттеулерді автоматтандыру жүйелері, эксперттік жүйелер, оқыту, үйрету пакеттері, қолданбалы жұмыс программалары, бухгалтерлік программалар, және т.б. (аудармалаушы, сөздік, ойындар).

Бақылау сұрақтары.

  1. Есептеу машинасының негізгі құрылғылары.

  2. Есептеу машинасы процессорына не кіреді?

  3. ЭЕМ-де қолданылатын жадының түрлері?

  4. Енгізу/шығарудың қандай құрылғыларын білесіз?

  5. ЭЕМ порттарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  6. ЭЕМ-ң қандай түйіндерін білесіз?

  7. ЭЕМ элементі деген не? Элементтердің қандай түрлері бар?

  8. ЭЕМ программалық қамтамасы қандай класстарға жіктеледі?

  9. Жүйелік программалық қамтамаға нелер кіреді?

  10. Инструментальды программалық қамтама неден тұрады?

Әдебиеттер.

  1. Симонович С. Информатика. Учебный курс. - Санкт-Петербург: Питер, 2001 г.

  2. Алексеев В.А.. Информатика- 2002. – М.: Высшая школа, 2001 год

  3. Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IBM PC. - М: Радио и связь, 1995г.

4. А. Гук. Процессоры фирмы Intel от 8086 до PENTIUM II. - Санкт-Гук М.

  1. Айтхожаева Е.Ж. Информатика. - Алматы: КазНТУ, 1998г.

6. Тынымбаев С.Т. Вычислительные машины, системы, комплексы и сети. - Алма-Ата: Рауан, 1997,1996,1995 гг.

Соседние файлы в папке 3.Информатика