Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Rar архиваторы.

Архиватор RAR архиваторын Ресейлік программистер ойлап шығарған. arj және zip архиваторларынан айырмашылығы бұл архиватор тек командалық қатардан ғана емес, сонымен қатар сұқбаттық терезеден де жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақпаратты сығуда жоғары дәрежелі көрсеткішке (орташа 2-5%-ға артық) ие. Бұл архиватордың көмегімен көп томды архив құруға болады. Архивтік файлдарының кеңейтілуі - *.rar.

Архиватор мына екі режимнің бірінде жұмыс жасайды: командалық режим және сұқбаттық режим.

Командалық режим rar архиваторы командалық қатардан жұмыс жасайды..

rar программасының командалар форматы:

rar_команда_[-кілт]_[-кілт]_..._архив_[файл]_[файл]_...

Мұндағы:

команда – архиватор әрекетін анықтайтын команда

кілт архиватор әрекетін нақыталайтын параметр (немесе параметрлер)

архив – архивтік файл аты (кеңейтілуін көрсетпесе де болады)

файл - әрекет орындалатын файл (немесе файлдар) аты (егер файл аты көрсетілмесе, онда барлық файлдар өңделеді).

Сұқбаттық режим

Диалогты режимді жұмысқа қосу үшін, командалық қатарда rar архиватор атын енгізу керек.

Экранда осы программаға сәйкес терезе шығады. Терезенің сол жағында ағымдағы директориялар аттары, оң жағында жұмысқа икемдеу режимдері көрініс табады. Программа панелін басқару Norton Commander программмасына ұқсас. Қажетті файлды немесе директорияны белгілеу үшін Insert пернесін қолдануға болады. Директоиядан шығуға немесе директорияға (ішкі директорияларға) үшін – Enter пернесін басса жеткілікті. Сонымен қатар тышқан мүмкіндіктерін пайдалануға да болады.

Бақылау сұрақтары.

  1. Ақпаратты архивтеу программасына қандай түсінік бересіз?

  2. Қандай қызметтің түрлеріне арналған?

  3. Архиватордың қандай түрлерін білесіз?

  4. Өздігінен архивтен шығарылатын архивтік файлдар қалай құрылады?

  5. Зақымдалған архивті қалай қалыпқа келтіруге болады?

  6. arj программасы үшін командалар форма, компоненттерінің қызметтері.

  7. Формат команды для программы rar программасы үшін командалар форматы, олардың компоненттерінің белгіленуі.

Вирусқа қарсы программалар.

Комптьютерлік вирустар- көлемі жағынан кішірек, басқа программаларға өзін жұқтыратын, сонымен қатар компьютерде қажет емес әрекеттер орындайтын арнайы программа. Құрамында вирусы бар программа «жұқтырылған» деп аталады.

Мұндай программалар жұмысын басатған кезде басқару мүмкіндігін вирус иемденеді. Вирус басқа программаларға жұқтырылады да, файлды бүлдіру және дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіру, жедел жадыны бүлдіру және т.б. осындай келеңсіз әрекеттерді орындайды. Мұндай әрекеттер өте жылдам орындалады, сонымен қатар әрқашанда ешқандай вирустың бар екені жөнінде хабарлардың байқалмауы да мүмкін. Осыған байланысты қолданушы компьютерге вирустың еніп кеткенін аңғармауы да мүмкін.

Вирустардың әрекеттеріне байланысты түрлері де көп. Кейбір вирустар компьютер жадысында тұрақтап қалып қояды, уақыт өте келе басқадай файлдарды жұқтырады да, компьютер жұмысына әсер ете бастайды.

Бір компьютерден басқа компьютерлерге дискета, локальді тораптар арқылы таралады.

Программа мәтіндері және құжаттарға, деректер қоймасының ақпараттық файлдарына кестелік процесордың кестелеріне вирус жұқтырылмайды, тек оларды бүлдіруі мүмкін.

Вирустың нақты бір түрі бір немесе екі файлдың түрін бүлдіруі мүмкін.

Жеке .ехе файлды жұқтыратын вирустар жиі кездеседі. Сонымен қатар .ехе және .сом файлдарды қатар жұқтыратын вирустар жиі кездеседі.

Мұндай вирустар файлдың вирустар д.а. өзі орналасқан программа іске қосылған сәттен жұмысын бастайды.

Вируспен жұқтырылатын файлдардың түрлері:

  • орындалатын файлдар, яғни СОМ және ЕХЕ кеңейтулері бар файлдар.

  • Құрылғылар драйверлері.

  • Объектілік файлдар және кітапханалар, яғни ОВJ және LIB кеңейтулері бар файлдар.

  • Операциялық жүйені жүктеуші жазбасы

  • Операциялық жүйе файлдары.

Вирустың тағы бір түрі дискетаның немесе логикалық дискінің бастапқы секторын (операциялық жүйені жүктеуші орналасқан сектор, болмаса қатты дискіні бөлу кестесі орналасқан қатты дискінің бастапқы секторына еніп алады. Мұндай вирустарды жүктеуші вирустар д.а. Жүктеуші вирустар резидентті болып табылады және компьютерлерге салынған дискетаны жұқтырады. Әрбір дискетаның бастапқы секторында міндетті түрде ОЖ- ні жүктеуші болады. Дискетаның жүйелік дискета болуы міндетті шарт емес.

Драйвердегі вирус сол драйверді CONFIG.SYS файлдарынан жұмысқа жүктегенде әрекет ете бастайды. Әдетте жұқтырылған драйверлер орындалатын файлдарға немесе дискетаның жүктеуші секторларына тез жұқтырылады. Осы арқала (драйверлерді бір компьютердегі басқа компьютерге сирек көшіреді) вирус таралады.

1995 жылы 6.0 және 7.0 версиясы үшін Word құжаттарына жұқтырылатын вирустар шыға бастайды. Құжаттар орындалатын файл болмағандықтан мамандар бұл мәтіндік редакторларда жазылған құжаттарда вирустың болуы мүмкін емес деп санаған. Бұл ойлам теріске шықты. Вирус жұқтырылған құжатты ашқан кезде жұмысты бастайтын болды.

Вирус бар кезде бұл құжаттарды SAVE AS арқылы сақтауда, вирус өзінің макрокомандаларын дискіге көшіріп, сол арқылы жұқтыру әрекетін орындап отыр.

MS DOS ОЖ- де ақпаратты қорғаудың тиімді жабдығы жоқ. Сондықтан да қазіргі уақытта MS DOS ОЖ- де вирусты іздеп табу және жою үшін вирусқа қарсы программалар көптеп шыға бастады.

Aidstest, DrWeb, Adinf, Norton Antivirus программалары.

Вирусқа қарсы тіркелген программалараы бар ОЖ- лер де кездеседі. Мысалы: UNIX ОЖ-сі.

Жұқтырылған файлдармен вирусқа қарсы программалар жұмыс істеген кезде, программа файлды қайтадан қалпына келтіруге тырысады.

Файлды қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, ол файл әрі қарай жұмысқа жарамсыз деп саналып, жойылуы керек.

Вирус файлға жұқтырылғанын білудің тағы бір айғағы файлдың көлемінің өзгеруі.

Вирус жұқпайтын файлдар: .BMP, .PCX. .GIF, WMF форматты графиктік файлдар тек қана суреттер сақтайды. Вирус қанша әсер еткенімен де көріністі сол қалпында көруге болады. Бұл файлдарды жұмысқа қосқанда вирус күш ала алмайды.

Вирусқа қарсы программаларды орындалатын функцияларына байланысты жіктеуге болады.

  1. Детекторлар – танымал вирустар жұқтырылған файлдарды іздеп табады. Кейбір детектор- программалардың файлдарға, дискінің жүйелік аумағына эвристикалық талдау жасап, өзіне бұрын таныс емес жаңа вирустарды табуына мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар көптеген детектор- программалар жұқтырылған файлдарды немесе дискілерді «емдей» алады.

  2. Ревизор - программалар дискінің жүйелік аумағын және файлдың күйлері туралы мағлұматтарды еске сақтап қалады да, файлды және жүйені келесі жұмысқа қосқанда жаңадан жұмысқа қосылғандағы күй мен еске сақталған бастапқы күйді салыстырады. Егер екі мәлімет сәйкес келмесе, бұл жөнінде қолданушы хабарланады.

  3. Фильтрлер - компьютерлердің жедел жадысында резидентті түрде орналасып алған, дискі қондырғышқа салынған дискіні немесе дискетаның жүктелген файлдарында вирус бар ма, жоқ па соны аңдып отырады. Вирус болған жағдайда қолданушыға хабарлайды. Егер вирустың бар-жоғын детектор немесе фильтр аңғармай қалған болса, ревизор міндетті түрде аңғарады.

Windows ОЖ- де кеңінен қолданылатын вирусқа қарсы программа- NORTON ANTIVIRUS.

Norton Antivirus программасы жедел жадыда 4 Мбайт, дискіде 2Мбайт орынды талап етеді.

Орындайтын функциялары:

  • вирустарды іздеп табу

  • файлдарда және дискінің жүйелік аумақтарында өзгерістерді табу және хабарлау, оларды емдеу, қолданушының нұсқауы бойынша жұқтыратын файлдарды жою.

  • Архивтік файлдардағы (ZIP форматты файлдарда) вирустарды іздеп- табу.

  • Жұмысқа қосылған файлдарда вирустың бар-жоғына бақылау жасау,

  • Вирустарды эвристикалық танып-білу (белгісіз программалардағы вирустарды табу)

  • Дұрыс емес әрекеттерге бақылау жасау

  • Ctrl+Alt+Delete пернелерін асу арқылы қайта жүктеу алдында вирустардың дискетада бар-жоғын автоматты тексеру.

Norton Antivirus мынадай ситуацияларда хабар шығарады:

  • ЖЖ- да вирус болған жағдайда;

  • Файлда, архивтік файлдарда, жүктеуші жазбаларда немесе қатты дискіні бөлу кестесінде вирус болған жағдайда;

  • Файлда өзгеріс болған жағдайда,

  • Жаңа файлдар пайда болғанда (бұл жиі шыға бермейді)

Вирустардың ерекше түрлері:

Дискідегі файлға емес, файлдық жүйеге жұқтырылатын ерекше вирустар бар.

Бұл вирустар өте қауіпті, бұларды емдеу барысында ақпаратты жоғалтып алу қаупі туындауы да мүмкін.

Бұлар DIR (Бұл вирус жұқтырылған кезде, онда емдеу барысында

ақпаратты жоғалтып алуға болады) және «бүлдіргі» (зараза) (вирустар емделмейді) вирустары.

DIR вирустар өздерінің денесін дискінің кейбір аумағына жасырып (әдетте дискінің соңғы кластерлеріне), сонан соң файлдарды орналастыру кестесіне орналасып алады.

Дискінің бастапқы кластерлерінде орналасқан барлық .ЕХЕ және .СОМ файлдар көрсеткіштері вирус орналасқан кластерлерге сілтеме жасап отырады. Сондықтан кез-келген программаны жұмысқа қосқанда жадыға вирус жұқтырып отырады, сонан соң ол жадыда резидентті жағдайға ауысып қалып қояды.

Жай қараған адамға компьютерде вирус жоқ тәрізді көрінуі мүмкін.

Мұндай компьютерлерде ChkDsk, ScanDisk программаларының көмегімен тексеріс жүргізуге болады.

Бұл программалар жұқтырылған файлдар туралы, жоғалған кластерлер туралы көптеген хабарлар бере алады.

DIR вирустың қауіптілігі мынада: мұндай вирустарды Scan Disk текті программалардың көмегімен түзетудің қажеті жоқ. өйткені дискіні бүлдіріп алуы мүмкін. Бұл вирусқа тек қана вирусқа қарсы программаларды қолдану қажет.

Екінші түрі БҮЛДІРГІ (ЗАРАЗА) – IO.SYS жүйелік файлын жұқтырады.

Мұндай вирустар файлдық жүктеуші вирус болып табылады. DOS бастапқы жүктеуші механизмі мен файлдармен жұмыстың қарапайым механизмі арасында келіспеушілік әрекеттерді орындайды.

Осылайша түпкі каталогта IO.SYS атты екі элемент пайда болады.

Бұл вирустың қаіптілігі: компьютерді таза жүйелік дискетадан SYS C: командасын енгізу арқылы жүктеген жағдайда да вирус дискіден жойылмайды.

«Көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустар.

Өзін жай көзге білдірмес үшін кейбір вирустар жасырын әрекет етеді.

Солардың бірі «көрінбейтін» вирустар. Мұндай жасырын әрекет ету қасиеті көптеген резидентті вирустарға тән. Олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады.

Бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілер жүктеуші аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі - өзін өзі аздап өзгертіп, өрбіп, толықтырылық отырылуы.

Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын кодталған (таңбаланған) жасырын күйде сақтайды.

Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалау тәсілін де, таңбаланған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор – программалар жұмысы қиындайды.

Вирустарды логикасына және әсер етуіне байланысты мынадай түрлерге жіктеуге болады.

  1. «Ұстауыш-вирустар» - программалық жабдықтар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жұқтырылады.

  2. «Логикалық бомбалар» (баяу әсер ететін бомбалар) қарапайым программаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (күн, ай, уақытына байланысты) орындалғанда ғана әсер ете бастайды.

  3. «Құрттар» - жүйелік программалаушылардың информациялық – есептеу желілерінің бос тұраған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

  4. «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын ақпаратты жария етеді, жедел жадтағы мәлімтерді «басқа жаққа» жіберуге дайындайды) орындатады. Жайылуы, көбеюі оңай, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.

Мақсатына қарай вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:

  1. «Бейсауат (кездейсоқ)» - онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.

  2. «Шантаж жасаушы» - мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».

  3. «Насихатшы»- «өзін- өзі көрсету» мақсатында жасалған.

  4. «Мағынасыз»- атынан ақ түсінікті.

Компьютерлік вирустан сақтану тәсілдері:

Вирустан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

  • ақпаратты қорғаудың жалпы шаралары - дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбау;

  • профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

  • вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану.

Бақылау сұрақтары.

  1. Жүктемелік, файлдық, файлдық-жүктемелік және тораптық вирустардың бір-бірінен айырмашылығы?

  2. Резидентті вирустың резидентті емес вирустан айрмашылығы?

  3. Жасайтын әрекеттеріне байланысты вирустардың жіктелуі.

  4. Алгоритм ерекшеліктеріне байланысты вирустардың жіктелуі?

  5. Көрінбейтін-вирус дегеніміз не?

  6. Мутант-вирустар қалай әрекет етеді?

  7. "Троян аттары" вирусының әрекеті.

  8. Компьютерлік вирустардың бар болу белгілерін атаңыз.

Бақылау сұрақтары.

    1. Вирусқа қарсы программалар түрлері.

    2. Детектор-программаның қызметі?

    3. Доктор-программа қалай жұмыс жасайды?

    4. Ревизор-программа дегеніміз не?

    5. Фильтр-программалардың ерекшеліктері.

    6. Вакцинаға түсінік?

    7. Вирусқа қарсы программаларды таңдау барысында қандай критериилеріне қарайға болады?

    8. Компьютерде вирус барын байқаған жағдайда, қандай әрекеттер орындаған дұрыс?

Әдебиеттер.

  1. Касперский Е.В. Компьютерные вирусы. Что это такое и как с ними бороться. - М: СК ПРЕСС, 1998г.

  2. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователей. - М: ИНФРА-Ь, 1999г.

  3. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователей. - М: ИНФРА-Ь, 1997г.

Соседние файлы в папке 3.Информатика