Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Модуль 4 Утилиттер (6 часов). Лекция № 12. Ақпаратты сығу

Архиваторлар

Жүйелік программалық қамтаманың тағы бір компоненті архиватор сияқты утилиттер болмақ.

Компьютерді эксплуатациялау кезінде әртүрлі себептерге байланысты магнитті дискіден ақпараттарды бүлдіріп алу немесе жоғалтып алу сияқты түрлі оқиғалар орын алуы мүмкін.

Бұған магниттік дискінің физикалық бүлінуі файлды байқаусызда өшіріп алу, дұрыс емес түзетулер жасау, вирустармен бүліну сияқты себептер әсер етеді.

Мұндай келеңсіздіктерді болдырмау үшін, қолданылатын файлдың архивтік көшірмелерін сақтаған жөн. Мұндай көшірмелерді құру программасы архиваторлар б.т.

Файлды архивтеу мен архивтен алуға мына программалар мысал бола алады: ARJ, RAR, LHA, PKZIP және PKUNZIP,ZIP т.б.

Қаттаушы- программалар қаттаудың (сығудың) арнайы әдістерін қолдана отырып, файлдың аз өлшемді көшірмесін құрайды.

Мына салада қолданған өте тиімді:

  • ақпаратты телефондық желімен беру (модем арқылы) кезінде

  • программалық кешендердің дистрибуттарын сақтау кезінде.

  • Файлдар архивін құруда.

Архивтік файл д/з- бір немесе бірнеше файлдар жиынын қатталған түрде бір файлға орналастыру. Архивтік файлға сақталған файлдарға байланысты ат беру арқылы архивтерге қандай файлдардың сақталғанын білуге болады.

ARJ программасы көп томды архив құруға мүмкіндік береді.

.ARJ- архивті файл кеңейтілуі

.ZIP- PKZIP/PKUNZIP программаның архивтік файлдардың кеңейтілуі б.т.

ARJ- дағы көптомдық архивте .AO1, .AO2 және т.б. сияқты кеңейтілулер болуы мүмкін.

Командалық форматы:

ARJ команда режимдер архив- аты [каталог\] [файл аттары]......

Мұндағы:

Команда- орындалатын қызметті беру түрі.

А- архивке файлды салу

М- архивке файлды жылжыту

Режимдер- «-» «немесе» «/» белгілерімен бірге жазылады. Әрекетті нақтылау қызметін атқармақ.

Архив аты - құрылатын архивтің аты.

[каталог]- архивке енетін файлдардың базалық каталогын беру

[файл аттары]- архивке енгізілуге тиіс файл аттары

Командалар:

А: архивке файлды салу

Arj a arc.arj file.doc

C: түсініктеме (комментарии) беру

Arj c arc.arj

D: архивтегі файлды жою

Arj d arc.arj file.doc

e: архивтегі файлды алу

Arj е arc.arj file.doc

F: архивтегі файлды жаңарту

Arj f arc.arj

G: архивке пароль қою

Arj g- gparol arc.arj file.doc

J: архивтерді біріктіру

Arj j arc.arj arc2.arj arc3.arj

L: архив мазмұнын шығару

Arj l arc.arj *.doc

.doc кеңейтілуі бар барлық файлдар тізімін шығару.

N: архивтегі файл атын өзгерту

Arj n arc.arj *.doc

O: архивтегі файлдарды сұрыптау

S: файлдардың архивтен үзіліспен шығару

T: архивті тестілеу

Х: жолын қалыпқа келтіріп архивтен шығару.

Кілттер:

Бұлар arj. exe- нің міндетті элементтері емес.

?:- командалар мен кілттердің толық тізімін экранға шығару

-$: том меткасын қою, алып тастау

-b: өзгертілген файлдарды көшіру.

-d: қосылған файлдарды жою

-f: бұрыннан бар файлдарды жаңарту

-g: пароль қою

-k: архивтің ВАК- көшірмесін сақтау

-m: қаттау (сығу) әдісі

О- тек қана сақтау (сығусыз)

1- мах сығу

2- қалыпты сығу

3- жылдам сығу

4-міn (өту жылдам сығу)

Әдетте (по умолчанию) максималь. (1) сығу орнатылады.

Мыс: arj a arc.arj *. Zip –m0

-n: тек архивте жоқ файлды архивке қосу

-q: әр файлда сұраныс жасап отыру

-r: ішкі каталогтарды қарау.

Соседние файлы в папке 3.Информатика