Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Дерекқор

ЭЕМ-ң негізгі маңызды мүмкіндіктерінің бірі ақпараттың үлкен көлемін сақтау және өңдеу болып табылады.

Бұл мүмкіндіктер дерекқордың көмегімен жүзеге асырылады.

Дерекқор – белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған, деректерді белгілі бір салаға байланысты баяндаудың, сақтаудың және олармен жұмыстың жалпы принциптерін қарастыратын деректер жиынтығы.

Деректер дегеніміз – адамның қатысуымен автоматты жабдықтар арқылы өңделетін ақпарат.

Белгілі бір сала дегеніміз - нақты зерттеу үшін қызығушылық тудыратын шындық әлемнің бір бөлігі.

Қарапайым дерекқорға мынадай мысалдар келтіруге болады:

  • телефон анықтамасы;

  • поездар қозғалысының кестесі;

  • өндіріс қызметкерлері жөніндегі мәліметтер;

  • тауарға қойылатын бағалардың тізімі;

  • кітапханадағы кітаптардың алфавиттік немесе пәндік каталогы;

  • шетел сөздерінің сөздігі;

  • студенттердің сессия тапсыру қорытындысы;

  • бейнежазбалар каталогы;

  • кулинарлық рецептер тізімі.

Электронды дерекқордың басты артықшылығы – ақпаратты жылдам іздеу және сұрыптау (таңдау), сонымен қатар берілген форма бойынша есептер құгастыру (генерациялау). Мысалы, сынақ кітапшасының нөмірі арқылы студенттер фамилиясын жылдам анықтауға мүмкіндік бар немесежазушының фамилиясы бойынша оның шығармаларының тізімін қарау.

Дерекқор қолданушыларын үш категорияға бөлуге болады:

  • ақырғы қолданушылар (деректерді енгізу, шығару және қоланушылар);

  • программистер және жүйелік талдаушылар (деректерді өңдеудің қолданбалы программаларын жазушылар,ДҚ-дың логикалық құрылымын анықтаушылар);

  • администраторлар.

ДҚ администраторы – жобалау кезінде дерекқорға қойылатын талаптарды құрастыратын, құру кезінде ДҚ-ды жүзеге асыратын, эксплуатациялау кезінде ДҚ-ды тиімді пайдаланатын және жұмысына жауап беретін адам. Администратор ақырғы қолданушымен және программалаушылармен ДҚ-ды жобалау процесінде бірігіп жұмыс жасай отырып, ДҚ-дың жұмыс мүмкіндігін бақылайды, ақпараттарды уақытысында жаңартып отыруға, деректердің қауіпсіздігі мен бүтіндігін қамтамасыз етуге жауап береді.

Деректердің қауіпсіздігі дегеніміз – бөтен адамдардың (дерекқорға қатынас құруға құқығы жоқ адамдар) деректерге кездейсоқ немесе қасақана қатынас құруы.

Деректердің бүтіндігі – жұмыс кезінде бұзылу болған жағдайда деректерді толық қалпына келтіру мүмкіндігі.

Программалаушылар және жүйелік талдаушылар ДҚ-ды құра отырып, ақпараттарды түрлі белгілері бойынша (реквизиттері, атрибуттары бойынша) реттеуге тырысады.

Қазіргі кездегі технологияда ДҚ-ды құру, оның жұмысын қолдау, оған қолданушылардың қатынас құруын қамтамасыз ету – дерекқорды басқару жүйесі (ДҚБЖ-СУБД) деп аталатын арнайы программалық қамтаманың көмегімен жүзеге асырылады.

ДҚБЖ – ДҚ-ды құру және деректерді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін программалар пакеті. ДҚБЖ деректерді енгізу, таңдау және редакциялауға мүмкіндік береді. ДҚБЖ белгілі бір критерии бойынша (талап, ереже бойынша) деректер алудың арнайы жабдықтарын қамтиды. ДҚБЖ ақырғы қолданушыға деректерді басқаруға мүмкіндік береді, ал программист пен жүйелік талдаушыларға жетілген программалық жабдықтарды жылдам өңдеуге мүмкіндік береді.

Деректерді өңдеу технологиясы бойынша ДҚ мынадай түрлерге жіктеледі:

  • орталықтандырылған;

  • үлестірілген.

Орталықтандырылған ДҚ – бір ЭЕМ-нің жадысында сақталады.

Үлестірілген ДҚ – есептеу торабының түрлі ЭЕМ-дерінде сақталатын бірнеше бөліктерден (бір-бірімен қиылысатын немесе бірін-бірі қайталайтын деректер) тұрады.

Дерекқорға қатынас құру тәсілдері бойынша ДҚ екі түрге бөлінеді:

  • локальды қатынасты ДҚ;

  • жырақтағы (тораптық) қатынасты ДҚ.

Локальды қатынаста ДҚ жеке бір ғана ЭЕМ-ге орналасқан, және ДҚ-дан ақпаратты оқу тікелей сол машинадан жүзеге асырылады. Жырақтағы қатынаста ДҚ орналасқан машинаны басқару торап арқылы басқа ЭЕМ-нен жүзеге асырылады.

Деректер арасында байланыс орнату тәсілдері бойынша ДҚ мынадай түрлерге бөлінеді:

  • реляциондық;

  • иерархиялық;

  • тораптық.

Реляциондық ДҚ – деректердің кесте түрінде берілуі.

Иерархиялық және тораптық ДҚ – белгілі бір белгілері бойынша деректер арасында байланыс орнатумен ерекшеленеді. Иерархиялық ДҚ-да мұндай байланыстар бұтақ-граф түрінде беріледі, мұнда үлкен төбеден төменгі (кіші) төбеге бірбағытты байланыстар қамтылады. Ақпаратқа қатынас бұтық құрылымы бойынша ғана жүзеге асырылады.

Тораптық ДҚ-да барлық ақпараттармен қатынас құруға мүмкіндік барү

Төмендегі кестеде осы айтылған ДҚ түрлеріне сәйкес қазіргі кездегі программалар қамтылған.

1 кесте

Реляциондық ДҚ

Тораптық ДҚ

Иерархиялық ДҚ

MS ACCESS

Clipper

dBase

Oracle

Paradox

FoxBase+

FoxPro

IMS/VS

Дерекқор элементтеріне түсінік:

Кесте – нақты бір тақырып бойынша деректер жиыны. Деректер бағанда (өрісте) және қатарда (жазбада) орналасады.

Өріс – деректерді логикалық ұйымдастырудың қарапайым бірлігі.

Жазба – логикалық түрде байланысқан өрістер жиынтығы.

Сәйкес атрибутты мәндерді қамтитын кесте бағаны – домендер, түрлі атрибутты мәндерді қамтитын қатарлар – кортеж деп аталады.

Компьютерлік желілер

Жергілікті желілер - бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан, немесе қатар орналасқан компьютерлер). Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізідежі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың арақашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әртүрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын немесе орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.

Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары. Олар секундына 10-100 МГбайтқа дейінгі ақпаратты жібереді (ГБайт болуы да мүмкін). Ал, ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.

Жергілікті желі. Компьютерлерді (жұмыс станциясын немесе серверді) желіге қосу арнаулы желі адаптері арқылы орындалады. Желі адаптері бөлек, кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін.

Қарапайым жергілікті желіде шиналық немесе жұлдыз тәрізді топология болады.

Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын шиналық топологияның негізгі кемшілігі – кабель үзілсе желі түгелдей жұмыстан шығады.

Ал, жұлдыз тәрізді топологияда әрбір компьютер өз кабелімен жеке қоректену блогы бар таратқыш құрылғыға (ол да компьютер) жалғанады. Мұнда бір кабель үзілгенмен, тек бір жұмыс станциясы ғана істен шығады да, желі қалған станциялармен жұмыс жасай береді.

Шиналық топологияға қарағанда, әлденеше рет төмен болады.

Соңғы кездерде бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап келеді. Бұл тораптың артықшылығы:

  1. Жалпы көрсеткіштері ойдағыдай, соған қарамастан бағасы онша қымбат емес.

  2. Жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.

Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігім – олардағы ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте төмен, 10Мбит/с аспайды.

Ауқымды желілер. Компьютерді ауқымды желімен байланыстыру үшін, модем, телефонмен байланыс қажет.

INTERNET желісі. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіретін, күнбе-күн жаңарып, толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.

Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютер мен 30 млн-ға жуық адам жұмыс істейді.

INTERNET желісіне күніне жаңа мыңдаған компьютер қосылады екен.

INTERNET желісін алғаш дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдардың басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі б.с., онда соғыс жағдайындағы байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді.

Соседние файлы в папке 3.Информатика