Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Кестелік процессор

(Электронды кестелер)

Кестелік процессорлар – электронды кестелерді құру, редакциялау және өңдеу үшін белгіленген.

Оның негізгі функциялары:

  • екі өлшемді элементтермен ағынды есептеу;

  • ұяшықтардағы формулаларды редакциялау;

  • формуланы немесе кесте элементтерін бір ұяшықтан басқа ұяшықтарға тасымалдау;

  • бірнеше ұяшықтармен бір мезгілде жұмыс жасау;

  • бірнеше бетпен немесе бірнеше жұмыс кітаптарымен бір мезгілде жұсмыс жасау;

  • өзгертуден ұяшықты немесе ұяшықтар жиынын қорғау, қорғауды алып тастау;

  • енгізілген мәліметтердің форматтарын өзгерту;

  • дискідегі кестені немесе кестенің бір бөлігін сақтау;

  • кестені немесе кесте бөлігін баспа құрылғысына немесе мәтіндік файлға жіберу;

  • кестедегі деректерді графиктік формада көрсету;

  • макрожабдықтармен жұмыс.

ЭК-ге байланысты түсініктер:

Ұяшық диапазоны – бір бетте орналасқан екі немесе одан көп ұяшықтардың біріккен түрі.

Формула синтаксисі – формулаға кіретін элементтердің жазылу тәртібі.

Операндалар - ЭК операция орындайтын шамалар.

Тұрақтылар – есептеу процесі кезінде өзгермейтін шамалар.

Сілтеме – ұяшық координатасы, оның мекені.

Тақырып - бағанның жоғарғы жағында. Жолдың сол жақ қапталында орналасатын кілттік сөздер.

Функция – аргументтер орнын алатын элементтермен орындалатын әрекеттердің нәтижесін қайтаратын ерекше атты стандартты ішкі программа.

Функция аргументтері – сандық мәндер, мәтін, сілтемелер, сілтемелер диапазондары, функцияда қолданылатын атаулар.

Оператор - операндалармен орындалаты. Операциялардың белгіленуі.

Электронды кесте кітаптан тұрса, кітаптар жұмыс парақтарынан тұрады. Кітаптағы беттердің жалпы саны 16. Қолданушы оны өз қалауы бойынша өзгерте алады. Жұмыс парағын жұмыс өрісі деп атауға да болады.

Жұмыс өрісі ұяшықтардан тұрады, әр ұяшықтың мекені болады. Ұяшық мекені қатар мен бағанның қиылысқан жерінде анықталады. Мысалы, А1 – бұл кез келген беттегі 1-ші ұяшық. А- бағаны мен 1-ші қатардың қиылысқан жерінде орналасқан. Егер сіз басқа беттегі ұяшық мекенін көрсететін болсаңыз, онда сол беттің атын көрсетуіңіз керек. Мысалы, Бет1!А!. Әр беттегі баған саны 256, қатар саны – 65536.

Әр ұяшық мынадай типті деректер қамтылуы мүмкін: мәтіндік, сандық, формулалар.

Мәтіндік типті ұяшық сөзді, сөйлемдерді, символдардың еркін терілген жиынын сақтауы мүмкін.

Сандық типті ұяшықта 15-мәнді цифрлы түрлі форматтағы сандарды жазуға болады.

Кеңінен тараған кестелік процессорларға Microsoft фирмасының Excel программасы, Lotus фирмасының Lotus программалары, Microsoft фирмасының Multiplan өнімдері, Computer Associates фирмасының Super Calc өнімі, Visi Corp фирмасының VisiCalc программасы, Borland фирмасының Quattro Pro программалары мысал бола алады.

Интеграцияланған пакеттер

Интеграцияланған пакеттерге кеңседе ақпаратты өңдеудің компьютерлік технологиясы үшін қажетті қолданбалы программаларды біріктіретін кеңселік қосымшалар пакеттері жатады. Кеңінен таралғандары: Ashton Tate фирмасының Frame Work программалары және оның түрлі версиялары, MS фирмасының MS Work өнімі, Lotus фирмасының Symphony өнімі, ССРО ҒА ЕО-ң Macmer программасы.

Интеграцияланған пакетттерден басқа интегралданған жүйе деген ұғым бар. Интегралданған жүйе интегралданған пакеттерді қамтиды және кеңселік қосымшалар пакеттеріне бірігеді. Интеграцияланған жүйе интеграцияланған пакетттерге қарағанда кең тараған, және операциялық жүйемен бірге жиі қойылады. Кең тараған интегралданған жүйеге кеңселік қосымшалардың мынадай пакеттері мысал бола алады:

  • Microsoft Office, MS Office Professional - MS фирмасы.

Microsoft Office дерекқор сервері MS SQL Server – ді қамтиды, MS System Management Server – жүйені басқару сервері, MS Mail – почталық сервер, SNA Server – байланыс сервері;

MS Office Professional мыналарды қамтиды: Word, Excel, Access, Power Point, Schedule – күнтізбе және жазба кітапшасы негізінде күнді жоспарлаушы, Graph – диаграмма құру, Organization Chart - мекеменің штаттық кестесі, Word Art, Equation Editor, Clip Art Gallery. Пакет MS Office Manager деп аталатын электронды почтамен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін және факс жібере алатын жеке диспетчерге ие.

- IBM Works OS / 2 - IBM фирмасы. Пакет мыналарды қамтиды: Word Processor – мәтіндік процессор, Spreadsheet – кестелік процессор, Data Filter – дерекқорды басқарудың тіркелген жүйесі, Report Writer – қорытынды есеп қалыптастыратын қосымша, Chart – диаграмма құрушы.

- Claris Works - Claris фирмасы;

- Perfect Office - Novel фирмасы;

Соседние файлы в папке 3.Информатика