Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

Күрделі баяндауыш.

3. Кестеге қарап өз мысалдарыңызды келтіріңіз.

Күрделі баяндауыш

Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары

Машина баяу жүріп келе жатыр.

күрделі етістік

Ол музыканы, ән–күйді жақсы көретін адам еді.

Келе жатқан үшеу екен.

есім сөздер мен көмекші етістіктер

Осы – Тереңсайдың тұсы.

ілік септікті есімдер мен көмекші есімдер тіркесі

Біздің сыныптағы озаттар он үш.

Кореяның территориясы – 220 мың шаршы километр.

күрделі сан есімдер, шаманы, мезгілді білдіретін сөздер

Оның көңілінің алалығы жоқ еді.

Ол келуге тиіс екен.

жоқ, бар, тиіс т.б. сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі

Біз оқуға бел байладық.

тұрақты сөз тіркестері(идиомалар)

4. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.

1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).

5. Сұхбатқа астындағы қажетті сөздердің тиістісін енгізіңіз.

- Кеше күндіз маған достарым ... .

- Сендер не істедіңдер?

- Біз музыка ... , ән ... , ... .

- Ертең сен маған кел.

- Біз не істейміз?

- Музыка ... , ... .

- Жақсы, ... .

- Сау бол!

- Сау бол!

Қажетті сөздер: әңгімелестік, тыңдаймыз, келді, айттық, әңгімелесеміз, айтамыз, келеді, тыңдадық, келемін.

6. Көшіріңіз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңыздар.

Шығыс Сібірде көктем кеш басталады, өте қысқа болады. Көктемнен кейін лезде жаз басталады. Сібірдің жазы жылы, оңтүстігінде тіпті ыстық болады. Жазы да ұзақ болмайды, қысы тез басталады. Күні ашық, ауа райы жақсы болады. Жауын–шашын жаз айларында жауады. Қыста шанамен жүреді.

VII сабақ. Ән және қазақ даласының бұлбұлдары.

Ән.

1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер?

Ән туралы не білесіздер?

Сіздің түсінігіңізде ән деген не?

Әннің қандай түрлері бар?

Қандай әндерді білесіңдер?

Өздеріңізге қандай әндер ұнайды?

2. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар және дұрыс аудармасын табыңыздар:

әдет-ғұрып музыкасы - певун

әнқұмар - зрительский вкус

бас жүлде - человек – артист

көрермен талғамы - музыкальная критика

әртіс – адам гранпри, главный приз

музыка сыны - обрядовая музыка

3. Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар:

Ән.

Ән – поэзиялық шығарма мен мелодиядан туған вокалды музыкалық шығарманың әуені, сазы. Ән халық арасына ерте заманнан кең тараған жанр. Әнді, негізінде, шығарушы да, шырқатып салушы да – халық. Дәл айтсақ, «Елім -ай», «Ақдариға», «Шиелі өзен», «Жайдарман», «Қамажай», «Жиырма бес» сияқты әндердің мелодиясы мен өлеңнің авторлар белгісіз. Сондықтан, бұл әндер халық әндеріне жатады. Ал кейбір әндердің нақты авторлары болды. Мысалы, Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса», Біржанның «Ләйлім шырақ», Мұхиттың «Зәуреш», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», т.б..Қазақтың көптеген кәсіби компазиторлары ән жанрын байыта түсті. Олар алуан тақырыпта, халықтың бақытты өмірін, шындықты жырлайтын әндер шығарды, мысалы: Л.Хамидидің «Отан», А.Жұбановтың «Ақкөгершін», «Қарлығаш», Ш.Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым», М.Төлебаевтың «Кестелі орамал», Б.Байқадамованың «Ақбидай» әндерімен қатар, Н.Тлиндеивтің А.Еспаевтың, М.Ержановтың, Қ.Мусиннің әндерін атап айтуға болады. Ән құрлысы көбінесе куплетті түрде келеді, оның бастамасы мен қайырмасы бар. Ән – музыканың басқа жанрынан гөрі, халықтың өмірін, қуанышын, мұңын, табиғат құбылысы мен махаббатты жырлайтын ерекше жанр болып табылады. Әннің қасиетін қазақ халқы қадірлей білген. «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер», «Ақылың болса жыр тыңда» деген сөздер осының дәлелі.Данышпан Абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» - деген жолдарында әннің өмірдегі орнын нақ суреттеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]