Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

XI сабақ. Астана қаласындағы өнер ошақтары:

Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры.

Жаңа сөздермен танысыңыздар:

Шешімі – решения

Ресми – официально

Бағыт- направления

Қамтитын- охвтить

  1. Мәтінді аударыңыз, мәнерлеп оқыңыз.

Қалыбек Қуанышбаев атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры бұрынғы Целиноград облыстық депутаттары Кеңесінің 1990 жылы 28 шілдедегі шешімі бойынша қазіргі Астана қаласында ұйымдастырылды. Театр шымылдығы ресми түрде 1991 жылы 15 қарашада Ғ.М.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклімен (реж. Ж.Омаров) ашылды. Театр ұжымының шығармашылық жағынан нығайып қалыптасуына 1990-96 ж. режиссері болған Ж. Омаров зор еңбек сіңірді. Ол сахналық өнер құралдары арқылы ұлттық фольклорлық-этнографиялық таным-сананы қалыптастырып насихаттау ісінде бірқатар театрланған ойын-сауықтар мен спектакльдер қоюмен театрдың ұстанар негізгі эстетикалық бағыт-бағдарын айқындады. Алғашқы жылдары театр құрамында актерлер Р.Баймағанбетова, Ш.Жүнісов, Р.Омарханова, Б.Ыбыраев, Т.Атымтаева және Қ.Жұмашева, Б.Исабекова, Г.Қылышбаева т.б. болды. Театр репертуарынан әр алуан жанрды қамтитын қазақ қаламгерлерінің драмалық шығармалары мол орын алды. Олардың қатарында С.Н.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер», «Қысылғаннан қыз болдық», М.Шахановтың «Танакөз», Қ.Ысқақов пен Ш.Құсайыновтың «Шырғалаң», Қ.Мұқамеджановтың «Біз періште емеспіз» («Біз періштеміз бе?») деген атпен қойылған. т.б. қазақ қаламгерлерінің драмалық шығармалары болды. Театр труппасы Бөгенбай батырдың туғанына 300 жыл, Абылай ханның туғанына 280 жыл, Есет батырдың 325 жыл толуына және Төле би, Қазбек би мен Әйтеке бибге арналған салтанатты мерекелердің театрландырылған ойын-сауықтарын ұйымдастыруға қатысты. Театр сахнасында «Ән домбыра, сән домбыра», «Есілім - еркем», «Арман қыздар» және «Аққу дастан» деген атпен музыкалық концерттік бағдарламаларға құрылған бірқатар қойылымдар да жарық көрді.

1993 жылы театрға қазақ сахнасының ардагері, актер Қ.Қуанышбаевтың есімі берілді.

  1. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз;

  1. Облыстық қазақ музыкалық драма театры қай жылы құрылды?

  2. Театр ресми түрде қашан және қандай шығармамен ашылды?

  3. Алғашқы режиссері кім болды?

  4. Театрдың қалыптасуына қандай еңбек сіңірді жэне қандай жұмыстар атқарды?

  5. Театр қандай бағытта жұмыс жүргізді?

  6. Театр репертуары қандай болды?

  7. Театр мәдени-қоғамдық қандай іс – шаралар атқарды?

  8. Театрға қай жылы, кімнің аты берілді?

  1. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар, сөйлем құраңыздар:

музыкалық драма театры, еңбек сіңірді, таным-сананы қалыптастыру, эстетикалық бағыт-бағдар, бағыт-бағдарын айқындау, қазақ қаламгерлері.

  1. Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз және сөйлем құраңыз, қандай мүшеге жататын айқындаңыз:

Тоқтау, күту, жағу, жырту, даярлау, ішу, сыйлау, жату, кету, орындау.

  1. Мәнерлеп оқыңыз, аударыңыз, баяндауыштарды теріп, тауып, көшіріп жазыңыздар: Кітап.

Адамдар тоғайдан ағаш кеседі. Ағашты фабрикаға апарады. Фабрика ағаштан қағаз жасайды. Авторлар қағазға жазады, суретшілер сурет салады. Баспахана кітап етіп шығарады. Жұмысшылар кітаптарды машинаға, поеззға салып, қала-қалаға, ауыл-ауылға таратады. Міне, енді сенің қолыңда тұрмын. Сен мені таза ұста. Мен сенің сенімді досыңмын.

Кестеге мұқият қарап, құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен ерекшелігін атаңыз.

Жай сөйлем

Құрмалас сөйлем

Құрмаласу тәсілі

Жаңбыр жауды.

Жер көгерді.

Күн шықты.

Мал өріске кетті.

Бет қаратпайтын боран болды.

Қамар қалаға бармады.

Жаңбыр да жауды, жер де көгерді.

Күн шыққан соң, мал өріске кетті.

Бет қаратпайтын боран болғандық-

тан, Қамар қалаға бармады.

Менің қасымда алты-ақ жауынгер бар: жұмыскерлер төртеу, баламен бесеу.

баяндуыштың тиянақты формасы

шылау арқылы

қосымшалар арқылы

интонация арқылы

5. Мәтінді оқып шығып, әрбір сөйлемді жай сөйлем және құрмалас сөйлем түріне ажыратыңыз. Шаңқай түс. Күн нұрын құйып тұр. Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Қылтанақтаған көк жер бетін әлі жаба алған жоқ. Бусанған жер мұнартыңқырап жатыр. Тасыған сағым көз ұшындағының бәріне сәулет беріп, құбылта түседі. Сол сағымның ішінде ұзын керуен келеді. Керуен басы – Жәнібек. Оның астында - Буданкөк. Ол барынша әнге шырқап келеді (Ғ. Мұст.).

Құрмалас сөйлем

(сложное предложение)

Екі не одан көп жай сөйлемнен құрылып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемде құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер ұзара тиянақты тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас құрмалас сөйлем болады.

Салалас құрмалас сөйлемдер

Сложносочиненные предложения

Ыңғайлас салалас – сочинительные

(да, де, та, те, әрі, және)

Қарсылықты салалас – противительные

(бірақ, сонда да, әйтпесе де, алайда)

Себеп-салдар салалас – причинно-следственные

(себебі, өйткені, сондықтан)

Кезектес салалас – временные

(кейде, бірде, біресе)

Түсіндірмелі салалас – присоединительные

(сонша, сондай, соншалық, сол, мынау)

Талғаулы салалас – разделительные

(не, немесе, я, яки, болмаса)

Ережеге сәйкес өз тарапыңыздан бірнеше мысал жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]