Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Қолданбалы программалар пакеттері Мәтіндік редакторлар және баспа жүйелері

Мәтіндік процессорлар (МП) – қолданбалы программалар пакеттерінің кеңінен таралған түрлерінің бірі.

Мәтіндік процессор - қарапайым мәтіндік редакторлардан күрделі оперативті полиграфияның (баспа жүйесі) кешендік программалық жүйесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Мәтіндік редакторлардың көмегімен мынадай әрекеттер орындауға болады:

  • мәтінді енгізу және редакциялау;

  • фрагменттерді іздеу, өшіру және ауыстыру;

  • мәтіндер фрагменттерін қиып алу, басқа мәтіндер арасына қою, мәтіндер арасына суреттер, басқа да объектілер қою;

  • абзацтарды форматтау;

  • беттік бөлгіштер қою (алып тастау);

  • орфографияны тексеру;

  • баспаға жіберу және баспа құрылғысының қаріптерін басқару;

  • макрокомандалармен жұмыс және т.б.

Кеңінен таралған мәтіндік редакторлар мынадай қосымша мүмкіндіктерді қамтиды:

  • көпколонналы версткалау;

  • мәтінге графиктік образдарды (суреттерді, диаграммаларды, графиктерді) қосу;

  • сілтемелерді қолдану (суреттерге, парақтарға, қосымшаларға сілтеме);

  • математикалық функциялар.

Кеңінен таралған мәтіндік редакторларға мыналар жатады:

  • МИНИТЕКСТ- Apple Macintosh ОЖ-де,

  • EMACS – UNIX ОЖ-де,

  • NE - MS DOS ОЖ-де,

  • Word Pad - Windows 95 ОЖ-де,

  • Easy Writer - Computer Associates фирмасының өнімі,

  • MS Word - Microsoft фирмасы,

  • Word Perfect – Novel фирмасы,

  • WordStar Professional – MicroPro фирмасы,

  • Chiwriter - American Cybernetics фирмасы,

  • Multi Edit - Horstmann SoftVare Designфирмасы (ФОТОН-ның орысшаландырылған нұсқасы),

  • Lexicon – ССРО ҒА ЕО.

Баспалық жүйелер немесе оперативті полиграфия жабдықтары жарнамалық буклеттерді дайындау үшін, газеттеоді безендіру үшін, журналдар мен кітаптар басып шығаруға арналған.

Баспа жүйелерінің негізгі функцияларына мыналар жатады:

  • версткалар (мәтінді бегілі бір тәртіппен орналастыру (парақтап, баған бойынша));

  • суреттер қою;

  • әртүрлі қаріптермен мәтінді безендіру;

  • бейнелеу эффектілерін қолдану және т.б.

Сонымен қатар офсеттік басылымдар үшін қажетті функцияларды орындайды.

Баспа жүйелерінің мынадай түрлері кездеседі:

  • Page Maker – Aldus фирмасы,

  • Ventura – Coul фирмасы,

  • QuarkXpress - Puakk фирмасы,

  • Frame Maker – Adobe фирмасының өнімі.

Графиктік жүйелер

Графиктік редакторларды екі классқа жіктеледі: векторлық және растрлық.

Растрлық графиктік редакторларда көріністер кішкентай, өлшемдері бірдей, квадраттардан құралады ( көрініс элементтері. Оларды пиксельдер деп те атауға болады).

Векторлық графиктік редакторларда көріністер бастапқы нүктемен және осы сызықты баяндайтын формуламен анықталады.

Растрлық графика фотосуреттерді, көріністерді сканерлеу, цифрлық фотоаппараттардың көмегімен түсірілген суреттер немесе цифрлық видеокамералар арқылы алынған көріністерді қамтиды.

Растрлық графиканың басты элементтері нүктелер болып табылады.

Графиктік объектілердің екі типінің арасында мынадай айырмашылықтар жатыр:

  • Векторлық тәсіл – объект экранда оның программалық баяндамасы бойынша динамикалық түрде қалыптасады,

  • Растрлық тәсіл – дисплей видеожадысындағы шаблонның негізінде тұтас объект экранда көрініс табады.

Кең тараған екі өлшемді графиктік редакторларға Microsoft фирмасының Paintbrush және Paint редакторлары, Corel фирмасының Corel Draw редакторы жатады.. үш өлшемді графиктік редакторларға AutoDesk 3D studio max, Corel Draw 3D программалары жатады.

Графиктік жүйелер ішінде кең тарағандары Adobe фирмасының Adobe Photoshop және Adobe Illustrator программалары, Macromedia фирмасының Free Hand және Fractal designer Painter программалары, HSC Software фирмасының өнімі Live Picture, Secular International фирмасының өнімі Collage, Silicon Beach Software фирмасының өнімі Super Paint және т.б.

Internet –тің кең көлемде таралуына байланысты HTML тілінде программалау тілінің стандартты форматтарында құжат құруға мүмкіндік беретін редакторлар пайда болады, оған: Word Perfect 6.1 Internet Publisher редакторы жатады.

Бақылау сұрақтары.

  1. Мәтіндік редакторлардың атқаратын қызметі?

  2. Microsoft Word қандай мүмкіндіктерге ие?

  3. Microsoft Word-ң кемшіліктері бар ма?

  4. Версии пакета Acrobat пакетінің версиялары, олардың ерекшеліктері.

  5. Қандай құжаттық редакторларды білесіз?

  6. Баспалық жүйелердің негізгі қызметтері.

  7. Баспалық жүйелердің түрлері.

  8. Қандай баспалық жүйелерді білесіз?

  9. Графиктік редакторлардың түрлері?

  10. Растрлық редактор мен векторлық редактордың айырмашылығы қандай?

  11. Графиктік көріністерді құрудың негізгі технологиялық әдістері.

  12. Графиктік редакторларға мысалдар.

Соседние файлы в папке 3.Информатика