Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

1. Сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.

Бүкіл әлемдік всемирный

өзіне тарту притягивать к себе

шоғырлану сгруппироваться

көңіл бөлу обращать внимание

қамту охвать

үлес қосу внести вклад

2. Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар. Сыдық Мұхамеджанов.

Сыдық Мұхамеджанов талантты компазиторлардың бірі. Ол 1924 жылы Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкен бұлақ деген жерінде дүниеге келді. Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. С. Мұхамеджановтың музыкалық және профессионалды білімге жету жолы оңай болған жоқ. Ол біресе қазақ, біресе орыс мектептерінде оқыды. 1947 жылға дейін киноактерлер мектебін бітіріп, музыка училищесінің тарихи-теориялық бөліміне оқуға түседі. Кейіннен Алматы консерваториясында, профессор Е. Брусиловскийдің класында оқиды. Консерваторияны бітірмей-ақ талай шығармалар жазды: скрипка мен фортепиянаға арналған соната, қобызға, фортепиянаға арналған пьесалар, хорлар, драмалық қойылымдарға музыка, әндер мен романыстар. Бұл жылдары қазақтың халық оркестріне арналған музыкасы мен осы ұжыммен тығыз байланысының шығармашылығындағы мәні зор болды. Оркестрге арнап «Балқадиша» әніне варияциялар (1955ж.), «Қыз қуу» симфониялық суреттемесін (1958ж.). Сонымен қатар, осы кезеңдегі тамаша шығармаларының бірі «Қуаныш Отаны» атты симфониялық поэмасы (1952 ж.) жазылды. Бұл туынды жастар мен студенттердің Бухаресте өткен Бүкіл әлемдік фестивалінде орындалып, Қазақстанның Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл шығарма Сыдық Мұхамеджановтың есімін тыңдаушы қауымға әйгілі етті. 50-60 жылдары консерваторияны бітірген соң, Сыдық Мұхамеджановтың шығармалары тыңдаушы қауымды өзіне тарта түсті. Мәселен, 1964 жылы жазған «Айсұлу» атты күлдіргі операсы Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы маңызды оқиға болды. 70-ші жылдары көптеген патриоттық шығармалар және хорға арнап, туған өлкенің табиғатын бейнелейтін лиро-эпикалық туындылар жазды. Мысалы, Абайдың өлеңіне «Жыл мезгілі» кантатасы (1970), «Құлагер» поэмасы (1973), «Менің Отаным» (1970), «Табиғат» (1970) т.б.Сондай-ақ, бұл жылдары жазған ірі шығармаларының бірі – «Жұмбақ қыз» атты лиро-эпикалық операсы (1971). 80-ші жылдары С. Мұхамеджановтың шығармашылығы опера, симфония, кантата, концерт және ән жанрларында шоғырланды. Бірақ, бұл кезеңде әсіресе, аспаптық жанрға көбірек көңіл бөлінгенін айта кету керек. Яғни, осы кезеңде қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап талай музыка жазды. С.Мұхамеджанов бұл айтылғандардан басқа да шығармалар жазған. Оның 30 жылдан астам шығармашылығы барлық негізгі жанрларды қамтиды, қазақ музыка тарихына айтарлық үлесін қосты.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңздар.

4. Сұхбатты оқып, ұқсас сұхбат құрыңыз.

а) - Гүлмира, бүгін киноға барайықшы!

- Жарайды, қандай фильмге?

- Өзім де білмеймін. Барып көрейік.

- Жарайды.

ә) - Қайда кездесеміз?

- Кинотеатрдың алдына кел.

- Жоқ, аялдамада күтші!

- Саған ыңғайлы болса, аялдамаға кел!

5. Мына сұрақтарға бұйрықты сөйлеммен жауап беріңіз.

1. Сіз қайда барасыз? 2. Сен не ішесің? 3. Ол не істейді? 4. Сәрсен кіммен сөйлеседі? 5. Олар кіммен танысады? 6. Әке-шешеңізге көмектесесіз бе? 7. Туған күнге не аласың? 8. Балалардың оқығысы келеді ме? 9. Біз сендерді сауда орталығына апарамыз ба? 10. Қаланың басқа тамаша жерлерін көрсетеміз бе?

6. Жақшаны ашып, сөйлемдердегі етістікті бұйрық рай формаға қойыңыз.

1. Мен осы кітапты (оқу). 2. Ертең жаңбыр (жауу). 3. Бүгін киноға біз (бару), ал ертең сендер (бару). 4. Қазір Асан жауап (айту), кейін сіз жауап (беру). 5. Біз саяжайда (демалу). 6. Тыныштық (сақтау), емтихан жүріп жатыр. 7. (Абайлау)! Мұнда қауіпсіз емес. 8. (Беру)! Бұл менікі! 9. Құрметті, қонақтар! Назар (аудару)!

ІІІ сабақ. Қазақтың ұлы композиторлары мен әншілері. Ғазиза Жұбанова.

1. Сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.

Іргесін қалаушы оснаватель

Ғалым ученый

Ұстаз учитель

Тамадау окончить

Түсіну понимать

өзіндік своебразный

қайраткер деятель

шәкірттер ученики

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]