Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

5. Жүйелік программалық қамтама

5.1 Операциялық жүйелер

ОЖ-р ЭЕМ аппараттық жабдықтарының, тораптарының және барлық программалардың жұмыстарын қолдауды қамтамасыз ететін программалар кешені.

ОЖ-ні компьютер мен қолданушы арасындағы интерфейс ретінде анықтауға болады.

ОЖ-ге арнайы ресурстарды басқарады деп түсінік беретін болсақ, бұл ресурстарға:

  • процессор

  • жады

  • енгізу/шығару құрылғылары және т.б. жатады.

Қазіргі кездегі қолданып жүрген ОЖ-ге тән функциялар:

  • қолдаушы интерфейсті анықтау

  • қолданушылар арасында аппараттық ресурстарды бөлуді қамтамасыз ету;

  • коллективті қолдану режимінде ортақ деректермен жұмыс істеу мүмкіндігін беру;

  • ресурстарға қатынас құруды жоспарлау

  • енгізу- шығару операциясын орындауды қамтамасыз ету;

  • қате болған жағдайларда ақпаратты және есептеу процесін қалыпқа келтіру.

Компьютерді жұмысқа қосқан кезде бірінші кезекте ЖЕСҚ- на ОЖ жүктеледі.

Әрі қарай осы жүктелген ОЖ-ң көмегімен ЭЕМ- ның жұмыс жасау қабілеті тексеріледі. ЭЕМ- дағы жұмыс та осы ОЖ- ның басқаруымен аяқталады.

ОЖ- лер төмендегі сипаттамалар бойынша жіктеледі:

  1. дара қолданушылық және жалпы қолданушылық (көпқолданушылық) ОЖ- мен бір мезгілде жұмыс істеушілер саны бойынша;

  2. бір тапсырмалылық және көптапсырмалылық режимдерде ОЖ- ң басқаруымен бір мезгілде орындалатын тапсырмалар саны бойынша;

  3. қолданылатын процессорлар саны бойынша (бір процессорлық және көппроцессорлық)

  4. процессордың разрядтылықтары бойынша (8 разряд, 16 разряд, 32 разряд, 64 разряд)

  5. қолданушы инфтерфейстің типтері бойынша (командалық (мәтіндік) және объектілі-бағытталған (графиктік))

  6. жалпы апараттық және прораммалық ресурстарды қолдану тәсілдері бойынша (тораптық, локальді)

Жиі қолданылатын ОЖ- лер.

MS DOS, Windows, UNIX және Mac OS (Apple фирмасының Macintosh компьютерлері үшін).

Бірқолданушының біртапсырмалылық ОЖ- ге СР/М, MS-DOS жатады.

Бірқолданушылық көптапсырмалылық ОЖ- Window, OS/2 жатады.

Көпқолданушылық, көптасырмалылық ОЖ- дің ішінде жиі қолданылатыны UNIX.

MS DOS - 8086…..80486 микропроцессорларының негізіндегі 16- раз ЭЕМ- дер үшін стандарт б.т.

ОS/2 операциялық жүйелері - бірнеше қолданбалы программалар жұмысын қатар өңдеуге мүмкіндік береді.

Windows ОЖ – көптапсырмалалық б.т. артықшылығы – бір жүйеге келтірілген қолданушы интерфейсті қамтиды, жүйенің стандартты құралдарын қамтиды ( меню және т.б.).

MS DOS ОЖ

Құрамдас бөліктері bios енгізу - шығарудың базалық жүйесі

Компьютерлерді функционерлеу мәтінін қамтитын ақпараттарды (жады жұмысын және компьтер құрылғыларын тексеру) енгізу - шығаруды басқарады, операциялық жүйені жүктеушіні шақыру программасын қамтиды.

IO.SYS файлы BIOS (Basic Input/Output System) енгізу/шығарудың базалық кеңейтілуін қамтиды және операциялық жүйенің компьютер аппаратураларымен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін олардың арасындағы интерфейс болып табылады.

ОЖ- жүктеу процесі.

Компьютерлерді жұмысқа қосқан кезде басқару BIOS енгізу/ шығарудың базалық жүйесіне беріледі.

BIOS базалық жүйесі компьютер аппаратуларын тексеруді жүзеге асырып, үзу векторлары кестесінің бастапқы бөлігін қалыптастырады да, құрылғыны анықтап, ОЖ- ні жүктеу процесін бастайды.

Жүктеу мынадан басталады:

BIOS А: дискі қондырғышына қойылған дискетаның (Жүйелік дискетада бұл сектор ОЖ- ні жүктеушіні қамтиды.) бірінші секторын оқуға тырысады.

Егер дискі қондырғышқа жүйелік дискета қойылған болса, онда оның бірінші секторынан жүктеуші оқылады. Сонан соң оған басқару мүмкіндігі беріледі. Егер жүйелік дискета болмаса, яғни жүктеуші жазбаларды қамтымаса, онда экранға дискетаны ауыстыруға сұраныс жасайтын хабар шығады.

Егер А: дискі қондырғышында дискета мүлдем болмаса, онда BIOS С: дискінің басында орналасқан негізгі жүктеуші жазбаны (Master Boot Record) оқиды. Бұл дискідегі бірінші сектор. Басқару мүмкіндігі осы сектордағы жүктеушіге беріледі. Жүктеуші бөлімдер кестесінің құрамына (бұл кесте де бірінші секторда орналасқан ) талдау жасап, активті бөлімді талдайды да, осы бөлімнің жүктеуші жазбаларын оқиды. Активті бөлімнің жүктеу жазбасы (Boot Record) жүктеуші жазбалар сияқты жүйелік дискетаның бірінші секторында орналасқан.

Активті бөлімнің жүктеуші жазбасы дискіден IO.SYS және MS DOS.SYS (осы тәртіппен) файлдарын оқиды. Сонан соң MS DOS- та тіркелген драйверлер оқылады және жүктеледі. CONFIG.SYS файлының құрамы талданады.

IO.SYS файлы BIOS (BASIC INPUT/ OUTPUT SYSTEM) енгізу/ шығарудың базалық жүйесін жүктейді және BIOS пен компьютер аппаратурасының арасындағы интерфейс қызметін атқарады.

Соседние файлы в папке 3.Информатика