Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Автоматтандырылған басқару жүйесі.

Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ (САПР)) жобалау және техникалық сызу кезіндегі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар:

  • Жобалау тапсырмаларын автоматтандыру, бұл процесті едәуір жылдамдатады;

  • Жобаға қатысты талданатын ақпараттардың көлемін ұлғайту;

  • Ақпаратты тораптық өңдеу жабдықтарын қолданып, өңдеушілердің жобалық өңдеулеріне қатысу. Бұл жағдайда әбір өңдеуші тораптың барлық ресурстарына және ресурстардаға ақпараттарға қатынас құру мүмкіндігін иемденеді.

АБЖ саласындағы көзге түсіп отырған фирма Autodesk, осы фирманыңAutoCAD пакеті мынадай мүмкіндік ерімен ерекшеленеді:

  • 2- және 3-өлшемді графиканы қолдау;

  • модельдік түрлендіруді орындауға мүмкіндік береді;

  • графиктік дерекқорды қолдау;

  • қаріптер және символдар генераторын қосады,

  • тіркелген Auto lisp программалау тілін қамтиды,

  • .DXFжәне.IJES графиктік файлдарының алмастыру форматтарын қолдайды,

AutoCAD–тан басқа танымал мынадай пакеттер бар:

  • Cadkey- Cadkey фирмасы,

  • Cadmax 3D - Vector Automation фирмасы,

  • Cadvance – Isicad фирмасы,

  • Data Cad - Evolution Computing фирмасы,

  • Versa Cad Design - Versa Cad фирмасы,

  • MicroStation - Bentley Systems фирмасы,

  • PCAD – баспа платалары мен штамптарын құрастыруға арналған.

Бақылау сұрақтары.

  1. Кестелік процессордың негізгі қызметтері.

  2. Кестелік процессорларға мысалдар.

  3. Интеграцияланған пакеттер қандай мақсатта құрылады?

  4. Интеграцияланған пакеттерге мысалдар.

  5. Microsoft Office кеңселік қосымшалар пакеттері.

  6. Автоматтандырылған жобалау мүйесі қандай жұмыс мүмкіндіктерін ұсынады?

  7. Автоматтандырылған жобалау жүйелеріне мысалдар.

  8. Оқытушы пакеттер нені қамтиды?

  9. Оқытушы пакеттерді әзірлеуге арналған интеграцияланған жүйелік сұлбаларға мысалдар.

  10. Автоматтандырылған оқытушы жүйелер қандай күрделі қызметтерді қамтиды?

Оқытушы программалық пакеттер

Соңғы кезде ЭЕМ көмегімен арақашықтық оқыту жүйесінің мүмкіндіктері жөнінде сұрақтар жиі көтеріліп жүр.

Осы оқыту саласындағы мүмкіндіктерді жүзеге асыру оқуға арналған компьютерлік программалардың көмегімен орындалуда. Бұл программаларды оқытушы программалар деп атауға болады. Олардың деңгейі әртүрі: қарапайым программалардан бастап күрделі зерделі программалық кешендерге дейін.

Мұндай пакеттер меңгеру тиіс оқу материалдарын қамтиды, сонымен қатар осы материалдарды оқып үйренуді ұымдастырудағы басқарушы материалдарды қамтиды. Оқу барысын бақылап, оның нәтижесін жөнінде статистикалық мәліметтер жинақтап, өңдеуге де мүмкіндік береді. Бір мезгілде бірнеше оқушының оқуына мүмкіндік бар және оқушылардың білім деңгейі ескеріле отырып берілетін түрлі деңгейдегі материалдарды қамтиды. Материалдарды оқушылардың игеру деңгейі талданып отырады және т.б.

Оқыту программаларын құруды ыңғайлы түрге келтіру үшін көптеген интегралданған жүйелік сұлбалар бар: TenCORE, TeachCad, Link Wag, Hyper Method - IBM-біріккен компьютерлеріне арналған. Hyper CAD - Macintosh фирмасының компьютерлеріне арналған. Жүйелер «мультимедианың» дамыған жүйелерін қамтиды. Осының нәтижесінде мультипликацияны, дыбысты, бейнематериалдарды қамтитын оқыту программаларын құруға болады.

Қазіргі кездегі арақашықтық оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтар дерекқор негізінде құрылады, Web-парақтар құру, оқытудың интерактивті режимін қолдау және өңдеу мүмкіндіктерін қамтиды. Мұндай программалық өнімге Lotus фирмасының Lotus Learning Space жүйесі мысал бола алады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика